Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Өз сөзі 6494 24 пікір 18 Желтоқсан, 2017 сағат 18:22

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үтір арқылы жазуға әлі ерте

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне қатысты пікір білдіріп, "Твиттер" желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады.

Дәлірек айтсақ, Сенат төрағасы қазақ тілінің латын графикасындағы апострофты нұсқасын падалануға әлі ерте екендігін айтты.

"Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апостроф" әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте", - деп жазады Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы пәрменінен кейін, әліпбидің бірнеше нұсқасы әзірленген болатын. Соның ішінде, Президенттің өзі көріп,кем-кетігін түзеткен нұсқасы - апострофты нұсқа еді.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмысымен тікелей айналысып отырған Ұлттық комиссия қорытынды шешімді әлі шығарған жоқ.

Дегенмен, үтір арқылы жазу процессін кейбір БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйымдар бастап кеткен болатын.

Айта кетейік, үтір арқылы жазылатын латын әліпбиінің екінші нұсқасы қоғамда қызу талқыға түсіп, наразылықты күшейтті.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053