Жұма, 22 Қараша 2024
Алашорда 7029 16 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 12:20

Көлгір саясат тәсілдері елді неге соншалықты иландырады?

ҮН ҚОСУ

«Жаңа Қазақстан» форумының бастамасына орай

Жалғасы. Басы порталымызда "Біз қазір "қуыршақ" республика емеспіз! Ақтаңдақтардың әділ бағасын алар кез келді" деген тақырыппен жарияланған болатын.

ТАЗАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІР БЕЛГІ

Шаңырақ көтеруіне кезінде «Қазақ әдебиеті» газеті де ұйтқы болған, керегесін қойысып, уығын шаншысқан Республикалық ерікті «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы бүгінде өзінің мақсат-мүддесін орындау жолындағы маңызды бір белесіне тақалып келеді. Қоғам мүшелері үстіміздегі жылғы ақпанның 16-күні бұрынғы НКВД ғимаратының қасында сталинизм құрбандары мәйіттерін жер қойнына беріп, ескерткіш қоймақ.

Сталинизм мен оның зардаптары айтудан да, жазудан да кенде емес,  бір қарағанда, бұл – жауыр болған тақырыпқа айналған, тіпті, елді жалықтыра бастаған тәрізді көрінеді. Дегенмен, адамдарды, халықтарымызды ауыр қасіреттерге душар еткен, күллі тыныс-тіршілігімізді күйзелткен  тоталитарлық жүйе мен оның пірәдарларының іс-әрекеттерінің табиғатын толық ашып түсініп алдық деп айта алмаған болар едік. Мәселен, қазіргі таңда қылмыс деген ауыр таңбамен күмәнсіз, батыл аймандалған күллі бұрмалаулар мен жазалаулар, аштық қырғыны, қарапайым адам хұқын жер ету деректерінің қай-қайсысы да кезінде бұқараның қолдауын тауып отырды. Неліктен? Жәдігөйлік пен екіжүзді көлгір саясат, ресми түрде өтірік айта салу тәсілдері елді соншалықты иландырды. Қалайша? Әрі солардың бәрі жарты ғасыр бойы мойындалмай, жасырылып келді. Мұның сыры неде? Сталинизм қалыптастырған құрылымның түрлі буындарындағы кейбір ресми мұрагерлері тап сол ескі саясат қылмыстарын әлі де қорғаштап, жартыкеш шындықтың шетін шығарумен ғана шектелуге тырысатынын, өкінішке қарай, күнделікті қоғам өмірінен әлі күнгі көріп келеміз. Себеп қайда? Адам тағдырын ойыншық еткендер арада ұзақ жылдар өтсе де толық әшкереленген жоқ, ал мұндай мүмкіндіктің болуы, яғни, әшкереленбей, айыпталмай, жаза тартпай қалудың мүмкін екендігі жаңа қылмыстарға да жол ашып қоятынын екінің бірі біле ме? Жалпы, адамдар күні кешегі теріс салдарымен әйгі мемлекеттік идеологияның жымысқы жолмен, әлі де түсін өзгерткен сталиншілдер қолымен о жақ, бұ жақта от тұтатып жүргенінен хабардар ма? Ажырата біле ме соны? Сталинизмнің түп-тамырын айқындау бүгінгі кемшілікті аша білуге, ертеңгі тірлікті баянды етуге апарарын дәл басып айыра алар кісілер көп пе? Осы тақылеттес сұрақтардың баршасына әрбір адам өз санасында қанағаттанарлық жауап таба алған жағдайда көксеген қоғамымызға жетудің алғышарты жасалса керек. «Әділет» қоғамының мүшелері осылай ойлайды. Сталинизмді бүге-шігесіне шейін әшкерелеу – адамдарды моральдық тұрғыдан қайта жарақтануға апаратын жол. Ал имандылық дарыған кісілермен шынайы демократиялық даңғылға жасқанбай беттеуіміз кәміл. «Әділеттің» бағдарламалық мұраттарын құптаған құқық қорғау органдарының өкілдері соңғы кездері сталинизм құрбандарының қабірлерін табу ісіне белсене араласып жүр. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда секілді басқа да облыстарда репрессия мен аштық салдарынан өлгендердің көмілген жерлері іздестіріліп, тиісті зерттеулер жүргізілді. Бірқатар орындарда зираттарға белгі қою рәсімі жүзеге асырылуда. Сондай істің реті, міне, астанаға да келіп қалды.

Таяуда өткен жұмысшы алқасының мәжілісінде Республикалық «Әділет» қоғамы басқармасының төрағасы Санжар Оразұлы Жандосов сталинизм құрбандарына байырғы Ішкі істер халық комиссариаты орналасқан, астыңғы қабатында талай боздақ оққа ұшқан ғимарат қарсысына ескерткіш қою жөніндегі ұсынысқа Қазақ ССР Мемлекет қауіпсіздігі комитеті мен қала өкіметінің басшылығы қолдау көрсеткенін хабарлады. Бұдан соң қаралы рәсімді өткізудің егжей-тегжейі талқыланып, қоғам мүшелері Айтжан Бутин, Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова, Мардан Байділдаев, Александр Лазарьевич Жовтис, Шота Ыдырысұлы Уәлиханов, Виктор Ильич Снитковский, қалалық  «Әділет» қоғамының төрағасы, белгілі тарихшы Кеңес Нұрпейісов және тағы басқалар түрлі ұсыныстар айтты. Сот-медициналық сараптама үшін прокуратураның қатысуымен белгісіз бейіттерден жинап алынған атылған адамдардың сүйектерін жер қойнына беру реті мен зиратқа қойылар ескерткіш үлгілері әңгіме болды.

