Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жалқы сұрақ 7320 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 12:48

КІМДІ АЛДАЙСЫЗ, ЖАҚСЫБЕКОВ МЫРЗА?!

Дағдарыс?! Сірә, қазаққа қол болып па? Біз бір аялдаманың өзін – 10 миллионға орнатып тастадық. Астанадағы аса қымбат аялдамалар бүгінгі күннің басты талқысына айналды.

Жақында Елорда көшелеріне IT аялдамалардың орнатылғаны туралы қазақстандық БАҚ жарыса жазған болатын. Бұл аялдамалар қыстың қақаған аязында өздігімен жылытылатынын былай қойғанда, жаңа технологиялармен толықтай жабдықталған-мыс.  Ішіне бір кіргенде 30 адам еркін сыйып кетеді екен. Тек бағасы біраз сенімсіздік тудырады. Себебі, жергілікті билік мұндай ақылды аялдамалардың біреуін 10 миллион теңгеге орнатқан. Бұл туралы Today.kz хабарлаған.

«Мұндай аялдамаларға мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы қарастырылмағанымен, қыста жылы, тегін WiFi т.б. тегі жанның рахаты. Жылыту маусымында инфрақызыл сәулелер арқылы жылытылады. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін аялдамаларда бейнебақылау орналастырылған.», -дейді Астана қалалық жолаушылар тасымалы және автомобильдік жолдар басқармасының өкілдері.

Иә, Астанадағы ақылды аялдамалардың сұлуынан жылуы дегенімізбен, тек біреуінің өзі – 10 миллион теңгені немесе 35 960 АҚШ долларын құраған. Тым қымбат емес пе?

Ал жақында Астанаға іс сапармен келген РФ Красноярск қаласы, Свердловск ауданы әкімнің орынбасары  Алексей Исаев IT аялдамалардың жаңасына емес, бағасына таң қалғанын жасырмады.

Ресейлік шенеуніктің айтуынша, оның облысында дәл осындай аялдамалар бар-жоғы 300 долларға немесе 4800 долларға орнатылған. Баға айырмашылығы болмаса, тұп-тура біздікіндей екен.

Айтпақшы, ресейлік шенеунік, 35 мың долларға мұндай аялдаманың бесеуін орнатуға болатынын айтып, күліп кеткен.

Астаналықтардың өздері жергілікті билік сол бір жылы аялдаманы орнату үшін 10 миллион жұмсағанына сенбейді. Тіпті, біреулері мұны күлкілі дейді.

Ал жоба авторлары қала ішінде дәл осындай 85 ақылды аялдаманы орнатуды жоспарлап отырған көрінеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Астанадағы ақылды аялдамалардың жалпы саны – 25-ке жетеді. Бұл дегеніңіз 250 миллион теңге ме? Сонда Астана қаласының әкімі Жақсыбеков мырза кімді алдап отыр? Иә, өстіп жүріп дағдарыс дейміз,ә! Елбасы міндеттеген үнемдеу саясаты қайда қалды? Әділбек Жақсыбеков мырза арзаның дүниесін не үшін қымбатқа орнатуда? Бұл жалқы сұраққа кім жауап береді?.. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048