Жексенбі, 22 Сәуір 2018
Алашорда 1761 8 пікір 5 Сәуір, 2018 сағат 08:45

Жанболат Мамай. Егер Алашорда жеңгенде бүгінгі күніміз қалай болар еді?

Әлгі әккі қу Әбіләзов дегенге жақтас болды, одан қалса көмектесті. Әбіләзовтің ақшасына гәзет шығарды деп айыпталып, сотталған белгілі журналист Жанболат Мамай «Алаш Ресупбликасы жеңгенде...» атты деректі фильм әзірлеп шықты. Жанболаттың жасаған фильмі жайлы жазайық.

Тарихи фильм орыс тілінде әзірленген. Кремль тіліндегі атауы – «Если бы победила Республика Алаш!» деп аталады. Өткен ғасырдағы 20-жылдар мен 30-жылдардағы ашаршылық жайлы айтылады. Жиырмасыншы ғасырдағы онжылдықта 4,5 миллион қазақтың қырылғаны жайлы айтылады. 1937-38 жылдар қасіреті, қандықол қарақшы Сталиннің репрессиясы сөзге арқау болады.

Сәбет сотының сойылына түскен 118 мың адамның тағдыры, оның ішінде ату жазасына кесілген 25 мың адам жайлы айтылады.  Қазақтың маңдай алды марғасқаларының, саяси қайраткерлерінің, көсемдерінің Сталин тепкісіне түскен тағдыры нақты деректермен баяндалады.

«Қылыз қырғын», құлдық лагерлер, ұжымдастыру кезеңі, ядролық сынақ, мәдени дискриминация. Иә, Алаш жеңгенде қазіргі күйіміз қандай болар еді? Жанболат Мамай осы сұраққа жауап іздейді, өз туындысында.

«Азаттық үшін айқас», «Қазақ демократтары мен алғашқы Конституция», «Олар Қазақстанды екінші Жапонияға айналдырмақ болды», «Алашорда жеңгенде» бұл тарихи деректі фильмнің негізгі бөлімдері. Көріңіз. Алаш тарихиына шынайы үңілген туынды.

Енді Мамай Жанболаттың өзі жайлы аз-кем ақпар бере кеткенді жөн көрдік.

Иә, әуел баста Әбіләзовтің адамы деп айыпталған Мамайдың ұлы мойындаған жоқ еді тағылған айыпты. Сол үшін сотталды. 2 жыл 5 айға бостандығына шектеу қойып, 120 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттеген. Сондай-ақ, 3 жыл басшылық қызмет жасауына да тыйым салынған. 2017 жылдың 11-ақпанында, қамауға алынған алғашқы уақытта өзін айыпты деп есептемейтінін жазып, түрмеден хат жолдаған еді.

«Жария мәлімдеме. Мен, Мамай Жанболат Мамайұлы, тағылған айыптар бойынша өзімді кінәлі деп санамаймын. Өмірімде бизнеспен, қаржылық шаруалармен айналысқан емеспін. Бұл істі саяси астары бар деп, журналистік қызметіме қысым және «Трибуна» газетін жабу әрекеті деп есептеймін» деп қолмен жазылған. Мәлімдеменің соңында 11 ақпан күні жазылғаны белгіленіп, Жанболат Мамайдың қолы қойылған. Қазір Жанболат Мамай шартты түрде бостандықта жүр. Жай жүрген жоқ. Жасаған жұмысы міне.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

8 пікір