АҚ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУГЕ ҚАҚЫМЫЗ ЖОҚ. НЕГЕ?
"Бейбітшілік елшісі" атанып жүрген спротшылар Қазақстан гомосексуализмге қарсы заң жобасын қабылдаған жағдайда, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) оған шектеу қоятындай ықпал етуі керек дейді.
Қазақстанмен 2022 жылы Қысқы олимпиада өткізуге бәсекеге түсіп отырған Қытайда ақпан айында “дәстүрлі емес жыныстық ориентацияға” тыйым салатын заң жобасы талқылаған.
Сарапшылар бұл заңды 2013 жылы Ресейде қабылданған гей-насихатқа қарсы заңмен салыстырады. Ресей заңын халықаралық қауымдастық сынаған болатын.
Олимпадалар мен паралимпиадаларға қатысқан және кәсіпқой 27 спортшы ХОК президенті Томас Бахты олимпиада ойындарын кемсітусіз өткізуге шақырды.
ХОК президентіне жолданған үндеуде спортшылар “жыныстық азшылық өкілдерінің спорт жарыстарына тең қатысуы үшін күресетіндерін” мәлімдеуде. Мәлімдеме жасап жатқан 27 спортшының талабы бойынша, жыныстық азшылықты қолдамайтын Қазақстанда 2022 жылы Ақ олимпиада өтпеуі керек.
Абай-ақпарат