Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4567 2 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 12:30

Ресей қорғаныс министрлігі әл-Бағдадидің өлгеніне күмәнданады

"Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Сириядағы арнайы операциясы сәтті шыққанына күмәнданады". Бұл ақпаратты "Интерфакс" таратты.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы операция барысында "Ислам мемлекеті" террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді деп ресми түрде жариялаған еді.

"Операцияға қатыстық дейтін елдердің көбеюі және олардың қарама-қайшы ақпараттары мұндай операцияның шын мәнінде болғанына және сәтті өткеніне күдік туғызады",- дейді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Конашенков.

Конашенков Ресей әскерінің АҚШ операциясына қаншалықты атсалысқаны жайлы қорғаныс министрлігі білмейтінін атап өтті. Жексенбі күні Трамп Ресей әскері өздері бақылайтын аумақ үстінен АҚШ тікұшақтарының ұшып өтуіне мүмкіндік берді деп мәлімдеген болатын.

Конашенков "Ислам мемлекеті" басшысының "кезекті өлімі" Сириядағы жағдайға күрт әсер етпейді деп мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тан Әбу Бәкір әл-Бағдадидің өлгенін дәлелдеуді талап етті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 949
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2441
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 652
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 635