Келешекте үлкен монумент тұрғызыларына күмән жоқ, ал әзірге, 16 ақпанда, сталинизмнің белгісіз құрбандары басына үлкен қара тас қойып, тақта орнату жобалануда. Тасқа қашалар сөздер келісілді. Жовтис ұсынған мәтін қабыл алынды. Ешқандай тыныс белгісі қойылмай, өңкей жәй әріптермен түсірілетін бұл сөздер екі тілде былай орналастырылмақ:

біздің дәуірдің қасіретті құрбан-шейіттеріне

аштықтан қырылғандардың өлі аруақ-кейіптеріне

түрмелерде азап шеккендер мен айдалып ақырет көргендерге

жазықсыз атылып өлгендерге

осы жерге қойылады ескерткіш

1991

жертвам трагической нашей эпохи

погибшим от голода

замученным в тюрьмах и в ссылках

безвинно расстрелянным

здесь памятник будет поставлен

1991

 

Қаралы-салтанатты рәсімге қатысуға өкілдер республиканың шартарапынан келер деп күтілуде. Олар, әрине, өз аймақтарындағы жазықсыз жазаға ұшырағандардың қабірлерінен топырақ ала келеді. НКВД жанында жасалмақ зиратқа алыс қорымдардан табылған атылғандардың сүйектерін әкеліп қоюға ниет етушілер де бар. Осы орайда бұл кіндік естелік орында мынандай жазуы бар  тақта орнатылады деп ұйғарылуда:

Мұнда

Қазақстан жеріндегі

белгісіз молалардан табылған

сталинизм құрбандарының мүрделері

жатыр.

Здесь покоятся

останки жертв сталинизма

из безымянных могил,

обнаруженных на земле Казахстана.

Қаралы митингте сталиндік лагерьлер азабын шеккендер, жұртшылық өкілдері, мешіт, шіркеу, ғибадатханалар қызметшілері қатысады деп күтілуде. Алдын-ала ойластырылған жөн-жоралғы, аза тұту рәсімдерінен соң құран оқылуы ықтимал. Христиан, католик, басқа да дін өкілдеріне, жалпы күллі жиылғандарға өз иланымдарына қарай имандық шарттарын орындауға жағдай туғызылады деп жобалануда. Жалпы,  «Әділет» қоғамының бұл іс-шарасы республика халқының назарын қайғылы тарихымызға аудара отырып, барша ұлт пен ұлыс өкілдерін бірлікке шақырары кәміл. «Әділеттің» жергілікті жерлердегі мүшелері бұл күнге дайындықпен келер, тарихи-ағартушылық, насихаттық жұмыстарын пәрменді түрде дамыта түсер деген сенімдеміз.

17 қаңтар 1991 ж.

 

МҮДДЕ БІР БОЛҒАЙ

Дүбірлі өзгерістер кезеңі көзқарастары әртүрлі партия, ұйым,
қозғалыстардың өмірге келуін мүмкін етті. Қаламгерлер ұйымы оған
үлкен мән бере қарауда. Жазушылар    одағы    қалам    қайраткерлерінің    кәсіби    және экономикалық мүдделерін, шығармашылық өнімдері мен мұраларын қорғайтын, шығармашылық ізденістерінің ауқымын кеңейтуге және танымал етуге септесетін, өзін-өзі қаржыландыру жолдарын, сондай-ақ халық тағдырын, мемлекет тағдырын, елдік мәселелерді де назарда ұстап отыратын ұйым ретінде өмір сүре бермек. Бұл ретте, әрине, көп іске жаңаша, уақыт талабына сай қарау керек екендігі белгілі. Ал, одақ жұмысын жұртшылық елеңдей көз тігіп отыратындай көкейдегі дәрежеге жеткізу – ішкі қүрылымды жетілдіріп, басқарма комиссиялары мен шығармашылық бірлестіктер жұмыстарына қаламгерлердің ынта білдіре қатысуына жағдай жасауға, басқа да творчестволық одақтармен, түрлі мүдделі мекемелермен өзара үйлесімді іс-шараларын ойластырып жүргізуге, сан-алуан қоғамдық қозғалыстарды жазушы парасатымен ортақ арнаға бағыттай  білуге  байланысты. Ұзақ мерзімдік бағдарламамыздағы қоғам тыныс-тіршілігінен маңызды орын алар, сөйтіп өзге шығармашыл ұйым, мекеме, саяси партиялар мен қозғалыстарды өзара жақындастырар дейтін бірер жүмыс тармағын ортаға салайык.

Қазіргі таңдағы басты парызымыз – егеменді, тәуелсіз мемлекет  болу жолына түскен республикамыздың болашағын баянды етуге атсалысу. Бұл орайдағы нақты бағдарламалық бағыт рстінде – ертең егемендік тұтқасын ұстамақ бүгінгі жас азаматтарымызды тәрбиелейтін пәрменді көркемсөзге кең жол аша берген жөн. Кіші буынды терең иланымға ие етіп, көпұлтты халқымыздың бірлігін, теңдігін, достығын сақтау идеяларына адалдық рухында қалыптастыруда көркем тарихпен тәрбиелеудің маңызы зор. Мұндай мақсатқа қызмет ететін белестер халқымыз өткен жолда аз емес. Тарихқа сіңірген еңбектер тарихи қайраткерлердің бүгінгі күн биігінен саралағанда не істемегеніне қарап емес, өздерінен бұрынғылармен салыстырғанда жаңа не істегендеріне қарап бағалануға тиіс деген қағиданы Ленин айтқандықтан емес, әділ сөз болғандықтан шын мәнінде басшылыққа алар кез жетті. Кезекті құрылтайдан кейін одақтың өткізген тұңғыш іс-шарасы –репрессия тамұғынан қайтарылған қаламгерлерімізге ас беру болды. Имандылыққа, бірлікке бастайтын бұл қадам жалғасын таба беруге тиіс. Сталиндік-голощекиндік алапат ашаршылық құрбандарын аза тұтып, еске алатын күнді Жоғарғы Кеңес төралқасы белгілеп берді. Республика боп ас беретін бұл күннің мәнін ашатын танымды сөздер Қазақстан әдебиеті жасалатын бес тілде де жария боп жатса – барша ұлт пен ұлыстың ортақ мақсатқа бірлесуінс кепіл болары сөзсіз.

Қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының бел ортасында қай кезде де публицистер, ақын-жазушылар жүргені мәлім. Олар, алаш құрылтайы хаттамасында келтірілген тізім бойынша атап айтқанда – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Міржақып Дулатов секілді  қалам қайраткерлері,  қозғалыстың сол кездегі биік шыңы болған тарихи Екінші жалпықазақ кұрылтайын үйымдастырып, өткізді. Құрылтай Халық Кеңесінің құрамына Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқаев, Халел  Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Оқу комиссиясының құрамына Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Телжан Шонанов тәрізді, кейін «үлкен террор» құрбаны болған әдебиетші-ғалымдарды сайлады. XX ғасырда қазақ   халқының елдік мәселесін шешуге түңғыш ірі көлемде, заң жүзінде талпыныс жасалған сонау 2-құрылтайдың 75 жылдығы келе жатыр. Күні кешеге дейін шошынып келген сол тарихи оқиғаны өз мәнінде, тарихи мерейтой ретінде атау ләзім. Қазақтың мемлекеттілігін қалпына  келтіруге сол тұстағы революциялық-демократиялық ой тұрғысынан, нақты әрекетімен көрінген халық ұлдарын әдебиет, кино, сахна, музыка, сәулет, мүсін өнерлері тілдерімен елге таныта беруге мұрындық болған жөн, өйтксні бұлар қазіргі таң талабынан туындайтын қажеттілік. 2-жалпықазақ съезінің материалдарын жариялау, шешімдеріне, одан
кейінгі оқиғаларға түсінік беру – бүгінгі ахуалымызды айқын ұғуға
жәрдемдесетін шара.

Республика азаматтарының мемлекеттік сезімін ұштай түсуге
мемлекетіміздің негізі қаланған кезеңнен танымды туындылар беру оң
әсерін тигізер еді. Бірін-бірі алмастырған империялар ыдырап біткен соң, ХV ғасырда,  1465 жылы қазақтың тұңғыш дербес, тарих сахнасына Қазақстан атын иемдсніп шыққан тәуелсіз мемлекеті шаңырақ көтергенін айрықша мән бере насихаттайтын шақ туды. Қазақ мемлекетінің құрылғанына 530 жыл толады. Осы маңызды мерекені 1995 жылы атап өтуді насихаттық тұрғыдан қамтамасыз етуге осы бастан күллі творчестволық одақтарды, шығармашыл күштерді жүмылдыра алсақ – жас ұрпаққа азаматтық көзқарас пен патриоттық сезім телитін тәрбиелік мәні зор көркем-танымды шығармалар қатарының көбеюіне жол ашылады. Қазақ мемлекетінің 530 жылдық кедір-бұдырлы жолындағы айрықша іздерге шығармашыл күштер назарын аудару мақұл. Солардың бірі – жоңғар мемлекетінің халқымызға ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қасіретін әкелген 1723 жылғы сұрапыл шабуылының 270 жылдығы. Ол – қазақты ауыр қайғыға батырған жыл туындысы, қаралы салтанатымен баршаға әйгілі азалы ән – «Елім-ай» гимнінің 270 жылдығы. Ол – басқа түскен қайғы-қасірст пен қан жылатқан зарлы ән бүкілхалыктық ажалдан құтқарар ерек те дара жол ретінде нұскаған бірлесу, ел бірлігін қастерлеу, азаттық жолында күш біріктіру идеясының 270 жылдығы. Осы орайда 1726 жылы қазақ астанасы Түркістан шаһары маңындағы Ордабасы биігінде өткен ұлы кеңес пен оның басқыншыға қарсы шайқасатын қазақтың біріккен қолын құру туралы тарихи шешімін айрықша мән бере насихаттау парыз. Біріккен әскери күштің қазақ қалаларын бірінен соң бірін азат етіп, жауға әлденеше мәрте ойсырата соқкы бергені мәлім. Әсіресе, 1729 жылғы Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқы жүргізген Отан соғысы барысындағы ірі бетбұрыс, азаттық әперген шерудің алды болды. 1994 жылы бұл ұрысқа 265 жыл толады. Аңырақай даласы орыстың Күлік даласындай ардақталуға тиіс. Әзірге, әлде кездейсоқ па, әлде алдыңғы толқын ағаларымыздың әйгілі тарихи соғысқа екі ғасыр толуын еске қалдыруды ойлағаны ма, кім білсін – Аңырақай атауы 1929 жылы салынған темір жол бойындағы бір станцияға ғана берілген күйден асқан жоқпыз.

