Сенбі, 22 Шілде 2017
Алашорда 3394 28 пікір 12 Шілде, 2017 сағат 14:08

Алашорда қайраткерлерінің кейбірінің ұрпақтары крест тағып жүр

ХІХ ғасырдың ортасында Кенесары Қасымов басқарған көшпелі мемлекеттің Ұлт-азаттық соғысы жеңіліске ұшырады. Бұл ең соңды легитимді, заңды, отаршылдықтан азат ету соғысы еді. Ресей ол кезде өздеріне лоялды истеблишментін қалыптастырып үлгерген. Отаршылдық истеблишмент пен өлкелік элита Кенесары ханның көтерілісінің жаншылуына көмектес, тілектес және одақтас болды. Сонымен қатар ел ішінде бірқатар саяси факторлар дамып жатты

1) Қазақта алғашқы бизнес орта – ортаң қол және дәулетті адамдар пайда болды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ даласында жаппай қазақ бизнесі өркендей бастады. Қазақ мал сатып баю жолына түсті. Орыс көпестері мен алыпсатар татарларға жылқы, қой, жүн, сүйек майы, мал терісін сатуды әр ауыл көлемді бизнес көзіне айналдырды. Бизнестің дамуымен бірге ақша жиналды. Елдің жалпы 15 пайызы ортаңқол және дәулетті тұрмысқа жетті.

2) Жиналған қаржылар арқылы қазақ ата-аналары балаларын оқытуға бел буды. Олардың дені ұрпағын орысша оқыта бастады. Бірте-бірте сол заманға сәйкес интеллигенция қалыптасты. Қазақ баспасөзі: газет, журнал, кітапшалар шығып кең тарай бастады. Интеллигенция ұлт талаптары мен керектігін бейбіт жолмен жүзеге асыруды мақсат етті. Бұл маңызды, қазаққа әсерлі және ықпалды саяси технологиялық құрал болды.

3) Қазақта түрлі саяси мобилизациялар басталды: Қарқаралы петициясы, хаттарға қол жинау,  шоқындыруға қарсы, заңсыз түрде жерді тартып алуға қарсы, т.б.с.с..

Ұлттық тіршілік мобилизациядан басталады. Мобилизацияны ықпалды қауым тобы жасайды.  Қазаққа ықпалды топтың екі типті болды. Олардың бірі – өлкелік және ауыл игі жақсылары, екінші топ – алаш зиялы адамдары еді. Ауыл ақсақалдары эмоцияналдық наразылыққа ілесіп – халықты 1916 жылғы көтеріліске апарды. Көтеріліс қатты жаншылды. Саяси мобилизациялардың екінші бағыты – алашшыл ұлтшылдар тарапынан басталды. Олар 1916 жылғы Патша Үкіметінің қазақты окоп қазуға жіберуін қолдады.

4) 1905-1907 жылдары буржуазиялық-демократиялық революция басталып, Ресейдің саяси режимі халыққа бірқатар либералдық еркіндік берді. Олар жиналыс жасау еркін құқығы, баспасөз ашу және тарату еркіндігі, аз ұлт өкілдеріне Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мүмкіндігін берді. Енді қазақ зиялы қауымы сайлау компаниясына қатысып, өз жұртшылығы атынан сайлану құқығын алды.

5) 1905-1917 жылдарда қазақтың зиялы қауымы буржуазиялық демократия талаптарына сәйкес саяси күрес тәжірибесін жинады. Бұл парламентке – Мемлекеттік Думаға сайланып, оның жұмысына қатысу, фракцияларда жұмыс істеу, газеттер мен кітапшалар арқылы саяси насихат, талаптар қойылған хаттар тапсыру әрекеттеріне ұласты. 1917 жылы Алаш қозғалысы екі съезд ұйымдастырып, Алашорда Үкіметін тағайындап, әскер жинады. .Алаш әскері әлсіз болған жоқ, бірақ Кеңес Өкіметі әскері тым тәжірибелі, соны үлгідегі қаруланған әлемдегі ең мықты армия болатын, сондықтан да жаңадан құрылған Алашорда әскері жеңіліс тапты.

