Сейсенбі, 19 Наурыз 2024
Білгенге маржан 21020 26 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 10:25

Сандардың атауы және латын әліппесі қайдан шықты?

«Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе» (Википедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет). Сан жайлы бүкіл әлемдік ғылымның ортақ тұжырымы осы.

Қазіргі таңда өз туған елінің тарихи жадын жаңғыртып, жағымсызынан қашып, жақсысын жалғастырып, білімін дамыта алмаған елдердің тығырыққа тірелері айқын. Демек, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Атам  Қазақтың сөздік қорында өте жиі қолданылатын киелі сандар деген ұғым бар. «3,7,9,12,40,1000» сандар тізбегін өзіміздің күнделікті қолданысымызда жүрген салт-дәстүрімізден, әдет-ғұрыптарымыздан, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден, рулық шежіреміз бен шежіре-дастандарымыздан  анық көруге болады.

Қарап отырсақ, бүгінгі таңда санды ауызға алмай, яғни ештеңені санамай өмір сүру тіптен де мүмкін емес. Осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз.

Егер біз 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін толық біле отырып, әрбір сан атаулы жайлы ой толғап және осы сандардың қалай дүниеге келгенін білетін болсақ, адам баласының өткен тарихқа, яғни Ата-бабаларымызға деген құрметі, жалпы білімге деген құштарлығы оянары сөзсіз.

Қожа Ахмет Ясауи мен Бекет Атаның сопылық (тарихат) ілімінде қасиетті 7 мен 12 саны аса құрметтеледі.

Түсініктеме: Сопылық ілім «Тарихат жолы» деп аты айтып тұрғандай, бұл жол Ата-бабаларымыздың өткен тарихын  зерттейді. Бұл ілім: Сопылық ілім, Хал ілімі, Ар ілімі, Хақ ілімі деп те атала береді. Бұл бүткіл жер бетіндегі Адам баласының өткен тарихы мен жан дүниесін зерттейтін жалғыз ілім. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ. Себебі, өзге діндердің бәрі адамзатқа  кітап арқылы жетсе, бұл ілім адамдарға ата-тегің, жан-жүрегің арқылы да жете береді.

Қасиетті 7 санына қысқаша шолу жасағанның өзінде төмендегідей болып шығады: Маңғыстау өлкесін мекен еткен 7 жұрт; туыстығы бөлінбейтін 7 ата; адамның 7 мүшесі; дүниенің 7 қазынасы; Адайдың 7 қайқысы; жұт 7 ағайынды;  аптаның 7 күні; қырық бір құмалақ балы жорамалындағы 7 тақ жерге түспес; дүниенің 7 ғайыбы; жұлдыздар әлеміндегі 7 қарақшы; Жетіқақ (Маңғыстау) - жер атауы; Жетісу өлкесі - жер жәннаты, 7 қабат жер асты, 7 қабат аспан әлемі, 7 планета. Егер де 7 санына дейінгі сандарды бір-біріне қоссақ, 1+2+3+4+5+6+7=28 болады екен. Бұл бұрынғы 1 айдың ұзақтығын береді және саусақ буындарымыздың саны 28.  Бұл ежелгі қазақ ғұламаларының жаратылысқа сай өте дәл, асқан шеберлікпен жасаған календары. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жерде қазіргі жылдың 12 айының 28,29,30,31-нен бітетініндей әртүрлілік жоқ.

Ұлы Жаратушыдан Мұса пайғамбарға түскен Торатта (Таурат) 7 саны 500 рет аталып өтеді.

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл».

«Тегін білмеген тексіз, Жеті атасын білмеген жетесіз».

Қазақ баласы 7 атаға дейін қыз алыспайды, себебі олар сенің ет-жақын туған қарындасың.

Он екі саны: «12 ата Байұлы» рулары ежелгі Қазақ қағанатының өзегін құраған және сонымен қатар бүкіл қазақ халқының қарашаңырағы атанған. Соған сәйкес хан ордасы 12 қанат керегеден тұрған. Ежелгі шежіре-дастандардың бәрінде қазақ ордасын «12 қанат Ақ Орда» деп атаған. Қазақтың «ұлтым Қазақ, ұраным Алаш, керегем Ағаш» дейтіні осыдан. Қазақ халқы  Әз әулиенің ұлы мен қызынан тараған «Нағашы» мен «Жиендерден» тұрады. Нағашы деген сөзіміздің түбірі «ағаш» болатыны осыдан.  Соған сәйкес 12 ай бір жыл, 12 жыл бір мүшел, адам денесі 12 мүшеге бөлінеді, малдың етін 12 жілікке бөледі, сағат тілі 12-ге бөлінеді т.т.

Алғашқы «аманатты» алған Қожа Ахмет Ясауидің жасы 12-де болған. Ұстаз «атқан жебесінің» түскен жеріне салдырған Шақпақ ата мешітінің сыртында да ұзын саны 12 ойық кездеседі. Ал Шопан-ата медресесінде 12 бөлменің орны бар. Осы қасиетті 12 саны Бекет Ата өмір сүрген кезеңде де сұпылық тарихатының 12 мақамы іспетті сырттан ішке кіріп, мешіт қабырғасынан орын алып, 12 «қыр және тесікпен» бейнеленген.

-  Ең ежелгі ұлы мәдениетті дүниеге әкелген Шумер елінің астрономдары Күн жүйесі Күн мен айды қосқанда, он екі планетадан тұратынын жазып кеткен.

-  Адамдарда 12 жұп қабырға болады.

- Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екіде бір гүлі ашылмаған" деген сөздер де айтылады.

-  Асан Қайғы атамыз: Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен.

-  Темірді қазақтың белгілі 12 тайпасының 12 биі Қазтаудың үстіне ақ киізге көтеріп алып шығып, Таудың да, Теміршінің де атын және оның «хан» деген лауазымын  да өзгертіп тауды Шыңғыс тауы деп, ал өзін Шыңғыс қаған деп жариялайды. Осы таудың ең биік шыңына Мұңал деп атасының атын қояды.

-  1867-1868 жылдардағы реформадан кейін Жем уезінің құрамында 12000-14000 үйді біріктірген 12 болыс болды.

40 саны – «Ғайып Ерен Қырық Шілтендердің», яғни ежелгі қазақ хандарының 40 уәзірлерінің сандық атауларын береді. Сәбиді қырқынан шығарған. Сопылық жолға түскендер 40 күн шілге отырған. «Қызға қырық үйден тыйым», «Бір күн ашыққаннан 40 күн ақыл сұрама», «Жақсы әке жаман балаға 40 жыл ризық», «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген секілді қырық санына қатысты мақал-мәтелдер бар. Сонымен қатар, «қырық жамау», «қырық құбылу», «қырық пышақ», «қырық күн той тойлау», «қырық қыз», «қырық сандық», «қырық күн шілде» сияқты қырық санының бұлжымас заңдылықпен қолданылатыны тағы бар.

Қасиетті Құран Кәрім – білімнің қайнар бұлағы. Құранда Ұлы Жаратушы Алланың ең биік сана деңгейі көрініс тауып, ондағы барлық дүние санмен де баяндалады.

Мысалы, Құранда баршамызға белгілі 114 сүре, 6666 аят бар. Осы 114 cүренің 16-cынан басқаларының бәрінің алдына Әл (Ал, Алаш, Алшын) - 64, Әт (Ат, Ата) - 9, Ән (Ан, Ман, Ана) - 9, Әз (Аз, Қаз, Қазақ) - 4, Әш (Аш, Ашур) - 4, Әс (Ас, Қас, Қас би) - 3, Әр (Ар, Арыс, Арап) - 2, Әд (Ад, Ада) - 1, Әли (Али, Ғали) - 1, Иа (Қиян, Иафес) – 1 деген алғашқы аталарымыздың (ру, тайпа, қауым, ел) есімдері қойылған. Бұл есімдер Құран сүрелерінің Алла тарапынан кімдерге қатысты уәхи етілгенін көрсетеді.

Алла тағала барлық дүниені қос-қостан жаратқан: жақсы мен жаман, тәтті мен ащы, күн мен түн, жер мен ай, ер мен әйел, өмір мен өлім, ақиқат пен жалған, мейірім мен қатыгездік т.т. дейтін ұғымдарымыздың бір-бірінсіз күні жоқ. Бірі болмаса, екіншісінің бар-жоғында біле алмаймыз. Құран Кәрімде міне осы ұғымдардың барлығының тепе-теңдігі мүлтіксіз сақталған.

Құранды зерттеуші ғалымдардың айтуларынша Қасиетті Құран Кәрім жұмбаққа толы. Және ол жұмбақтардың шешімі біз үшін осы жаратылыстағы заңдылықтарға жасырылған. Белгілі бір сөздер Құран Кәрімде бірнеше мәрте қайталанады. Сандардың қадір-қасиетінің құпиялары жайлы деректер Құран Кәрімде былайша беріледі:

1. Жеті көк – 7 рет, Көктерді жарату - 7 рет;

2. Ер - 23, Әйел - 23 рет;

3. Сенім - 25, Сенбеу - 25 рет;

4. Өсімдік - 26, Ағаш – 26 рет;

5. Қайту - 28, Шексіз -28 рет;

6. Жеңілдік – 36, Қиыншылық 36 рет;

7. Мұсылмандар - 41, Жиһад – 41 жерде;

8. Адамдар – 50, Пайғамбарлар - 50 жерде;

9. Ізгілік – 50, Бүлік - 50 жерде;

10. Бейбітшілік – 50, Жақсылық – 50 жерде;

11. Кесапат – 75, Шүкір – 75 жерде;

12. Жұмақ - 77 рет, Тозақ - 77 рет;

13. Тура жол – 79, Мейірімділік – 79 жерде;

14. Періштелер жайлы – 88, шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді;

15. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.

16. Қиыншылық – 102, Сабыр – 102 жерде кездеседі.

17. Жердегі өмір (Дүние) - 115, басқа, мәңгілік өмір (Ақырет) - 115 рет;

18. Жаза - 117 рет, Кешірім сөзі одан тура екі есе артық қайталанған 234);

19. Өмір – 145, Өлім – 145 жерде кездеседі;

Айт: «Егер адамдар мен жындар Құранға ұқсас кітап жасамақ болып жиналса олар тіпті олардың бірі екіншісіне көмекші болса да Құранға ұқсас ештеңе жасай алмайды» (Құран, «әл-Исра’» сүресі 17:88)

Ежелгі Қазақ Алып биінде де (Әліппе) осы қағида бар. Онда 30 дыбыс-таңбамен жасалған сөздердің құрылымы, яғни сөз жасау қағидасы 15/15-ті құрайды және бәрі белгілі бір жүйеге, яғни Қазақтың рулық шежіресіне  толықтай бағындырыла отырып жасалған.

Санды зерттеу жұмыстары Ұлы Жаратушы-Алла адам баласын дүниеге әкеліп, оларға сана бергелі бері бір сәтке де толастаған емес. Әлем ғалымдары сандар жайлы миллиондаған,  миллиардтаған ғылыми зерттеу еңбектер жазып қалдырды. Олардың қатарында «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген Пифагор (б.з.б.  570—490 жж), «Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді» деген Гете (1749-1832), Евклид (б.з.б.  365 — 300 жж), Диофанд (б.з.б. 3 ғ.), П.Ферма (1601 — 65), Л.Эйлер (1707 — 83), П.Дирихле (1805 — 59), П.Чебышев (1821 — 94), А.Марков (1856 — 1922), И.Виноградов (1891 — 1983), В. А. Гордлевский, В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд, Г. И. Рамстед, Г.Н.Потанин, Л.Базен, Э.Р.Тенишев, В.И.Чернышев, Э.А.Умаров,  Н.С.Державин, М.П. Долобко, Н. Н. Поппе, А. Н. Самойлович, Л. П. Якубинский, П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр. және т. б. бар. Осы ғалымдардың кейбірінің сан мыңдаған жылдар бойы зерттеулеріндегі бар жеткен жетістігі сандардың генеологияға қатысты екендігіне болжау жасағандары.

Әңгіменің қысқасын айтқанда, бүкіл жер бетінде сандық жүйені қолданбайтын бірде-бір адам, сандардың құпиясын ашуға талпынбаған бірде-бір ел, бірде-бір ғалым жоқ. Бірақ, сол елдердің «аузымен құс тістеген» бірде-бір ғалымы осы сандық жүйенің қайдан шыққанын және бұл ұғымның қалай дүниеге келгенін, әрбір адам баласының күн сайын  мың, миллион мәрте кімдердің есімдерін атап жүргендерін білмейтіндері де айдан анық.

Бұны түсіну үшін мына сұрақтарға жауап табуымыз қажет: а. Сана деген не? ә. Аллатағаланың ең бірінші жаратқан адамдары қай тілде сөйледі?  б. Олардың алғашқы отаны қай жерде? г. Олардың бүгінгі қарашаңырағы кімдер?  ғ. Сандар қандай мағына береді? д. Ең бірінші нені (кімді) санады? е. Ең алғашқы жазба қалай аталды?  ж. Ол жайлы деректерді қайдан табуға болады?

 Бүткіл жер бетінде бұл сұрақтардың жауабын білетін жалғыз-ақ ел бар. Ол, Адам Атаның қарашаңырағында отырған Қазақ елі. Бұл жағдай Адам Ата шежіресінің тек қана қарашаңырақта және сонымен қатар Атам Қазақтың Ана тілі аясында сақтала алатындығының айдай айғағы болмақ.

Біз мұның дерегін Маңғыстаулық ақын-жыраулардың кез-келгенінің шежіре дастандарынан таба аламыз. Мысалы, Нұрым Шыршығұлұлы жырау (1831-1908):

«Адам – Сафи баласы

Бір теректен сан бұтақ

Дүниеге келген сан болып

Буын-буын тақталы» деп жырлаған. («Бес ғасыр жырлайды» Алматы. 1989. 129 бет). Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақ шежіресінде Адам Ата мен Ауа ананың алғашқы ұрпақтарының есімдері жүйелі түрде санмен белгіленген және олардың «бір теректен сан бұтақ» болып, «буын-буын тақтаға» бөлініп дүниеге келгені және кез-келген атау сөздің түбірінде сол сөздің Атасының аты сақталып отыратындығы айтылады.

Тарих тағлымы: Сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) ешқашан жаңылыспайды. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана.  Орынды жерінде айтылмаған «Сөздің атасы өледі» деген қазақ мақалы бар.  Біздің жаңылысқанымыз соншалық «Сөздің Атасын (иесін)» аналық текке айналдырып «аптыр (ап, апа)» деп атап жүрміз.

Дыбыстық таңбаларды ең алғаш ойлап тапқан біздің Аталарымыз. Олар алғашында рулық таңба деп аталып, ғылыми айналымға «Руна (Ру ана) жазбасы» деген атаумен енді. Бүкіл әлем елдері жазу таңбаларының бастауы осы. Сандар мен санаудың негізінде де Атам Қазақтың осы рулық шежіресі жатыр.

Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?  Әрине, ең бірінші Аллатағала Адам Ата мен Ауа Ананы жаратып, ең бірінші соларға сана беріп, тілін шығарғаны дауға жатпаса керек. Әйтпесе, біз ешбір құбылысты түсінбес те, оларға атау бермес те, бүгінгідей сөйлемес те едік. Бізге бұл сұрақтарға жауап табу үшін мына жағдайларға көңіл аударып, оны әрқайсымыз өз санамызда зерделеуіміз қажет:

 Біріншіден, алғашқы адамдар осы біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Себебі, Ад, Ада, Адай, Адам деген сөздердің өзі таза қазақ сөзі болғандықтан ғана біз бір-бірімізді Адам деп атап жүрміз. Басқа жұрттар Адам деп тек қана Алғашқы Адам Атамызды атайды.

Екіншіден, олардың алғашқы отаны Манқыстау. Себебі, әлем елдерінің көбі алғашқы адамды Адам Ата деп атаса, кейбірі Ман деп атайды. Екеуі де дұрыс. Ақиқатында, Ман Ата – Адам Атаның жалғасы (ұрпағы) болып табылады. Ман атамыздың атында Манқыстау тұрса, ол жерде күні бүгінге дейін Адам атаның қарашаңырағының иелері Қаз Адайлар отыр. Манқыстауды бүкіл әлем Адайлардың ата мекені деп таниды. Бұл бүкіл әлем елдерімен мойындалған ақиқат. Адам мен Адай атаның сөз түбірлерінің бірдей болатыны да, олардың «тіл таңбалы Адайлар» деп аталатындары да осыдан. Адайдың қазіргі «Жебе (стрелка)» таңбасының кез келген жерде адамдарға жол көрсетіп тұратыны да осыдан. Ал сөз түбірі және «таңба» өз кезегінде ешкімді, ешқандай дауға, сөз түсінетін қазақты дүдәмалдыққа жібермейді. Енді осының үстіне біздің тіліміздің «Ана тілі» деп аталатынын  қосыңыз. Ана тіл - менің шешемнің тілі дегенді емес, бұл тіл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Әйтпесе, қазақтан өзге елдер де тілдерін орыс тілі, арап тілі, парсы т.т. деген сияқты ұлт атауларымен атамай, Ана тілі деп атаған болар еді. Бұл жерде «аптырлық құқық» толықтай сақталып отыр. Сондықтан қазақтан өзге елдердің өз тілдерін Ана тілі деп атауларына құқықтары жоқ.

Үшіншіден, жер бетіндегі бүкіл әлем елдерімен мойындалған шындық, кімде-кім қандай ұғымды дүниеге әкелсе, немесе қандай да бір жаңалық ашса, сол ұғым мен жаңалыққа сол адамның есімі беріледі. Демек, бүткіл жер бетіндегі барлық атаулар алғашқы Аталарымыз бен Аналарымыздың есімдері. Себебі, адамзаттың алғашқы даму кезеңінде адамдар ең бірінші болып бірін-бірі таныды және біріне-бірі есім берді. Ол атаулар басында өте қысқа бір, екі, ары кеткенде үш дыбыстан құралды. Кейін олар көбейе келе өзге жер, су, табиғат құбылыстары атауына айналды.

Төртіншіден, қазақтың барлық атаулары мен сөз жүйесі адам баласының өміріндегі барлық таным-түсініктері өздерін ғаламдық құбылыстармен теңеулерден және  салыстырулардан тұрады. Сондықтан біздің сөздік қорымызда небір асыл теңеулер және соған сәйкес лақап есімдер жиі кездеседі. Қазақ тілін жақсы білетін жандарға оны түсінудің еш қиындығы жоқ.

Бесіншіден, сандардың бәрі алғашқы аталарымыздың сандық атауы, яғни лақап есімдері. Олар ең бірінші болып бірін-бірі санады, дәлірек айтқанда  ұрпақтары Аталарын (жеті атасын) және арғы тектерін санады. Сана деген ұғымның сөз түбірі Ана болатыны осыдан.