Егемендік туы көтерілгелі республикамызда жаңа дәстүр қалыптасып  келеді. Халқымыз Кеңеске қарағалы тұңғыш рет Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Сыпатай, Исатай сынды батырларымызға ас берді. Енді жоғарыда айтылған тарихи оқиғаларға тығыз байланысты, мерейжасы 1993 жылы «Ақтабан шұбырындыны» еске алумен қатар келетін есімге құрмет     көрсетуге әзірлену ләзім. Ол – Әбілқайыр батырдың туғанына 300 жыл толуын атап өту. Әбілқайыр батыр бұдан 265 жыл бұрын, 1726 жылғы Ұлы кеңесте жерімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету үшін құрылған қазақтың біріккен жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланды. Яғни, ол халықтың, мемлекетіміздің ұлттық әскерінің тұңғыш бас сардары лауазымына ие болған батыр. Атақты Абылай осы 1726 жылы, Әбілқайыр бастаған қазақ қолы құрамында, 15 жасында, жоңғарларға қарсы соғыста көзге түсті.  Атақты Бөгенбай, Қабанбайлар осы біріккен  қол құрамындағы жасақтарды басқарып, азаттық күресін жүргізді. Олардың бәрі де ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама жылдарындағы Отан соғысының даңқты қаһармандары. Демек,  олардың біріккен қимылдарын бас қолбасшының үш ғасырлық мүшелтойы қарсаңында жаңғыртып байқау – қалам, қылқалам шеберлерінің абыройлы борышы саналуға тиіс. Таққа мұрагерлікпен емес, жеке басының қабілетімен жеткен Әбілқайыр есіміне қатысты ірі тарихи актіге – Ресеймен екі арада 1731 жылғы қазан айында жасалған шартқа осы күндері 260 жыл толып отыр. Кейінгі жыл өзгерістері бұл оқиғаның бөркімізді аспанға атып қуанатындай еместігін ұқтырғаннан шығар, дөңгелек датаны елеусіз қалдырдық. Дұрысында – бұл шарттың шын сырына үңіліп, империяға 400 жыл қызмет еткенін бұлдайтын казак-орыс қоқанлоққыларының астарын ашып. әшкерелеп көрсетуге тиіс едік. Әбілқайыр мен оның айналасындағылар Ресеймен шарт жасасу арқылы Ресей қоластындағы қалмақ пен башкұрттың кезек шапқыншылығына тоқтау салуға үміттенді, кесапаты шығыстағы жоңғардан әлденеше асып түсуі ықтимал казак-орыс шапқыншылығын болдырмауды көздеді. Терістіктен тіліп өткен Ермак қарақшыларының қанды жорығы бізден гөрі Әбілқайыр заманына тақауырақ екені белгілі ғой. Ақ патшаға 400 жыл ілгеріде адал болғанына мақтанатын бүгінгі казак-орыстың аталарынан келер қатерді Абылай да анық ұққандықтан, 1740 және 1771 жылдары, яғни, екі мәрте Ресей тәжіне ант берді. Ресейге бодан болуды Бөгенбай да, Қабанбай да қолдады. Демек бізге батыр да аңғал бабаларымыздың тап іргесіндегі империалистік мемлекетпен қарым-қатынаста көрсеткен саяси творчествосын әділ бағалай білу қажет. Сонда кейіндері арамзалықпен жүргізілген отарлауға олардың айыпты еместігін зайыр ұғамыз.

Қысқасы, егеменді мемлекетіміздің азаматтарын бірлікке, достыққа шақыратын тарих сабағын жүргізуте қолайлы уақыт туып отырғанда, қапыда  қалмай, барша шығармашылық ұйымдарды тарта отырып, дәуір талабына лайық көркем-танымды шығармалардың шапшаң да мол жазылуына қамқорлық жасауға тиіспіз. Алдағы жұмыс барысында мұқият ескерілер жәйттердің бір парасы осындай. Біз бұларды оқырман назарына республикамызда   қаулап көбейіп келе жатқан саяси партиялар мен қоғами козғалыстар өкілдері қаламгерлер ордасынан бәрін ортақтастырар ортаны тауып жүретіндей болса деген үмітпен ұсынып отырмыз.

21 қазан 1991 ж.

 

1930-ЖЫЛДАРҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: СЕБЕПТЕРІ, АУҚЫМЫ, ЗАРДАПТАРЫ

Конференцияны ашардағы кіріспе сөз

Құрметті қауым, біз бүгін еліміздің тарихында өшпес із қалдырған қасіретті кезең – 1931–1933 жылдарғы ұлттық апат жайында пікір алмасуға жиналып отырмыз. Ел  санасына терең жара салған 30-жылдарғы ашаршылықтың Кеңестік дәуірде жабық тақырып болғаны белгілі. Аштық зұлматы көшпенді жұртты қынадай қырды, оның ажалды тырнағынан еш  қазақ әулеті дін-аман құтыла алмады, сондықтан да ол тоталитарлық стандарт жеңген заманның өзінде  еш ұмытылған жоқ. Тек аштықтың миллиондаған жазықсыз құрбандарын ашық еске алу мүмкін болмады. Отыз екінші жыл нәубеті ол шақта от бастарында, оңашада ғана сыбырлап айтылатын. Баршамызға белгілі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қазақстан бастан кешкен «Кіші 37-жыл» ахуалының ызғырықты кезеңі артта қалып, демократияның «алтын күрегі» еркін есе бастасымен,  «ақтаңдағы» мол тарихымызға сын көзбен қарауға кірістік.

1988 жылы Мәскеуде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының адал есімдерін тірілтуге кіріскен  «Мемориал» қозғалысы пайда болғанда,  артынша Алматыда да сол мақсатта бастамашы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Біздегі қозғалыстың ерекшелігі – сталинизм қылмыстары ретінде тек саяси репрессияларды әшкерелеу ғана емес, сонымен бірге, сталиндік-большевиктік бұрмалаулардың аса қайғылы салдары, ел санасында  күллі халқымыздың трагедиясының символындай қабылданатын «Отыз екінші жыл» деген қанды әріптермен жазылып қалған алапат  ашаршылықтың шындығын ашу еді. Сол шақта «Қазақ әдебиеті» газеті шын мәнінде жеке-дара жариялылық мінбері болды. Онда ашаршылық жайында алғаш рет жазушы Смағұл Елубаевтың өткір мақаласы жарық көрді. Ұйымдастыру комитетінің жұмысына белсене қатысқан көрнекті ақын Тұрсынхан Абдрахманованың  «32» деген публицистикалық поэмасы жарияланды. Ашаршылық құрбандарына ескерткіш қою үшін қаржы жию мақсатымен банктен арнайы есепшот ашылғаны хабарланды. Ақыры, қозғалыс мүшелерінің республиканың әр түкпірінен келген өкілдері 1989 жылғы сәуірде құрылтайшы конференциясын өткізіп, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамын құрды. Ал ашаршылық кезеңінің шындықтарын ашу Қоғамның бағдарламасындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді. «Әділет» идеялары қанаттандырған жас ғалымдардың бір тобы Орталық мұрағат жанынан тарихи ағарту бірлестігін құрды. Қазақ университеті тарих факультетінің оқытушылары студенттік экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерден қарттардың сол қасіретті кезең жайындағы естеліктерін жазып ала бастады.