6) Алаш-Орда үкіметі 2 жыл үш ай өмір сүрді. Алаш-Орда бірнеше мәжбүрлі қадамдарға барғанын да мойындауымыз керек:

а) Жергілікті өктем билікті мойындап (Омскідегі Сібір үкіметіне, Орынборда билікке келген Дутовқа) тек автономия талабын орындамақ болды;

ә) Елде қазақ үлесі 60 пайыздан көп болғанымен, қалада қазақтың үлесі жоқтың қасы еді.Бұл жағдай Алаш-Орданың жеңілісінің алғышарттарының бірі болды;

б) Алаш-Ордашылдар Кеңес Үкіметімен ымыраласпақ болып келіссөздер жүргізіп – Кеңес Үкіметінің басшылығын мойындап, Қазақ автономдық Кеңес республикасын құруға да бел шеше кірісті. Осылайша қазақ елінің шекарасы, автономиялық статустағы легитимді Үкіметі, ұлтаралық құқық теңдігі айқындалды;

в) Алаш-Ордашылар Кеңес Үкіметінен рақымшылық алғаннан кейін, білім мен халық ағарту ісіне кірісті. Алаш қайраткерлері бұл еңбегі жемісті болды.

г) Алаш-Орда қайраткерлерінің бір тобы Қытайдың Шығыс Түркістан өлкесіне өтіп, сол өлкенің қазағына алаш идеяларын насихаттады. Бір топ алаш қайраткері Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Түркістан легионында болды. Олардың ішіндегі Мұстафа Шоқай Батыс Елдерінде белгілі персонаға айналды;

д) Кезінде мәдениет саясаты Институтында істегенде біз Алаш-Ордашыларды фотосуреттерін жинауды мақсат қойып, алаш қайраткерлерінің ұрпақтарымен хабарласытық. Менің жеке басымның байқауымша, Алаш орда қайраткерлерінің ұрпақтарының басым көпшілікгі орыстанып кетіпті, кейбіреуі тіпті орысқа айналған. Кейбір ұрпағы (аты- жөнін айтпайын) крест тағып жүр. Оның себебі алаш зиялыларының орыс пен татарлармен аралас некеге тұруы. Репрессияланған алаш зиялылары орыстануы сол заманның бір зардабы десе де болады.

Алаш қайраткерлерінің еңбегі зая кеткен жоқ, қазір олардың демократиялық буржуазиялық дәстүрі жалғасын табу керек. Бірақ қазіргі депутаттар корпусында орысшылдық басым, бұл жағдайды барлық басқарушылық элита мен истеблишментке қарата айтуға болады. Маған қазір алаш зиялылары қалдырған саяси дәстүр – ұлтшылдық пен ұлтжандылық жалғасын таппай қалған сияқты болып көрінеді.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

 

 