Алтыншы, «Сана» деген сөздің толық мағынасы Сақ Ана. Қазақтың көп дыбысты барлық сөзі біріккен сөздерден тұрады. Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша екі сөзден бір сөз құралғанда дыбыс үндестігіне сәйкес, алдыңғы сөздің соңғы дыбысы, немесе екінші сөздің бірінші дыбысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Атамның жұрты–Атажұрт, Ай ауылы–Айлы, Алып би–Әліппе, бастау алған–басталған, жоқ болған–жоғалған, тауып алған–табылған, көгеріп кеткен-көгерген, Балықшы Сақ Күн –Баласағұн, Домбыра жасаушылар аулы–Домбауыл, Қаз бір (пір)–қазір, Хан ауылы–қаңлы, Қожа Ахмет–Қожахмет, Хан аға–Қаңға, Ноғайлар ауылы–Ноғайлы, Үстіңгі жұрт–Үстірт, От Ман (Отпан)–Отан, Ман әке–Меке (арабиядағы қала), Мандардың қыры–Манқыр, Мандардың кенті–Манкент, Мандардың қыстауы–Маңғыстау т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл қағида дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес.

Жетінші, әрбір ұғымның атауы сол ұғымның бір ауыз сөзбен жазылған ұлы тарихы. Біз бұны кез келген атауға тарих ретінде қараған да  ғана айқын түсіне аламыз. Және тағы бір үнемі есте ұстайтын жағдай, әр бір ұғымның, яғни өзен мен көлдің, теңіз бен мұхиттың,  шұңқыр мен құдықтың, кез-келген ыдыстың түбі болатыны сияқты, адам баласының да түп атасы бар. Соған сәйкес барлық атаулардың сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) болады. Сөз түбірі ешкімді алдамайды және ешкімді ешқандай дау-дамайға жібермейді. Міне осы қағидаға сәйкес, яғни Адам Ата  мен Адай Атаның сөз түбірлерінің бірдейлігінен, бүгінгі Адай шежіресінің - Адам ата шежіресі екенін көреміз. Кейбір «білгіштердің» Адай ата мен Қаз Аға (Қазақ) шежіресін бар-жоғы 500 жыл деп есептейтіндерінің негізсіз екендігін қаперлеріңізге бере отырып, Қаз Адайдың барлық шежіре-дастандарында айтылғандай, Адай шежіресінің бастауын жетпіс мың жыл арыға қарай ысырсақ, ақиқаты осы болады.

Сегізінші, әлем шежіресін танып білуде бізге аса көңіл аударатын жағдай сөздердің тек қана дыбыс –таңбалардан емес, олардың буын-буынға бөлінуі. Себебі, сонау түптегі ең алғашқы Адам Ата мен Ауа Ана дүниеге келгелі бері, олар аталы, әкелі, балалы, немерелі, шөберелі, шөпшекті т.т. буын-буын болып жалғасып келеді. Бүкіл әлем елдерінің Ата тек шежіресінде де, соларды атайтын сөздер мен сөйлемдерде де, артқы буын алдыңғы буынның жалғасы ретінде дәл солай беріліп келеді. Бүткіл жер бетіндегі барлық рулар, тайпалар, ұлыстар, хандықтар мен қағандықтар да осылай буын-буын болып дүниеге келді. Бұл дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Бұл жағдай Сәттіғұл атамыздың шежіре-дастанында былайша өріледі:

«Өзендер құрғап суалмас

Қайнары болса ақпалы.

Бекарыс пен Алшыннан

Кіші жүздің баласы

Дүреп едік ел болып

Буын-буын тақталы» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы. 1996. 178 бет).

Тоғызыншы, ежелгі Ғұн, Гун, Гунну, Хун, Хунну деген ұғымдардың бәрінің түп атауы Күн, яғни қазақтың Күн қағанаты. Мысалы, Күндердің әйгілі билеушісі Еділді «Күн қағаны» деп атаған.  Иә, Иә кәдімгі аспандағы бүкіл дүниені жарық қылып, жылу беріп, жарқырап тұрған күніміздің атындағы Күн. Күннің түбірі Үн. Күн - Қазақтың Қу және Үн деген екі біріккен сөзі.

Осы бірінші буындағы «Қу» және екінші «Үн» деген екі буын сөздің рулық шежіредегі атауы Адайдың үлкен ұлы, яғни бірінші буыны Құдайке (Қу Адай әке) болса, екінші буындағы «Үн» оныншы буын ұрпағы Мұңал (сандық атауы Монғол) болады.

Үнді халқының Үнді (дауысты, әуезді) деп аталатынының да сыры осы. Олардың түп атасы «Дауысты» атаның моласы Маңғыстауда күні бүгінде де бар.

Адам атаның қарашаңырағы Адайдың кенже немересі Мұңалдың да сөз түбірі «үн (ұн, ұң)» болатыны осыдан. Өздеріңіз көріп отырғандай «бидай» деген сөздің авторы Би Адай болса, ұнның авторлық құқығы Қаз Адайдың қарашаңырағы Мұңалда жатыр.

Аспандағы күннің түбірі «үн» болатыны да осыдан.

Оныншы, бүкіл әлем елдері өз мәдениеттерін Алтайдан таратады және оны кәміл мойындайды. Ал, Алтайдың тегі Маңғыстауда. Алтайлықтардың арасында жырланатын «Ма Адай-Қара» батырлық дастаны осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

Ежелгі шежіре-тарихтың бәрі Маңғыстауда әлемдік МАД патшалығы болғанын және оның  әлем астанасы деп, аталғанын жазады. МАД қысқартылған сөз. Себебі, кей жазбалар МАД-ты Ма Адай-Қара, Мадай (Матай), Ман Адай деп хаттапты. Ежелгі Мидия патшалығы да кезінде Мадай деп аталыпты. Қазақ мәдениетінің де осы МАД-тан бастау алатынын сөз түбіріндегі Мәд (Мад) деген түбірінен айқын көреміз. Арабиядағы Меке (Ман әке) қаласы мен Мадинадан да біз осыны көреміз. Әлем картасында Ад, Мад деген түбірі бар елдер, елді мекендер мен топономикалық атаулар өте көп. Орыс халқының аналарын Мат дейтіндері де осыдан.

Алтайдың «Ма-Адай қара» жырында:

«Жеменей таудың жонында,

Ма-Адай қара елі бар.

Қысы-жазы қар жаумас,

Көк орай шалғын белі бар» деген жолдар бар.

 

Он бірінші, Манқыстау түбегі сұғына кіріп тұрған теңіз Каспий деп аталады. Каспийдің түпкі қазақи атауы Қас би. Ол өз кезегінде Қаз бидің (Қазақтың) лақап аты, яғни синоним. Сонда Қаз дегеніміз бүкіл әлем елдері мәдениетінің ең биік шыңы болса, Қас деген сөз кез-келген ұғымдардың ең биік шыңы. Оның аржағында ештеңе жоқ. Қазақтың сөздік қорындағы Қас Сақ, Қас батыр, Қас мерген, Қас ақын, Қас шешен, Қас тұлпар, Қас дүлділ, Қас шебер, Қас қағым, Қас қыр (биіктік), Қас дұшпан, Қас ару, Қас сұлулар осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың «қасиетті адам», «қасиетсіз адам» деген ұғымдарының шығу тегі де осы. Енді осылардың қасына Қаз ақтың тағы бір балама атауы Қазды (аспанда ұшатын, киелі құс) қосып қойыңыз. Ал, БИ деген сөздің мағынасы баршамызға белгілі болса керек. Шынында да, ең бірінші тілі шыққан елдің Қас би атанбай басқаша аталуы мүмкін де емес қой. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Ежелгі қазақтар жақсылыққа жарысудан алдарына жан салмай, яғни бәйгеден келіп осындай ең құрметті атауға ие болған.

 

      Он екінші,  Әңгіменің қысқасы, тілде Ата да бар, Ана да бар. Атасы, ауыздан шыққан әрбір сөзіңнің түбірі (өз түбі). Анасы – тіл, яғни тілің болмаса сөйлей алмайтын мылқаусың. Сөздің Атасы Адам Ата, Анасы Ауа Ана.

 

Ең жоғарғы сана (санаудың) иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың адамға берген санасының арқасында Әз ата ұрпақтары сандық жүйені меңгерді. Біз қолданып жүрген дыбыстық таңбалар мен сандардың бәрі осы сандарды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі. Дыбыстық таңбалар да, соған сәйкес сандық жүйе де олардың дүниеге келу рет санын береді. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-У, 26-Ұ, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І  деген дыбыстық таңбаларын қолданамыз.  Ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының (ол заманда қазақтан басқа мемлекет болмаған) қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Егер Біз осы таңбалардың орнындарын ауыстырып,  таңбаларды 30-дан аз, немесе көп ететін болсақ, жаңа енгізген Әліппе бізді Қазақи болмысымыздан ажыратып өзге елдің мүддесіне қызмет жасайтын болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген әрбір таңбаның сырын, бүкіл қазақ баласына рулық шежіремізбен  салыстырып зерттеуді ұсынамын!

 

Ақиқатында, қайта-қайта дыбыстық таңбаны өзгерту дұрыс дүние емес. Зерделеп қарасақ,  мұндай жағдайлар өзге сырт елдің ықпалына сай жасалады екен. Мысалы, 1930 бен 1940 жылдардағы Кеңес билігінің қазақ Әліппесін зорлықпен екі рет өзгерткенін еске алыңыз. Біз осы өзгерістерден кейін азғана жылда қазақтың бірде-бір ежелгі сөзін түпнұсқадан оқи алмайтын, жазба тарихымыздың бәрінен ажыраған,  дүниеге Ата салттарымыздан, Ата дәстүрлерімізден, әдет-ғұрыптарымыздан, діліміз бен дінімізден, Ана тілімізден ажырап, санасы сансыраған жаңа мәңгүрт ұрпақ болып шыға келдік.

 

Атам Қазақтың рулық шежіресін Адам-Адам болғалы зерттеп, зерделеумен айналысып келе жатқан Тарихат жолы, яғни сопылық ілім сандардың дүниеге келу тарихын айшықтап түсіндіреді:

Қазақ қарттың үш ұлы бар: үлкені Ұлы жүз – Ақарыс, ортаншысы Орта жүз - Жанарыс, кенжесі Кіші жүз - Бекарыс деп аталады.

Ұлы жүз Ақарысты (Аға Арыс) - Үйсін, Орта жүз Жанарысты - Арғын, Кіші жүз Бекарысты - Алшын деп те атай береді. Себебі, қазақтың қалған рулары дүниеге келу ретімен осы үш негізгі рудың айналасына топтасқан, яғни сол негізгі рудың жақын тумаластары.

Бірінші, Ұлы жүз тайпалары: 1.Сарыүйсін, 2.Шапырашты, 3.Ошақты, 4.Ысты,

5.Албан, 6.Суан, 7.Дулат, 8.Сіргелі, 9.Қаңлы, 10.Жалайыр, 11.Шанышқылы, 12.Қатаған.

Екінші, Орта жүз тайпалары: 1.Арғын, 2.Найман, 3.Қыпшақ, 4.Қоңырат, 5.Керей, 6.Уақ.

Үшінші, Кіші жүз тайпалары: 1.Әлімұлы, 2.Жетіру, 3.Байұлы.

Байұлы – Он екі Ата Байұлы деп те аталады: Олар Алаша (үлкені),  Байбақты,

Қызылқұрт, Масқар, Шеркеш, Ысық, Тана, Жаппас, Есентемір, Беріш, Таз, Адай (кенжесі) (Энциклопедиялық деректен). Он екі ата Байұлдарының соңғы ғасырлардағы бүкіл Алаш жұртымен мойындалған құрамы осы. Өздеріңіз көріп отырғандай, үлкені Алаша болса, ең кішісі (кенжесі) Адай. Қаз Адайдың бүкіл Қазақтың қарашаңырағының иесі делінетіні осыдан. Себебі, Адам Атамыз ең алғаш осы шаңырақты құрды, көтерді, осы шаңырақта ғұмыр кешіп, ошағының отын өшірмей,  ұрпағын жалғастырып келеді. Демек, шежіредегі аттары аталған рулар сан атауын иемденген «буын-буын тақталы»  ұрпақтардың басы.

 

Бір (бірінші буын, бірінші орында) - Адам Атаның, яғни оның қарашаңырағы Адайдың екі баласы Құдайке мен Келімбердінің сандық атауы, сонымен қатар барлық сандық жүйенің бастауы.

Бір – Бі (би) және ір (ірі) деген екі біріккен сөзден тұрады. Бұл жерде ірі Би деп Адай Атаның екі ұлы Құдайке (Қу Адай әке) және Келімберді айтылады.

Әрине, ең бірінші болып, Адам Ата мен Ауа Ананың тілі шығып сөйледі, ұрпақтары ары қарай дамытты. Адам атаның қарашаңырағының иелері Адайлардың «тіл таңбалы Адайлар» делінетіні осыдан. Әділет (сөз түбірі Әд (Ад) Адайдың лақап аты. Ад қауымы Әділеттің атасы, яғни осы ұлы ұғымның «авторы». Адам баласында ұрпағы үшін Атадан артық ешкім әділ бола алмайды.

Құдайке Адай Атамыздың тақ мұрагері, ал Келімберді Атамыздың қарашаңырағы болып табылады. Бүгінгі Қаз Адайлар сол қарашаңырақтың (Ата шаңырақтың, Кәрі шаңырақтың) ошағының отын сөндірмей, сол Аталарымыздан қалған рулық шежірені, салты мен дәстүрін, әдеттері мен ғұрыптарын, тілі мен дінін, тіпті бәрі-бәрін сақтап бүгінгі күнге жеткізіп отыр.

Сайыстарда: бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар берілетін қағида бар. Осы қағиданың бас жүлдесі Адам (Адай) атамыздың атына тағайындалған. Аттары айтып тұрғандай, бірінші орын бір санын, екінші орын екі санын, үшінші орын үш санын иемденіп отырған Аталарымыздың атына белгіленген.

Қазақтың жалғыз қалған қария адамды «Қубас» деп атайтындары осыдан.

Бір санының дыбыстық-таңба  атауы «А» - Ада (Ата) мен Ана деген мағынасы бар.

«А» таңбасы атына сай жасалған. Ер мен әйелдің басы қосылып, бел жағы бірігіп тұр. Зер салып қараған адамға Ер адамның жіңішке, әйел адамның жуан болып белгіленуінен, әйелдердің  дүниеге ұрпақ әкелітінін де меңзеліп тұрғанын байқар едік.

Жарайсыңдар! Аталарым! Ал, қазіргі латын Әліппе таңбаларын ұсынып жүргендерге берер кеңесім:  Сіздердің ұсынған таңбаларыңызда Ежелгі аталарымыздың шынайы тарихына толықтай сай келетін дәл осындай кез-келген адам баласы түсінетіндей айқын мағынасы болуға тиіс.

 

       Екі саны (екінші буын, екінші орында) – Адай Атаның екінші буын ұрпағы, яғни бірінші немересі Қу  Адай әкенің үлкен ұлы Тәзіке (Әз әке), бүгінгі атауы Қазақ), сөз түбірі Әз әулие атамыздың есімі. Моласы Ман Атаға жақын жерде, қырдың үстінде.

Тәзіке: Т- толып толысу; Әзіміз – Әз (Аз); «І» — баласы, ұрпағы; соңғы «Ке» жалғауы – әке деген мағына береді.  Бұл екі буын, қазақ та «Аққу менен Қаз, Адай менен Таз егіз», — деп тұжырымдалған. Балама атауы Аз елі (басында көп емес, аз халық). Атам Қазақтың «ӘКЕ» деген қасиетті ұғымы осы екі буын арасында дүниеге келген. Бұл айтқанымыздың айдай айғағы Қазбек болса-Қазеке, Болат-болса Бәке, Насыредин болса-Нәке, Самат болса-Сәке дейтініміз болып табылады. Екі (баламасы жұп (жұбай), қос (қосақ)) саны Қазақтың сандық атауы.

Қаз атамыздың лақап (мадақ) есімі «Әз». Біз ары қарай үшеуінің (Адай Ата, Құдайке, Тәзіке) орнына Әз атамыздың атын қолданамыз. Себебі,  Әз ата – Әз әулие, Әзіз делініп, жаныңа ең жақын, аяулы атамыз дегенді білдіреді. Қазақ баласына ат қойғанда таңғы мезгілде «Азан шақырып» қоятыны, «Әз ата!  Мына жарық дүниеге тағы бір ұрпағыңыз келді» - деп, Қасиетті Құранның сүрелерінен үзінді айтылып, жаңа туған нәрестенің құлағына үш рет баласына қойған есімін дауыстап айқайлайды. «Азан шақырып» ат қоюдың сыры осы.

Баламасы: Азан (Аз Ман) - жарық күннің басталу кезеңі, яғни күннің шығар мезгілі.

Азан – Жыл басы Наурыз айының алғашқы үш күні Әз күні деп аталады.

Азан шақыру – Намазға жығылуды бастардан бұрын Азан шақырылады.

Екі – ек және і. Ек – екеу,  егіз,  егу, егін егу,  яғни балама мағынасы көбею. Атам Қазақтың «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Ердің екі сөйлегені өлгені» дейтіндерінің де сыры осы.

Ал «і»-ге келсек, қазақта «и, й, ы, і» дыбыстары ұрпағы, баласы деген мағына береді. Мысалы, Қожа Ахмет Иассауи (Қожа Ахмет Иасының баласы), Әкім Тарази (Әкім Тараздың баласы), Әбубәкір Кердері (Әбібәкір Кердерінің баласы), Қадыр Мырза Әлі (Қадыр Мырзалының баласы) т.т..

Қазақ хандары мен қағандарының бастарына киіп жүретін бас киімдерінің Тәж (Тәз) деп аталатындары осыдан. Бүткіл жер бетінде Ата сыйлаудың, Әке сыйлаудың бұдан асқан озық үлгісі болып көрген емес. Бола да алмайды. Қазақ хандары мен қағандары бастарына киетін бас киімдеріне түп атамыздың атын қойып, бастарына киіп жүрсе, қарамағындағы елі де олардан қалыспай,  олар отыратын «алтын тақты» тақия деп атап, бастарына киіп жүрген. Демек, олар осындай құрметке ылайық болған. Міне Біздің ежелгі Аталарымыз бен Аналарымыз бірін-бірі осылай құрметтеген.

Екі – көбеюдің басы, яғни ер мен әйел, соған сәйкес Қазақ деген атты иемденген ең алғашқы ұлы елдің сандық атауы.

Күні бүгіндегі әлем ғалымдарының барлық жазба деректеріндегі қазақты «кең далада емін-еркін көшіп-қонып жүретін батыл адамдар, ержүрек еркін, тәуелсіз адамдар» дейтіндерінің сыры осы.

Содан бері арадан қаншама сулар ағып, қаншама ондаған мың жылдар өтсе де сол түптегі ешкімге тәуелсіз ең алғашқы елдің атын сақтап отырмыз.