Осындай реттермен «Әділет» туғыза білген қоғамдық пікірдің оң нәтижесі сол, мемлекеттік тәуелсіздік жарияланысымен, еліміздің сол кезгі парламентінің – Жоғарғы Кеңестің алғаш қолға алған ісінің бірі 1931–1933 жылдарғы ашаршылықтың себеп-салдарларын зерттеу болды. Жоғарғы Кеңес Төралқасы құрған комиссия  осынау ұлттық апатты егжей-тегжейлі тексеріп, алғашқы қорытындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы ретінде атап, іс жүзінде көшпенді жұртқа жасалған геноцид деп тапты. Алматыдағы бұрынғы НКВД ғимараты жанындағы Қарағайлы тоғайда болашақ ескерткіш орыны белгіленіп, тас қойылды. Тас қою салтанатында Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының алғашқы президенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Оразұлы Жандосов сөз сөйледі.

Әр жылғы 31 мамыр ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Алайда бұл күн сол 1992 жылдан бастап бір де бір рет өз мәнінде, биік деңгейде, мемлекеттік дәрежеде атап өтілген жоқ. Ал 1997-ші – Татулық пен еске алу жылы осы 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде белгіленгелі бері, жыл сайынғы осынау еске алу күнінде ашаршылық нәубеті жалпы сөз болғанмен, мәселе негізінен «үлкен террор» дәуірінде жазықсыз атылған азаматтарымыздың аруағына тағзым ету тасасында қалып келеді деуге болады. Мұның басты себебі кеңестік дәуірде қалыптастырылған және одан әлі де толық арыла қоймаған стереотиптік ұғымда жатыр – біздің билік буындарындағы азаматтарымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ашаршылық туралы сөз қозғау құдды орыс халқына қарсылықты білдіретіндей, ұлт араздығын тудыратындай қабылдады, сондай көзқарастан күні бүгінге дейін толық арыла қойған жоқ. Ал шынтуайтында, мәселенің түп-тамыры патшалық империяның орнына жаңа да күйреткіш сипатпен билікке келген саяси жүйеде, большевизмнің таптық идеологиясында, әсіре тапшылдардың қилы асыра сілтеулерінде жатқан болатын.

Қазіргі Қазақстанның оңтүстік өңірінде – Түркістан өлкесі аумағында большевиктер атты жасақтарын жабдықтауға қазақ жылқысын ала тұрып,  қазақтарға – «экономикалық тұғыры әлжуаз, маркстік ілім тұрғысынан болашағы жоқ» көшпенділерге азық-түлік бөлуден бастартты, оның орнына олар «әлемдік революция жасауға тиіс қызыл  әскерді» асырауды дұрыс көрді. Өлкеде  кеңес өкіметінің орнауымен бірге басталған алапат аштық миллионнан астам көшпенді жұртты ажал тырнағына іліктірді. Мұстафа Шоқай таңбалаған әшкере-анықтамамен айтқанда,  «большевизмнің аштық саясаты» 1917–1918 жылдары қазақ халқының сол кездегі санының төрттен біріне өлім құштырды. Сонау «большевиктердің аштық саясаты» перманентті сипат алды, 1921–1923 жылдары Қазақ өлкесі аумағында үлкен аштық болды.  Ұлт зиялылары сол кезеңде жылу жиып, ашыққан аудандарға мал айдап апарып беруді ұйымдастырды. Өтеуіне, кеңестік сотқа тартылды. Сондағы сот материалдары бұл күнде зерттеушілері мен түсіндірушілерін тосып, мұрағат сөресінде жатыр. Ашыққан аудандардағы халыққа орталықтан азық-түлік бөлгізу, тіпті ел-жұрттың ашаршылыққа ұшырап жатқанына қызыл Мәскеуді сендіру  мүмкін емес-тін, – жер-суы мен халқы біріккеннен кейін өткізілген Біртұтас Қазақстан Кеңестерінің 1925 жылғы тұңғыш құрылтайында Орталық Атқару Кеңесінің төрағасы Сейтқали Меңдешев делегаттарға осындай сыр ашты. Сондай ахуалда халқымыз сол шаққы мөлшерінің тағы бір ширегінен айрылған еді.

«Большевизмнің аштық саясаты» 1931–1933 жылдары айрықша арсыздықпен және асқан жәдігөйлікпен жүргізілді. Бұған Никита Хрущевтің жеке басқа табынуды әшкерелеген жылдары айтқан мына сөздері дәлел: «Қазақстанда орын алып тұрған адам төзгісіз ашаршылықтан қазақ халқы түгелдей қырылып қалудың аз-ақ алдында тұрғанын біз Сталинге айтқанымызда, ол: «Бұл сары пәлекеттерден тек сондай жолмен ғана құтылуға болады» деп жауап берді». Міне, «халықтар әкесі» құрған саяси жүйенің қылмысты ұсқынын осыдан-ақ біле беріңіздер. Большевизм ұрындырған ұлттық апаттың осынау үшінші кезеңінде – отыз екінші жылғы алапат ашаршылықта – халқымыз сол кезгі мөлшерінің тең жартысын жоғалтты. Шамасы жеткен азшылық шет елдерге өтіп кетуге мәжбүр болды.

