Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5037 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 09:35

МӘСІМОВ: 20 ТАМЫЗДАН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫРБАС БАҒАМЫ ЕРКІНДІККЕ ЖІБЕРІЛЕДІ

20 тамыздан бастап, Қазақстанда теңгенің айырбас бағамы еркіндікке жіберіледі .Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. 

К.Мәсімов өз сөзінде әлемдік экономикадағы іргелі теріс өзгерістер жағдайында жаңа экономикалық саясат экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы балансты қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын талап ететіндігін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Осыған орай, ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режиміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, теңгенің ауысу бағамы нарық сұранысы негізінде, және іргелі ішкі, сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатын болады.

Естеріңізге салсақ, бір айдан астам уақыт бұрын, 15 шілдеде Қазақстанда Теңгенің долларға шаққандағы бағамының ауытқу дәлізі 170-188 теңгеден 170-198 теңгеге кеңейтілген еді. Кеше, 19 тамыз Ұлттық банктің кешегі күнге бекіткен 190 теңгеге жетпейтін доллар бағамына қарамастан, еліміздегі банктер мен ақша айырбастау желілері бір долларды 198 теңгеден сата бастады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415