Екі санының дыбыстық атауы «Ә» - Әке мен әйел. «Әркімнің әкесі өзіне Әз әулие» деген сөз содан бері жалғасын тауып келеді.

 

Үш саны (үшінші буын, үшінші орында) – Қу Адай әкеміздің екі ұлының кішісі Қосай Атамыздың қауымы. Қосай - Адай Атаға рет санымен санағанда үшінші буын болып келеді. Бірінші буын Адайдың екі баласы Құдайке мен Келімберді, екінші буын Құдайкенің үлкен ұлы Тәзіке, үшінші буында кенже ұл  Қосайлар. Кезінде Құдайке көші суға кетіп, олардан Қосай атаның ұрпағы Нұқ пайғамбар, оның отбасы мен мұсылмандықты мойындаған аз  ғана ел Алланың қалауымен топан суда кемеге мініп аман қалған.

Қосай – біріккен сөз. Сөз түбірі Ос (Ош) болса,  Қос – екі,  немесе егіз + Ай деген сөздерден жасалып, үш саны Қосайлардың сандық атауын береді. Осы үш деген түбірден туындайтын күш, күшті, күш-қуат деген ұғымдар Адамзаттың Қосайларға берген бағасы. Күштің авторы Қосай (Күштің түбірі үш болатыны осыдан (Қу және үш)), Қуаттың авторы аты айтып тұрғандай Қу мен Ад, яғни Құдайке (Қу Адай әке) болып табылады.

Ең алғашқы от жаққандар осы үш буын ұрпақ. Маңғыстаудың қара ойының қақ төріндегі ең биік таудың Отпан (От ман, От адам) аталатын себебі де осы. Отан деген сөзіміз осы Отпанның қысқартылған нұсқасы. От жағатын қондырғыны «мосы» және «ошақ» деп атайтынымыз, осы айтқанымыздың айдай айғағы. Мосы пен ошақтың  сөз түбірлерінің «Ос (Ош)» Қосай атамыздың «азан шақырып» қойған есімімен бірдей болатыны осы. Қосай атамыз «мосы» және «ошақ» деген бір ауыз сөзбен күні бүгінге дейін «авторлық құқықтарын» сақтап отыр. Қазақтың ошағының оты сөнбеуі үшін дүниеге ұрпақ келуі керек. Қазақ қарияларының «Ошағыңның оты сөнбесін» деп бата беретіндерінің де сыры осыдан.

Төрт амалдың бірі «қосу» Қосайлардың лақап аты. Екеуінің де «Қос» деген сөз түбірлерінің бірдей болатыны осыдан.

Қосайларға «Аға баласы» деп аса құрмет көрсетілетінінің негізгі сыры да осы. Туған-тумаластарын, інілерін жанының жылуын беріп және от жағып жылытса, олар аға болмағанда кім аға болады?! Жанында ағасы мен досы бар жан қор болушы ма еді? Қосайдан жолдасың болса жолыңның болатыны да осы. Достың түбірі «ос» болып Қосаймен түбірлес болатыны да осыдан.

Түсініктеме: Құдайке қауымына соңғы нүктені Нұқ пайғамбар қойды. Алай да бұл қауым Қосай Ата ұрпағы Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандармен жалғасып кетуіне байланысты, сөйлемде де Қос Нүктемен жалғасып кетті. Қос Нүктенің толық мағынасы Қосай Нұқ Ата болып табылады. Қосайдан жолдасың болса, жолың болады деген сөз осылай дүниеге келді. Ақиқатында да, Қосай Ата ұрпағы Нұқ пайғамбарға жолдас болғандардың ғана жолы болып, кемеге мініп аман қалған болатын.

Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп, сапарға шығатыны осыдан қалған. Қазақтың рулық шежіре дерегі бойынша 3 саны Қазақтың 3 жүзінің, сонымен қатар Бекарыстың 3  баласының да сандық есебін береді.

Он сегіз мың ғаламның жаратылысы түгелдей қатар өріледі: Мысалы, жарықтың үш көзі – Күн, Ай, Жұлдыз. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасы – еркек, әйел, ұрпақ.

Көптеген елдерде 3 саны қауіпті сан деп есептеледі. Себебі, осы үшінші буын ұрпақ Нұқ пайғамбар заманында апатқа ұшыраған.

     Үш санының дыбыстық атауы «Б» - Бала. Бір, екі, үш – Ата, Әке, бала. Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Егер біз осыдан латын әрібіне өтіп, онда «Ә» таңбасы болмайтын болса, бұл балалардың некесіз, яғни әкелерінің кім екенін білмей дүниеге келген дегенін білдіретін болады.

«Б» таңбасы екі сызық және «жүкті әйелдің» бейнесін береді. Демек, өтеміз деп отырған Әліппемізде барлық дыбыстық таңбалар осылай сөйлеуге тиіс.

Біз өтеміз деп отырған Әліппемізде осы қағида міндетті түрде сақталуға тиіс. Әйтпесе, Адам Атаны жаратқан Ұлы Жаратушы – Алла емес, біз маймылдан жаралдық, атамыз айуан деп мойындаған болып шығамыз.

 

Төрт саны (төртінші буын) - Қаз Адайдың төртінші буын ұрпағы Құнанорыстар (Рысқұлдар), бұл баяғы Нұқ пайғамбардан тарайтын қауым, шежіредегі Адайдың кіші ұлы Келімбердінің бірінші ұлы, яғни сол Нұқ пайғамбар кемесінен Қазығұрт (Қазық жұрт) тауына түсіп аман қалған бірінші буын ұрпақтар. Бұл Келімберді Атамыздың бірінші буыны, ал Адай Атадан есептеген де төртінші буыны.  Басында бәрі бір халық, яғни төртеуі түгел болып, төбедегіні алып, қатарының бәрінен озғандар  осылар. Бүгінгі орыстар осы рудың атын иемденіп, қазақтан бөлініп, бөлек отау тіккен ұрпақтары. Бірақ олар бүгінде аталық тектен безіп, аналық текке, яғни Рашанға (Европалықтар оларды наша Раша дейді) айналып кетті. Ежелгі қазақ  шежірелерінде орыстарды жиендер елі деп атайтындарының сыры осы. Қаэақта жиен деп қыздан туған ұрпақты айтады.

Орыстың алдында тұрған «Құнан» - Қу (Қу Адай әке), «Үн» (Күн, Күндер (Хундар), қарашаңырағы Мұңал), «Н» дыбысы Нұқ атамыздың және Ан (Ман, Ана) деген мағына береді. Демек, орыстың алдында тұрған «Құнан» олардың ата-тегін және олардың рет санын көрсетіп тұр. Себебі, Құнанорыстар Адайдың үшінші немересі болса, Құнан да жылқы баласының өсу дәрежесінің үшінші сатысы болып табылады.  Жылқының жаңа туған баласын Құлын (құлыншақ), бір жастан кейін  Тай, үш жастағысын Құнан деп атайды.

Бірінші буын - Құдайке, Келімберді, екінші буын – Тәзіке, үшінші буын – Қосай, төртінші буын - Құнанорыс.

Төрт саны Құнанорыстардың сандық атауы. Түбірі - Өр (биік жер, өрлеу, жоғарылау), Өрт (өртену, күйіп-жану), Төр (үйдің, дастарханның төрі), Төре (Төр ие), төраға, төрайым. Бүгінгі Біз руға жатпаймыз деп жүрген төрелердің рулық тегінің бастау алатын жері осы.  Демек, Қазақтың «Төртеу түгел болса, төбедегі келер» деген ұлағатты сөзі соларға байланысты айтылды. Төртеудің төрт көзі түгел, ауыздары бір болса, олардың орындарының төрде болатынына қандай дау бар. Олардың ауыз бірлігі «таудан төмен қарай, ауа жайылмай бір арнамен сарқырай аққан сел сияқты» бүкіл әлемге үлгі болған. Келімбердінің алты баласының үлкені, яғни қалған бес баланың ағасы болғандықтан, олардың орны төрде болатынына қандай дау бар.

Қазіргі орыс халқы Ата-бабаларының бізден бөлінетін жері осы төртінші буын. Біз оларды әлі күнге дейін сол ежелгі ру атымен атап жүрміз. Ежелгі жыр-дастандар орыстарды жиендер елі, яғни қазақтың қызынан тараған ұрпақ деп атап, олардың бастарының бірігіп, тұтас ел болып бірігуіне жағдай жасаған. Алайда, бүгінгі орыс халқы Дарвин ілімін толықтай мойындауларына байланысты Ата шежіреден ажырап кеткен. Бірақ, күндердің күнін де «Ер айналып елін табары» сөзсіз.

Төрт санының дыбыстық атауы «Г» - Гу-Гу, Гуіл мен Гүл. Гуіл – топан судан кейінгі сәбилік кезең, Гүл – үлбіреген қыз бен бозбала. Адамзаттың даму, есею кезеңін білдіріп тұр.

 

Бес саны (бесінші буын) – Ақпандар. Қазақтың ақиқатқа ата болып, аға атанатыны осы аталарымыздың тұсы. Ата тарихымыздағы Ақ Күндер (Ақ Хұндар, Аққадтар), Сақ, Сақтар және қазақтың ең асыл қасиетінің атауы Сақи (мырза, қолы ашық) сөзі солардан қалды. Сақтың түбірі Ақ болатыны осыдан. Қазақты ақиқатқа Ата етіп, бүкіл әлем елдеріне Аға (Қаз аға, Қазақ) атандырған осылар.

Ақпандар Қаз Адайдың бесінші буын ұрпағы.  Сөз түбірі Ақ. Екінші буыны Пан (Ман). Бұлар Қаз Адайдың екінші ұлы Келімбердіден тарайтын төртінші немересі.

Ақ пен Әділеттің (сөз түбірі Ад (Әд, Әділ) мағыналары бірдей және сол сияқты «Ас»-тың да мағынасы осы. Алдыңғы екі сөз ең жоғарғы адами қасиет, адалдық пен әділдікті білдірсе, Ас (бас) ең үздік, ең жоғары дегенді білдіреді. Бүгінгі балалардың біліміне баға бергендегі бір өте жаман, екі жаман, үш қанағаттанарлық, төрт жақсы, бес өте жақсы деп баға берілетінінің сыры осы. Аға мен Ақиқатқа бес деген баға беріліп отыр.

Ағаның түбірі «Ағ (Ақ)» болатыны осыдан. Әлем билеушісі, яғни барлық хандардың ағасы деген мағына беретін «Қағанның (Қ-аға-н)» сөз түбірі Аға болатыны да осыдан. Қарт қазақтың үш ұлының үлкенінің Аға Арыс (Ағарыс) атанатыны да осыдан. Барлық жақсы дүниенің Ақ  деп аталатыны да осыдан.

Ақ (Ақиқат) – аса қасиетті ұғым. Сондықтан, барлық ізгі ниеттен туындайтын  киелі ұғымдардың бәріне Ақ сөзі қосылып айтылады. Мысалы, Ананың ақ сүті, Ақ неке, Ақ адал жар, Ақ адал мал, жаңа түскен жас келіншектің басына тағатын Ақ орамал, Ақша бұлт, Ақ орда, Ақ босаға, Ақ тілек, Ақ ниет, Ақ жүрек, Ақыл, Аққу, Ақтау, Ақсу, Әділеттің Ақ туы т.т.

ҚАЗАҚ деген ел есіміміздегі ҚАЗ деген түбірге «АҚ» жалғанып, Қазақ – Ақиқаттың атасы деп, аталатыны да осыдан.

Бес саны Ақпанның сандық атауы болса, Ақиқат (шындық) деген ұғымда – Қаз Адайдың бесінші буын ұрпағы Ақпандардың авторлық құқығы жатыр. Ежелгі Аққад (Ақ Қаз Адай) аталған ұлы елдің тегі де осы.

Бес санының дыбыстық атауы «Ғ» - бұл санның жоғарыда көрсетілгендерден де басқа ғалым, ғылым, он сегіз мың ғалам дегендей әлем құпияларын толық меңгерген деген де мағыналары бар.

 

Алты саны (алтыншы буын) - Қаз Адайдың алтыншы буын ұрпағы Балықшылардың сандық атауы. Біздің Ал, Алғи, Алан, Алаш, алты Алаш деген ұғымдарымыздың бәрі осының ішінде. Алты  Алаш (алдыңғы алты ел: 1 буын - Құдайке, Келімберді. 2 буын - Тәзіке. 3 буын - Қосай. 4 буын - Құнанорыс. 5 буын - Ақпан. 6 буын - Балықшы. Алашқа жатқан алғашқы алты еліміз осы), Алшын (Кіші жүз руларының түп атасы), Алғы, Алдыңғы, Алғашқы (ең бірінші деген мағына береді), Алғи – Адайдың ежелгі ұраны. Қазіргі Үстірттің (қырдың) атауы ежелгі шежіре-дастандар да Алғидың даласы деп аталған. Алаш (бүкіл қазақтың ұраны), Алман (Алмания), Алтай елі, тауы мен өлкесі, Алатау, Баласағұн (Балықшы Сақ Ғұн) қаласы, Балтық теңізі мен елдері, Балқан таулары, Балқаш көлі, Алып (Алпі) тауы, ары қарай алыс, алғыс, алып, алу, алмау т.т. болып кете береді. Алты санымен Балықшы атамыздың есімдерінің сөз түбірлерінің бірдей болатыны осы.

Төрт амалдың бірі «Алу» дегенімізде – Балықшы атамыздың аптырлық құқы бар.

Алашқа жатқан алты елдің түп қазығы Тұран (Түрік) болып табылады. Әйгілі Қожаберген жыраудың:  «Алашқа жатқан алты елдің,

Түпкі атасы Тұраннан,

Жаңылмаңдар қазағым,

Алаш баба ұраннан» деп жырлайтыны осыдан.

Алтыншы буын, бұл бүткіл жер бетіндегі алғашқы алты буын ұрпақтың бір қағанат құрамында сан мыңдаған жылдар бойы ғұмыр кешетін кезеңі. Олардың Алты Алаш аталып, ауыздарының бір болып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын кезеңі. Бұлардың Қазақтың рулық-шежірелік жүйесіндегі атаулары  Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақтар). «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», — деп ескертіп кеткен солар. Қазақтың «сыбаға», әйгілі музыкалық аспаптарының бірі «Сыбызғы», тұқымы таусылмайтын қара шыбынның атаулары  да солардан қалды.

       Тарих тағлымы: Кез-келген атау сөздің түбірінде (өз түбінде), сол ұғымды дүниеге әкелген рудың (атаның) есімі тұрады. Біз оны қазір «аптыр (автор)», сөз түбірі «ап апа), ав (аб, аба, баба)» деп, аналық текке айналдырып жібердік.

Алты, алпыс, алты жүз, алты мың, алты мың алты жүз алпыс алты т.т. бәрі осы Алашқа жатқан алты елдің сандық атаулары. Ол замандарда бүкіл әлем елдері бір мемлекеттің құрамында, бәрі бір атаның ұрпағы екендіктерін айқын сезіне отырып тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Он сегіз мың ғалам дегендегі, ғаламның сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) «Ал» болатыны да осыдан. Бүгінгі ғалымдарымыз құпиясын аша алмай жүрген бүткіл жер бетін торлай салынған алып пирамидаларды да салған біздің Аталарымыз. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра» мен «Адайдың «тіл таңбасы» толықтай куәлік ете алады. Енді осының үстіне Каир (Египет) мұражайына қойылған Тутанхамонның (Египет перғауыны, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала кезінде ойнаған ойыншығы қойдың асығы және пирамидалардың ең биік шыңының Адайдың таңбасы «жебемен» сәйкес келетіндігін  және Құран Кәрімде Перғауын әскерінің «қазық» деп аталғанын қосыңыз. Демек, ол замандарда бүкіл әлем елдері бір тілде, яғни бүгінгі Қазақтың Ана тілін де  сөйлеп, бір ғана билеуші қағанға (хандардың ағасына) бағынған болып тұр. Оған дәлел ретінде айтарымыз, сол пирамидалар шоғырларының арасы артық та емес, кем де емес тура 6666 км болуы. Енді осының үстіне Қасиетті Құран Кәрім сүрелерінің 6666 аяттан тұратынын қосыңыз.

Әлемді, әсіресе батыстықтарды дір еткізетін санның бірі 666 саны. Олар үшін 666 – ең қорқынышты сан. Крестян дініндегілер 666-ны шайтандық сан деп есептейді. Олар үшін 666 - ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының (алты Алаштың) мінезінің қиқарлығы жазықты. 6 саны еркіндіктің нышаны, ешкімге еш нәрсеге бас имейтін асау сан. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.

Ақиқатында, 6+6+6=18 мың ғалам болады. Қазақ шежіресі Қазақтың даңқты ұлы Ер Дәуіттің ұлы Сүлеймен патшаның осы 18 000  ғаламға патша болып, барлық аңдар мен жан-жануарлардың тілін білгендігін айтады.

Жақында әлемдік БАҚ-тар әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жылдан әрі де бүкіл әлем елдері бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгендерін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі. Бүкіл жер шарындағы жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне ұқсас келетінінің сыры осы. Ұқсас деген сөздің Нұқ Ата есімінің түбірімен түбірлес болатыныны да осыдан.

Алты саны ерекше сан. Алтының басқа сандардан өзгешелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек қайтадан алты саны шығады (1+2+3=1*2*3). Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. Алты саны – жетістіктің, еркіндіктің белгісі.

Алты санының дыбыстық таңбасы «Д» - Ад қауымы. Дана мен данышпан, яғни бүкіл адам баласына Ада (Ата) болған осы қауым. Адам Ата қауымы мен Алты Алашымыздың бастауы осылар.

Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған алты сызықтан тұрады.  Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Ұлы Аталарымыздың жазуы мен сызуы, нүктесі мен үтірі бәрі-бәрі шежіреге сай жасалған.

 

Жеті саны (Жетінші буын) – Адай Атаның жетінші буын ұрпағы Бұзау мен оның екі ұлы Айтумыс пен Жеменейдің аталарын Құдай (Қу Адай) деп атап, туыстықтары бұзылмай сан мыңдаған жылдар бойы салтанат құратын кезеңі.

Жеменейлер де жетіген мен домбыра, туыстығы бөлінбейтін жеті ата және соған сәйкес қасиетті жеті санының иесі Бұзау-Жеменейлердің сандық атауы жатыр. Бүгінгі араб жеріндегі Иемен (Жемен) мемлекетінің шығу тегі де осы. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі «ем» деген түбірі бар барлық жер, су, елді мекен атаулары да, осы түбірден жасалған барлық ұғымдардың бәрінің авторы Бұзау Жеменейлер. Қаз Адайлардың рулық таңбасының Жебе атанып, Жеменеймен «Же» деген бір түбірден (бір атадан)  болатыны да осыдан.

