Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Енді қайттік?.. 20031 24 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 19:52

Мемлекеттік тілді талап еткен түрік тілшісіне айыппұл салынды

Эйр-Астана ұшағындағы жолсеріктен мемлекеттік тілді талап еткені үшін түрік тілшісі Оғыз Доғанды полицей ұстап әкетті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Қазақ мемлекетінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған шетел азаматына 6800 теңге айыппұл салынған.

Эйр-Астана ұшағы біріншіден, халықаралық дәрежедегі тілшінің алдында мемлекеттің абыройын айрандай төкті. Өйткені, Оғыз Доған әлеуметтік желіде таратқан видеосында компания қызметкерлерінің бір ауыз сөз қазақша білмейтіні анық көрініп тұр. Бұл қызметкерлер Эйр-Астана компаниясына қалай қызметке қабылданған? Мемлекеттік тілден емтихан тапсырған ба? Тапсырса, неліктен талап етілген кезде қазақша сөйлемейді?

Екіншіден, түрік азаматының қазақ тілін талап етуі біздің қоғамдық санаға үлкен соққы болып тиюге тиіс. Қазақстанның кейбір кертартпа азаматтары қасақана үйренбей жүрген тілімізді өзге елдің азаматы біледі. Демек, Оғыз Доған - мемлекеттің досы. Эйр-Астана Елбасының тапсырмасынан бас тартып, Ата-Заңымызда жазылған заңдарды аяқ асты етіп отырғандықтан - мемлекеттің жауы. Бұл эмоциясыз айтылған сөз. Егер де түрік журналисіне компания қызметкері қазақша сөйлеген болса, оның видео-жазбасын жарияласын. Сосын, тілшімен тілдескен компания қызметкері бүкіл жұртшылықтың алдына шығып, ең азы бес минут мемлекеттік тілде өз ойын айтсын. Егер де бес минут мемлекеттік тілде сөйлей алмаса, осындай қызметкерді қызметке алғаны үшін Эйр-Астана заң алдында жауап беруін талап ететін боламыз.

Үшіншіден, Oğuz Doğan өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жолсеріктен қазақша сөйлеуді талап еткені үшін оны полиция ұшақтан түсіріп алғанын және 6800 теңге айыппұл салғанын жазды. Шетел азаматына біздің мемлекеттік тілді білгені үшін айыппұл салғызуы - бүкіл қазақ ұлтының, жалпы қазақстандықтардың мүддесін ескермеу деп білу қажет. Елдің мүддесімен санаспайтын компания жұмысын тоқтату керек.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052