Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 11723 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 12:04

СӘРІНЖІПОВ МЫРЗАҒА ТАҒЫ ДА СӘЛЕМ ХАТ!

 РЕДАКЦИЯДАН: Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов мырзаға «Қадірлі Аслан Бәкенұлы!» деп басталатын кезекті сәлем хатымызды жолдап отырмыз. Хатымызда Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебіндегі ахуал қысқаша баяндалып келеді де, министрге ұсыныс, ой, тілек айтылады. Талап қойылады. Осындай мазмұндағы хат Сәрінжіповке бұдан бұрында жолданған. Бірақ, неге екені белгісіз министр үнсіз. Былтыр Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарымен интернет-конференция арқылы жүздесіп (http://abai.kz/conference/view?id=13),  сан алуан сауалдарға еркін жауап берген бұқарашыл министрдің мына үнсіздігіне қайран қала отырып, жауап күтеміз. Тым құрығанда, министр 176 адам қол қойған хаттағы ойлар мен ұсыныстарға өз пікірін білдертін шығар деп үміттенеміз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ 

А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға

 Қадірлі Аслан Бәкенұлы!

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева Мұхтар Шахановқа жолығып, әкімшілік құрылым қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны және толып жатқан әншілердің концерттеріне билет өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылық «жұмыстан кет» деген сөзбен басылатыны жайлы шындықты жеткізген еді. Сонымен қатар, аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған сенбілікке бүкіл аудан ұcтаздары наурыз айының 26-28 аралығында, сәуірдің 4-нен 13-не дейін он күн бойы шығарылғаны, оған наразылық білдіргені үшін жазықты болғанын да баяндап берген болатын. 

Білім саласында болып жатқан мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған Мұхтар Шаханов өзі баcқаратын «Жалын» журналының тілшісі Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның жазып келген мақаласын баспаға дайындауға тапсырма беріпті. 
«Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» деген тақырыптағы мақала «Жалын» журналының 4-санында, басылып шықты. Бүкпесіз, таза шындыққа құрылып, мұғалімдердің қоғамымыздағы мүшкіл халін ашып көрсеткен еңбекті «Қазақстан заман», «Төртінші билік»,«Дат», "Ашық алаң" т.б. газеттер мен «Абай.кз», «Ұлт.кз», «Қамшы» сияқты интернет сайттары да жарыса басты. «31 арна», «Таң» телеарналары әділетсіз жүйе тудырып отырған жағдайлар туралы арнайы репортаж жасады. Ал, әлеуметтік желілерде ойлы, саналы азаматтар тарапынан қызу талқыланып, әр аймақтан мұғалім мұңына ортақтасқан жандар бұл бастамаға белсенділік танытып жатты.
Осы мақалада көтерілген мәселелер негізінде Мұхтар Шахановтың өзіңізге арнаған қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымына қатысты күрделі мәселелерді шешуді сұраған ашық хаты «Абай.кз», «jetysunews» ғаламтор сайттары мен «Жас Алаш», «Қазақ елі» газеттерінде жарық көрді. 
«...Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидуллаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ.

Таяуда  «Қала мен дала»  газетінің  26-маусым   2015  жылғы санындағы  сіздің берген сұхбатыңызда,  « Алматы облысының берген ақпаратына сәйкес Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында көктемгі көгалдандыру айлығының жұмысына байланысты сенбіліктер ұйымдастырылған. Сенбілік кезінде оқу үрдісі сабақ кестесіне сәйкес жүргізілген. Оқу -тәрбие  үрдісіне кедергі жасалмаған.Сенбілікке мектеп мұғалімдері сабақтан бос уақыттарында  өз еріктерімен қатысқан» - депсіз. Алайда Сіз Алматы облысының әкімшілігі,  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тұрар Рысқұлов  мектебінің тарих пәні мұғалімі Айбосын Адырбековтің  «Азаттық»  тілшісіне берген сұхбатына байланысты  (http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_school_teacher_forced_labor/27027039.html)  не уәж айтар едіңіз? Бұл мәселе азаттықтың «Еркін сөз»  бағдарламасындағы (

;sns=fb)

Айман Сағидуллаева  мен Алматы білім  басқармасының өкілі  Гүлсім  Пашаеваның пікірталасында кеңінен талқыланған. Білім басқармасының өкілі Гүлсім Пашаеваның өзі бұл бассыздықтарды жоққа шығармапты.

