Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3402 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 12:41

Филиппиннің экс-президентін соттап жатыр

Филиппиннің бұрынғы президенті Глория Арройо өзіне тағылған мемлекеттік лотерея қорының миллиондаған доллар қаржысын мақсатсыз жұмсады деген айыпты мойындаудан бас тартып отыр.

Бүгін Манилада өткен сот отырысында ол сөйлеуден бас тартқандықтан, сот оны айыбын мойындағысы келмеді деп таныды. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, елдің жоғарғы сотына істі тоқтатуды сұрады. Егер ол айыпты деп танылса,  өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

65-жастағы Арройо Филиппинді 2001-2006 жылдары басқарды. Ол сотқа "мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады және сайлауда заң бұзушылықтарға жол берді" деген айыптармен тартылып отыр. Қазір ол денсаулығы нашар болғандықтан әскери ауруханада қамақта отыр.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606