Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Көкжиек 7144 87 пікір 20 Қыркүйек, 2017 сағат 14:45

«Латын әрпі  - ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті

 

Біз  жылдам да,  өзгермелі, динамикаға толы заманда   өмір сүрудеміз: атқан әрбір таңымыз тосын жаңалық әкеліп, оған бейімделуді, мәселелер болса, шұғыл шешуді талап етуде.

Әлемдегі  болып жатқан өзгерістердің легі  шапшаң. Біз жоғары технология мен ақпараттар әлеміндеміз, бұл жағдай бізден тез іс-қимылдар ғана емес, уақыттан оза іс- әрекет жасауды талап етеді.

Сондықтан біз, бүкіл азаматтарды, ұлттық кодымызды сақтау және өзіндік сана-сезімімізді дамыту тәрізді бірінен бірі ажырамас  ұғымды байланыстыра отырып, алдыға қойған мақсат пен мұрат көкжиектерін кеңейтуге шақырамыз.

Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновация мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады.

Біздің балаларымыздың осындай  жылдам да, өзгермелі уақытта  өмір сүруге қабілетті  болуы жеткіліксіз, олар  осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.

Сондықтан да, латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін  жаңа  атрибут деп санаймыз.

Бүгінгі елімізге  ұлтты жұмылдыра алатын, замануи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет.

Бұл жерде біз мәдениет пен өнер, әдебиет пен кино, музыка мен шынайы шығармашылық саласын бірінші кезекке қойып айтып отырмыз.

Латын қарпін енгізудің  ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр!

Жаһандану процессі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін де көрсетуде!

Осындай рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарышты даму үшін әрдайым даму үстінде болуымыз шарт.

Біз әлемдік мәдени кеңістікте рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек!

Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады!

Сонымен бірге, біз бұл процесті кешенді ғылыми таразыға салып,  барша халықпен кеңесе отырып,  жүйелі түрде өмірге ендіру қажет деп есептейміз.

Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми-техникалық, қаржы-экономикалық  айналымға  ену жолындағы   «рухани лифті», іргетасы болмақ.

Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан,  латын қарпін қолдаймыз!

Болашағыңа ат салыс! 

Әбдіғали Берік

Әуесбай Қанат

Бапи Ермұрат

Байтоқ Ғалым

Байғұлов Төлеген

Бекқожин Исламбек

Елеукен Есен

Домбай Қуат

Қалиев Талғат

Қосанов Әміржан

Кисиков Бекнұр

Мәмбетов Серік

Лоскутова Оксана

Орынбек Айгул

Ошақбаев Рахым

Рожин Максим

Тайжан Мұхтар

Төлібаев Марат

Сарым Айдос

Саиров Ерлан

Сәтжан Динара

Досумов Нұрлан

Споткай Максим

Шөжеева Әзиза

Abai.kz

87 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052