Өзектілігі  болмаса ақпарат құралдары мұндай тақырыпты бір-бірімен жарыса  баспас еді... 
...Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет» деп, орынды сын, дұрыс пікір айтылған Мұхтар Шахановтың бұл хаты ұстаздар қауымының топтасып, нақты әрекетке көшулеріне мұрындық болды. 
Келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барын салатын ұстаздарымыздың қазіргі қоғамдағы орнын белгілеп, мәртебесін көтерудің уақыты келді.  Біз, осы ашық хатқа қол қоюшылар,   мұғалімдерге қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін мынандай ұсыныс-талаптар қоямыз:
1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуын талап етеміз.

Бұл мектеп мұғалімдерін сайлау, санақ, сенбілік, газет-журналдарға жаздыру, концертке билет алғызу т.б. секілді түрлі науқандардан құтқарудың негізгі жолы;
2. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты баспасөз беттерінде жариялау;
3. ҰБТ-дің кемшілігі жетерлік! Және ҰБТ-нің қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен («Кембридж технологиясы») қабыса бермейді. Сондықтан ҰБТ-ні барынша жетілдіру қажет. 
4. Мектеп басшылығы мен мұғалім арасындағы келісімшарт 1 жылға ғана жасалады. Мектеп басшылары осыны пайдалана отырып мұғалімдерді айтқанынан шығармай, айдауына көндіре алады. Келесі оқу жылында жұмысқа қабылданып, сағаты мен жүктемесін қысқартпай алуы үшін мұғалімнің мектеп басшысына тағы пара беретін жайттар да көптеп кездеседі. Осы жағдайларға орай, келісімшарт мерзімін ұзартып, мұғалімдерді қызметке қабылдау үшін пара алу фактілерін түбірімен жоюдың амалдарын қарастырады деп сенеміз.
5. Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек, артық қағазбастылықтан құтылу керек.
6. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін.
7. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.
8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі №319 Білім туралы Заңы 51-бабының 4-тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді»  деген заң тармағы біздің талаптарымызбен толықтырылуын әрі нақты күшіне енуін талап етеміз.

 

Қол қоюшылар:

1. Өмір Шыныбекұлы , 
Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы 
№41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

2. Аятжан Ахметжан, Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің мұғалімі, Қазбілім порталының бас редакторы;

3. Айзат Рақышева,
Алматы қалалық №156 мектептің мұғалімі,
«Қазақстан-заман»  газетінің тілшісі;

4. Молдағали Матқан,
жазушы, академик, қоғам қайраткері;

5. Геройхан Қыстаубаев,
қоғам қайраткері, математик;

6. Болат Абаған,
Алматы облысы,
Қазақстанның құрметті журналисті,

7. Мұхтархан Абаған Мамырбекұлы,
Алматы қалалық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары,
Кенесарыхан қорының төрағасы;

8. Советхан Ғаббасов, 
жазушы, Медицина және педогогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі;

9. Ғабиден  Жәкей,
Ғ.Мүсірепов қорының төрағасы;.

10. Айбосын Адырбеков
Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы 
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі, тарих пәні мұғалімі;

11. Марал Дадиева, 
Қарағанды қаласы, қазақ тілін дамыту орталығының маманы;

12. Хурмет Нұрсолтан,
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  № 10 орта мектеп мұғалімі;

13. Айбергенова Салтанат Төлегенқызы, ф.г.к. доцент Абай атындағы ұлттық педагогикалык университетi; 

14. Бейсалиев  Омарбек Сәрсенбайұлы,
Тараз қаласы, Достоевский бұрылысы 5-үй, 39-пәтер 
зейнеткер;
15. Мейіржан Темірбек,
ШҚО, Тарбағатай ауданы, 
Ақмектеп орта мектебi, педагогика ғылымдарының магистрi,
"Толағай" жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы ;
16. Нұрсейітова Маржан Жұмағазықызы,
Қостанай облысы, Қостанай ауданы,  Целиный көшесі,  23-үй

