Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2553 0 пікір 9 Қараша, 2009 сағат 06:19

Ақберен Елгезек. Жоңғарларға қарсы «жорық» жалғасын табуда

Жаңа ғасырдың тоғызыншы күзі елімізге бірқатар «біртүрлі» саяси оқиғаларды алып келді. «Қазақ елі» монументіне Елбасымыздың тасмүсінін тұрғызып, Қазақ мемлекеттігінің іргесін салған Керей мен Жәнібектің ескерткіштерін күресінге лақтырдық. Қазақ тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі бола алмайды деп ресми түрде мойындадық. Осының бәрі қазақи қоғамдық санаға қиғаштай қадалып, сарсаңға түсірді.

Біз авторитарлық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды айқын сезіндік.

Біз дауысымыз жоғары жаққа жетпейтінін, пікірімізге ешкім пысқырып та қарамайтынын жақсы түсіндік. Біреу күрсінді де қойды. Ұлтын жан-тәнімен сүйетін азаматтар үндеулер мен ашық хаттар жазысып, мақала жариялап, халықтың ішіндегі қыжылын беруге тырысты.

Алайда, бұған назар аударып отырған билік жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында аталған мәселелер көтеріліп жатқанымен, бұл толқулар біздің бәз-бір шенеуніктеріміздің қаперіне де кіріп-шықпайтын сияқты. Бір жағынан аяйсың оларды. Қазақстандағы жоғары деңгейдегі биліктің өкіліне өз қызметін сақтап, жала мен түрмеден аман қалу үшін «джунгли заңдарына» сай өмір сүруіне тура келеді. Азаматтарымыз аман болсын дейік.

«Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешенге мемлекет басшысының  ескерткіші қойылған күннен бастап, билік дәліздерінде мақтау мен жағымпазданудың жаңа «марафоны» басталып та кетті.

Өткен аптада Алматы облысы әкімдігі Үкіметке біз «көптен күткен» ұсынысты енгізді, әйтеуір. Неге екені белгісіз, Елбасы туған ауылдың атын өзгерту туралы ұсыныс жөнінде отандық БАҚ үнсіз қалды. Бәлкім Жақсыемесовтың (Нехорошев) сөзіне қалудан басын алып қашаса керек (кім психикалық тексеруден өткісі келеді дейсіз?!).

Сонымен облыс әкімдігі Шамалған селосын - Үшқоңыр деп, ал, Қаскелен қаласына Қарасай батырдың атын беру - тарихи әділеттілік деп есептейді екен. Қаскелен мен Шамалған секілді жоңғар батырларының атауларына бұл елді мекендердің жұртшылығы наразы көрінеді. Ұлттық санамыздың оянып келе жатқанына осындайда бір қуанып қаласың. Оның үстіне осы аймақтың кейбір ұлтшыл азаматтары қазақ жерінің картасында қалмақ пен жоңғардың аты мүлде қалмауы тиіс деп мәлімдеп жүргенге ұқсайды. Осындай ұлттық сана туғызған «дүмпулерді» басу мақсатында, көптеген жиналыстар мен пікірталастар өткізген аудандық мәслихат депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туып өскен жеріне қазақ атауларын беру жөніндегі өтінішті Үкіметке үшбу хат арқылы жіберіпті.

Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Р.Атшабар мырзаның сөзіне сенетін болсақ, бұл ұсыныс халықтың талқысынан өткен секілді. Оншақты жерде өткізілген жиындарда қарақұрым ел жиналып ұсынысты бір ауыздан қолдаған екен. Егер шынымен де солай болса, біз қарсылық білдірмейміз. Тек қазақи атау болса болды бізге.

Бір қуантатыны қазақ хандары мен даңқты баһадүрлерін саз-балшыққа тастаған билік, бір ай өтпей қазақтың ата жауы жоңғар батырларының аттарын құртуға кірісіп кетті. Қазақтың ұлттық намысын ойлайтын шенеуніктеріміздің барына шүкіршілік етейік, ағайын!

Енді бұл жақсы бастаманы тоқтатпай, ары қарай жалғастырса, Жетісу аймағының атқамінерлері қазақтың пайдасы үшін көп істер атқарар еді. Мысалы, Ұйғыр ауданына Шарын атауын берсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз.

Cурет:  «Қарасай батыр» картинасы. Сур. Н. Қарымсақ, Т. Тілеужанов, А. Жамхан. Кенеп, майлы бояу. 1999 ж.

0 пікір