Қатыгез де қылмысты жүйені айыптай отырып, сол жүйеге адал қызмет еткен жауапты қызметкерлердің, қатардағы коммунистердің, былайғы жұрт өкілдерінің  арасында осынау ұлттық трагедияға жайбарақат қарай алмағандар болғанын ұмытпауымыз керек. Олар Мәскеудегі, Алматыдағы биік басшылыққа аштық қасіретінің алғашқы белгілерін хабарлаудан бастап, жаппай сипат алған мысалдарды айтып дабыл қақты. Тіпті, орталықтың эмиссары Филипп Голощекинді орнынан босатпайынша республикадағы ауыр жағдайды түзету қиын болатыны жөнінде Қазақ өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Орталық Комитетке жазбаша ұсыныс жасады. Бірақ  оларға Бас хатшы Сталин жолдас төбесінде тұрған тоталитарлық билік құлақ асқан жоқ. Қазақ Өлкелік парткомы мен  Халкомкеңесінің өкілі Ораз Жандосов республикадағы 162 ауданның ішінде аштық нәубетінің зардабын ерекше тартқан Сарысу ауданының үштен бірі ғана аман қалған жұртын жаңа қонысқа көшіріп, тіршілігін жандандыруда көп жұмыс атқарды. Аудан халқының бүгінгі ұрпағы белгілі мемлекет қайраткерінің бұдан алпыс бес жыл ілгергі сын шақта сіңірген еңбегіне ризашылығының белгісі ретінде, таяуда ғана оның аруағын ұлықтады. Кезінде аудан орталығына айналуына тікелей септігі тиген Саудакент ауылына Жандосовтың мүсінін сомдатып ескерткіш тұрғызды.

Үш дүркін соққан аштық апатта төрт жарым миллионнан астам адам опат болған. Солардың  сүйегі үстіне миллиондаған сырттан келіп қоныстанғандар күшімен Қазақстанда социалистік құрылыс көрігі қыздырылды. Осынау жасампаз еңбек көрігін қыздырушылар қазақ халқы бастан кешкен қасірет ауқымын білген жоқ. Босап қалған жерде орталықтың тәтті ұраны жетегімен «тың игерді». Өз еріктерінен тыс, қазақтарды өз отанында халықтың үштен біріне де жетпейтін ұлттық азшылық деңгейіне түсірді. Сөйтіп, тиісінше, қоғам тыныс-тіршілігінің барлық саласында қазақтың ұлттық мүддесі шектеу көруіне, жанама түрде болса да, себеп болды. Елімізде өмір сүріп жатқан барша жұрт осылар жайындағы шыншыл тарихты білуге тиіс, ондай білім жер-суымызды   мекен еткен барша ұлт өкілдерінің қазақ төңірегіне топтасуын арттырады. Шынтуайтқа келгенде, еліміздегі нағыз татулық пен бірліктің, ұлттық даму мен жарқын болашақтың бекем негізін – барша халықты тек сол жаңғыртылған ащы да қасіретті тарихпен тәрбиелеу арқылы ғана қалауға болар еді.

ЮНЕСКО Бас конференциясының 34-сессиясы Украинадағы ашаршылықтың 75 жылдығына орай іс-шаралар өткізу жайында Қарар алғаны мәлім. Қарарда миллиондаған жазықсыз украин қаза тапқан 1932–33 жылдарғы Ашаршылықты еске сала отырып, тоталитарлық сталиндік режимнің қатыгез іс-әрекеттері мен саясаты салдарынан орын алған трагедия қазіргі және болашақ ұрпаққа демократиялық құндылықтарды, адам құқтарын және заңдылықты сақтау мақсатындағы ескерту болуға тиіс деген сенім білдірілген-ді.  Мәртебелі халықаралық жиын Украинада, Россияда, Қазақстанда, бұрынғы КСРО-ның басқа да бөліктерінде орын алған ашаршылық құрбандарының  аруағына бас иіп, көңіл айтты.    Тарихтың осынау қасіретті бетінен болашақ ұрпақ сабақ алу үшін оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізуге және солар арқылы Ашаршылық жайындағы ақпаратты кең таратуға шақырды.

Біз өткізгелі жиналған ғылыми-практикалық конференция да әлем қабылдаған иманды, игі мақсаттарға қызмет етері күмәнсіз. Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту, құқық қорғау қоғамы мен Алматы облыстық мұрағаты мұрындық болып отырған «1931–1933 жылдарғы ашаршылық: себептері, ауқымы, салдары» тақырыбымен өтпек республикалық конференцияны ашық деп жариялаймын.

20 қараша 2008 ж.

 

 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АПАТЫ ТАРИХЫН БАРША ЖҰРТ БІЛУГЕ ТИІС

...Елімізде өмір сүріп жатқан барша жұрт, этностық топтар қазақ ұлттық апаты жайындағы шыншыл тарихты білуге тиіс. Шыншыл  тарихты білу жер-суымызды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерін қазақ төңірегіне тығыз топтастыра түседі. Шынтуайтқа келгенде, барша халықты тек сол жаңғыртылған ащы да қасіретті тарихпен тәрбиелеу арқылы ғана еліміздегі этносаралық нағыз татулық пен бірліктің, ұлттық дамудың және жарқын болашағымыздың бекем негізі қаланары күмәнсіз. Осындай мұратты ұстанып ұйымдастырылған конференцияда белгілі ғалымдар, мұрағатшылар, зерттеушілер жасаған баяндамалар мен хабарламалар, айтқан естеліктер мен ой-пікірлер бұдан 75 жыл ілгеріде өткен алапат ашаршылықты жан-жақты талдады, себеп-салдарларына тоқталып,  алдағы міндеттерді айқындауға талап қылды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков «Кеңестік тоталитарлық жүйенің шаруаларды қудалау саясаты: бастаулары, сипаты, нәтижелері» атты тақырыппен жасаған баяндамасында көшпенділердің 30-жылдарғы қайғылы тағдырын ресейлік мұрағаттардан алынған  нақты деректермен жаңғыртты. «Мемлекеттің меншік қатынастарын озбырлықпен иемденуі және осы үдерістің трагедиялық салдарлары» деген тақырыппен баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Абылғожин 30-жылдарғы ашаршылықты коммунистік партия мен кеңес өкіметі елді индустриялаумен тығыз ұштастыра жүргізген реформалармен байланыста қарастырды. Кезінде Жоғарғы Кеңес Төралқасы құрған комиссия құрамында зерттеу жұмыстарымен айналысқан бұл ғалымдар «аштық неден болды?» деген сауалға жауап беруге ұмтылса, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Әлімов «енді не істеу керек?» деген сұрақтың жауабын өзінің «Ашаршылық құрбандарын қалайша есте сақтаймыз?» деген баяндамасында нобайлауға тырысты. Талдықорғандағы академик Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ректоры ретінде ол студенттер күшімен жүргізіп жүрген зерттеулерінің алғашқы нәтижелерін, әлемдік өрмектордан арнайы сайт ашқанын айтып, бұл жұмысты кең жолға қоюдың жан-дүниені тазарту, рухты күшейту орайында өлшеусіз зор мәні боларын әңгімеледі.