Шишкин орта мектебі ұстазы;
17. Гүлмира Сансызбай,
"Мектеп оқушысы" Республикалық ақпараттық таным газеті, бас редактор;
18. Төлекова Мария,
Еңбекшіқазақ ауданы, математика пәні мұғалімі;
19. Темірхан Жанбота,
Ақмола облысы, Шортанды ауданы,  тарих пәні мұғалімі;
20. Нұрболат Өтегенов,
Ырғыз ауданы,  № 1 қазақ орта мектебі мұғалімі;
21. Айтқожа Фазылов,
Қарағанды қаласы, Профессор;
22. Қойгелдинова Жазира Нұрбекқызы,
ШҚО Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, Б.Майлин орта мектебі мұғалімі;
23. Ербол Рахпанов,
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,
Аймауытов көшесі 15-үй , құрылысшы;
24. Байдолда Умиргул,
Екібастұз қаласының №21 мектебінің 
математика пәні мұғалімі;
25.Əділжан Оразбайұлы,
Шымкент қаласы, сауда орталығы;
26. Қуаныш Мұқтай,
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, ақын, тел  87017210043;
27. Үміт  Әшірова
«Сәтбаев қаласының № 1 » мектеп гимназиясы» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
28. Құрмет Ибрахимұлы,
Қарағанды облысы , Қаражал қаласы, 
№ 7 орта мектебінің мұғалімі;
29. Оразкүл Амирбекова,
Түркістан қаласы, Молда Мұса мектебі,
30. Тыныштық Аманшақызы Сейіл,
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
Ардагер-ұстаз;
31. Светқали Нұржан,
Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
«Төлеген Айбергенов» сыйлығының лауреаты, «Дарын» сыйлығының лауреаты, ақын;
32. Ордалы Қосай,
Маңғыстау облысы,
Сайын ауылы,
Зейнеткер ұстаз;
33. Ағыбаев Берік,
Болашақ Республикалық қозғалысының 
«Жастар қанаты» жетекшісі, «Болашақ жасар» газетінің бас редакторының орынбасары.
34. Ғалымжан Оразымбет,

«Алтын дән»  ЖШС  қызметкері;
35. Егінбаев Қанат Айтарұлы,
Ақмола облысы, Астрахан ауданы,  Петровка орта мектебі;
36. Шара Елеусізқызы,
Ақтөбе қаласы, Республикалық  «Қазақия»  газетінің  жауапты хатшысы;
37. Қаратаева Гүлжазира,

Шымкент қаласы, Қазына көшесі,  4 –үй;
38. Жақыпбекова Гулжан,
Шымкент қаласы, Абай даңғылы  21 –үй  1- пәтер тұрғыны;
39. Айбек  Тұрарұлы,
Атырау облысы, тарихи-өлкетану  мұражайы  археология  бөлімінің меңгерушісі;
40. Қарабас Ғабит Әліпбайұлы,
Астана қаласы.
41. Әшірбекова Жібек ,
Алматы қаласы, Ладушкина  көшесі, 13- үй;
42. Ерболат Хайрушев,
БКО, Аксай каласы;
43. Молдалиева Сәуле Махамбетовна, 
Шымкент қаласы, М/Р  Отырар,  №58;
44. Асылхан Торғайбек,
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,  Әулиекөл ауылы;
45. Сағидуллаева Жанар,
Қарасай ауданы , Үшқоңыр ауылы, Мұғалім;
46. Клара Нүрпейісова,

ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы,  көпбалалы ана, аудандық "Жұлдыз" газеті ,тілші;
47.Ермек Құрманғалиев,
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі  № 39
48. Темурзинов Серік.
СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы;
49.Торбаева Феруза Мельдехановна, 
СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы;
50. Рияпова Толқын Алпысбайқызы,
СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы;
51. Джураев Абай Джанбирович, 
СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы;
52. Торбаев Шаріпхан  Қалмомынович, 
ОҚО, Шұбарсу ауылдық мекені;
53. Бралин Серик,
СҚО, Қызылжар ауданы, Шахау ауылы;
54. Қалмурзин Берик,
СҚО Қызылжар ауд, Шахавское ауылы;
55. Халиков Ғалым,
СҚО, Қызылжар ауданы, Шаховское ауылы;
56. Суханберлин  Ерік,
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрлыс ауылы,
Б. Алманов мектебінің  Информатика пәнінің  лобаранты;
57. Асия Жұлдызбаева,
Шымкент, «Беллайн»  центр  қызметкері;
58. Зира Жетібайқызы Наурзбаева,
Астана, Мұстафин к, 7/2, 28 п,
мәдениеттанушы, « Otuken.kz »  сайтынын модераторы;
59. Егінбаева Жанат Айтуарқызы,
Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Петровка ауылы, Петровка орта мектебі мұғалімі;
60. Астанакулова Ләззәт Нұрланқызы,
Астана қаласы, балабақша  тәрбиешісі;
61. Кереев Марат Ұлықпанович,
27.03.1967г.р.
Орал қаласы, Алматы көшесі, 109/1 уй.13 в патер,
КСК "Еламан"сантехник;
62.Тұрымбетова Фатима,
Шымкент қаласы, М/Р Спартивный, № 2/15, зейнеткер;
63. Роза  Баймағамбетова,
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жастар көшесі, № 42, зейнеткер ұстаз;
64. Көлбаева Әмина Уалиханқызы,
Шымкент қаласы,  журнал "Алтын босаға KZ",  журналист;
65.Таукебаев Ерқанат Турсунджанович,
Қарасай ауданы, Алғабас ауылы,  «Жаңақұрылыс» тау кен компантясында геолог;
66. Кеншбаев Қайрат Сайдоллаұлы,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
67. Қазыкенова Сандуғаш,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
68. Аязбаев Өркен Нургазиевич,
Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Балдәурен көшесі №15;
69. Халилова, З.С,
Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Алтынсарин көшесі №75
70. Айымбетова Зухра,
Жамбыл ауданы, Қарғалы елдімекені, ата-ана;
71. Алматов Бауыржан,
Алматы облысы Қарасай ауданы;

72. Досжан Токтарулы,
Абай атындагы КазУПУ магистранты;

73. Абзал Алмұхан,
БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы,С. Меңдешев атындағы 
ЖОББМ, география, биология пәні мұғалі;

74. Қосжанова Балауса, БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы,
С. Меңдешев атындағы ЖОББМ, ағылшын тілі пәні мұғалімі;

75. Исмурзаева Гульзада, 
Атырау қаласы;

76. Қожабаев Талант Қожабайұлы,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы;

77. Қанат Мағзиев, 
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп орта мектебi, мұғалімі;

78. Қазбек Құттымұратұлы,
Орал қаласы, журналист, "DANAkaz" журналының бас редакторы;

79. Айшуақ Дәрменұлы,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы;

80. Джанзакова Алмагүл,
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  Ақмол орта мектебі мұғалімі;

81. Малай Алтынгүл, 
Екібастұз қаласы, 21 ЖОББМ, химия пан мұғалімі;

82. Меруерт Мусаева,
Шымкент қаласы, мұғалім;

83.Несіпкүл Өтебаева, Түркістан қаласындағы
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның  қазақ тілі пәні мұғалімі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі ;

84.Искакова Света Полатовна, 
Түркістан қаласы, Молда Муса атындағы ЖОМ;

85.Дүйсенбеков Жарас,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Төле би ауданы Екпінді ауылы;

86.Искаков Максат Ганиевич,
Түркістан қаласы,
Молда Муса атындағы ЖОМ;

87.Шамгунова Жазира Анжановна, 
Алматы қаласы, № 84 жббм, ағылшын тілі мұғалімі;

88. Нұрманова Ләйлә Сайынқызы,
Астана қаласы , бастауыш сынып мұғалімі;

89. Есендикова Гулдана,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы;

90. Кенжебаева Динара Қыдырбайқызы,
Орал қаласы, М. Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;

91. Майра Тасболат,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 235 орта мектеп мұғалімі;