Жеменей – біріккен сөз. Ем, жем, емен, жемен, ене, ей (ай) деген сөздерден тұрады. Сөз түбірі өздеріңіз көріп отырғандай «ем». Демек, сөз түбірінде «ем» сөзі болса, осы атаулар мен аталатын жер, су, тау, елді мекендер және өзге атаулардың бәрі Жеменейлерге қатысты деген сөз. Мысалы, Емді, Емір Маңғыстаудағы тау мен елді мекен және жер атауы), Жем, Ембі (Атырау облысындағы өзен мен елді мекен), Йемен (Арабиядағы ел), Сем (орысша жеті саны), Восемь (сегіз), Семья (орысша отбасы), Сему (солу), Семей (Солтүстік Қазақстандағы облыс атауы), Өскемен (облыс пен қала атауы), Шеменойха (елді мекен), Кемер (Ресейде ел мен жер атауы), Кемерші (Ақтөбе облысында), Сарыкемер (Тараз), Еміл (Маңғыстаудағы жер мен елді мекен атауы),  Ем, Ем-дом, Емші, Емдеу (ем жасау), Емделу, Емхана, Емшек, Ему, Емізулі, Емізік, Емшектес, Дем (дем алу, дем салу, дем беру), Ием (О, Жасаған ием, Алдыңда басымды иемін, Иемдену), Кием, Әулием, Жем (азық), Же, Жеме, Кем (жетпей қалу), Кеміру (кеміріп жеу), Кемпір, Емен (ағаш), Темір (қорытпа), Семсер, Кеме, Жеміс, Мемлекет, Емле, Емтихан, Еміс-еміс, Емін-еркін, Жеме-жем (жеме-жемге келгенде), Емексу, Еміну, Кеміс (жетпей қалу), Кемпір, Нем кетті (немқұрайлы) т. т. болып жалғасып кете береді. Бізге бұдан ең алғашқы адамдарға емхана ашып ем жасағандар, алғаш рет Кеме жасап суға жүзгендер, қатты ағашқа «емен», жерден (топырақтан) кен қазып, темір қорытып, оған «темір» деп ат қойып, алғашқы «Семсерді», «Селебені» жасағандар Жеменейлер екендігін аңғару онша көп қиынға соқпаса керек. Бұл атаулардың Адайдың немересі Жеменейлерге тікелей қатысты екендігінің бұлтарпас дәлелін осы сөздердің соңындағы жалғаулардан да айқын көруге болады. «М» - тәуелділік жалғау және ол нағыз өзі немесе өзім. Ал «Н» менен «Й» баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына да қолданылады. Оның үстіне «Ай» дегеніміз Адай атамыздың атының екінші буыны емес пе? Сонда Жеменей атамыздың атының негізгі мағынасы «Адам ата мен Ауа ананың бүкіл жер бетінде алғаш рет темірді ойлап тауып, қорытқан, соған сәйкес емендей қатты аталған ұрпағы» болып шығады. Күні бүгіндегі қолдан жасалынған қатты заттың «ц-емен-т» аталуы осыдан. Енді осының үстіне алғаш рет адам баласы сорып түтінін пайдаланатын затты Темекі (Шылым) деп атап, олардың адам баласы ағзасына зиянды екенін бағамдап, емдеуді бастағандарда, арақ ішкіштерді де маскүнем, ежелгі ру мен ел атауын мемлекет деп атағандарда біздің аталарымыз. Сондықтанда, Кеменгер, Кемел (Кемел адам) деген есімдер Жеменей атамыздың лақап аты. Бұл бүкіл жер бетіндегі елдермен толықтай мойындалып, қазақтың сөздік қорына Дем, Әлем, Көлем, Көктем, Әсем, Кілем деген терминдерді және сонымен қатар ойдың, дәлелдемелердің қорытындысын білдіретін, анықтауыш «демек» деген сөздерді енгізді. Демек, сөз түбірінде, одан кейінгі буындарында, немесе сөз соңында «Ем» деген сөздің бар екенін түсінетін санасында саңлауы бар бірде-бір қазақ баласы бұған дау айтпаса керекті!

Ешкім шындықтан ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұзау ата ұрпағы өз есімін алғаш рет Емен деп ең қатты ағашқа, Темір деп топырақтан (тастан) қорытылып алынған қатты затқа қойса, күні бүгінгі қолдан жасалған ең қатты құрылыс материалы «цемент» деп аталады. Демек, барлық қатты заттар атауының авторы Ем атамыз. Бұл аз болса осылардың қатарына бүгінгі ғылыми тілде біздер «шақпақ тас» деп атайтын, бір-біріне соққан да от шашатын тасты «кремний» деп атайтынын қосыңыз. Барлық заттың түбі, түп атасы болатыны сияқты, сөздің де түбірі бар. Демек, сөз түбірі «сөз білмейтін, сөзге түсінбейтін ақымақтардан басқаларды» ешқандай дауға жібермейді. Мұны тек мойындау керек.

Осы жерде алғаш темір қорытып, одан семсер, селебе жасағандар Жеменейлер болса, Қазақтың қайқы қылышы мен пышағының атауы қайдан шықты деген сұрақтың туындары сөзсіз. Қылыш пен пышақты да ойлап тапқан осылар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қылыштың сөз түбірінің «ыл» болуы, Жеменейдің ағасы Айтумыстың баласы Шылым атамыздың атының «ыл» деген сөз түбірімен сәйкес келуі, және сонымен қатар, пышақтың сөз түбірі «ыш» болатыны да осыдан. Тура қылыштың ұш жағын сындырып алып, үй шаруасына пайдаланып, оны пышақ деп атаған.

Адай атаның жетінші буыны Бұзаудан тараған Айтумыс, Жеменей, Шылым, Жомарт аталарымыздың әлем елдері мен әлем мәдениетінің алдындағы еңбектері тек қана бұлар емес, олардың қатарына жыл, жылнама, жылу, жылы, жылы жүзді, жылымшы, жылытқыш, жылқы, жылқышы (Жылқышы Ата), жылан, жылау, жылға, жылдам, жылжу, жылт (жылт ету), жылтырау т.б. көптеген ұғымдарды дүниеге әкелді. Осы ұғымдардың барлығының авторы жоғарыда аттары аталған Бұзау ата ұрпақтары.

Баршамызға белгілі бүгінгі бүкіл жер бетіндегі 7 000 000 000 астам адамдардың барлығы сонау түпкірдегі Адам Ата мен Ауа Анадан тарайды. Ал, Қаз Адайлар - Адам Атаның қарашаңырағының иелері болып табылады. Мына шежіренің менде сақталып отырғанының да сыры осы.

Атам Қазақтың, сонымен қатар Адам Атаның қарашаңырағының иесі Қаз Адайлардың рулық шежіресі 70 000 жылды қамтиды. Ежелгі шежірелердің бәрі осылай деп көрсеткен.

Атам Қазақтың Ата салтындағы туыстығы бөлінбейтін Жеті аталық жүйенің, яғни қасиетті Жеті санының «Аталары (аптырлары)» осылар. Бүкіл әлемдік үш діннің бірі Будданың да «аптыры» осылар. Бұзау мен Будданың түбірлес (бір атадан) болатыны да осыдан. Қара («Будда дінін дүниеге әкелген қазақ руы». 08.08.2016 жыл «Абай Кз» (http://abai.kz/post/view?id=9147#comment160466)).

Қазақтың қара домбырасының да аптыры осылар. Біз оны қосарланып айтылатын «Ем-дом», яғни Жеменей-Домбыра деген сөз тіркестерінен айқын көре аламыз.

Бұзаудың түпкі атамекені Маңғыстаудағы Бозашы түбегі. Бұл түбек ежелде Бұзау түбегі деп те аталған.

Жеті санына қатысты ерекше атап өтетін бір мәселе, біреуге қиянат жасап  қарғыс алсаң ол 7 атаға дейін дариды, сенің қиянатыңның азабын 7 буын ұрпағың көреді деген. Бұған күмән келтірудің өзі күпірлік. Бұл Ата-Бабаларымыздың ондаған мың жылдар бойғы жинаған тәжрибесінен алынған.

 Тарих тағлымы:  Қазіргі орыс тілді билік иелерінің 25 жыл бойы қазақ халқына жасаған қиянаты тым шектен шығып кетті. Ата-баба өсиетінен сабақ алып ойланғандарыңыз дұрыс.

Адамзат баласы жақын туыстықтарының аралары ұзарып, бозарып, бұзылуы осы Бұзау Ата ұрпақтарынан басталады.

Жетінің дыбыстық таңбасы «Е» -  Ер, еркек деген мағына береді. Біз оны «ер-азамат» деген сөз тіркестерінен айқын көре аламыз. «Е» таңбасынан басталатын ед, еб, ез, ей, ек (5), ел (6), ем (7 ), ен, ең, еп, ер, ес, ет, еу, еш (15), жем, сем, кем,  ерен ерлік, ереже, ер-жүген, еру, ерулік беру, ерік, Ер Қосай, Ер Тарғын, Ер Шабай, Ер Жанақ, Ерман, Ерлан, Ерсайын, Ермұрат, Ерқанат т.т. осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Енді осылардың үстіне жердің түбірі Ер, аспандағы жердің серігі Ай, жер де ердің серігі әйел екенін қосып қойсаңыз тіптен де жаңылыспайсыз. Әйел адамның есіміне «Ер» сөзі қосылмайды.

Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған 7 сызықтан тұрады.

 

Сегіз саны (сегізінші буын) – туыстығы бөлінбейтін жеті аталық жүйеден, яғни Бұзаудың кіші ұлы Жеменейден сегіз саны атауын иемденген семиттердің үзіліп (бөлініп) кететін кезеңі.  Өздеріңіз көріп отырғандай, сегіздің түбірі егіз. Бұл жерде «сегіз кіммен егіз?»,  деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Әрине сегіз тоғызбен егіз бола алмайды. Себебі тоғыншы ұрпақ, сегізден бір буын кейін тұр.

Мына көрші орыстар жетіні семь, сегізді во-семь деп атап, өздерін біз жеті - Жеменеймен егіз емеспіз, біз жетінші буын Жеменейдің ішінен шықтық, біз Жеменейдің баласымыз деп отыр.

Адай Ата ұрпақтарының дай-дай болып бөлінуі туыстығы бөлінбейтін Жеті аталық жүйеден ажыраған Семиттерден басталады. Мысалы, әлемдік кез-келген сайыстарда, жарысқа жеті ел қатысса, ол сайыс халықаралық сайыс деп аталмайды. Халықаралық сайыс деп, қатысушылар саны сегізден асса ғана саналатынының сыры осы.

Семит - сөз түбірі (өз түбі) ем. Бұл ұғымдардың авторы бүгінгі Италияндықтардың (Ит баққан елдің) ата-бабалары. Алғаш рет осы елде, ит бағушылар Аталық тектен Аналық текке, қазақша айтқанда жиендер еліне, яғни Еваның ұрпақтарына айналып кетті. Ев, Ева, Дева, Девушка, Девалвация,  Еврей, Европа, Евпатрия, Евангелие, Евгеника т.т. ұғымдар осылай дүниеге келді. Европалықтардың барлық жазба деректеріндегі алғашқы Ата-Анамызды біз сияқты Адам Ата және Ауа Ана деп құрметпен атамай, тура бір құрдасындай, баласындай немесе көңілдесіндей етіп жай ғана  Адам и Ева дейтіндерінің сыры осы.

Сегіз – қазіргі Арабтар мен Ебрейлердің атасы Семиттердің сандық атауы. Араб пен Ебрей Бұзаудан тарайды. Семит пен Жеменейдің сөз түбіріндегі Ем атамыздың есімі осыны білдіреді.

Сегіздің дыбыстық таңбасы «Ж» – қасиетті жеті саны, яғни туыстығы бөлінбейтін  Бұзау-Жеменейдің есімін береді. 1Жаб (Жабал) 2.Жағ (Жаға), 3.Жад, 4.Жаз, 5.Жай, 6.Жақ, 7.Жал, 8.Жам, 9.Жан, 10.Жаң, 11.Жап, 12.Жар, 13.Жас, 14.Жат, 15.Жау.  Жердің де түбірі ер болып, Ж-дан басталатыны осыдан. Сегіз жетіден, семит жеменейден бөлініп шығып тұр. «Жа»-дан осы  15 сөзден басқа сөз жасалмайды. Қазақтың Ата-Баба дегеніндегі, Бабамыз осы Жабалдан басталып, аяқ жағы 15-ке жеткенде туыстықтан ажырап, жауға айналып тұр. Мына солтүстіктегі көршілеріміздің әйелдерді Баба дейтіндері осыдан. Ежелгі аталарымыздың «Жиен ел болмас, желке ас болмас» дейтіндері де осыдан.

Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағын ұстап отырған Қазаққа, және бәрінің рулық шежіресін, Ата салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін толықтай сақтап бүгінгі күнге жеткізген Қаз Адайларды кемсітіп, келекелеп, аузына келгендерін айтатындардың бәрі Аталық тектен ажырап кеткен «жиендер». Өздерін Адам Атаның бел баласымын деп есептейтіндер, Атасының шаңырағын ұстап отырған адамға, руға, елге ешқашан тіл тигізіп, қиянат жасамаған болар еді.

«Ж» таңбасы «бөліну» деген атына сай бірінің үстіне бірі қойылған екі бірдей «Тіл таңбаның», «Жебелі садақтың» бейнесін береді және ол сегіз сызықтан жасалған. Бұл таңба бізге қарашаңырақта қалғаны да, бөлінгені де бәрібір осы Жеті аталық жүйеден тарайды дегенді білдіріп тұр.

 

Тоғыз саны (тоғызыншы буын) –Тобыштардың сандық атауы. Тоғыз – оғ (оқ, оғлан, ұлан), тоқ (қарны тоқ, толысу), ыз, ғыз (қыз), оғыз (Оғыздар). Тоғыздың сөз түбірі Оғыз. Міне осы бір ауыз сөзден, яғни тоғыз бен тобыштың бірінші буындарының сәйкестігінен және тоғыз санының сөз түбірінен бүкіл әлемге аттары әйгілі Оғыз (гуз, өгіз) атанған елдердің тегінің Тобыш екенін көреміз.

Тоғыз саны атауын иемденген, тоғызыншы буын Тобыштардың Адам (Қаз Адай) ата ұрпақтарының бірін-бірі сыйлаудан, құрметтеуден қалып, бірімен-бірі жауласып кеткендеріне ыза  болып, бәрінің «аяғын бір етікке» тыққан кезеңі. Бүкіл әлемге билігін жүргізген Оғыз (Өгіз) қаған, Бүкіл Азия мен Европаға түгелдей билігін жүргізген Еділ (Аттила) патша осы тоғыншы буынның, яғни Тобыштардың ұрпағы. Тобыштың түбірі Об (оп), тоғыздың түбірі Оғыз (оқ пен қыз) болатыны осыдан. Олардан Оғланды (Маңғыстау), Об (Ресей), Тобыл, Қобда өзендері (Қазақ даласы), Гоби шөлі (Моңғолия), Алып (Альпі) тауы (Европа) атаулары қалды.  Қой мен қойшының пірі Шопан ата да осы рудан. Оның солай екенін анықтау оңайдың оңайы. Басқаларын былай қойғанда оны олардың атауынан да көре аламыз. Мысалы, Тобыш пен Шопан ата есімдерінің түбірлес болуы, олар бір атадан деген сөз. Көп пен көбейтудің де (көбейту амалы) авторы осылар. Енді осының үстіне сонау есте жоқ, ескі замандардан бері Шопан ата басындағы шырақшылардың тек қана Тобыштардан болатынын (менің өз нағашы атам да Бабық (Тобыштан тарайды) Бекжан сұпы бұдан жүз жыл бұрын осы Шопан ата да шырақшы болған),  Шопан ата қорымы басындағы таңбалардың барлығы да «Адай таңба» екендігін, ол жерге күні бүгінде Адай ата ұрпақтарының алыс жерлерден арнайы апарып жерленетінін қосыңыз. Шопан Ата қорымы Тобыш Адайлардың рулық қорымы. Тобық (адамның дене мүшесі), Тобықты (Абай мен Шәкәрім шыққан рудың аты) және Қобыздың аптыры осылар. Бүгінгі әлемдік деңгейде жарыстар да баладан бастап, үлкендерге дейін тебетін «доптың да» аптыры осылар. Санасы сансыраған бүкіл әлемнің «тентек» ұрпақтарын тәубесіне келтіріп «О, Тоба» дегізгенде осылар. Ежелгі тас «обаларда»  солардан қалды. Тарихат жолы деп аталатын Сопылық ілімде де (Ар ілімі, Хал ілімі, Хақ ілімі деп те аталады) осы тоғызыншы буын ұрпақтың авторлық құқығы жатыр.

Түсініктеме: Шырақшы деп, аты айтып тұрғандай, сол әулие атанған Атасының жаққан отын сөндірмей, яғни ілімін жалғастырып отыратын адамдарды айтады. Әулиенің басында сол атаның өзінің тікелей ұрпақтары ғана шырақшы болады. Ежелгі қазақтар шырақшының руына қарап-ақ сол әулиенің ата-тегін, яғни руын айна қатесіз ажыратып отырған. Шопан Атаның басында күні бүгінде де сол Тобыштардың ұрпақтары шырақшы болып отыр. Үлкендердің айтуларынша менің нағашы атамның аржағындағы есте жоқ ескі замандарда да осы әулие де тек қана тобыш ұрпақтары  шырақшы болып келе жатқан көрінеді.

Тобыштың сөз түбірі (өз түбі) «Об, ов». Мына көрші орыстардың өз тектерін Иванов, Сидоров, Петров дегендегі «Ов (Об)» деп жүргендері, өз тектерінің Тобыш (Қазақ) екендігін мойындағандары. Демек, ежелгі орыстар өз шыққан тектерін жақсы білген. Бізге  өз тегімізді «Ов, Ев, Ова, Ева, Овна, Евна (атам орыс), Ич (әкем еврей)» деп жаздыруға болмайды. Себебі, біздің тегіміз олардан әрі де, яғни ең түпте жатыр. Қазіргі жағдайда біз түп атамыз бен әкемізден безіп (маймылды атам деп мойындап (Дарвин)), немере-шөберелерімізге бала болып, бізде соларға еріп өз тегімізді сегізінші және тоғызыншы буыннан таратып жүрміз.

Тоғыз (Т-оғыз) дегеніміздегі Оғыздың алдында тұрған  «Т» дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген мағына береді. Мысалы, Ұлт, Бұлт, Ұрт, Жұрт, Құрт, Ат, Ұт, Құт, Жат, Жұт, От, Тұт, Сүт, Тобыш, Тоғыз, Тоқсан, Тоқсан тоғыз т.т.. Атам Қазақтың (сопылық ілімнің)  шежіре дерегі бойынша «Т» дыбысы тоғыз санын иемденген Тобыштардың дыбыстық (таңбалық) атауы.

Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

«Тоғыз бие тарту ғып

Алдына алып барайық («Қамбар батыр» 340 бет).

