Жексенбі, 24 Қараша 2024
2999 5 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 10:55

Наразылық акциясына балаларын алып шыққан ата-аналар жазаланатын болады

Қазақстанның төменгі палатасы сенат депутаттарының кәмелеттік жасқа толмаған балаларды наразылық акциясына "тартқан" ата-анаға әкімшілік жазаға тарту ұсынысын қабылдады.

Депутаттар ұсынысына сәйкес, балаларын рұқсат етілмеген мтингтерге алып шыққан ата-аналарға 252 500 теңге (647 доллар) көлемінде айыппұл салынып және 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Елдегі заңға сәйкес, митинг өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсаты керек. Әкімшілік кодексте рұқсат берілмеген акцияларға қатысу үшін 330 доллар көлемінде айыппұл және 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.

Биыл маусым айында президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет митингтер туралы заңды қайта қарау қажеттігін айтқан. Бірақ әзірге аталған заңдардағы жазаларды жеңілдетуге бағытталған заң жобалары парламентке келіп түспеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576