28 пікір
Солмагуль топай 2017-07-17 22:22:22
Алмагуль апайым түйе мен сиырды ажырата алмай ақыл айтып, шұбыртпалы, ешкімге түсініксіз уағыз оқитыны қызық екен.
Алмагүль апай 2017-07-17 02:12:58
- Анар қарағым, түйенің құмалағын көптеп үйіліп ,желмен,судан жермен жексен болғанын көріп жапасы деп ойлағаным ғой,сиырмен теңегенім екен онда, ол жағын ,түйені ренжітіп,силап жазбағаным үшін, түлектің бірінен, сіз арқылы кешірім сұрауға мұрша бергеніңіз үшін мыңда бір рахмет!! Сізге ұқсап ол қасиеттілік ұлттық ойыны деп, адами тәрбиелеу ойыны деп жүру әрине қайда біздерге ,құмалағын ұстауға да шеберлігім жоқ қой әрине, әуре болмай-ақ қойыңыздар, менде ондай тектілік ойыны бар жанры болмаса да, әр уақытта адам болып қалатын мінезім бар ғой-себебі қазақпын бар болғаны. Одан да Аралдың жағдайын бәріміз түзей келе берсек қой, Құдіреттен де сұрап біліммен де,көп оқып көп тоқыған фальсафи сөздермен де,солай рухталған балаларыңмен де , сізде қоғам танудан , мемлекеттің не екенін әлі білмей жүргенімізден де 300 жыл бойы бодандауда болмас едік ,тәуелсіздіктен өркенниетті мемлекеттер қатарында болар едік, Данамыз А. Байтұрсыновта неге маған ғана шүйіліп жүрсіңдер қазағым ,не жөн сілтеген білімім жақпады осы деп кетті ғой қисық ойдың құрбаны болып. Небір акылдыларымыз мақтаныш ісімен емес, рухтанғырғыш ісімен сіздерге жат болғаны қашан әрине.. Әлі туйе құмалағымен шебер ойнауды біледі екенсіңдер, өтірікті сықпыртып айту үшін, тв ны да пайдаланып, шай ішіп, жұмақтық алмасын да қырық өтірігіңмен жерде домалатасыңдар, қолдарың жақсы ниетті жан ұялыққа жете алмай жүргеннен шығар, асыл сұлу қыздарыңды қайта мақтан тұтарлықпен жүрмей, тамаша қыздарыңды төмендетуге ғана ерлігі жоқ майдакүнемділікпен майдалана қаласыңдар тіптен, соған елтіп, өзіне айтқан сөз екенін түсінбей мәз болғанын қайтесің шіркін... қол ұру ғана қалды өнеріне мәз болып,, Шіркінай, философия рухын сақтап, әлем Қүдіреті өн бойыңа салғысы келсе, бірақ ол рухты -алманы Жұмақтада ешкімге бермей, оймен де домалатпай-ақ аузыма түс деп тіледіңдер емес пе,ішкі жыландарыңмен бірге. Қазірде сол психологияңмен жүрсіңдер емес пе, әлі де қыз көрсең тек ойың бір басқағ өзің бір басқа болып иемдене сығырая қаласың ғана міне әлі бәз баяғы шындық жақпас болар, қарияны да ескі ертегіңмен қыз ба деп шылай қаласың, тәжрибесі болғаннан да ,балдызымен домалап ойнап жүрген сен болсаң, оны сол балдызыңа ойнап уйретсейші , ойныңа риза болсындеген білімім айтсын ендеше,содан ғой жазып та үлгердім.. оны сен мақтануға балапсың тағы!!!!! Дерес мемлекеттің не екенін білмей-ақ, 300 жыл түгілі ,70 жыл дерестелген, бодандауға берілмейтін ақылымен Қытай мен Жапондай бола алмай- бақуаттылығың мен құндылығың көп болса да жинай алмай, тылсым дүние күші енді көзіңді ашып,бейімдеп,қашап еді . Сол жек көрген адамдарың арқылы еді, бұл жарық өмірге бір- бірін