…Жіберді тарту қылып тоғыз адам («Қамбар батыр» 344 бет).

«Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

Жаратушы бір Алладан басқа ештеңе мәңгілік емес. Тоғыздың тағы бір қасиеті ұлы тұлғалардың зайыры да 9 атадан аспаған. Мысалы, қазақтың әйгілі қағаны Шыңғыс хан құрған Алтын Орданың соңғы билеушісі Тоқтамыс ханда Шыңғыс ханның тоғызыншы ұрпағы.

«Бұл тайпадан тоғыз кісі патшалық қылды. Өмірдегі болатын нәрселердің тоғыздан асатыны болмайды» деп данышпандар айтқан (Әбілғазы).

«Түрік халқында не нәрсені болса да, тоғызға апаратын әдет бар, Құдайтағала одан артық жаратпаған» (Зафарнама  Шарафуддин Иезди).

Тоғыздың дыбыстық таңбасы «З» - 3 еселенген Қосай атамыздың қауымы. Бір нәрсені есімізде мықтап сақтағыларымыз келсе 3 рет қайталап оқитындарымыз осыдан. 3 саны мен З таңбасының ұқсас болатыны да осыдан. Ұқсас деген сөздің түбірі Нұқ атамыздың есімі түбірімен ұқсас болатыны да осыдан. Осы «З» дыбысынан туындайтын Заң, закон деген ұғымдардың Нұқ пайғамбар кемесінде толық орнағанында айқын бағамдауға болар. А-1, З-9, яғни 1 мен 9 қазақтың сөз түбірі Аз (Азия (әлемдегі халқы көп ең үлкен құрылық), Қазақия) елі атауын құрайды.

 

Он саны (оныншы буын) –  Қаз Адайдың кенже немересі, яғни оныншы буын ұрпағы Мұңалдардың сандық  атауы. Бұрынғы Мұңал елі мен Мұңал даласының Монғол атанып жүрген себебі осы. Он – оң, Монгол - Моңғол.  Сөз түбірі – он.  Бірінші буын – Құдайке мен Келімберді. Екеуі бір атаның балалары. Екінші буын - Тәзіке, үшінші буын - Қосай,  төртінші буын – Құнанорыс,  бесінші буын - Ақпан, алтыншы буын - Балықшы, жетінші буын – Жеменей, сегізінші буын – Семит, тоғызыншы буын – Тобыштар, оныншы буын – Мұңалдар. Адай ата буынға жатпайды. Ол жалғыз. Буын деп тек қана ұрпақ аталады.

Мұңалдың сөз түбірі «Ұң (ұңғы)», яғни өзек. Бұл сонау Адам атадан бастау алған ұрпақ Өзек (ос) арқылы, ешқайда бұрылмай тікелей келіп Мұңалдардан шықты деген сөз. Олардың «Мұңал ошақ» деп аталатынының да сыры осы. Адай атасының жаққан отын сөндірмей бүгінгі күнге жеткізді деген сөз. «Ошағыңның оты сөнбегей!» деген бата-тілектің де сыры осы. Мұңалдың тағы бір түбірі «мұң», яғни уайым, қайғы болатыны да осыдан. Жан-жаққа ыдырап, бірімен бірі жауласып кеткен елдердің басын қосып, мөр-таңбасына «Аспанда Құдай, жерде Қаған, әлем иесінің таңба мөрі», деп жаздырған, артына «Аспанда Құдай күшті, жерде Адай күшті» деген сөз қалдырған әлемге әйгілі, соңғы екі мың жылдықтың ең ұлы қолбасшысы Шыңғыс қағанның руы Мұңалдың Қияны (Қияттар сол Қиянның толып, толысқан ұрпақтары) болатын. Мұңалдардың монғол (сөз түбірі он) атанып жүргендерінің сыры осы.

Ежелгі жазбалардағы сегіз оқ, тоғыз оқ, он оқ халықтары аталып жүргендер де осылар. Қытай жылнамашылары Түргеш қағанын «Он жебе халқының қағаны» деп атаған. Орхон Енисей тас жазуында «Он оқ Будун» деп жазылған.

Ешбір жазба деректер де жеті оқ деген сөз кездеспейді. Себебі, жеті оқ емес – ол Жебе (Адайлардың таңбасының «Жебе» аталатыны осыдан), Жебе (Жеменей) Сақ атасымен, яғни Садақпен қорамсақта бірге жүреді. Адырнадан ажырап кеткесін барып оққа айналады. Оққа айналу, яғни бөліну сегіз саны атауын иемденген семиттерден басталады.

Адырна демекші, Адырна – Ад (Адтықтар, Ад қауымы, Ата), Ыр (ір, бір, пір, яғни ұрпақтары үшін шыр-пыры шығып, шырылдайтындар), На (Ана) деген біріккен сөздерден тұрады. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ата мен Ананың қақ ортасында Бір деген ұғым тұр. Кере тартылып созылған адырнадан ажырап, ұшып шыққан жебе – оққа (оғланға, ұлға) айналады. Тарихат жолын ұстанған «Сопылық ілім» Адамзат тарихын осылай сөйлетеді.

Он саны – Мұңал – Монғолдың сандық атауы.

Онның дыбыстық таңбасы «И» -  Адай Атаның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақ» деген сөз.

«И» таңбасы атына сай жасалған, екі бағана, яғни ұл мен қыз, Ата мен Ана сияқты белінен емес, ұлдың аяқ жағы мен қыздың бас жағын жалғап тұр. Және қыз бала екінші болса да, оның дәрежесі ұлдан биік екенін және қазақ қыздарының орны төрде болатынын айқын көрсетіп тұр.

 

Он бір - Мұңал Адай.

Он мен он бірдің дыбыстық таңбасы «И мен Й»  бір-біріне өте ұқсас. Айырмасы, біріншісі «Мұңал ошақ» деген мағына берсе, екіншісі ұрпағы, баласы, (ұлы, қызы), яғни өмірдің жалғасы деп, Ер мен Әйелдің қолына «бесік» ұстатқан. Ежелгі ұлы ғұламалардың барлығы дерлік, қазіргі «Ов, ев»-дің орнына «И,Й» дыбыстарын қолданып жүргендерінің сыры осы.. Иассауи, Жүінеки, Пердауси, Баласағұни, Жалайри, Тарази т.т. болып кете береді.

 

Он екі –  Мұңал Әз әке (Қазақ).

Он екінің дыбыстық таңбасы «К» - негізгі мағынасы «Әке». Бұл таңбаның осыған сәйкес Кен, Кеншін  (Алшынның інісі), Кең (кең дала), Күн деген де мағыналары бар. Күн - Қазақтың Қу (Қу Адай әке) және Үн (Мұңал) деген екі біріккен сөзінен тұратынын жоғарыда айтқанбыз.

Ежелгі әлемдік ең ұлы держава Қазақ қағанатының өзегін Он екі ата Байұлдары құраған. Олардың қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрып, қазақтың қарашаңырағы атанып жүргендері осыдан. Осыған сәйкес қазақтың ірі рулық бірлестіктерінің бәрі 12 рудан (Атадан) құралған.

 

Он үш – Мұңал Қосай.

Он үштің дыбыстық таңбасы «Қ» - 1.Қа (Қар (ақ), Қара, Қарқара (ақ пен қара), Қазақтың қара баласы), 2.Қи (Қиан (Қият), Қидан, Қимақ), 3.Қо (Қосай (Нұқ пайғамбардың руы)), 4.Қу (Қу Адай әке), 5.Құ (Құдай, Құдайке), 6.Қы (Қыр, Қыран).

Ары қарай: 1.Қаз (ақ), 2.Қай, қайы, қаңлы (сақ), Қаңға баба. 3.Қақ (ортасы), 4.Қал (ың), 5.Қам (бар), 6.Қан (қаған), 7.Қаң (қаңлы, қаңға), 8.Қап (Қапқаз), 9.Қар (қара), 10.Қас (сақ), 11.Қат (қабат), 12.Қау (лау), 13.Қаш (қар). Бұлардың бәрі осы біздің қазақтың балама атаулары.  Батыстықтар 13 санын қауіп-қатерге толы сан деп есептейді. Әсіресе ол жұмаға түскен он үші күні одан сайын үрейлене түседі екен. Орыс халқының сенгіштері 13-ті «бақытсыздыққа» балап, бұл күні тағдырынан жақсылық күтуге болмайды десе, ағылшындар: сенімі күштілер үй салып, үйленуге болмайды, тіпті автобус, поезд, ұшақ, автокөлікке отырып жол жүруге болмайды, олар бақытсыздық әкеледі деп, ешқайда шықпай үйлерінде болады екен. Мұның бәрі қазақтың Күн қағанатының өзінің өмір сүрген тұсында Ата салттан ауытқыған екі ұлы империяға қамал тұрғыздырғанының салдары болса керек.

 

 

      Он төрт – Мұңал Құнанорыс.

Он төрттің таңбасы «Л» – Ла (бала), Лала (гүл), лақай (балақай), баламасы лақты ешкі. Лақайлар мен Текелер заманын да көптеген елдер, елді мекендер Теке деп аталған. Теке мен Лақи - Ру аттары. Ежелде қазіргі Батыс Қазақстандағы Орал қаласы Теке, Албания астанасы да ежелде Текеран, ал Иран астанасы күні бүгінде де Тегеран (Текеран) деп аталады.

Трагедия сөзі грек тілінде «текелер әні» деп аударылады. Демек, бәрінің шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның шежіресінен алады. Маңғыстауда Теке руы-Бәйбіше-Шылым-Айтумыс-Бұзау-Келімберді-Адай болып таратылады. Маңғыстауға көрші Түрікпеннің де бір руы Теке деп аталады. Қазіргі Иран мемлекетінің негізін кезінде Дайлардың Аршақ деген бір атасының қалағаны барлық жазба деректер де айтылған.  Демек, Аршактың руын Теке деп батыл айтуымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттің негізін қалаған ежелгі рулар, астанасына өз аталарының есімдерін қойған. Мысалы, Шыңғыс қаған құрған Қазақ қағанаты астанасының Қарақұрым атанатын себебі, Қара да, Құрым да сол Шыңғысханның арғы аталары болатын. Текенің толық мағынасы, нағыз әке деген мағына береді.

Лақайлар өздерін «біз өзбек те, тәжік те емеспіз, біздерді жеке, дербес түркі халықтарының бірі деп тану керек» деген мәселені әр кездерде көтеріп келеді. Меніңше олардың кезінде солай болғанына дау болмаса керек. Әйтпесе, көптеген әлем елдерінің құрамында Лақ, Лақай атты ру, тайпа мен елдер болмаған болар еді. Мысалы, солардың бірі Лаки деген атпен Қазақтың Қап тауындағы Дағыстанның жергілікті халқы саналады. Лакия деп те аталады. Оған Лақ және Құлын аудандары кіреді. Кезінде олар Имам Шамилдің ең сенімді серіктері болған. Лақтарда қазақтар сияқты бірін-бірі адам деп атайды. Исламның суннит тармағына жатады.

Лақай (Лақ, Лақи, Лақия, Лакое, Лақау)  атты ру мен тайпа өзбектер де, қарақалпақтың қыпшақ арысы ішін де, қырғыздар да, қазақтың қоңыратында және т.б. бар. Қарақалпақ лақайлары өздерін Қара бабадан таратады. Лақайлар Дағыстан да (Ресей), Тәжікстанда және Иранда жеке этнос саналады.

Лақайлар қазақтың төл ұрпағы. «Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың тегі қазақ екені және оның руы Қоңыраттың Лақайы екендігі анық айтылады.

Қазақтың лақ (ешкінің лағы), лағу (қаңғып кету), лағнет айту, лағман, лақтыру, лақап (лақ апа), лақап сөз, лақап (мадақ) есім, лақ еткізу (төгіп тастау, ақтарып салу) сияқты,  «лақ» деген түбірі бар барлық атаулары мен ұғымдарының авторы осы лақайлар.

Қазақтың қысқы бас киімі малақайдың да, алақай мен солақай деген ұғымдарының да авторлық құқықтарын осы Лақайларға (Ман Лақайларға) берсек тіпті де жаңылыспаймыз.

Ла – 1.Лаб (Абақ, Лабақ), 2.Лағ (лағыл, лағман, лағу, лағып кету, лағнет айту), 3.Лаж (лажын табу, лажсыз), 4.Лай (балшық), 5.Лақ (лақап, лақ еткізді, лақты ешкі, Лақайлар), 6.Лал (Лала гүл, бала), 7.Лаң (лаң салу), 8.Лап (лапылдап жану, лап қою), 9. Лас (лас тірлік), 10. Лат (Латын), Латыш (Латвия) халықтары, Латын тілі), 11.Лау (лау тарту), 12.Лаш (лашын (құс), лашық (үйшік)).

«Ла» деген түбірден басталатын Латын Амеркасының байырғы тұрғындарын, Балтық теңізі жағалауындағы Латыш және т.б. елдерді Осы біздің Лақилер мен Лақайлардан тараған ұрпақ деп батыл тұжырым жасай аламыз.  Демек, бүгінгі өтеміз деп отырған Латын әліппесі, Ежелгі қазақ Әліппесі болып табылады.

 

Он бес - Мұңал Ақпан.

Он бестің таңбасы «М» – Адам (Ата-м) деген мағына береді. М – тәуелділік жалғау. Бұл дыбыстың түпкі мағынасы өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни менің Атам деп құрметтеуді міндеттеп отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, ағам, інім, балам, немерем, шөберем, басым, аяғым, көзім, құлағым, елім, жерім, атамекенім, айым, күнім, жарығым, жұлдызым, ботам, балапаным т.т. болып кете береді. Қазақта Атадан тарамайтын бірде-бір адам, соған сәйкес "М" дыбысы жалғанбайтын бірде-бір атау сөз жоқ.

«М» таңбасы, бұл Адам атаның соңғы және Манның бірінші дыбысы. Бүкіл әлем елдері Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман деп атайды. Осы екі ұғымның екеуі де бүгінгі Қазақ даласының бір пұшпағы Манқыстауда дүниеге келген. Өздеріңіз көріп отырғандай Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның Манқыстау (Мандардың қыстауы) ұстап отыр.

Ақпанның түбірі «Ақ» болып, осы айтылғандардың бәрі  «айдай ақиқат» деп отыр.

Әңгіменің қысқасы, Адам топан суға дейінгілер, Ман топан судан кейінгі Нұқ пайғамбардың қауымы. Ежелгі қазақтар күні кешеге дейін, шежіре білетіндер күні бүгінде де өздерін Нұқ пайғамбар қауымынанбыз дейді.

«М» таңбасы Адам мен Манды жалғап, қол ұстасып тұрған Ер мен Әйелдің бейнесін беріп тұр. Атына заты сай деп осындайды айтар болар. Егер біз Латын әрібіне көшкенде, ол таңбамыз дәл осылай сөйлей ала ма? Ондағы таңбалар осылай сөйлей алмаса, онда оған көшудің еш қажеттігі жоқ.

 

Он алты - Мұңал Балықшы.

Он алтының таңбасы «Н» –  Нұқ пайғамбар атамыздың есімін, сонымен қатар баласы (ұлы, қызы), ұрпағы деген мағына береді.  Мысалы, Нұралин, Нұртазин, Сарин, Тәжин, Мамин т.т. болып кете береді. Үнді халқының (Индия) Ата салттарын күні бүгінде де «Ната», яғни Нұқ Ата салты деп атайтындары осыдан.

«Н» таңбасы да шежіреге сай жасалған. Адам мен Ман Аталарымыздың арасын Нұқ пайғамбар Атамыз «көпір» болып жалғап тұр.

 

       Он жеті - Мұңал Жеменей.

Он жетінің таңбасы «Ң» – бұл дыбыстан жас сәбидің «Ңгә (Іңгә)»-лап жылағанынан басқа сөз жасалмайды. Демек, бұл дыбыс, әлі тілі шықпаған сәби дегенді білдіреді. Бұл дыбыс сөз арасында: Аң, Аңшы, Аңғал, Маңғыстау, Маңғаз, Маңдала, Маңдай, Таңдай, Сараң т.т. түрінде кездеседі. Бұл ұғымдарда жоғарыда айтқандай, адамзат дамуының бастапқы (сәбилік) кезеңін білдіреді.

Манның баласы бір жаста, әлі тілі шыққан жоқ. «Ң» дыбысынан «Ңгә» дегеннен басқа сөз жасалмайтынын осыдан.

Біз бұл қағидадан, біздің қолданып жүрген дыбыстық таңбалар мен сан атауларынан жеке адамның дүниеге келуі, тілінің шығуы, есейіп, ер жетуі, білім алуы т.т. болып қатар өрілген,  әлемдік қағанаттар тарихы екенін көреміз. Себебі, хандықтар мен қағанаттар, патшалықтар мен әмірліктер, мемлекеттер мен империялар да тура  адам сияқты дүниеге келеді, есейеді, өркендеуінің шырқау шыңына шығып барып ыдырап кетеді, кейін өзге (аталарының) атауымен  қайта жаңғырады.

 

Он сегіз - Мұңал Семит.

Он сегіздің таңбасы «О» – Күн таңбасы, шаңырақ және «Сәби (нәресте)» деген мағынасы бар. Ақиқатында бұл ежелгі Күндердің, яғни Қу (Қу Адай әке) мен Үн-дердің (Мұңал) таңбасы.

Бас киіммен ойнауға болмайтыны сияқты, «О» мен де, Күн мен Сәбиден және олардан да басқа О-дан басталатын барлық ұғымдардың барлығымен  де ойнауға болмайды. О-дан басталатын ұғымдар: От, Оқ-дәрі, Оқтұмсық, Оба (ауру), Оба (мола), Омарта (бал арасы), Омырау (анамыздың төсі), Ор, Орамал, Отан, Отбасы, Одақ пен Бодан, яғни Отан және Одақпен ойнасаң бодан боласың деп тұр. Шынында да, Одақпен ойнауға болмайды. Одақтың қандай болатынын кешегі Кеңестер одағы кезінде көргенбіз. Қазіргі Кедендік одақ, Еуро одақтар түптің түбінде сол бұрынғы «шыққан» жерімізге қайта апаруы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар бұрында да сан рет болған. Әйтпесе біздің сөздік қорымызда «Бодан» деген сөз болмаған болар еді. Себебі, әлді мен әлсіз, яғни аз халық пен көп халық және мәдени даму деңгейлері әр түрлі елдер тең дәрежеде Одақ бола алмайды. Бұл қарапайым адамның, ұрыншақ, зорлықшыл адамдармен жолдас (сапарлас) болғанымен бірдай дүние. Тентектің алдынан «көп асқанға, бір тосқан шыққан» кезде қосақ арасында босқа кетесің. Бүгінгі санкцияға ілініп, дағдарысқа ұшырап жатқанымыз осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

        Тарих тағлымы: Сегіз саны атауын иемденген Семиттер аталы, әкелі, балалы болып жалғасудың орнына «О»-мен ойнап бөлініп кетті. Атасын –Ата деп туысудың орнына өздерін боданбыз деді, соған өздері өздерін сендіріп өзгелерді де бодан етуге барын салып жанталасып жүр. Көнбегендерін қанға бояуда.

