Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5536 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 11:07

СҰЛТАНҒАЛИЕВТІ АЯУ КЕРЕК!

Елімізде тату-тәтті әм терезесі тең өмір сүріп жатқан қазақ ұлты мен өзге де ұлт өкілдерінің арасына от тастаған «camonitor.kz» дейтін сайттың тақырыбы  талқыға түсіп жатыр (кеше бұл мәселеге қатысты саясаттанушы Айдос Сарым мен Расул Жұмалылар өз ойын айтқан болатын). Қазақтың рухы сергек азаматтарын «шовинистер» деп атаған, сол «шовинистердің» ұясы – Abai.kz ақпараттық порталы деп атаған Сұлтанғалиевке бүгін белгілі саясаткер Жасарал Қуанышәлин жауап беріп отыр.


- Сұлтанбек Сұлтанғалиевті мен әр кезде көзім шалған оның кейбір «саясаттанушылық» шимай-шатпақтарынан білемін. Содан байқағаным – оның ұлттық тамырынан ажырап қалған дүбәралығы, ұрдажық тайыздығы, тұрпайы топастығы, жалпы алғанда – классикалық үлгідегі мәңгүрттігі.

Осыған орай бір-екі рет оған ешқандай, былайынша айтқанда, «церемониясыз», яғни – мәймөңкесіз өз пікірімді айтып, орнына қойған, үнін өшірген кездерім де болған. Сол пікірімді қазір архивімнен тауып алып, мысал ретінде одан осы жерде бір үзінді келтіре кетсем де болар еді, алайда, уақыттың тығыздығы бұған мүмкіндік бермей тұр... Сондықтан, әлбетте, оның Camonitor-дағы қазақ ұлтшылдарына қатысты айтқан мына сандырақтарына да мен әсте таңданбаймын.

Ол бүйтпесе мәңгүрт болар ма еді... Демек, ұлтқа қарсы сандырақтарына орай қандай дәлелді уәж айтсаң да, бұзылып қалған патефон табақшасы тәрізді өзінің «своясын» соға беретін бүгінгі заманның №1-ші мәңгүрті Алжас Амаровичті қалай қабылдасақ, соның бір сыңары – мұны да дәл солай қабылдау керек. Сөйтіп, оның мұндай білгішсіген сөзіне аса мән бермей, аты «қазақ», заты мәңгүрт басқа да сормаңдайларға қалай қарасақ, бұған да халқымыз, ұлтымыз үшін еш пайдасы жоқ қуыс кеуде бір жан ретінде аяушылықпен мүсіркей қарап, «ит үреді, керуен көшеді» принципін ұстанған жөн.

Ал, осындай пақырларға арнайы сөз беріп, оларды ұлт мүддесі үшін күресіп жүрген азаматтарды ғайбаттау мақсатында пайдаланушылар жөніндегі мәселе, әрине, ол – бөлек әңгіме тақырыбы...

Жасарал Қуанышәлин,

саясаттанушы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511