 92.Тулегенов Дастан Назарбаевич,
Жамбыл обл,Шу қаласы, Ғ Мұратбаев ОМ  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі,директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары;

93. Қарбаева Ботагөз
Астана каласы, бастауыш сынып мұғалімі;

94. Наурызбаев Құрбан Қатренович,
Жамбыл ауданы, Қазыбекбек ауылы, Уалиханов көшесі №5 үй, ата-ана;

95. Исмайлов Базарбай Исмайлович,
Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, ата-ана;

96. Қоңырбаева Сараш Сахиқызы,
Алматы облысы, Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ;

97. Нүркен Аманжолов,
ИП, Алматы, Таугүл 50-15;

98. Күляш Сағатова, 
Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Зейнеткер ұстаз;

99. Дәурен Ақсақалов Уалиханұлы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы;

100. Қали Тілепберген,
Жаңаөзен қаласы, мұнайшы;

101.Таубаева Құралай Мұхтарқызы,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Молл "Апорт";

102. Мазақбаева Айгүл,
Ақтау қаласы, бухгалтер;

103.Байдолда Фестивал,
Екібастұз қаласы, Атығай ауылы, музыка пәні мұғалімі;

104. Бердиғожин Бейсенбай ,
Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы, 21 мектеп- гимназиядан,

105.Хамзина Айгерим Орал қаласы;

106.Имбетова Гуларе,
Алматы облысы, Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округінің тұрғыны;

107.Мамбетниязова Бану,
Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылының тұрғыны,

108.Асқарова Ақерке,
Алматы облысы, Алатау ауданы, № 26 мектеп мұғалімі;

109.Мамутова Гаухар,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Ұзынағаш ауылы,Сатпаева көшесі №26 дәрігер;

110. Жарасбаев Мұхан,
Алматы облысы, Іле ауданы, КАЗЦИК ауылы, ата-ана;

111. Ауесханова Самал,
Алматы облысы, Бесмойнақ ауылы , мейірбике;

112. Өмір Хатира,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбеке;

113. Орманова Орал,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

114. Калибаева Салтанат,
Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылы, кіші мейірбеке;

115. Бараханова Дүйсенгүл,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбеке;

116. Алпысбаева Индира,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбеке;

117. Төлепбаева Бақытгүл,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбеке;

118. Адилов Алпамыс,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу ауылы;

119. Жеткергенов Ақылбек Қазиханов,
Жамбыл облысы ,Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы;

120. Адилова Марияш,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылы;

121. Нағымбаева Жансая Абаевна,
Алатау ауданы,Шаңырақ 2
Жамбыл ауданы, Қайназар ауылы № 1 мектеп

122. ИСАБЕКОВА Гүлнар Аждаровна,

Қызылорда қаласы, ағылшын тілі мұғалімі, Химия-Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің зейнеткері;

123. Хусайнова Меруерт,
" Жас Алаш" газетінің журналисті;

124. Орынбасарова Салиха,
Шымкент облысы, Шымкент қаласы, жеке кәсіпкер;

125. Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы,
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебі,
физика және информатика пәні мұғалімі;

126.Тоқтар Жақаш,
Алматы журналист;

127. Мейрамгүл Шырбанбайқызы,
Алматы,  № 195 мектеп, Қазақ тілі мен әдебиеті маманы;

128. Гулмира Тұрышева,
Алматы қаласы, № 195 мектеп ұстазы;

129. Сабыржан Байбосынов,
"Fakt-Ақиқат" газетінің редакторы;

Шымкент қаласы, "Ынтымақ-2", участок-700,
130. Қаншайым Байдәулет,
Алматы қаласы, "Айқын" газеті, журналист;

131. Ғабит Жәлижанұлы Кәдірбаев,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, 
№ 94 мектептің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі;

132. Ахметбаева Жанар Кашеповна,
Алматы қаласы, № 7 жалпы білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

133. Шарипов Қайрат Талғатович,
ШҚО, Аягөз қаласы, ұстаз;

134. Дана Рау,
Павлодар облысы, ұстаз;

135. Сулеев Султан,
Алматы қаласы, № 47 мектеп .тарих пәнінің мұғалімі;

