Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4144 0 пікір 10 Тамыз, 2015 сағат 10:37

А. МЫРЗАХМЕТОВ "НҰР ОТАННЫҢ" БАСШЫЛЫҒЫНА КЕЛДІ

Елбасы ОҚО-ға сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты, отырыс барысында депутаттар облыстың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келді.

1986 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

1985 жылдан бастап – Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы.

1986 жылдан бастап – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. қызметтер атқарды.

1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда – өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс атқарды.

2006 жылдан бастап – кеңесші, Ресейдегі Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі.

2007 жылдан бастап – Ирандағы Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі.

2008 жылдан бастап – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы.

2010 жылдан бастап – Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин республикасында Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі.

2012 жылдан бастап – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.

2014 жылдан бастап – Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.

Қазақстан Президенті бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А.Мырзахметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып саналатын «Нұр Отан» партиясының басшылығында қажет екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, Асқар Мырзахметов ОҚО әкімі кезінде жыл сайын 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі өткенге дейін облыс аумағында жаңа жылдық шырша орнатпау туралы аудан, қала әкімдері мен басқарма (мемлекеттік мекеме, ұйым) басшыларына тапсырма берді. Ол  Наурызды да жаңа сипатта тойлауды қолға алған облыс әкімі ретінде есте қалды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377