Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 5765 11 пікір 24 Қыркүйек, 2017 сағат 14:25

Депутатымыз "жеңгетай" болып шықты

 

Қостанайда жергілікті биліктің абыройын айрандай төгіп, беделін белден төмен түсірген тосын бір оқиға болып жатыр. Тіпті айтар ауызға ұят. Облысымыздың кеншілер қаласы атанған Рудный шаһарындағы мәслихат  депутаты, «Нұр Отан» партиясының осындағы білдей бір мүшесіне «жеңгейтайлық» жасады деген айып тағылып, үстінен іс қозғалуда. Бұны естіген ел іші гулеп кетті. Енді қайтсын,  екі күннің  бірінде мәслихат депутаты ұстала бермейді ғой. Екі күннің бірінде мәслихат дептутаты әрі билік партиясының мүшесі «жеңгетайлық» бизнесін дүрілдетіп, өзінің тікелей қызметінің сыртында күреп ақша таба бермейтін шығар.

Хош, сонымен көркіне көз тоятын сылқым сұлу Юлия Каралаштың интернеттегі аккаунтын ашып қарасаңыз, бейне бір сұлулуық әлеміне кіріп кеткендей сезімге бөленесіз. Жалаңаш демесеңіз де соған жақындау бикештер мен осындай жас қыздарды шетелдегі жалақысы өте жоғары жұмысқа шақырған хабараландырудан көз тұнады. Сондай-ақ Юлияның Karalash Fashion Company-сынан неше түрлі сәнді киім, бижутерия, косметика секілді бірден көз тартатын дүниелерді молынан табасыз. Дәл осы ВКонтакте тобында жас қыздарды жұмысқа қабылдау мен жаңа түсілімдер де жарияланады екен. Ал бірқатар хабарландыруларынан бойжеткендерді шетелге жалақысы тым жоғары жұмысқа шақыруды да аз кездестірмейсіз. Олар негізінен Араб Әмірліктері, Бахрейн королдігі, Сингапур, Қытай мен Түркия секілді елдер болып келеді. Келісімге келген клиенттерге жаңағы «жұмыстың» қыр-сырлары ептеп айтылады да. Мәселен, байлардың қасында жүру, яғни бизнес тілімен айтқанда «элитный эскорт» екі-үш аптаға ғана созылып, табысы 5 мыңнан 10 мың долларға жетіп жығылатын көрінеді. Депутат әрі партия мүшесі атанған «жеңгейтайымыз» кейбір күдік келтірген қыздарға бұл бизнестің әбден дамығандығын, бәріне де кепілдік берілетіндігін құлақтарына құйып бағыпты. Алайда ол «кепілдіктің» қандай дүние екендігі жайлы ештеңе дей қоймаған. Сірә, депутат әм сылқым бикеш «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» дегендей, бұның қандай «кепілдік» екенін есі барлардың бәрі ұғынар деп ойласа керек.

Қостанайдағы кейбір журналистер депутат «жеңгетайдың» хабарландыруларының өтірік-шындығын анықтауға ерінбеген екен. Олар Дубайдағы қонақүйге даяшылар, бармендер, массаж жасаушылар мен тағы басқа толып жатқан күмәнді жұмыстарға шақырулардың көп екендігіне көзі жеткен. Әсіресе ондай жерлерге алдымен шетелдік бойжеткендер қабылданатын көрінеді. Каралаштың хабарландыруларында «шетелге баратын қыздардың жасы 30-дан аспауы тиіс» деген ескертпелері де бар. Көзі қарақты оқырман бұл шақырулардың әлгіндей өзгешеліктерінен-ақ мұның астарында қандай дүниенің құлағы қылтиып тұрғандығын білсе керек.

Айтпақшы, Юлиямыз қалалық мәслихаттағы әлеуметтік саясат және экология мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі көрінеді. Экологиясын білмейміз, ал Каралаш әлеуметтік саясатты "жеңгетайлықпен айналысу" деп ойласа керек. Оның үстіне депутат деген мәртебесі бар, ол туралы кімнің жаман ойлауы мүмкін.

Депутат дегеннен шығады, Каралаш сияқты іс-әрекеті әрнемен аралас адамдар «халық қалаулысы» болып «сайланар» алдында тиісті органдары оларды неге мұқият тексермейді? Каралаштың «жеңгетайлықпен» айналысқандығына мүмкін бірер емес, ондаған жылдар да болған шығар... Қазір оны кім тап басып айтады? Бүгін бір депутат «жеңгетай», ал екіншісі рэкитер, үшіншісі кәдімгі қылмыс әлемінің өкіл әкесі шықса қайтеміз. Депутат екен, ондай-ондай болады ғой деп, көз жұмып отыра береміз бе?..

Айтпақшы Юлия Карамаш Рудныйдағы ғана емес, бүкіл еліміздегі алып кәсіпорындардың бірі – Соколов-Сарыбай кен өндірісі бірлестігінде жастар саясаты жөнідегі мәселегеге басшылық етеді екен. Енді ондағы жастарды қандай саясатқа үйретіп жүргендігін тиісті органдар анықтай жатар.

P.S. Юлиямыз кейбір имиджмейкерлерімізге тым ұнап қалса керек. Ол әртүрлі жарнамалық материалдардан түспейді. Тіпті, Сенат сайлауында да брендке айналған түрі бар. Қысқасы бар дүниеге жарап жатқан депутат. «Жеңгетайлығы», сірә, депутаттықтан тысқары хоббиі болар.

«Жақсыны көрмек үшін» деген ғой, Юлиямызбен таныса отырыңыздар деп бірер бейнесін ұсындық:

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

 

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351