Жексенбі, 24 Қараша 2024
3905 0 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 13:05

Сенатор Рысқали Әбдікеров АПАА сессиясына қатысты

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, құқық қорғау органдары және сот жүйесі комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Түркияның Ризе қаласында Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесінің 1-ші отырысына қатысты.

Шара барысында АПА Әлеуметтік және мәдени істер, Экономикалық және тұрақты даму, Саяси істер, Бюджет пен жоспарлау тұрақты комитеттерінің отырыстары болып өтті. Сондай-ақ Бюро мүшелері сайланып, Қатар мен Шығыс Тимордың АПА-ға мүше болу туралы өтініштері және тұрақты комитеттерде резолюциялар қаралды. Оның ішінде, Әлемдік діндер арасындағы дінаралық диалог пен келісімді ілгерілету жөніндегі резолюцияда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің жаһандық өркениеттер мен діндер арасындағы түсіністікке қосқан үлесі атап өтілді.

Шараға Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Бангладеш, Бутан, Иордания, Ирақ, Иран, Камбоджа, Кувейт, Қатар, Пәкістан, Палестина, Ресей, Түркия  және Шығыс Тимор парламенттерінің делегациялары қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566