Ливанда халықтың көтеріліп жатқанына он бірінші күн. Наразылық білдірушілер билікті жемқорлықтың арқасында экономикалық дағдарысқа түсірді деп айыптайды. Бұл елде дәл осындай азаматтық акциялар 1975–1990 жылдары азаматтық соғыс кезінде болған.
Ливанда мектептер мен көптеген кәсіпорындар жабылды. Банктердің жұмыс істемей жатқанына бір аптадан асты.
Соңғы күндері ел үкіметі реформа жасау үшін шұғыл жоба қабылдаған. Бірақ бұл көтерілген халықты баса алмады.
Ватиканда Рим папасы Франциск наразылық білдіріп жатқан Ливан жастары үшін құлшылық етіп, халықаралық қауымдастықтан көмек көрсетуін сұрады.
Abai.kz