Жұма, 22 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 8079 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 19:16

ЕНДІГІ ЖЕТПЕГЕНІ КНЯЗЬДІҢ 1000 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ ЕДІ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.  
Қаланың су жаңа һәм жас әкімі Орыс Православие шіркеуінің Қазақстан аумағындағы негізгі екі конфессияның бірі екендігін айтып, жастарды дәстүрлі діни ағым рухында тәрбиелеудің маңызды екендігін атап өткен.

Сондай-ақ, қала әкімі биыл елімізде Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы және киелі Владимир князьдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы мерекесі кең көлемде аталып өтілетінін жеткізген.

Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550-жылдығын түсінуге болады, еліміз Владимир князьдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы мерекесін неліктен атап өтуі керек? Ресей Федерациясының президенті В.Путин "қазақ мемлекеттілігі болмағанын" айтып, елді дүрліктіргенде, біз оған жауап ретінде Қазақ хандығының 550 жылдығын тойламаққа бекінген едік. Енді Бауыржан Байбектің князьдің "мыңжылдығын" тойлаймыз дегені қайдан шықты? Жас әкімнің мүфтиді емес, митрополитті қабылдауының астарында не жатыр? Сұрақ көп. Жауап жоқ...

P/S. Айтпақшы митрополитті қабылдап, Владимир князьдің 1000 жылдығын тойлаймыз деп айды аспаннан шығарған әкімнің "есігінің алдын тоздырған" алматылық желтоқсаншыларды қабылдауға шамасы келмеді. Жаңа әкімге, әлі күнге ақтала алмай жүрген желтоқсандықтардың айтар назы бар екен. Әкімдік ғимаратының есігінен қайтқан олар Бауыржан Байбекке елімізге тәуелсіздік алып берген Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің 30 жылдығы жақындап қалғанын да ескертпек болған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329