Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3288 0 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 21:40

Қызылордалық шахматшы Əсел Серікбай Әлем чемпионы атанды

Грекияның Халкидики қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қызылордалық Əсел Серікбай алтын медаль жеңіп алды.

Әсел Серікбай 16 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсті. Ол шахматтың блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинады.  Осылайша, алтын медаль иегері атанды.

Айта кетелік, Әсел Серікбай бұған дейін жасөпірімдер арасында 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында дәл осындай биіктен көрінген еді.

Әсел енді аталмыш жарыста классика бойынша бағын сынайды. Әлем біріншілігі 31 қазанда мәресіне жетеді.

Жарысқа 40 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы қатысуда. Ə.Серікбай 14-23 қараша аралығында Ташкентте 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Дүбірлі додада Əселмен бірге қызылордалық Назерке Нұрғали да (18 жас) ел намысын қорғайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1280
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2824
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 926
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 872