Жексенбі, 23 Шілде 2017
Ел іші... 931 6 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 18:22

Халық жылу жинауда. "Халық қалаулылары" неге үнсіз?

Ақтөбедегі жайылма судан зардап шеккен жұртқа қоғамдық ортада белсенді азаматтар гуманитарлық көмек көрсетіп, ел ішінен жылу жинауда.

Астана қаласында орналасқан "ТасқынКөмек" деп аталатын штап пәтерге қарапайым халық күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жеткізуде.

Қоғам белсенділерінен құрылған штап пәтерде қазір Ерлан Саиров бастаған елге танымал азаматтар: Мұрат Әбенов, Берік Әбідғали, Талғат Қалиев, Ғалым Байтоқ және Дина Елгезек жұмыс істеп жатыр.

Ерлан Бияхметұлының айтуына қарағанда, "ТасқынКөмекке" Астана тұрғындары ерте-кеш демей келіп жатқан көрінеді. Олар жайылма судың зардабын шегіп қалған ақтөбеліктерге жылы киім, ас-ауқат әкелуде. Осы ретте біз Саиров мырзадан еңбекақылары үздіксіз өсіп,теңгені "теңдеп" алатын депутаттардың тарапынан қандай да бір көмек болды ма деп сұрадық.

-Өкінішке қарай Айқын Қоңыровтан өзге Парламент депутаттары әзірге хабарласқан жоқ. Депутат Айқын Қоңыров мырза келіп, ақтөбелік ағайынға деген көмегін көрсетіп кетті, - дейді Ерлан Саиров.

Түйін. Ендігі жалқы сұрағымыз мынау: Халық жайылма судан зардап шегіп жатқанда, "халық қалаулылары" қайда жүр?

Қосымша: Қызылсудан жапа шегіп отырған елге көмек қолын созамын деген ағайын Астанада орналасқан "Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қорының штап пәтеріне келулеріне болады.

Байланыс телефондары: 8 777 041 14 70, 8 7172 95-46-13.

Астана қаласы, Қонаев көшесі 35.

Тасқын шайып кеткен аймақтан:

Abai.kz

6 пікір
Руза 2017-04-21 14:16:40
Неге үнсіз? Адамгершіліктен жұрдай деген сөз!
Azat Qonysbek 2017-04-19 08:32:21
Тоқ бала аш баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды! Ойлары Қазақ жерін қалай саудаға салу! Қарапайым Қазақ қасіреті ойларына кіре ме? Өкінішке орай осыдан басқа ой келіп отырған жоқ!
Жепутат 2017-04-19 07:32:03
Қайдағы бір айлық жалақы! Бір күндік жалақыларын аударса алақай ғой.
Есенғали, Антакиядан 2017-04-18 18:54:09
"Халық қалаулылары" деген "кличкалары" бар "Ләббай, тақсыр ! Не бұйырасыз ?" қауымы көсемдерінен "приказ" күтіп отыр. Көсекең бұйрық берсе - ол қасқалар "маңдай терімен тапқан" бір айлық жалақыларын "Тасқын көмек" штабына өткізбесе, маған келіңіздер.
Алдар көсе 2017-04-18 18:47:22
Экспо сенің не теңің жылтырлайды көтенің !
! 2017-04-18 18:41:42
қайдағы халық қалаулылары?-халық сайламайды олар сайланады соны қашан түсінесіздер,біреу айтқан еді -қытай киімдері киіу үшін емес сатуға арналған деп.сол сияқты.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21564