Атам Қазақтың сөздік қорындағы «Тиме оған», «Нең бар онда», «Басқаға тисеңде «О»-ған тиме» дейтіндерінің сыры осы.

Қорытынды: «О» таңбасы алғашқы «Ад» қауымы, Күн (от) және Сәби (нәресте, балапан) деген мағына береді.  Міне осы қағидаға сәйкес «О»-ған (отқа) жолама күйіп қаласың,  «О»-ған (сәбиге, нәрестеге және сонымен қатар қарашаңыраққа) тиме, «О»-дан аулақ жүр, Не айтсаң да «О»-дан басқасын айт, яғни алғашқы Аталарға тіл тигіз бе  т.т. делінеді.

Сәби бір жастан жаңа асып, екіге шықты «О»-ған тиюге болмайды. Екі қазақтың сандық атауы, олар адами қасиеттің ең биік шыңына шыққандар. Оларға да тиюге болмайды.

Он сегіздің дыбыстық таңбасы «О» мен белгіленіп, Адайдың Күн (Құдайке мен Мұңал) таңбасын көрсетіп тұр.

Он Жеті мен Он сегіз Адай Бұзаудың сандық атауы. Адамзат туыстығының бөлінуі осы Он сегізде жалғасын тапты.

 

Он тоғыз - Мұңал Тобыш.

Он тоғыздың таңбасы «Ө» – 1.Өб, 2.Өг, 3.Өз, 4.Өй, 5.Өк, 6.Өл, 7.Өм, 8.Өн, 9.Өң, 10.Өп, 11.Өр, 12.Өс, 13.Өт, 14.Өу,15.Өш. Барлығы 15 түбір сөз. «О» мен «Ө» егіз.  Айырмасы «О»-ның ортасы шабылған (кесілген, бөлінген), яғни арасына шекара қойылған. Ежелде бәрі тоғыз-тоғыздан есептелген. «О» мен «Ө» сияқты тоғыз-тоғыз бен көбейту саны да егіз болып тұр. Өздеріңіз көріп отырғандай, «О» мен «Ө» дыбыстарында 15/15 болып 30 таңбаның тепе-теңдігі сақталған, тура Киелі Құранның жазбалары сияқты. Демек, Қазақтың Алып биін де (Әліппе), Құранды да Ұлы Жаратушы-Аллатағала осы жүйемен жіберген. Манның баласы үш жаста.

Тобыштардың да дыбыстық «Ө» таңбасы атына сай жасалған. Күннің ортасын екіге бөліп тұр. Мағынасы, бірінші Семиттер Жеменейлерден нағашылы, жиенді бір ел болып «О» күн таңбаны иемденді. Жиендер шектен шығып кеткенде Тобыштар таңбаның ортасын бөліп тастап, адам Атадан жалғасып келе жатқан әлемдік тәртіпті қайта орнатты.

 

       Жиырма – Жи (жина, жинама), ыр (ір, ірі, бір (бірінші), пір (ұстаз), қыр, жыр, сыр),  жиыр (бүкте) және «ма (Ман)» деген біріккен сөздерден тұрады.  Бүгінгі мағынасы екі он метрлік ұзын затты жиырып, екі бүктеп жинау, осының балама мағынасы  екі ондықты қосып жинау деген ұғым береді.

Жиырманың негізгі мағынасы ұл мен қыздан тараған, яғни Нағашы мен Жиеннің елі деген сөз. Жиырма мен Жиеннің «Жи» деген бір түбірден болатыны осыдан.

Жоғарыда айтқанымыздай, бір саны Адайдың екі баласы Құдайке мен Келінберді (бірінші буын), яғни Адам, екі саны қазақтың сандық атауы болса, он саны солардың қарашаңырағы Мұңалдың (Мұңал ошақтың) сандық атауы. Сонда Мұңал екі еселеніп Әз атаның Қазақ атанған ұрпақтарын (халқын) құрап отыр.

Жиырманың таңбасы «П» – Па, Пә, Пе, Пи, По, Пұ, Пү, Пы, Пі.  Барлығы 9  түбір (буын) сөз. Топан судан кейінгі Манның баласы бес, яғни періште  жаста. Нағыз пішпе жасайтын жас. Адай атадан бастаған да жиырма жаста. Бозбала мен Қыз бала жиырмаға шығып, пісіп, жетіліп тұр. Маңғыстаулық Адайлар «П» -ны Қосайлардың босаға таңбасы деп те атайды. Себебі, топан суда аман қалған аз елге «босаға» болған солар болатын. Қоңыраттардың да таңбасы осы. Қосай мен Қоңыраттың «Қо» деген бір түбірден болатыны да осыдан. Киіз үйдің ішке кірер есігі тұрған жерді босаға деп атайтындары да осыдан.

 

Жиырма бір – Қаз Адай.

Жиырма бірдің  дыбыстық таңбасы «Р»  – Ра (Күн Құдайы), Рас (Алланың сөзі де рас, өзі де рас), Рахмет (Ризашылық білдіру),  Рә (Рәсім), Ру (Ата). Бұл Маннан басталғандағы бесінші буынның таңбасы, яғни Манның ұрпағы бес жаста. Осы жаста сәбидің тілі «Р» келуге тиіс.

 

Жиырма екі – Әз Қазақ.

Жиырма екінің таңбасы «С» - сөздің қай жерінде қолданылса да «Сақ, Сақтар» деген мағына береді. Мысалға, бәріміз білетін «Саға» деген сөзді алайық. Саға – ағын судың бастау алатын сағасы. Осыған сәйкес Қазақта «Су ақпайтын ба сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан» деген мақал бар. Сағаның толық мағынасы Сақ Аға.

Салт – Ата салты. Басы Атаны сыйлаудан басталып, арты әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін сыйлаумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида өзгермейді.

«С» таңбасы, Адайдың екінші буынындағы Айдың бейнесі. Бірінші буындағы Адтың таңбасы Тіл мен Жебе. Маңғыстау зираттарында бақилық болған ері мен әйеліне бір кесене салынса, Жебе мен Ай таңбасын қатар салады. Бұл осы зиратта ері мен әйелі жерленген дегенді білдіреді.

Бұл таңба да, атына заты сай жасалған. Бірінші ондық та (он бірді қараңыз) Ата тұрса, екінші ондық та Ана (Ай) тұр.

 

Жиырма  үш - Әз Қосай.

Жиырма үш санында - үш саны, яғни Қосай Ата есімі 3 рет қайталанып 9 санын құрап тұр.

Жиырма үштің дыбыстық таңбасы «Т» - сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген мағына береді.

«Т» - 1.Таб, 2. Тағ, 3.Таж, 4.Таз, 5.Тай, 6.Тақ, 7.Тал, 8.Там, 9.Тан, 10.Таң, 11.Тап, 12.Тар, 13.Тас, 14.Тат, 15.Тау болып мұнда да 15/15-ті құрайды. Бәрін түгел талдап жатпай-ақ, тек қана бір мысал келтіре кетейін: Үшінші болып тұрған «Таж» деген түбірден тажалдан басқа сөз жасалмайды. Неге? Себебі, үшінші буын ұрпақ Нұқ пайғамбар заманында топан суға қарық болған.

Тағы бір мысал:  Бүкіл әлем елдерінде Карта ойыны деген ойын бар. Осы ойында «Тұз»-дың барлық картаға бас болып, бәрін басатыны осыдан.

«Т» таңбасы ұлдың (бала) толысқанын білдіріп, ұлтқа айналдырып тұр; сүт – су ағарып, сүтке айналған; өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған; жылт – көрінді де жоқ болды; бұлт – бу жиналып бұлтқа айналған т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.

«Т» таңбасы Ман Атадан санағанда жетінші буын. Бұл алдыңғы жетінші буын Бұзау-Жеменейдің толып, толысуы. Астың атасын «Тұз» деп атайтынымыз осыдан. Бұз бен Тұздың түбірлес болатыны осыдан.

«Т» таңбасы атына сай жасалған. Бақанның үсті бейнелеп айтқанда таспен бастырылған. Бұл «Т»-ға жету дүниенің шегі, ары қарай аса алмайсың деген сөз.

 

Жиырма төрт – Әз Құнанорыс.

Дыбыстық таңбасы «Ү» - үлпілдеп тұрған үкі (домбыраға, сәукелеге тағылады), үкімет, үкім ету  және шаңырақты көтеретін бақан. Үк (Ұқ) – Нұқ пайғамбар атамыздың сөз түбірі. Бұл топан судан кейінгі Нұқ ата ұрпақтарының қауымы. Атасының атын Үкіге балады. Бізден басқа ешбір ел өз биліктерін үкімет деп атамайды.

«Ү»-ден басталатын түбір сөздер: 1.Үб, 2.Үг, 3.Үд, 4.Үз, 5.Үй, 6.Үк (Үкі, Үкаша Ата), 7.Үл, 8.Үм, 9.Үн (Күн), 10.Үң, 11.Үп, 12.Үр (Түр, Түрік), 13.Үс, 14.Үт, 15.Үш. Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

Арнайы көңіл аударатын жағдай, бесінші буында бүгінгі Ұлы Жүз Үйсіннің, алтыншы буында Нұқ пайғамбар қауымының, тоғызыншы буында Күн қағанатының, оныншы буында Мұңал-Монғолдың, он екінші буында Түріктің негізі қаланып тұр.

 

Жиырма бес – Қаз (Әз) Ақпан.

Дыбыстық таңбасы «У». Бұл біздің бүгінгі сөздік қорымызда атауы бір-ақ дыбыстан тұратын «У» (сырын білмеген адамға зиянды, білген жанға дәрі ретінде қолданылатын улы зат);  Екі дыбыстан тұратын, бүкіл ғаламның (табиғаттың) ең көп мөлшерін құрайтын сұйықтық атаулары Су, Бу, Шу, немесе осы суға байланысты  Жу, Жуу; Ел мен жерді қорғаудағы, ар мен намыстың ең биік символы Ту мен Жалау,  Қалың, өте көп деген мағына беретін  Ну (ну орман);  Судағы балықты қармақ немесе шанышқымен бір-бірлеп ұстайтындай емес, тонналап ұстайтын Ау, Қаратпа сөздер Әу, Еу, Оу; Өте жоғары жылдамдықты білдіретін Зу; Ата-тегіңді білдіретін Ру,  Қаздың баламасы Қу (Қумандар); Үш дыбыстан тұратын Тау, Сау, Бау (бау-бақша, жіп), Қуу, Буу, Жуу, Туу, Ару, Ору т.т; Алау, Атау, Сұлу, Тору, Жору, Қору, Қару, Солу, Адгу, Адлу т.т;  Жалау, Тарау, Қарау, Құрау Ару, Аруана, Аруақ т.т. болып табылады. Демек, ең алғаш уды ойлап тауып, оның дәмін татып, оған «у» деп ат қойғандар, Адам ата ұрпақтарының өсіп-өніп, Ата ұрпақтарына, яғни руға бөлінуі, алғашқы рулық таңбаны ойлап тауып, яғни руна жазбасын дүниеге әкелгендер, алғаш ту көтергендер, бүткіл жер бетіндегі тіршіліктің негізгі көзі су екендігін танығандар, уақыт өте келе бір-бірінен алыстап кеткен рулардың бастарын біріктіріп Қу деп атап, «Аққу менен Қаз егіз, Адай менен Таз егіз» деген мақалды дүниеге әкелген осылар.

Демек, «У» – кез-келген қимыл әрекеттің соңы, яғни шырқап шығар шыңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу, өлу т.т.

Әлемдік Қазақ қоғамының Ақиқатқа Ата, өзге елдерге Аға болғанын білдіреді. Қаздың екінші буынындағы «Ақ» - тың сыры осы. Алланың жолы ақиқат. Ақиқат бәрінің шыңы. Одан ұлы жоқ.

 

        Жиырма алты - Әз  Балықшы (Алаш, Алты Алаш).

Дыбыстық таңбасы «Ұ» – 1.Ұб, 2.Ұғ, 3.Ұд, 4.Ұж (Ұжым), 5.Ұз, 6.Ұқ (Нұқ), 7.Ұл (Ұлы), 8.Ұм (Ұмай Ана), 9.Ұн, 10.Ұң (Ұңғы), 11.Ұп,  12.Ұр (Ұран), 13.Ұс (Құс), 14.Ұт, 15.Ұш. Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

Енді осы жерде аса көңіл аударатын жағдай,   12-ші (қазақтың қарашаңырағы Он екі ата Байұлы) болып тұрған «Ұр» деген түбірден жасалатын Ұра (Ура) мен Ұранды қосыңыз. Сонда, біздердің бүгінгі сөздік қорымыздағы Ұр, Ұра, Ұран (көрші елдің «Ура, Ура» деп жүргендері осы сөз) дегеніміз Шумерлердің (маялардың) алғашқы патшаларының есімдері. Құранның да сөз түбірінің «Ұран» болатыны осыдан. «Ұр»-дың алдына «Т» таңбасы қойылып, Тұр, Тұран атанып жүргендері де осыдан. Қазақтың «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би» дейтіндері де осыдан. Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.

«Ұ» дыбысы (3.Ұд қауымы, 6.Ұқ (Нұқ пайғамбар) қауымы, 7.Ұл (Ұлы), 10.Ұңғы (өзек), Мұңал (Моңғол) - Маннан санағанда оныншы буын ұрпақтың сандық атауын береді. Демек, Мұңал тек қана Адам атаның емес, Ман атаның да қарашаңырақ иесі.

 

Жиырма жеті - Әз Бұзау (Жеменей).

Дыбыстық таңбасы «Һ»  – Һа, Һе, Һә. Барлығы үш түбір сөз. Сөз арасында Қаһар, Қаһарлы, Қаһарман, Аһа, Еһе, Һәм болып кездеседі. Үш саны Нұқ пайғамбардың тегі Қосай руының сандық атауы. Сонымен қатар, Адам Атаның қарашаңырағын ұстап, қасиетті жеті саны атауын иемденген Жеменейлердің де атауын береді. Әрине солай, адамзатты түгел жойылудан аман алып қалған Қосай Нұқ пен Қарашаңырақты ұстап қалған Жеменейлерден асқан Қаһарман болуы мүмкін бе? Міне қазақтың ешбір елде жоқ, осы ерекше «Һ» дыбысы Нұқ пайғамбар қауымының қазақтың Ана тілінде сөйлегенін айшықтап көрсетеді. Осы үш сөзде, Қосай атамызды Нұқ пайғамбардай ұлағатты ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін  «Қаһарман» деп ұлағаттау, «Аһа, Еһе» деп олардың ерлігіне сүйсіну және олардың артының «Һәм» деп жалғасып жатқанын көрсету бар. Қайран аталарым! Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болар ма? Сол үшін де ғой, Сіздердің Қас би (Каспий) атанып жүргендеріңіз.

Қазіргі латын әрібіне өтуге байланысты ұсынылып жүрген жобалардың ешқайсысын да бұл таңба көрсетілмеген. Бұл дұрыс болмайды. Бұл таңба қалуға тиіс. Мұны қоспай алып тастау, бұл ежелгі аталарымыздың Алтын әріппен жазылған ұлы тарихының бір парасын жыртып алып, отқа лақтырғанмен бірдей дүние.

 

Жиырма сегіз - Әз Бұзау (Семей).

Дыбыстық таңбасы «Ш»  – 1.Ша (шақ, шам, шар), 2.Шә, 3.Ше (шек, шекара), 4.Ши, 5.Шо, 6.Шө (шөп), 7.Шу, 8.Шұ (шұбар, ала шұбар), 9.Шу, 10 Шш (тыныш), 11.Шы (шыр етіп жарық дүниеге келу, сыртқы дүниеге шығу), 12.Ші (іші, ішке қайта кіру).  12 түбір (буын) сөз. Қазақтың (Алты Алаштың) қарашаңырағының иелері 12 ата Байұлдарының  сандық атауын беріп тұр.

Басы жоғары қараған үш тармақ «Ш» таңбасы - қазақтың үш арысы Үш Жүздің, Нұқ пайғамбардың үш жаққа кеткен үш ұлының,  Алшынның үш баласының т.б. үш санына қатысты барлық балама ұғымдарын береді. Сонымен қатар, бұл таңбада Атам Қазақтың әлемге әйгілі «Тіл таңбасының да» бейнесі бар. Ежелгі батыстықтардың Біздің аталарымызды «Язычники», яғни «Тіл таңбалылар» деп жазғандарының сыры осы.

 

Жиырма тоғыз – Әз Тобыш.

Дыбыстық таңбасы «Ы» – баласы, ұрпағы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.

 Отыз – Отыз Қаз Адайдың сандық атауы. От (Од-Ад қауымының балама атауы) және ыз (қыз) деген біріккен сөздерден тұрады. Үш санының Қосай атамыздың сандық атауы екендігін жоғарыда айтқанбыз. Отыз – үш еселенген онның жиынтығы.

Қосай Адайдың Құдайкесінен тарайтын екі баланың кішісі болғандықтан кенже баланың қарашаңырақ иесі делінетіні осы Қосай атамыздан басталады. Осыдан бері қарай кенже бала қарашаңырақтың, яғни Адам ата от жаққан ошақтың иесі аталып келеді. Бүгінгі бүкіл әлем елдерінің қарашаңырағы мен ошағы қазақтарда.

«О» таңбаның өзі былайша сөйлейді.

О – таңбасы «Күн», шаңырақ және «Сәби (нәресте)» деген мағына береді. Ақиқатында бұл

ежелгі Күндердің, яғни Қу мен Үн-дердің таңбасы. Қу - Қу Адай әке (Құдайке) яғни Атасы), ал «Үн (Ұң)» (Мұңал), Адайдың кенже немересі деген мағына береді. Бұл жерде Аспандағы Күнге «Күн» деп ат қойған Ұлы Аталарымыздың авторлық құқығы сақталып тұр.

