Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5353 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 15:01

ХАЛЫҚ КІМГЕ СЕНЕДІ, ҰҚК-ГЕ МЕ, ІІМ-ГЕ МЕ?

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Ақтөбедегі теракті туралы баяндама жасаған ҰҚК басшысы бүгін дәстүрлі емес діни ағамның өкілдері тағы да атыс ұйымдастырғанын айтты.


«Бүгін таңғы 08:06-да дәстүрлі емес діни ағамның 6 өкілі 2 группаға бөлініп лаңкестік шабуыл жасауда. Олардың бір тобы бүгін Ақтөбедегі пионер лагеріне шабуыл жасады»,-деді ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов.

ҰҚК басшысының Мемлекет басшысымен кездесуінен кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Садубаев бұл мәліметтердің жалған екендігін мәлімдеді.

«Ақтөбедегі лагерге ешқандай шабуыл жасалған жоқ. Аталған шабуыл туралы ақпарат біздің ІІМ-ге келіп түсті және жіті тексерілді. Теракті бойынша ұсталғандардың саны бұрыңғыдай – 4 адам ғана. Ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Ақтөбедегі жағдай тұрақтандырылды және біздің бақылауымызға алынды»,-дейді Алмас Садубаев.

Түйін: Қазіргідей алағай да, бұлағай кезеңде Қазақстанның құзырлы органдары бір-бірін терістейтін әр түрлі мәліметтер таратуда. Өз кезегінде Қазақстанның ҰҚК мен ІІМ-гінің Ақтөбедегі лаңкестік шабуылдарға қатысты пікірі екіге жарылды. Осының алдында ҚР ІІМ Ақтөбедегі терактіні "Қазақстанды азат ету армиясы" дейтін лаңкестік ұйымның өз мойнына алғандығын хабарлаған болатын. Ал ҚР ҰҚК дәл осы атаумен ешбір ұйым тіркелмегенін және мұндай ұйымның мүлде жоқ екенін хабарлады.

Құзырлы органдар арасында сіз бен біз түсінбейтін жағдайлардың орын алып жатқаны жасырын емес. Оның көрінісі ҰҚК мен ІІМ бір-бірінің ақпараттарын терістеп жатыр. Халық бір оқиғаға қатысты екі түрлі дерек ұсынған екі органның қайсысының ақпаратына сенуі керек?!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5513