136.  Әблеметов Рахымжан Есенбекұлы,
Қызылорда, Жаңақорған, 
137. Әбдіғаппар ауылы 213 жббм мұғалімі;

138. Ақсақалов Дәурен,
Оңтүстік Қазақстан, мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен əдебиеті бөлімінің бітірушісі,
болашақ мұғалім;

139. Кереев Марат Улукпанович 
27.03.1967ж.д.к.  Орал.қаласы, 5мкр.1дом .82-патер

140.  Ғанибет Ғалымбекұлы, журналист;

141. Тәжова Шолпан Эмировна,

 Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, № 6 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі;

142. Сабыржан Тайфин,

Қостанай облысы, Рудный қаласы;

143. Алдаш Рысмаганбетов,

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,

144. Ермек  Мурумбаев,

Семей қаласы, № 38-мектеп-лицей;

145. Мұхитбек Сандыбаев,

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, КазСтройСервис АҚ  слесарь-сантехник;

146. Шарипов Қайрат,

ШҚО,Аягөз қаласы;№ 38-мектеп-лицей;

147. Қажыбаева Асел,
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы, ағылшын тілі ұстазы;

148.  Ағиев Меңдібай,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қызмекші;
149. Нұрдаулет Шаймұратұлы,

Астана, Eurazia Ulltik Universiteti;

150. Абуталипулы Олжас,

Кызылорда обл,  Шиелі ауылы,  М. Ауезова көшесі  № 8 үй;

151. Ақбай Айбар

Алатау  ауданы,  Шаңырақ № 2, Жанқожа батыр көшесі №85үй;

152. Нұрланкызы Ақбота,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Рыскулбеков көшесі №15уй;

153. Мырзаханов Ерсұлтан Керімханұлы ,

Алматы қаласы,  А. Байтұрсынов көшесі,  №14, кв 18;

154. Нарбутаева Зауре,

Шымкент қаласы,  8-март көшесі,  № 37 «A»;

155. Нарбутаев Асан,

Шымкент қаласы 8-март көшесі  №37 «А»;

156. Теңізбаев Шыңғыс Абубакирович,

Қалқаман, Қара кемер;

157. Буитова Айсулу Бағдатқызы 

Алматы  қаласы, Крымская көшесі №2

158. Ақпанова Айгерім Ерболатқызы;   

Алматы қаласы , Ульянов көшесі №8 үй;

159. Ардақ Әділбаев,

Алматы қаласы;

160.Бауыржан Карипов,

  Алматы қаласы,  журналист;

161.Алмас Жұмағали,

Алматы , Заң ғылымдарының кандидаты, оқытушы;

162. Сарсетов Абай,

 

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Үргенішбаев атындағы орта мектебі, музыка жетекшісі;

 

163. Элвира Меңдіғалиева,

Орал  қаласы;

164. Альмуханов Бей-Ғасыр ,

Орал қаласы, жеке кәсіпкер;

165. Ертай Мұратқан,

Қарағанды обл,Теміртау қаласы. Қазақмыс корпорациясы.

166. Кұрбанбекова  Күмісай,

 Алматы облысы  ата-ана;

167. Нұрылдаев Ғабит Жұмаділдаевич,

Б.Қ.О. Орал қаласы,

168. Ержан Тәліп,

 Шымкент қаласы;

169. Жабаев Спандияр Мақсұтұлы.,

 ОҚО Түркістан қ  ХҚКО;

170. Сергебаев Амангелді Бектұрсынович,

Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылы, Достық № 16

171. Дүзелбаева Айгүл  Орынбайқызы,

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Бабажанова көшесі №10;

172. Бердімбетов  Нұрлан  Мұратбаевич,

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Бабажанова көшесі №10;

173. Сұлтанбаев Мұрат  Есенович,

Астана қаласы,құрылысшы;

174. Жанна Иманқұл,

Алматы қаласы, «Жалын» журналы, журналист; 

175. Дәурен Қуат  «Abai.kz»   ақпараттық парталы ,

бас редактор;

176. Сағидуллаева Айман,
Алматы облысы,  Қарасай ауданы,
Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп мұғалімі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377