ҚР Президенті Мұрағатының, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мемлекеттік мұрағаттарының жауапты қызметкерлері Анаргүл Зұлқашева, Айдын Исатаева, Людмила Киселева конференция қозғаған мәселені архивтерде сақталған құжаттар мен  материалдар негізінде ашып толықтыра түсті. 30-жылдарғы ашаршылық тақырыбы көркем әдебиетте қандай орын алғаны жайында профессор Зүбаржат Боранбаеваның, Ілияс Жансүгіров шығармашылығындағы аштық нәубеті көріністері  туралы ақиық ақынның ұлы Саят Жансүгіровтің зерттеулері, ардагер Наскен Нұрмұхамбетов бала кезінде куә болған ашаршылық оқиғалары, «Әділет» қоғамының атқарушы директоры Шолпан Аманжолованың әулетінде сақталған естеліктер,  қоғам мүшелері Қызғалдақ Жұбанова мен Геннадий Земельдің пікірлері конференция  мазмұнын байыта түсті.

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің өкілі жазушы Пернебай Дүйсенбиннің ашаршылықта қатты күйзелген халықты құтқаруда зор еңбек еткен Ораз Жандосовтың өкімет өкілі ретінде ұйымдастырған нақты көмек шаралары ауданның 80 жылдығына арналған деректі фильмде үлкен тебіреніспен әңгімеленгені, қайраткерге ескерткіш қойылғаны туралы хабары сүйінішпен тыңдалды. Алдағы уақытта зерттеушілер мен қоғамдық ұйымдар осынау аштық апатының тәрбиелік сипатына мән бере отырып, тағлым алу қажет тұстарын кең насихаттауда бірлесіп атқаруға тиіс міндеттер хақында «Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі Болат Дүйсембі ой қозғады.

Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қорытқан ойына қарағанда, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған осынау қасіретті кезең – 30-жылдарғы ұлы ашаршылық душар еткен ұлттық апатты бүкіл халық болып еске алып тұратын арнайы күн белгілеудің маңыздылығы күмән туғызбайды. Халықтарының белгілі бір пайызы ашаршылықта опат болған Украина, Ресей бұл орайда елеулі түрде қозғалып жатыр, есейРеР демек, кеңес өкіметі тұсында аранын ашып дүркін-дүркін соққан аштық зұлматы халқының жалпы санының едәуір мөлшерін жойған, тұтастай қырылып кетудің аз-ақ алдында қалған Қазақ елі енді жайбарақат жата бермесе керек. Парламенттің, атқарушы биліктің осы мәселеге сергек қарағаны жөн.

Сонау  алапат ашаршылық құрбандарының аруақтарына арнап жер-жердегі мешіттерде, шіркеулерде, ғибадатханаларда құран, дұға оқытуды дәстүрге айналдыру қажеттігі түсінікті.  Шежіреші жұртымыз өз әулеттерінің ашаршылық салдарынан үзілген бұтақтарын түгендеп, есімдерін жаңғыртып, ортақ шежіре-қазанға қосып жатса, келешекте Қасірет кітабын түзуге және еврейлердің қоңыр індет құрбандарына арналған әйгілі «Яд ва Шем» («Жад пен Есім») музейіндегідей тарихи тағлымы ересен мұражай жабдықтауға болар еді. Осындай пайдалы, болашаққа қызмет ететін жұмыстарды жандандыруға халық өкілдігінің мұрындық болуы айрықша маңызды.

22 қараша 2008 ж.

 

ТОТАЛИТАРЛЫҚ ӨТКЕНІМІЗДЕН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БОЛАШАҚҚА

пресс-релиз  – баспасөз үшін хабарлама  – пресс-релиз

Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамы мен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты «Әділет» қоғамының құрылуына 20 жыл толуына арналған «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» деген тақырыппен ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференцияда мемлекеттің өз азаматтарының құқтарын жаппай бұзуы, сталинизм зардаптарын жою, жазықсыз жазаланғандарды  құқықтық тұрғыдан қорғау, билікпен, өзге ұйымдармен қызметтестік мәселелері сөз болады. Жұртшылыққа үндеу қабылданады. Конференцияның басталар алдында «Әділет» тарихынан видеоматериалдар, тақырыптық фотокөрме  көрсетіледі. Конференцияға «Әділет» қоғамының мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жұртшылық өкілдері, Халықаралық тарихи-ағарту, құқық қорғау және қайырымдылық «Мемориал» қоғамы Басқармасының өкілі қатысады.

***

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат (Ерлік Ержанұлы) – «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы Алаш азаматтарының идеяларын ұрпақ санасына сіңіру ісіне белсене атсалысып келеді. Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Әділет» қоғамы: тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбайдың жолдаған құттықтау хатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күрескен азаматтарды ерекше қадірлей білуіміз керек. Осы ретте Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының 20 жылдығына арналып отырған тоталитарлық жүйенің «ақтаңдақ» беттерін ашуға бағытталған бүгінгі конференцияның маңызы зор деп білемін», деген Дархан Мыңбайдың хатын қатысушыларға «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамының президенті Бейбіт Қойшыбаев оқып берді. Онда ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының қасіретті саяси қуғын-сүргін және ашаршылық шындықтарын ашуда, саяси репрессия науқандарының құрбандарын анықтауда және ақтауда көп жұмыстар тындырғанын айтады. Сондай-ақ олардың ұрпақтарының құқықтарын қорғауға, саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандары жерленген орындарды анықтауға, белгі қоюға, ең бастысы, Алаш азаматтарының идеяларын ұрпақ санасына сіңіру ісіне белсене атсалысып келе жатқанын атап өткен.