адамгершілікпен,имандылықпен түсінсін деп бұл Жерге жіберіп еді . Ендеше Құдірет берген тәуелсіздкке шомылып-казір сол дерестіктен де тәуелсіз болып,есеңгірегендей болмысы жоқ сөз айтып, өз алдыңызға ғана саналы еншілік алғандай сөйлеп отырсыз, ... Жаман ба жақсы ма оны қыл көпірде көрерміз, кімнен кім асқанын.. тек дұрыс өмірге өмір бойы талпынғанын/ оны өз пайдаңызбен мақтаншақ ақылдылық деп ойласаңыз- кішкене де болса да шын пікірін көре алмасаңыз,не сөз онда? Есің бар болса, шынымен,асарын асап , жасарын жасаған ,ғасырға жуықтаған тура жолдан,және онымен ғана жүргеннен не сұрайсыз- тек қасиеттілігі бар болса, сіз үшінқызық жол емес қойәрине ол,Лев ТОЛСТОЙ АТАМЫЗ айтпақшы!!? Одан да сізбен ойы да бойы дапара -пар артығымен Балбыраған балдызыңыз үтысыңызды бере аладығой, сонымен ғана әлі бәз баяғы күшті болсаңызда, жаңарта алмай жүрген АРАЛДА дөңбекшіп ойнай беріңіз, қалғандарымыз соны да бақыт деп қуана берейік!! Ау жастар, беспредел ортада домаланған жаны жоқ,алдын ала сценарий заготовкасы болған - алманың және ол тептегіс миында жасап алған заготовкаға да тіптен ұқсамағандықтан да , әйелдің заттысын да теріс пиғылмен қисайтсаңда ,теріс әрекеті болмасада ойлап тапқан сценарий қозғалыстарыңа Нобель премиясын беретін шығар енді тағы да деп ғасыр бойы аспанға қарап, ондай теңеп алған жұлдызыңыз одан сайын жарық жұлдыз болсада алыстықтан көзің талып жетпегеннен көрінбесе,ол кіналы емес қой , әрине ойлап тапқан мифтелген ертегі,шансоныңды манаусырап тоя жұтып ғана айтыпжүре бересің онда. Тағы мәңгілік қайтадан еліңді сықырлаған бесігіңе бөлеп ұйықтатқанды ғана біліп, өтірігіңмен бөлей беруге ғана ұста болайық ендеше!!! Кешіріңіздер өздеріңізде білесіздер ол топты, сіздер емес, еңбектеп тапқан еңбегіңіз сондықтан да бағаланылауда мемлекетпен,халықты шаршамай дұрыс жолға салумен жүрудесіздер әрине .
Жездесі 2017-07-16 21:04:49
Анар балдызым, Алмагуль апайыңа біздің Аралдың түйенің құмалағын қуалатып ойнайтын бильярдын үйретуге әзірмін. Оны Аралдықтар Америкәнский гольф по Аральски деп атайды. Оны столға салып қуаламайды. Аралдың құмында жігіт пен қыз домалатып, сексеуілмен ұрып, әдейі елден жырақ құмға кетіп ойнайды. Алмагуль апайыңа ол ойынды үйретейін, әзірмін.
Алмагуль апайға Анара 2017-07-16 19:10:30
Апай, Жалмагуль Жапайды қатты жазғырыпсыз, дұрыс шығар, бірақ өзіңіздің де айтқан сөзіңізді ешкім түсінбейді ғой. Дерес мемекет деген не, скульптура қашаған дегеннің дерес мемлекет дегенге қанша қатысы бар, айтыңызшы? Сонан соң , апай, біздің Арал өңірінде түйе көп, түйеде жапа болмайды, ол жапа тастамайды. Ол ірі ірі құмалақ тастайды.Сенбесеңіз Аралға келіп көріп кетерсіз, есесіне шұбат ішіп, ескерткішке бір дорба түйенің шудасы мен кепкен құмалағын ала кетерсіз. Қазақ оны бұрын бильярд ойынына пайдаланған көрінеді. Ішіңіз пысқанда сізде домалатып ойнап көрерсіз. Менің жездем сондай ойынды жақсы көреді.