Бас киіммен ойнауға болмайтыны сияқты, «О» мен де, Күн мен Сәбиден және олардан да басқа О-дан басталатын барлық ұғымдардың барлығымен  де ойнауға болмайды. О-дан басталатын ұғымдар: От, Оқ-дәрі, Оқтұмсық, Оба (ауру), Оба (мола), Омарта (бал арасы), Омырау (анамыздың төсі), Ор, Орамал, Отан, Отбасы, Одақ пен Бодан, яғни Отан және Одақпен ойнасаң бодан боласың деп тұр. Шынында да, Одақпен ойнауға болмайды. Одақтың қандай болатынын кешегі Кеңестер одағы кезінде көргенбіз. Қазіргі Кедендік одақ, Еуро одақтар түптің түбінде сол бұрынғы «шыққан» жерімізге қайта апаруы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар бұрында да сан рет болған. Әйтпесе біздің сөздік қорымызда «Бодан» деген сөз болмаған болар еді. Себебі, әлді мен әлсіз, яғни аз халық пен көп халық және мәдени даму деңгейлері әр түрлі елдер тең дәрежеде Одақ бола алмайды. Бұл қарапайым адамның, ұрыншақ, зорлықшыл адамдармен жолдас (сапарлас) болғанымен бірдай дүние. Тентектің алдынан «көп асқанға, бір тосқан шыққан» кезде қосақ арасында босқа кетесің. Бүгінгі санкцияға ілініп, дағдарысқа ұшырап жатқанымыз осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

Атам Қазақтың сөздік қорындағы «Тиме оған», «Нең бар онда», «Басқаға тисеңде «О»-ған тиме» дейтіндерінің сыры осы.

Қорытынды: «О» таңбасы алғашқы «Ад» қауымы, Күн (от) және Сәби (нәресте, балапан) деген мағына береді.  Міне осы қағидаға сәйкес «О»-ған (отқа) жолама күйіп қаласың,  «О»-ған (сәбиге, нәрестеге, яғни қарашаңыраққа) тиме, «О»-дан аулақ жүр, Не айтсаң да «О»-дан басқасын айт, яғни алғашқы Аталарға тіл тигіз бе  т.т. делінеді.

«Т» таңбасы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысқан «ұл», ал екінші буындағы «ыз» - Қыз деген мағына береді.

Ары қарай отыз бір, яғни Әз Адай, отыз екі – Әз Қазақ, отыз  үш - Әз Қосай, отыз төрт – Әз Құнанорыс, отыз бес - Әз Ақпан, отыз алты - Әз Балықшы, отыз жеті - Әз   Жеменей, отыз сегіз - Әз  Семит, отыз тоғыз - Әз Тобыш болады.

Отыздың дыбыстық таңбасы «І» - бұл дыбыс-таңба да ежелде қазіргі «овтар» мен «ичтердің» орнына қолданылған «Н» (Нұралин, Нұртазин, Сарин т.т.), «и, й, ы» тобына жатады.

 

Қазақтың 30 дыбыстық таңбасының  бес таңбасы: 10.И, 11.Й, 16.Н, 29.Ы, 30.І баласы (ұлы, қызы), ұрпағы деген мағынасы бар. Бұл адамзат ғұмырының үш кезеңіндегі ұрпақтары дегенді білдіреді.

       Біріншісі, (10.И, 11.Й) ең алғашқы Ад қауымы, яғни Күннің (Қу – Қу Адай әке (Құдайке) мен Үннің (Мұңалдың) ұрпақтары деген сөз.

Мысалы: Адай - Адам атаның ұрпағы (ұлы, баласы, қызы), яғни атамыздың қарашаңырағының иесі деген қағидаға сәйкес Жары Адай, Жажир Адай, Қожа Ахмет Йассауи, қажы Құсайын Ширази (Йассауи кесенесін салушы шебер), Ахмет Иугінеки (әдебиет тарихында «Шындық сыйы» дастанымен мәлім), Әбу Нәсір Әл (Ал) Фараби, Хаким Тарази, Махмуд Қашқари, Әл Бухари, Әбу Райхан Әл Бируни, Хакім ата Сүлеймен Бақырғани, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Мұхаммед Шайбани (Жошы ханның ұрпағы), Сайфи Сарайи, Хайдар Рази, Қадырғали Жалайри, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қашқар ханы Әбубәкір Дулати т.т. болып есім сөздің сөз соңы, «и», «й» дыбыстарымен аяқталса, ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осы жерде сәл де болса өткен тарихтан хабары бар адамдардың есіне сала кетейін ежелгі, әсіресе бізге көбірек белгілісі орта ғасырлық ұлы ғұламалардың барлығының дерлік ата тегі осылай жазылған. Бұл қағида қазақта күні бүгінде қолданыста бар. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Әнес Сарай, Халипа Алтай, Ислам Жеменей, Сабыр Адай, Ордалы Қосай, Ақылбек Жеменей, Тұңғышбай Ал Тарази, Қайрат Мами... Демек адам есімдерінің қай-қайсысына да «и, й» әрібін жалғасақ ұрпағы деген мағына беріп тұр.

«Физули, Шәмси, Сәйхали

Науаи, Сағди, Фердауси,

Қожа Хафиз – бу һәммасы

Медет бер шағири фердияд,» деген Абай атамыздың сөзінде, өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған алты ақынның есімдерінің соңы «и» дыбысымен аяқталады да, соңғы Қожа Хафизде атасының есімі бірінші, екінші болып өз аты айтылады.

Екіншісі, (16.Н) Нұқ пайғамбарға дейінгі Адам Ата мен Ауа Ана  ұрпақтары деген сөз.

Мысалы, Нұқ пайғамбар негізін қалаған Ман Ата қауымы - Адам Атаның ұрпағы деген қағидаға сәйкес, ежелгі Тұран әлеміндегі ата-тектің жазылуының тағы бір нұсқасы Рашид-Ад-Дин (Парсы (Иран) елінің билеушісі Қазан ханның бас уәзірі, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, орта ғасырлық тарихшы), Абу Омар Минхадж-Ад-Дин Осман ибн Сираж-Ад-Дин Ал-Джуджани (орта ғасырлық тарихшы), Ала-Ад-Дин Мұхаммед Хорезмшах, оның ұлы Желал-Ад-Дин сұлтан, Орта ғасырдағы Сырдариядан Ілеге дейінгі аймақ әмірі Болатшының інісі Камар-Ад-Дин Дулати, осы Болатшының бауыры Шамыс-Ад-Дин Дулати, Отырар қаласының билеушісі Қайыр ханның уәзірі Дадыр-Ад-Дин Ал-Амид, Бахау-Ад-Дин Накшбанд, Нажм-Ад-Дин Кубра, оның мұрагері Алтын Орда билеушісі Берке ханға тікелей ұстаздық еткен Бұхарада тұрған шейх Саиф-Ад-Дин Бахарзи, ортағасырлық мұсылман ғұламасы Нұр-Ад-Дин Хорезми, Садыр-Ад-Дин (кейбір деректерде бұл атамызды Баба Түкті Шашты Әзіздің шын аты делінеді), иманға келіп, шариғатты мойындаған ұлы мұңал билеушісі Өзбек ханның рухани тәрбиешісі Нұғман-Ад-Дин Ал Хорезми, өз заманының ұлы тақуасы аталған Жәлел-Ад-Дин Ас Самарканди,  атақты ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхаммед Закир Ад Дин Бабыр,  әлемге әйгілі «Зафар наменің» авторы Шараф Ад Дин Әли Иәзди, Бекет атаның ұстазы Бақыр Ад Дин Мұхаммед т. т. болып жалғасып кете береді. Осы есімдердегі Ад (Ад қауымы, яғни қазіргіше айтқанда осы қауымның қарашаңырағының иесі Адай, Ал, (Алаш, Алшын), Ас (Алаштың лақап аты) ал Динге келсек, бүкіл қазаққа Дін деген ұғымды енгізген осы атамыз. Бұл жайлы Қытай жылнамасында адамдары аттың құлағында ойнайтын Ди тайпасы, Динлинь елі жайлы деректер бар. Парсы (Иран) тарихы олардың негізін қалағандарды Мад (Ман Адай М.Қ.) тайпаларының ұрпағы Диаку деп хаттаған. Олардың есімдерінің соңына жалғанған «Н» әрібі, бастауын Ман атамыздың атынан алады, соған сәйкес баласы, ұлы, қызы, ұрпағы дегенді білдіреді.

Бұл атамыздың есімі Маңғыстауда (Бейнеу ауданы) Дияр деген атпен жер және елді мекен атауында сақталған.

«Қытай тарихындағы қытайлық емес солтүстік бес тайпа мемлекеттерінің (б.з.б. 304-439) құрылуына Хұн мен Үйсіннің, олардың тармақталған түркі тайпаларының бірлестіктері (сюнну, цзе, сяньби, ди, сян) қатысты, әрине олардың атауы Қытай транскрипциясымен жазылып келеді, шатыстырмас үшін түп нұсқаға сүйенген дұрыс қой (к. Материалы по истории кочевых народов в Китае. 111-Ү вв. М.,1989) (Б.К.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 46 бет). Бұл есімдер қазақта күні бүгінде де қолданылады. Бірақ мағынасы өзгеріске ұшыраған. Яғни үш ұрпақтың (тегі, өз аты және әкесінің) аттары бір есім болып шыққан. Мысалы, Насыраддин, Асамаддин, Алуаддин, Алқамаддин, Шайқымаддин, Нағымаддин, Салехаддин, Сыражаддин...

Үшіншісі, (29.Ы, 30.І) Нұқ пайғамбардан кейінгі Алаштың (Алты Алаштың) ұрпағы. Бұл бүгінгі ұрпақ. Ежелгі қазақтардың Алаш, Алшын, Алты Алаш, деп ауыздарынан тастамайтындарының сыры осы.

Мысалы, Тоқтамыс Жары, Әкім Таразы, Бөрте Бөрі, Әбубәкір Кердері, Қадыр Мырза Әлі т.т.

 

       Тарих тағлымы: Ежелгі Қазақ Алып биі (Әліппесі) жат жұрттың ықпалына сай қалай болса солай кірме сөздердің ыңғайына қарай жасала салған дүние емес. Әліппе мен сандар қатар өріледі және адамзат тарихының даму кезеңін өтеден де өте дәлдеп тұрып көрсетеді. Бұл қағидадан еш айрылуға болмайды.

 

Ежелгі батыс әлемінің ғалымдары өздерін  керемет білгірміз деп, қарт қазақты өздеріне қарағанда білімсіз кем санап, сауатсыз жабайылар (варварлар) деп жазыпты. Ал, өздері күні кешегі қазақтың бес жасар баласы да білетін дүниелерге білімдері жетпеген. Оларда, олардың бүгінгі ұрпақтары да мұндай дүниені жасамақ түгілі, жасалып тұрған дүниені түсінуге де саналары (ақылдары мен білімдері) жетпей келеді. Әңгіменің ашығын айтқанда, батыс ғалымдары енді мұның сырын өздігінен ешқашан біле алмайды. Себебі, олар бұл сырдың құлпын ашатын кілтін (кодын) әлдеқашан  жоғалтып алған. Ол қазақтың «АНА ТІЛІ». Басқа тілмен әлемнің шежіре-тарихы мен  құпиялары ешқашан ашылмайды.

 

Ежелгі Қазақ Алып биінде (Әліппесінде) 30  дыбыс-таңба бар.  Олар: 1.А,Ә,Е,   2.Б,П,  3.Г,Ғ,К,Қ,   4.Д,Т,   6.Ж,З,   7.И,Й,Ы,І,  8.Л, 9.М,   10.Н,Ң,   11.О,Ө,    12.Р, 13.С,Ш,    14.У,Ұ,Ү,  15.Һ.  болып, 15 топқа бөлінген.  Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар осылай 15/15 болып орналастырылған.

Алаш арыстары Алып биді (Әліппені) осылай жасаған. Алаш Арысы Ахмет Байтұрсынов Атамызда  біз қолданып жүрген соңғы Әліппені де осы қағидаға сай жасаған.  Ал, Сіздердің осылай жасау қолдарыңыздан келе ме?

Кірме әріптер:   в, ё, ф, х, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я барлығы 12 әріп. Таңбаға реформа қажет. Бірақ ол тек қана мына артық тұрған 12 таңбаны алып тастау үшін.

Қазақтың-әріп таңбаларының рет саны Адамзат баласы мен олар құрған елдердің дүниеге келу, есею, және оның Ата салтының (Ата заңының) және әлем елдері тарихының қалыптасу кезеңін көрсетеді.

Отыз саны ары қарай отыз бір, яғни Әз Адай, отыз екі – Әз Қазақ, отыз  үш - Әз Қосай, отыз төрт – Әз Құнанорыс, отыз бес - Әз Ақпан, отыз алты - Әз Балықшы, отыз жеті - Әз   Жеменей, отыз сегіз - Әз  Семей, отыз тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

Қырық – Қыр және Ық деген екі біріккен сөзден тұрады. Қыр – шартарапты алып жатқан биік жер. Ық – су (жайық – жай ағатын су), құдық – құт (таза) су, қайық – су кебісі, ық (ығу) – төмен қарай аққан су сияқты малдың ыққа (желдің өтіне) қарай  ығуы т.т. Сонда бұл санның негізгі мағынасы елдің ауа жайылмай, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруы.

Төрт саны Құнанорыстардың сандық атауы екендігін жоғарыда айтқанбыз. Сонда Құнанорыс он еселеніп Әз атаның Қазақ атанған ұрпақтарын (халқын) құрап отыр.

Қазақта «Қырықтың бірі Қыдыр» деген сөз бар. Бұл жерде осы төрт буын ұрпақтан шыққан Нұқ пайғамбар атамыздың есімі айқын меңзеліп тұр. Себебі, Нұқ атамыз бүкіл елді аралап, жамандық атаулыдан жеркеніп, мұсылман болуды уағыздады. Мұсылмандықты мойындағандары Нұқ атамыздың кемесіне мініп, топан судан аман қалды, мойындамағандары ажал құшты.

Бұлардан бөлек, Ата-Бабаларымыз тұрмыста да атқарылатын салт-жоралғыларды осы «қырықпен» қиюластырады. Мысалы, дүниеге келген нәрестені қырық күннен соң қырық қасық суға шомылдыру, қайтыс болған адамның қырқын беру, тағысын тағылар… Осы сынды әдет-ғұрыптарымыз бен жоғарыда атағанымыздай, қырыққа қатысты маңыздылыққа бай, астарлы сөздердің ескі дәуірлерден бері келе жатқандығын еске алар болсақ, атам қазақтың Ислам дінін ежелден ұстанып, дәстүрін дінмен астастырып, байланыстырғанын және осы қырық санының тікелей қазақтың рулық шежіре-тарихына қатысты екенін  ұғамыз. Сонда қырық саны топан суға қарық болған алдыңғы он еселенген үш буын ұрпақты (Құдайке көшін) және сол апаттан аман қалып өсіп, өрбіген жаңа буын Құнанорыстарды көрсетіп тұр.

Қайып Ерен Қырық Шілтен атанған әулие аталарымыздың (қорымы Маңғыстау да орналасқан) сан мыңдаған жылдардан бері ауыздан түспей, әспеттеліп келе жатуының басты сыры осы.

Қырық санының атауы Маңғыстаудың Қырында (Үстіртте) дүниеге келді. Бұл өңірде Адам баласы алғаш рет Ұлы Жаратушы Алланы таныды. Соған сәйкес олар үстіңгі жұрт (Үстірт), яғни биікте тұрған қырдың халқы атанды.

Қыдыр (қыдыру) мен көшу (көшпенді) – синоним. Көшпенді қазақ халқы бүкіл әлем елдерін өздерінен бөліп,  енші беріп, бөлек шығарып отырды. Қыдырып (көшіп) жүріп әлем елдеріне  әділеттің, адалдықтың, жақсылықтың ең озық үлгісін көрсетті.

Біздің осы қырымыздан бөлініп, осы атты иемденіп бөлек ел болғандардың бірі қазіргі қырғыз халқының ата-бабалары. Қырғыз қысқартылған сөз. Толық мағынасы Қырық оғыз (Қырық қыз). Қырғыздар  қазаққа жиен болады. Жиен деп, қыздан туған ұрпақтарды айтады. Маңғыстауда «Қырыққыз» деп аталатын жер атауы күні бүгінде де бар. Солтүстік Үстіртте. Оны жұрт Қырығыз, Қырғыз деп те атай береді.

Адам ата ұрпақтары бір елге (мемлекетке) біріккелі бері, ол ел Аз (Қаз) аталып таудан төмен сарқырап аққан судай болып, сол ежелгі аталар салған жолмен келеді. Демек, қырық саны да Әз (Қаз) атамыздың сандық атауы.

Ары қарай қырық бір, яғни Әз Адай, қырық екі – Әз Қазақ, қырық  үш - Әз Қосай, қырық төрт – Әз Құнанорыс, қырық бес - Әз Ақпан, қырық алты - Әз Балықшы, қырық жеті - Әз   Жеменей, қырық сегіз - Әз  Семит, қырық тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

 

 Елу – ел және у. Бес еселенген онның жиынтығы. Ел - Адай атаның екі баласы Құдайке мен Келімбердінің Ақиқатқа жеткен ұрпақтарының жиынтық атауы. Қу – Құдайке атамыздың, ал Ел – Келімберді атамыздың есімдерінің сөз түбірлері, соған сәйкес Қу мен Ел осы екі атамыздың «азан шақырылып» қойылған есімдері.

Баламасы,  елі (ұзындық өлшемдерінің басы) бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, бес елі. Елімен санау міне осы бес елімен бітеді. «Елу ердің жасы» ары қарай алпыс қарттық өмірге жалғасып кетеді.

У – Кез-келген қимыл әрекеттің соңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу, өлу т.т. Елу – елдіктің ең биік шыңы. Бір Атадан тараған ұрпақ руға, ру елге айналды, яғни Адай атамыздың екі баласы Қу мен Елден тараған ұрпақ басында  бір рулы елге, артынан уақыт өте келе көп рулы елдерге айналып кетті.  Уақыт тоқтамайды. Сол бір Атадан тараған ұрпақ әлі жалғасып көбеюмен келеді. Бірақ, қарашаңырақ иелері сол алғашқы аталарымыздың есімдерін сол күйінде сақтап бүгінгі күнге жеткізді. Демек, елу саны да Әз (Қаз) атамыздың сандық атауы.

Бес саны Адай Ақпанның, яғни ақиқаттың атасының сандық атауы екендігін жоғарыда айттық. Бұл жерде сол ақиқат он еселеніп, ақиқаттың шыңына шығып, бір рулы Елге айналып, елдің соңына жалғанған «У» таңбасы бір Ата ұрпақтарының елге айналуының толық аяқталған нәтижесін айқындап тұр. Атам Қазақтың «Елу жылда ел жаңа» дейтіндерінің сыры осы.

Ары қарай елу бір, яғни Әз Адай, елу екі – Әз Қазақ, елу  үш - Әз Қосай, елу төрт – Әз Құнанорыс, елу бес - Әз Ақпан, елу алты - Әз Балықшы, елу жеті - Әз   Жеменей, елу сегіз - Әз  Семит, елу тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

 

 Алпыс – ал (алып, алғы, алғашқы), ыс, пыс деген біріккен сөздерден тұрады. Алты еселенген онның жиынтығы, яғни алдыңғы он буын ұрпақтың алты еселенуі. Алты мен алпыстың сөз түбірлері бір. Алаштан тараған алты елдің аузы бір болған кездерінде,  олар алып атанды. Алып елдің  пысы кім-кімнің де пысын басары сөзсіз. Алпыс саны да Қаз атамыздың сандық атауы. Олардың рулық шежіредегі атауы Балықшы (Шыбынтай, Кыпшақ). Европалықтар оларды Сак, Массагет,  Скиф деп те атайды.

