Жұма, 17 Мамыр 2024
Бетбұрыс 7621 27 пікір 16 Маусым, 2017 сағат 11:22

Құрылтай қытайдағы қандастар жағдайына назар аударсын

Қазіргі өркениетті әлемдік қауымдастық дүниежүзінде ғұмыр кешіп жатқан халықтарды аз-көптігіне, шығу түп-төркіне, әлеуметтік мәртебесіне қарап бөлмейді. Нәсілшілдік, зорлық-зомбылық, геноцид секілді кереғар әрекеттер өткен ғасырлар қойнауында тарих болып қалғалы қашан. Адам құқтары жөніндегі жалпыға ортақ конвенцияға қосылған әр мемлекет онда көрсетілген нормаларды бұлжытпай орындауға міндетті.

БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған адам құқтарының жалпыға ортақ декларациясы барлық мемлекеттің ұстануға, орындауға тиіс бас құжаты болып саналады.

Олай болса, адам баласының   басты  құқықтары не дегенге тоқтала кетеейік:

  • Сөз, ой-пікір білдіру  және  баспасөз  бостандығы.
  • Дін бостандығы.
  • Жиын өткізу,  одақтасып  бірлесу  құқықтары.
  • Заңмен тең  дәрежеде  қорғалу  құқығы.
  • Әділ сот  арқылы  іс  шештіру  құқығы.

Демократияға  тіреу  болатын  басты  тетіктерді атап өтер болсақ мынандай екен:

  • Халықтың толық  құқығы
  • Өз халқының  шынайы  сеніміне  ие  болған  Үкімет  орны
  • Көпшіліктің билігі
  • Азшылықтың құқығы
  • Адамның негізгі  құқықтарының  кепілдендірілуі
  • Еркін әрі  әділ  сайлау
  • Заң алдындағы  баршаның  теңдігі
  • Сот ісінің  заңдылыққа  сай  жүргізілуі
  • Үкімет билігін  Конституция  бойынша  шектеу
  • Қоғамдық, экономикалық, саяси плюрализм
  • Төзімділік, ынтымақтастық, өзара бітімгершілікке келе білу.

Алайда, Қытай секілді компартияның қызыл идеологиясынан әлі күнге дейін ажырамаған елге мұның бәрін мойындату, орындалуын талап ету әбестік болар. Дегенмен, өз азаматтарының бостандығына, ең қарапайым құқтарының бұзылмауына неше жерден қызыл империя болса да әр мемлекет мүдделі болуға тиіс. Оның өзі сол елдің тұтастығына, тыныштығына, ішкі бірлігі мен ынтымақтығының берік болуына елеулі ықпал ететіндіктен со ел үшін аса маңызды дүние. Әлем мойындаған конвенцияларға қосылған мемлекет ретінде кім болса да әлемдік қауымдастықтың жалпыға ортақ  нормаларына  бағынуға тиіс болса керек.

Соңғы кезде Қытайдағы қазақ диаспорасы тарапынан қазіргі билігінің аз ұлттар жөнінде жүргізіп жатқан әрекеттеріне көңіл толмаушылық аңғарылып отыр. Оны бір ғана әлеуметтік «Ватцап» желісі арқылы тараған ақпаратқа 300-ге тарта азаматтың қосылып, басым бөлігінің әртүрлі ақпараттар мен мәліметтерді алға тартуынан анық аңғаруға болатын сияқты.  Бәлкім, бұл жергілікті органдардың асыра сілтеуі, әсіре шолақ белсенділігінің салдары да болуы ықтимал. Қалай болғанда да, әлем қауымдастығы бұл мәселеге жіті көңіл бөлуге тиіс.

Қытайдың ресми органдары ежелгі Шығыс Түркістан жеріндегі қазақтарға саяси қысым көрсетуді үдетіп жатқаны туралы мәлімдеп, дабыл қаққан жазбалар әлеуметтік желілер арқылы әр тәулік сайын желдей есіп тұр. Бұл тарихи Отандағы қандастарды ғана емес бүкіләлемдік қауымдастықты алаңдатарлық төтенше жағдай.

ХХІ ғасырдағы өркениетті әлемнің қағидаларына өрескел қайшы, анти-демократиялық түрлі анайы тәсілдермен оларды жәбірлеп жатқанына біздің өкімет те, ҚР Сыртқы істер министрлігі, қоғамдық ұйымдар, жалпыхалық бей-жай қарауға тиіс емес.

Олар қазіргі таңда Қазақстанмен байланысы бар қандастарымызды еш негізсіз тергеуге алып, «қайта оқытамыз», «түсіндірме жұмысын жүргіземіз» деген желеумен әртүрлі оқу орындарының ғимараттарына апарып айлап қамап қоятын болған. Онысы сөз жүзінде ғана курс-семинар демесең іс жүзінде абақты секілді бірдеме көрінеді.

Мао-Зе-Дунның кезіндегі көне тәсілмен жасалып жатқан мұндай түрлі айла-шарғылары БҰҰ декларация етіп жариялаған адам құқықтары нормаларын анайы түрде бұзу. Ендеше, бұл мәселеге БҰҰ-ның салалық мекемелері де араласуға тиіс. Еуропа Одағы, Еуро Парламенті де өз назарына алғаны абзал.

Қазақстан тарапынан Парламент депутаттары Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне сауал жолдаса құба-құп. Қоғамдық ұйымдар да әрбірі статустарына сай заңның аясында өз тараптарынан талап қоюға толық хақылы.

Сондай-ақ, осы айдың 22-і күні басталатын Әлем қазақтарының V құрылтайы да назардан тыс қалдырмаса екен.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624