Алмагуль апай 2017-07-16 18:44:32
Ойдәйт шіркін!! Сіздің жалпиған уйреншікті иықтас болған , жаттау ғана сөзі бар,түйенің жапасындай, өзін өзі таңбалап сөйлегіштіңің шебері болғансынып,біреудің дұрыстығы,достығы бар перспективалы көлеңкесі де ,тырнағы да бола алмай қызғана қалатын , ішіне грамм қасиеттілігі симай , жарылып кете жаздағаннан әрине , жындыханаға керексіз , шақырсақ шақырайық онда сізге көлік дайын, АЛМАГҮЛЬДІҢ КӨЛЕҢКЕСІДЕ БОЛА АЛМАСАҢЫЗ ҚАЙТЕМІЗ. ЖАЛМАГУЛЬ БОЛЫП ҚАЛА беріңіз,себебі сіздің ғана 2017-07-16 13:31:47 осы куні азан шақыртып өзіңіөге ат қойдырып қалап алған меншікті подписіңіз ғой.. Оны бүкіл әлем көріп тұр емес пе!!
Жалмагуль Жапай 2017-07-16 13:31:47
Ойпырай мақтаймын деп пе, ақылдылығын көрсетпек үшін бе "сайраудың" да неше түрлері болады екен: "Құдіретіміз шексіз энергиясымен қазақ өмірінің, өмір бойы скульптурадағы күрделі піроцесстердегідей қашала отырып, өз алдына ДЕРЕС мемлекет болуын, ДӘЛ ЕСЕПТЕУ ТАРИХИ КҮРЕСТЕРІМЕН өтей отырғызып..." АХ, ОЙБАЙ-АЙ, ЖЫНДЫХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІН ШАҚЫРЫҢЫЗДАРШЫ ҰШЫҚТАП ЖІБЕРСІН МЕНІ...
Алмагуль апай 2017-07-16 01:50:50
...авторымыэ Әзімбай Ғали, әлем күшінің иесі Құдіретіміз шексіз энергиясымен қазақ өмірінің ,өмір бойы бірте -бірте скульптурадағы күрделі процесстердегідей қашалай отырып, өз алдына дерес мемлекет болуын , дәл есептеу тарихи күрестерімен өтей отырғызып, жаңа мемлекеттегі жаңа қазақтарды ойлап тапқаны болар-оның аты әрине эволюция деген еді деп отыр екен, пікіріміздің басқа артықшылығы да сонда болып отыр, сол ғана әрине ...
Алшын Атырау 2017-07-15 09:21:01
Қу түлкі ірімшік тістеген ала қарғаны мақтапты "Бұлбұлым, үніңді бр тыңдауға зармын мен" деп...
Рузаға сүр бойдақ 2017-07-14 10:44:25
Ой, тамаша жазыпсыз, бұл аралас неке деге пәле ғой, мен бойдақпын, қазақтан басқаға сіз айтқандай үйленбеймін, сіз қалайсыз, бойдақ деп естіп едім ?
Ерланға Татар 2017-07-14 10:05:55
Оу, малай, қоясы керек қой.Алашордаңды үйреткен адам қылған татар мен башқұр. Енді бір біріңді жеп, кімді жалмауға білмей отырыспа? Алашордаңды адам қылған олардың орыс - татар қатындары ғой. Нағашыларды силас керек. Олар болмаса алашорда деп оқығандарыңның бәрі қой бағып маңырап кетер еді. Бөкейқаныпты адам қылған оның орыс қатыны., Байтұрсыныптты адам қылғаан оның орыс қатыны, Әуезіпті адам қылған оның ебірей-орыс қатыны, басқасын айтуға ұялдық. Өздәрің санап шықыңдар.
Алашорда 2017-07-14 09:54:17
Мене сондай ұялам алашорда үшін өз қазағын өзі Кәлшәкка, Дөтіпке, Көтіпке, Толстопқа, Тенікинге, Әнненкопқа сатқан алашордашылар үшін. Алашорданы мақтап қазақты қорламаңдар,алашорда баяғыда керексіз болып күресінге кеткен. Оны қоздырушылар бүгінгі қазақ қоғамын әдейі бөліп жарып, қырқыстырып бірін бірі өлтіруге айдап салушылар. Маған алашордаң текке қажеті жоқ, кірес тақпақ түгілі шошқа боп үріп кетседе.
