ЕН - ТАҢБА ЕЛГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ...
"Қазнет" қолданушылары биылғы жылдың басты мерейтойы болып жарияланған Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралардың басты ен-таңбасына қатысты таңданыстарын жасырмады. Атап айтқанда, мерекелік жылдың басты нышаны болып табылатын сурет эскиздері еліміздің мемлекеттік Туының бояуы өзгерген сапасыз көшірмесі ретінде бағалануда.
Ал, логотип авторы тарапынан айтылған сынға қатысты жауап берілген жоқ.
Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығының басты таңбасы болып таңдап алынған нұсқаның авторы ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Алмас Нұразхан болатын. Оның жұмысы 14 автордың еңбегі арасынан топ жарып, 365 мың теңгелік жүлде қорын жеңіп алған еді.
Абай.kz