Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 6454 7 пікір 27 Қазан, 2017 сағат 10:25

Бұл шешім – қазақ ұлтының рухани беталысын анықтайтын шешім

Бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті өз Жарлығымен «Елімізде латын графикасына өту» жөнінде шешім шығарды.

Бұл қадам, Қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлы әсері бар шешім. Осы шешім, Қазақ ұлтының, біздің халықтың рухани-гуманитарлық беталысын, бағытын анықтайтын бірден-бір жол.

Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновацияларды еселене пайдалану мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады. Біздің балаларымыздың осындай жылдам да, өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болуы жеткіліксіз, олар осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.

Сондықтан да, латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін жаңа атрибут. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ,  латын графикасын енгізу мәселесіне ұлт болып, қоғам болып ат салысатын уақыт жетті! Дәл қазір әр-бір азамат өз азаматтығын көрсетуі қажет.

Графика дегеніміз – қатып қалған догма емес, «көш жүре түзеледі», уақыт пен заман үрдісіне қарай әліпби де өзгеретін болады. Қазіргі мәселе, осы саяси, гуманитарлық қадамды қолдау.

Қазір бізге тұтас ұлтты жұмылдыра алатын, замануи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет. Латын қарпін енгізудің ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр.

Жаһандану процессі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін көрсетіп отыр. Осынау рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарыштап даму үшін әрдайым даму үстінде болу шарт.

Біз әлемдік мәдениет кеңістігінде рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек! Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады.

Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы «рухани лифті», іргетасы болмақ. Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан, латын қарпін қолдаймыз! Болашағыңа ат салыс!

Ерлан Саиров

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1990