Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
3122 0 пікір 22 Қазан, 2019 сағат 10:28

Ливанда мыңдаған адам үкімет отставкасын талап етіп жатыр

Наразылық білдірушілер ұлттық туды көтеріп, Бейруттың орталық көшелерін жапты.

CNN таратқан ақпаратқа сәйкес, Бейрутта наразылық білдірушілер "қызуы" күннен күнге көтеріліп жатыр. Олардың басты талабы: үкіметтің тез арада отставкаға кетуі, "технократтардан" құралған жаңа үкімет құру және экономикалық реформа жүргізіп, елде инвестициалық климат қалыптастыру.

Саад Хирири жетекшілік ететін үкімет наразылық білдірушілер талабын жартылай орындағандай болды, бірақ бұл керісінше халық толқынын күшейтіп жіберді.

Ливан халқы көшеге 17 қазанда үкімет WhatsApp және өзге мессенджерлер арқылы сөйлесулерге салық енгізу жөнінде ұсыныс білдіргеннен кейін шықты. Осылайша, бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр.

Ливандағы саяси жүйе діни топ мүддесін баланста ұстау үшін құрылған. Бірақ оны сынаушылар көп.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Ливан халқының төрттен бір бөлігі кедейшілікте өмір сүреді. Ондағы қиындыққа қарамастан, он миллион халқы бар Ливанға Сириядан 1,5 миллион босқын келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155