Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2020
Жаңалықтар 3495 14 пікір 30 Маусым, 2015 сағат 05:33

ЕЛБАСЫНА ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАМА ЖАЗА АЛАСЫЗ

Нұрсұлтан Назарбаевқа ұялы телефоннан хат жіберуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 шілдеде Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосылмақ.

"Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, "Президентке хат" функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады", - деп жазылған хабарламада.

Абай-ақпарат

 

14 пікір