Руза 2017-07-14 03:38:22
Мінекей аралас неке! Неғұрлым өздері қазақ құндылықтары үшін күресті, соғұрлым ұрпақтары соны кері қайтаруда...Бұл нағыз ата аруағын таптау. Бірақ аталары өздері соны тілеп алғандай. Орыстан қатын алғанның нәтижесінде... басы бар, өзінің аз ұлт екенін ойлап, оның жоғалып кетпеуіне жұмыс жасайтын бір де бір қазақ, қазақтан басқаға үйленбейтініне сенімім мол!
Ерлан 2017-07-13 12:28:00
Мен автордың бұл мақаланы неге жазғанына таң қалып отырмын. Аты дардай "Алашорда қайраткерлерінің кейбірінің ұрпақтары крест тағып жүр" ау олардың кім екенін оқырмандар білмесе онда бұл мақала кімге керек. Рас қазақ зиялыларының 80-90 пайызы орыс, татарларды қатын қылған. Қазақ қыздары теңіміз емес, оқымаған деп менсінбеген. Басқа ұлттан алса білімі, мәдениеті көтерілетіндей болған. Ақыры не болды. ұрпақтары крест тағып, шошқа тағалап кетті..... Айналып келгенде барлығы өз ұлтымызды сыйламаудан....
adamfeigelesfirm 2017-07-13 06:31:54
= Міндетті емес, егер сіз өзіңізге ұнайтын болсаңыз, онда сіз өзіңізге қажетті ақпараттарға ие боласыз. Puedo pedir préstamos € 1,000-ден 80 000 000,00 евроға дейін. Мәселен, 3% -дан астамы өздеріне арналған, тәуелсіздік туралы шешім қабылдады. 1-30 аптаға дейінгі аралықта сіздермен бірге жұмыс істеуге болады. Әуесқойлыққа қатысты хипотекариялар, инверсияларға арналған преамбулалар, автомагистральдарға арналған преамбулалар, жеке тұлғалар туралы престаттар, жеке тұлғалар туралы ақпарат, тіркелу және тіркелу, сондай-аkқ, кез-келген сайтқа кіруге болады. Артықшылығы жоқ, ешкімнің қолы жетіспейді. Dïgale-дің бастамасы бойынша, ол тек қана жеке-дара емес. электрондық пошта: Adamfeigelesfirm@yahoo.com Клиенттердің ешқайсысы жоқ
Шыңғыс төре 2017-07-13 01:31:28
Не болды сонша ши бөрідей шулап ?? Алаш болмаса басқа амалы табылар ұры жемқор ашкөз жер сатқыш жер бергіш сатқын биліктен құтылу. Сендерше төренің бəрі идеал болу керекпе? Құлдық санадан құтылыңдар. Төренің хан болатын төресі бар.
Арлан 2017-07-13 01:01:05
Менен кейінгі 8-шінің айтқандарының жөні бар. Алашорда партиясы Батыс (Жымпиты, Орал), Шығыс (Семей, Омбы), Оңтүстік (Сырдария, Түркістан), Орталық (Ақмола, Атбасар) болып төртке бөлініп, жеме-жемге келгенде ортақ келсімге келе алмаған. Осы себепті қазақтар бөлек үкімет құра алмады. Бұлардың басшылығында оқыған төрелер де болғаны рас. Айналып келгенде олардың соңына төрелердің өздерін салып қойған .Алашорданы аз жылда алауыздығымен құлатып тынған.
Алшын 2017-07-13 00:27:39
Өте нашар, жібі бос мақала. Осыны да "атақты" саясаттанушы жазды ма. Мұндай мақаланы ауылдағы шалдар да жазады. Бұрынғы азу тісі де жоқ. Билікке емес , халыққа қарап үре бастағанын ба дейсің.
Қызық 2017-07-13 00:14:35
https://www.youtube.com/watch?v=--5rL8nNkZE
Халықтың жағдайы осы 2017-07-13 00:00:45
https://www.youtube.com/watch?v=rxaDYOc373k
