Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жөн-ақ 11697 81 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 10:32

Жаңа қазақ-латын әліпбиі былай болу керек

 

Мен қазақ-латын әліпбиін сонау 1993 жылдан бері зерттеп келемін. Зерттеу нәтижелерінің негізінде газет-жұрнал беттерінде бірнеше мақалалар жарияладым. Қазақтың қай дыбысына латынның қай әрпін таңба етіп аламын дегенді көп ойландым. Біріншіден, латынша әріптердің қолдануға (оқуға, жазуға) қолайлы болу жағын, екіншіден, оларды балаларға, шетел азаматтарына үйретудің оңай болу жолын қарастырдым. Енді, міне, жобамның соңғы нүсқасын көпшіліктің талқысына ұсынып отырмын.

кесте

реті Қазақ-кирилл Қазақ-латын Қазақша айтылуы
1 А А A
2 Ә Аh Ә
3 Б В БЫ/БІ
4 Д D ДЫ/ДІ
5 Е E Е
6 Г G ГІ
7 Ғ Gһ ҒЫ
8 Ж J ЖЫ/ЖІ
9 З Z ЗЫ/ЗІ
10 Й I ЫЙ/ІЙ
11 К K КІ
12 Қ Q ҚЫ
13 Л L ЛЫ/ЛІ
14 М M МЫ/МІ
15 Н N НЫ/НІ
16 Ң ЫҢ/ІҢ
17 О O О
18 Ө Ө
19 П P ПЫ/ПІ
20 Р R РЫ/РІ
21 С S СЫ/СІ
22 Т T ТЫ/ТІ
23 У W ҰУ/ҮУ
24 Ұ U Ұ
25 Ү Ү
26 X X ХЫ
27 Ш C ШЫ/ШІ
28 Ы Y Ы
29 І Yһ І

 

Бұл нұсқаны жасауда мен мынандай ұстанымдарды басшылыққа алдым:

  • Латынның 26 әрпіне сай келетін қазақ әліпбиін жасау;
  • Тек қазақ тілінің өз дыбыстарына ғана әріп (таңба) іздеу (Орыс дыбыстарына әріп іздеп әуре болмадым. Өйткені ол – орыс тілі мамандарының міндеті);
  • Жаңадан жасалған қазақ-латын әріптерін жас буын мен қазақ тілін үйренем деген шетел азаматтарына оқытудың, үйретудің оңай болу жағын ойластыру;
  • Ол үшін қазақ дыбыстарының әрбіреуін (6 төл дыбыстардан басқаларын) латынның жеке-жеке дыбыстарымен таңбалау; яғни бір дыбысты бір ғана әріппен белгілеу;
  • Қазақ дыбыстарына балама болатын латын әріптерін таңдауда құйрықты әріптерді де, үмләуітті әріптерді де, қос нүктелерді де пайдаланбау;
  • Қазақтың төл дыбыстарының қасына әліпби құрамында жоқ, бірақ пернетақтада бар Һ белгісін қою (Бұл қазақ тілі үшін әріп емес, шартты белгі. Ол оқылмайды. Тек дауысты дыбыстардың қасында тұрса – жіңішкелікті, дауыссыз дыбыстардың қасында тұрса – жуандықты білдіреді), т.б.

Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, мен латынның А, О, U, Ү дауыстыларының қасына латын графикасында бар Һ белгісін қою арқылы қазақ тіліндегі Ә, Ө, Ү, І деген жіңішке дауыстылардың латынша таңбасын, ал латынның G, N дауыссыз дыбыстарының қасына тағы да сол Һ белгісін қою арқылы олардың жуын сыңарларының (Ғ, Ң) латынша таңбасын жасадым. Нәтижесінде қазақтың 29 дыбысына таңба ретінде латынның 24 әрпі ғана пайдаланылды. Кейбір мамандардың «латынның 26 әрпі қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға  жетпейді» деген лепірме сөздері айдалада қалып, керісінше латын әліпбиінде бар  V, F таңбалары (әріптері) артылып қалды.

Айта кететін нәрсе: Парламентке ұсынылған жобада қазақтың Ы, І дыбыстары латынның әртүрлі таңбалырымен белгіленіпті. Бұл дұрыс болмаған. Себебі қазақтың төл дыбыстарының бәрі (үнділерден басқалары) жуанды-жіңішкелі болып жұп-жұбымен бірге жүреді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ-латын әліпбиіндегі Ы мен І дыбыстарының латындық таңбаларын бір-бірінен алшақтатуға болмайды. Олар ұқсас таңбалармен таңбалануға тиісті (біз оны солай істедік). Бұл оларды балаларға айтқызып, жазғызып үйретуде теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ыңғайлы болады.

Егер біз жасаған осы нұсқа үкімет тарапынан қабылданып жатса, біріншіден, қазақ тілінің дыбыстары мен әріптерін жас буынға, шетел азаматтарына үйрету оңай болады, екіншіден, латын әріптеріне ешқандай қосымша таңба қосылмайды, үшіншіден, жаңадан жасалған осы әліпби арқылы қазақ қауымы дүниежүзілік интернет жүйесіне еркін қосыла алады.

Байынқол Қалиұлы – филол. ғыл. докторы, проф.

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Abai.kz

 

81 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969