Алпыс саны Адай Балықшылар үшін киелі сан. Бірде (19ғ) айладырдың 300 аламаны Адай елін шапқанда Балықшы Балуанияз батыр ел ішінен артық та емес, кем де емес тура алпыс кісіні таңдап алып,  аттанып, өздерінен бес есе көп жауды жеңіп, жесір айырады. Балықшы аталарымыздың осы ерлігіне  Қалнияз жыраудың «Балуанияз батыр», Ыбырай ақұн Құлбайұлының «Алтынды орда қонған жер» атты еңбегінде арнайы жыр арналған.

Бал (ең тәтті тағам), бала (адам үшін баладан тәтті бар ма?), судан шығарса бала (сәби) сияқты дәрменсіз күй кешетін балықтың, яғни түбірінде Бал сөзі бар барлық ұғымдардың авторы Балықшылар. Бұл жерде айырықша атап өтетін жағдай, егер біз тәттінің дәмін ажырата алмасақ, ащы деген ұғымды түсінбеген болар едік, тіпті ондай ұғым болмас та еді. Соған сәйкес, бүкіл әлемдегі ащы мен тәтті, ұзын мен қысқа, жақсы мен жаман деген сияқты қарама-қайшылықты түсіне алмаған болар едік. Бірінің-бірінсіз күні жоқ. Балықшы аталарымыз кезінде бүкіл халыққа билігін жүргізген. Әйтпесе аталарымыз тауға Балқан (екеу), көлге Балхаш, теңізге Балтық, қалаға, өзенге, су жәндіктеріне Балық, осылар сияқты әлемнің барлық түпкірінде 306 топономикалық атауларды бермеген болар еді.

Ары қарай алпыс бір, яғни Әз Адай, алпыс екі – Әз Қазақ, алпыс  үш - Әз Қосай, алпыс төрт – Әз Құнанорыс, алпыс бес - Әз Ақпан, алпыс алты - Әз Балықшы, алпыс жеті - Әз   Жеменей, алпыс сегіз - Әз  Семит, алпыс тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

 

Жетпіс – ет, жет, іс, піс. Жеті еселенген онның жиынтығы, яғни Бұзау-Жеменей ұрпақтарының он  еселенуі. Жеменей мен жеті, жетпістің алғашқы буынының бірдейлігі осыдан. Жеті саны - жеті атаға жеткендікті білдірсе, жетпіс саны сол жетінің он еселеніп, өсіп-өніп, пісіп-жетілгендігін білдіреді. Жетпіс саны да Әз (Қаз) атамыздың сандық атауы.

Ары қарай жетпіс бір, яғни Әз Адай, жетпіс екі – Әз Қазақ, жетпіс  үш - Әз Қосай, жетпіс төрт – Әз Құнанорыс, жетпіс бес - Әз Ақпан, жетпіс алты - Әз Балықшы, жетпіс жеті - Әз   Жеменей, жетпіс сегіз - Әз  Семит, жетпіс тоғыз - Әз Тобыш болады.

 

       Сексен  - ек сек, ен, сен. Сегіз еселенген онның жиынтығы. Бұл сан Адайдың Бұзауынан тараған екі баласы Жеменей (үлкені) мен Семиттің екіге бөлініп, мен нен сенге айналғанын айшықтап тұр.

Төрт амалдың бірі «бөлу» Жеменей мен Семиттің әкесі Адайдың жетінші буын ұрпағы Бұзаудың лақап аты. Бөлу амалының аптыры осылар. Адамзаттың бөлінуі осы сегіз-семиттердің (арап пен ебрейлердің)  Жеменейлерден бөлінулерінен басталады. Соған сәйкес ен (таңба) салу басталды.

Ешкі мен ешкі бағатындардың пірі (ұстазы) Сексек атамыз осы топқа жатады.

Ары қарай сексен бір, яғни Әз Адай, сексен екі – Әз Қазақ, сексен  үш - Әз Қосай, сексен төрт – Әз Құнанорыс, сексен бес - Әз Ақпан, сексен алты - Әз Балықшы, сексен жеті - Әз   Жеменей, сексен сегіз - Әз  Семит, сексен тоғыз - Әз Тобыш.

 

       Тоқсан – оқ, тоқ, ан, сан.  Тоғыз еселенген онның жиынтығы, яғни Тобыш ата ұрпақтарының он еселенуі.  Тобыш пен тоғыздың бірінші буынының бірдей болатыны осы. Ежелгі қазақтар Тобыштардың толып, толысқан, тоғызыншы буын ұрпақ болуына байланысты барлық дүниені тоғызбен есептеген. Біз әңгіме етіп отырған «сан» деген сөздің екінші буында тұруынан, сан деген ұғымды мына дүниеге кімдердің әкелгенін  көреміз.

Түсініктеме: Сөз түбіріндегі «Оқ» – Садақтың (Сақ Атаның) адырнасынан атылып ажыраған жебе, баламасы қарашаңырақтан бөлініп отау тіккен ұл. Тоқ – қарны тоқ, немесе толып, толысу. Ан – Ана. Сан – Сана. Демек, Ата мен Ананың ақ некесінен туған ұлдың ұрпақтары толып, толысып, көбейіп, әр түрлі елдер мен мемлекеттерге айналып тұр.

Ары қарай тоқсан бір, яғни Әз Адай, тоқсан екі – Әз Қазақ, тоқсан  үш - Әз Қосай, тоқсан төрт – Әз Құнанорыс, тоқсан бес - Әз Ақпан, тоқсан алты - Әз Балықшы, тоқсан жеті - Әз   Жеменей, тоқсан сегіз - Әз  Семит, тоқсан тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

 

 Жүз – Ж (Жу) және Үз. Жүздің – бірнеше балама мағынасы бар:

А. Ж – қасиетті жеті саны, яғни туыстығы бөлінбейтін  Бұзау-Жеменейдің есімін береді. 1.Жақ

2.Жағ (Жаға), 3.Жад, 4.Жаз, 5.Жай, 6.Жақ, 7.Жал, 8.Жам, 9.Жан, 10.Жаң, 11.Жап, 12.Жар, 13.Жас, 14.Жат, 15.Жау. Әліппенің 30 дыбыс-таңбасының тең жартысын 15/15 құрап тұр. Жердің де түбірі ер болып, Ж-дан басталатыны осыдан.

Ә. Жу - Нұқ пайғамбар атамыздың елінің аты. Адайдың екі баласының үлкені Құдайке (Қу Адай әке) атамыздың есім тобына жатады. Мысалы, Ау (1), Әу, Бу, Гу, Ду, Еу, Жу (7), З у, Қу (9), Ну, Оу,  Ру, Су, Ту, Шу (15). Барлығы қазақ әліппесінің реттік санымен берілген 15 түбір, яғни қазақ әліппесінің тең жартысын (15/15) құрайды. Басы Ауа анамыздың түбірі Ау-мен басталып Шу-мен аяқталып отыр.  Өздеріңіз көріп отырғандай, Қу (Қу Адай, Қуман)  атамыздың есімі толып, толысқанды білдіретін тоғызыншы ұрпақ.  Ал, Жу бөлінбейтін жетінші ұрпақ, яғни бұл жерде де Бұзау-Жеменейлердің сандық (реттік) атауын беріп тұр. Қазығұрт (Қазық жұрт) тауының ежелгі жазбаларда Жуды тауы деп аталатынының сыры осы.

Екінші буындағы Үз (Ұз) түбір сөзі – Адай атаның жетінші буын ұрпағы Бұзау атамыздың сөз түбірі, яғни Айтумыс пен Жеменейдің әкесінің аты;

Б. Жүз – келбет (адамның, елдің, мемлекеттің бет-жүзі, бет-бейнесі, яғни кескін-келбеті, бағыт-бағдары (жүзін қыблаға қарату);

Г.  Жүз – қылыштың, пышақтың жүзі. Себебі, қылыштың да, пышақтың да авторы Бұзаудың Айтумысынан тарайтын Шылым атамыз екенін жоғарыда айттық. Олардың адами қасиеті жамандық атаулының желкесін қиып түсіп, жандарын жәһәннамға жіберетін  қылшылдаған қылыштың жүзіндей өткір (білімді) болды;

Ғ. Қазақтың үш жүзі, Қазақтың үш Анасынан туған алты баласы (Алты Алаш).

Д. Орталық Орда.

Бұл жағдай қазақтың Рулық шежіресінде де дәл осылай беріледі. Қазақтың (Әз әулиенің) «Үш Жүз» деп аталатын үш Анадан туған үш баласы бар. Бұлар халық арасында «Ұлы жүз – Ағарыс - Үйсін», «Орта жүз – Жанарыс - Арғын», Кіші жүз – Бекарыс - Алшын» деп те атала береді.

Ұлы жүз - осы Үш Жүздің ішіндегі ең ұлысы, ең ардақтысы, ең үлкені, яғни екі інісінің (Орта Жүз бен Кіші Жүздің) ағасы. Аға қазақтың ең ардақты ұғымы. «Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан» дегендей, аға тұрғанда іні сөйлемеген.  Ағалары да әрқашан  інілерінің қамын ойлаған.  Інілері «Ағасы бардың жағасы бар» деген. Інілері ағаларын қолдап, айтқанын екі етпей оларға «Інісі бардың тынысы бар» дегізген. Олар бірін-бірі ешқашан жол да, жауда да қалдырмаған. Бірі үшін, бірі жанын қиған.

Шегелеп айтқанда ҰЛЫ ЖҮЗ Қазақ атамыздың үлкен баласы.

Орта жүз — аты айтып тұрғандай осы үш жүздің ортасын да туған, ортаншы ұлы.

Кіші жүз — қазақтың үш баласының ең кішісі, ең кенжесі, яғни Қазақ атамыздың қарашаңырағының иесі. Екі ағасының (Ұлы жүз бен Орта Жүздің)  кенже інісі.

Қазақтың шежірелік-тарихи ұлттық идеологиясы осы. Бұл жүйе қазақтың отбасылық құрылымының үлкейтілген нұсқасы  (макеті) болып табылады.

Қара: «Қазақтың ұлттық идеологиясы» http://ult.kz/post/kazaktyn-ulttyk-ideologiyasy1

Қорытындылап айтқанда, Жүз - Адайдың туыстығы бөлінбейтін жетінші буын ұрпағы Бұзау Атадан бастау алып, жетіскен ұрпағы, яғни Әз әулиеміз. Жүздің сандық мағына беретіні осыдан (Айдың жүзі қанша болды?).

Ал, Біздің «білгіш» энциклопедиямыз «Жүз» араб сөзі, қазақшаға аударғанда "бөлім" деген мағынаны білдіреді» деп, арабтарға апарып тели салған.

Ары қарай Жүз бір – Әз Ата ұрпағы Құдайке мен Келімберді (Адай), жүз екі – Әз Ата ұрпағы Тәзіке (Қазақ), жүз үш –  Әз Қосай, жүз төрт – Әз Құнанорыс, жүз бес – Әз Ақпан, жүз алты – Әз Балықшы, жүз жеті – Әз  Бұзау-Жеменей, жүз сегіз – Бұзау - Семей, жүз тоғыз – Әз Тобыш.

Мың – Ман атамыздың сандық атауы. Манның (Мандардың) қыстауы Манқыстаудың Маңғыстау, Мыңқыстау деп атала да, жазыла да беретіні  осыдан.

«М» дыбысы, сөздің қай жерінде қолданылса да «Адам (Атам)» деген мағына береді. «Ы» дыбысы – баласы, ұрпағы. Ал «Ң» дыбысы тек қана «сәби (бала, балапан)»  деген мағына да қолданылады. «Ң» дыбысынан «Ңгә» деген сәбидің гуілінен басқа сөз жасалмайтыны осыдан. Сонда «Алаш мыңдығы» дегеніміз Алаштың ұрпағы (қолы, әскері) деген мағына беріп тұр.

Ары қарай мың бір – Ман Адай, мың екі -Ман Әз әулие (Қазақ), мың үш - Ман Қосай, мың төрт - Ман Құнанорыс, мың бес – Ман Ақпан, мың алты – Ман Балықшы, мың жеті – Ман Жеменей, мың сегіз – Ман Семит, мың тоғыз – Ман Тобыш, мың он – Ман Мұңал, мың он бір – Ман Мұңал Адай, мың он екі – Ман Мұңал Тәзіке, мың он  үш – Ман Мұңал Қосай болып жалғасып  кете береді.

Миллион – Ми, ил, ли (ил), он деген біріккен сөздерден тұрады.

Ми (милы, мисыз, (саналы, санасыз)  - Қи (Қия, Кие, Ие, Қидан, Қиян, Қият) тобына жатады.  Қиян Шыңғысхан шыққан рудың аты. Адайдың – Мұңал - Жары руынан тарайды.   «Ил» дің шығу төркіні қазақтың ел деген сөзі. Батыс пен шығыстың көптеген елдерінің Ілені-Ил, Еділді-Итил, Електі-Илек, Есілді-Есил, Ертісті-Иртыш, Жеменді – Иемен, Жерді – иер т.т. дейтіндері осы. Бізде «ел» терминінің балама мағынасы бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, бес елі деп ең қысқа, яғни ең төменгі ара қашықтықты білдірсе, батыс елдерінде (қытайда да)  «ил» ұзындық өлшемін, ал Мил  - 1,6 км-ді білдіреді. Бұл жерде ил (ел) сөзі кез-келген ұғымның бірнеше еселенгенін білдіру үшін екі рет қолданылады. Ал, он дегеніміз жоғарыда көрсеткенімдей Мұңалдың сандық атауы.   Сонда біз бұл саннан Қият-Жары-Мұңал-Адайдың сандық атауын көреміз. Бұл тұжырымға күдік тумас үшін каперлеріңізге бере кетейін, кез-келген ұғымға (затқа, дүниеге) сол ұғымдарды дүниеге әкелген адамның, елдің есімі беріледі. Бұл қағида күні бүгінде де сол күйінде қолданыста, қазіргіше айтқанда «авторлық құқық» делінеді.

«М» - Адам Ата. «И» - баласы, ұрпағы. Демек, Мидың негізгі мағынасы Атаның ұрпағы. Баламасы, соның бәрін есіңе сақтайтын басыңдағы миың. Ил – ел, илли – елдер, он – мұңалдың сандық атауы.

Ары қарай миллион бір – Адай атаның екі баласы Құдайке мен Келімберді, миллион екі – Адай атаның үлкен ұлы Тәзіке (Әз әке), миллион үш –  Қосай, миллион төрт – Құнанорыс, миллион бес – Ақпан, миллион алты – Балықшы, миллион жеті – Жеменей (Бұзау), миллион сегіз – Семит (Бұзау), миллион тоғыз - Тобыш   болып жалғасып кете береді.

Миллиард – Ми, Милли жөнінде қайталап жатпаймыз. Бұл сандағы айырма соңғы «Ард» термині. Ард – қысқартылған сөз.  Сөз түбірі Ар болғандықтан, бұ сөзді Ар Ад (сегіз Арыс Адай)  деуімізге толықтай негіз бар. Себебі, осы атаудан туындайтын Ардагер сөзі осы айтқанымыздың айғағы болмақ. Шынында да адам саны Милиардқа жеткенде алдыңғы аталарымыз Ардагерге айналады емес пе?!

Ары қарай миллиард бір – Адай Ата ұрпағы Құдайке мен Келімберді, миллиард екі – Адай Ата ұрпағы Тәзіке (Әз әке), миллиард үш – Адай Ата ұрпағы Қосай, миллиард төрт – Құнанорыс, миллиард бес – Ақпан, миллиард алты – Балықшы, миллиард жеті – Жеменей (Бұзау), миллиард сегіз – Семит (Бұзау), миллиард тоғыз - Тобыш   болып жалғасып кете береді.

Тарих тағлымы: Тамыры тайыз елдер ғана өзге елдің тарихына өш келеді. Ар жағы қытай, ебрей, парсы, бержағы патшалық Ресей мен кеңестік Ресейдің қазақ тарихын жоққа шығаруға барынша жанталасатындарының негізгі сыры да осы. «Тегінен безген тексіз», менменшіл топ, бүкіл әлемнің Ата тарихын «сызып тастап» бәрін өздерінен бастағылары келеді. Олардың бұл әрекеттері, жасы үлкенді сыйлау дегенді білмейтін, қазіргі болмыстарына толықтай сәйкес келеді.

Еске ұстайық: Қазақ қағандары мен патшаларынының еш қайсысы да өзге елдің тіліне, дініне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына тиіспегендерінің сыры осы. Қарашаңырақта отырған Қазақтар, Атасының шаңырағынан шығып, енші алып, отау тігіп тараған елдерге еш жамандық ойламаған, жамандық жасамаған. Ас-садақаларында олардың бәріне Атамның шаңырағынан шыққан Аға баласы деп арнайы шапан жапқан.

Жер бетінде өзінің және туған елінің шыққан тегін, сонымен қатар барлық ұғымдар мен атаулардың, соның ішінде сандардың да шыққан тегі (атасы) мен «аптырларын» білгісі келмейтін бірде-бір адам баласы жоқ. Жоғарыдағы деректер адамзаттың бастауы Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағы Қазақтар да және олардың Ана тілі аясында ғана сақтала алатынын айқын көрсетеді.

Қорытынды:  Дыбыстық таңбаларды ең алғаш ойлап тапқан біздің Аталарымыз. Олар алғашында «Рулық таңба» деп аталып, ғылыми айналымға «Руна (Ру Ана) жазбасы» деген атаумен енді. Бүкіл әлем елдері жазу таңбаларының бастауы осы. Сандар мен санаудың негізінде де Атам Қазақтың осы рулық шежіресі жатыр.

Енді Өздеріңіз бір сәтке ой жіберіп көріңіздер, Бізге Әлемге ата болып, Қарашаңырақты ұстап қалғанымыз дұрыс па, әлде өткенімізге тас атып, мәңгүртке айналғанымыз дұрыс па? Мұның жауабын Ұлы Аталарымыз «Өткеніңе тас атсаң, келешегің сені зеңбірекпен атқылайды» деген қанатты сөзімен жазып кетіпті.

Ал, Біз болсақ, осындай Бізден басқа ешбір елдің қолы жетпейтін баға жетпес ең ұлы рухани байлығымыздан «үй айналып, ат-тонымызды ала қашып» жүрміз.  Бүкіл әлем ғалымдарына, ең бірінші кезек те қазақ ғалымдарына осы көрсетілген деректерді зерттеп, зерделеуге кеңес береміз. Қандарыңызда бар дүние ғой, сондықтан мұны түсіну Сіздерге аса қиындық туғызбауға тиіс.

ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛА ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ИМАН БЕРГЕЙ!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

 

 

26 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1440
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 1653
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 2817