Жарбұлақтың Көк Бұқасы 2017-07-12 22:58:32
Әзімбай айтпаса біз айтайық, Кенсары ханның шөбересі Кенсарин деген ұлтбұзар қазір Екібастұз қаласында бас поп.
Че деген масылға 2017-07-12 22:04:16
Алаш дегенді тоқсаныншы жылдары бір ақыл естері толық емес бес жігіт партия етіп құрдық деп боқзалдың басында айқайлап жүретін еді ешкім жоламай құрыды ғой. Енді ондай бәртия құрам дегендер қолдау таппайды, мәмбеттіктің тағы бір көрінісі дейді, ешкім оған кірмейді.
Че 2017-07-12 21:05:34
Алашшыл емес өтің жарылып кетіме ашулысыңғо??? )))
Алашшыл емес 2017-07-12 20:15:29
Алаш деген ортағасырлық ұғымды түп тамырымен балтамен шауып, отқа қарып құрту керек. Алашорда деген аумалы төкпелі кезеңде өмірге келген, не істерін білмей, патша өкіметін, орысты жақсы көрген, орыстың Колчагін, Дутов, Сутовын пір тұтып, өз қазағын өзі аттырған, Сәкен сияқты қайраткерлерін атаман Анненковтің азап вагонына тығып, қинаған, азаптаған адасқандар. Өздері төре мөре қан болғысы келгендер. Ол алашорданы тоқсан процент қазақ қабылдамағанын, тіпті білмегенін неге жасырып, мына Әзімбай Ғали өтірік ертегіні көйітеді ? Өстіп өтірікті, қисынсыз бірдеңені қоңсытпаса Ә.Ғалидың ішкен асы ішіне батпайтынын білеміз. Қазір сол азамат соғысы жағдайы қайта туса, тура сол бұрынғы жағдай қайталануы сөзсіз, тек орыстың орнына АҚШ МАҚЫШ сияқты сұмырайлар қазақтың бүгінгі байларын қуыршақ қылып ойнататынына күмән жоқ. Сондықтан қазаққа алаш деген сөзді ұмытып, садақа беруі керек орта ғасыр ұғымынан құтылғанына. Алаштың орнына ҚАЗАҚПЫЗ деп ҚАСҚАЯ БІРІГУІ КЕРЕК.
Алаш 2017-07-12 18:57:22
Азғындықты көзге шұқып айта алмайтын себебіміз адамгершілік, айаушылық емес азғындыққа толы заманда жасап отырғанымыздан.
Алашшыл қазақ 2017-07-12 17:25:43
Қазір алаш зиялылары қалдырған саяси дәстүр – ұлтшылдық пен ұлтжандылық жалғасын таппай қалғаны рас!!!Өйткені ширек ғасыр бойы билікте комсомол мен партияның тәрбиесінен өткен ұлтсыз тұлғалар басқарып келеді. Халықты алдауды ғана білетін, ұлтшылдыққа жаны қас партноменкулатураның өкілдері биліктен кетпей ешқашан қазақ ұлты шынайы өркендеуге қолы жетпейді!
Алашты айтамыз-ау... 2017-07-12 16:54:41
Алашты айтасыз-ау, осы бүгін көзі тірі Тәуелсіз Қазақстан идеологиясын жасадық деп жүргендердің ұл-қызы да басқа дінге кіріп кеткен жоқ па? Ұлт тарихын көркем жазған тұлғаның да баласы басқа дінде. "Қазақ тарихын жасадым!" деп, мұхит асқан ағамыздың немересі тек ағылшынша шүлдірлейді екен, ертең ордан туғандар қай дінде болады?..
Адам 2017-07-12 16:45:30
Әзеке, жұмбақтап не керек. Орыстанса орыстанғандарының, шоқынса шоқынғандарының атын айту керек қой. Ондайлар айналамызда қаптап жүрген жоқ па? Кейде көтеншегің жіңішке екенін өстіп көрсетіп қоясың.
Че 2017-07-12 16:16:50
Алаш партиясын қайта құрып бүгінгі билікке қарсы тұру менің мақсатым.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21536