Вступительное слово

Құрметті ағайын! Дорогие друзья! Біз бүгін «Әділет»  тарихи-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл толуы құрметіне өткізілмек ғылыми-практикалық конференцияға жиналып отырмыз. Конференциямыздың қарастыратын жалпы тақырыбы «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» – «КИПО «Адилет»: от тоталитарного прошлого к демократическому будущему» деп аталып отыр. Мұнда терең мән бар. Мұнда тарихи шындыққа жауап беретін әділетті тұжырым бар. Өйткені  Қазақстанның «Әділет» атты ерікті тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамы – еліміздегі ұзақ жылдар патшалық құрған тоталитарлық биліктің құрсауы ыдырып, демократияның «алтын күрегі» есе бастасымен ұйымдасқан алғашқы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Ол дүниеге келген бетте тарихымыздың қасіретті беттеріне ерекше назар аударып, сталиндік заңсыздық жылдары жазықсыз жазаланған аға ұрпақ өкілдерінің есімдерін тірілту арқылы, бұрмаланған шындықты қалпына келтіру арқылы – қайта құру саясаты жария еткен демократиялық құндылықтарды нақты іске айналдырумен шұғылданды. Сол жолда халықтың қолдауына ие болып, едәуір табысқа жетті. Ал бұл жетістіктердің бәрінде «Әділет» қоғамының мұраттарына мейлінше беріліп еңбек еткен алғашқы «әділетшілердің» қомақты үлесі болды. Олардың бірқатары, өкінішке қарай,  бүгін біздің арамызда жоқ.

За 20 лет общество «Адилет» потеряло многих своих членов. Мы глубоко сознаем, что в первые годы своей деятельности Общество достигло широкой народной поддержки благодаря самоотверженным трудам тех своих первых руководителей и членов правления, которых сегодня нет среди нас. Мы не можем не вспомнить их в этот час  поименно. Это Санжар Уразович Джандосов, государственный деятель, первый председатель правления, руководивший деятельностью общества «Адилет» начиная с момента создания в течение трех лет. Он погиб в 1992 году. Благодаря усердию Санжара Уразовича, смогли получить в начале 1990 года из Федеральной Службы Безопасности  Российской Федерации списки 633 казахстанцев, расстрелянных в годы репрессий в Москве. Затем, через месяц, по просьбе «Адилет», был получен весь список казахстанцев, расстрелянных по решению Военной коллегии Верховного  суда СССР за весь период государственного террора. Она копию ответа адресовала в Комитет национальной  безопасности Республики Казахстан. Мы благодарны ФСБ РФ за оперативный ответ на просьбы «Адилет». Санжар Уразович наладил  хорошие, деловые отношения с КНБ РК, что позволило Обществу совместно с архивом спецслужбы плодотворно работать и по выявлению мест  массового захоронения расстрелянных, и составлению полного списка репрессированных. КНБ республики в 1991 году в торжественной обстановке передал обществу «Адилет» все данные о расстрелянных и осужденных по всем областям Казахстана. При Санжаре Уразовиче были проведены в республике первые общественно-политические мероприятия по развенчиванию беспримерных жестокостей сталинизма. С его именем связаны раскопки в Жаналыке, месте, где было тайно закопано самое большое количество расстрелянных, проведение судебно-медицинской экспертизы найденных останков, также установление камня в сосновом бору в Алматы, возле бывшего здания НКВД,  камня, возвещающего о сооружении в будущем здесь монументального памятника жертвам голода 1932-33 годов. Он был инициатором создания Ассоциации репрессированных, проводил учредительное собрание этой организации  здесь, в этом зале Центрального госархива. После Санжара Уразовича, с 1992 года президентом Общества был академик, доктор исторических наук, профессор, лауреат Президентской премии мира и духовного согласия 1997 года Манаш Кабашевич Козыбаев. Он  возглавлял «Адилет» в течение десяти лет, вплоть до своей кончины в 2002 году.  При Манаш Кабашевиче на широкую ногу поставлены были исследовательская и просветительская деятельность Общества, проведение научных конференций по различным аспектам тоталитаризма, налажен выпуск расстрельных списков. По представлению «Адилета» в 1997 году десяти улицам города Алматы дали имена репрессированных общественных деятелей, ученых, работников культуры.

За прошедшие двадцать лет, кроме названных лиц – первых руководителей общества «Адилет», ушли из жизни четыре их заместителя – вице-президента. Ученый-фольклорист Мардан Келдибаевич Байдилдаев, активно проработавший в инициативной группе по созданию Общества и затем избранный на учредительной конференции заместителем председателя правления, много сил отдал организационной деятельности, распространению его идей среди широкой общественности. Смерть оборвала его общественно-полезную деятельность в 1994 году. В 1999 году скончался профессор, доктор филологических наук  Александр Лазарьевич Жовтис. Он в тоталитарные годы переводил на русский язык стихи Магжана Жумабаева, организовывал вечера памяти опальных поэтов, за что преследовался спецслужбой, подвергался обыскам, уволен с работы. И в течение семи лет нигде не принимали на работу, только Санжар Уразович Жандосов, когда стал заведывать отделом науки и образования ЦК партии,  устроил его преподавателем в КазПИ имени Абая.  Александр Лазарьевич в годы перестройки написал книгу «Как я угрожал Комитету государственной безопасности или Под колпаком КГБ», где описал свои злоключения.  Он как вице-президент Общества «Адилет», возглавлял работу по связям с общественностью, активно работал в архиве КНБ, участвовал в работе по защите прав репрессированных. Мы в годовщину его кончины вышли с предложением в городские власти с предложением установить мемориальную доску к дому, где он проживал, но встретили бюрократическую волокиту длительностью почти десять лет. Как  нам сообщили из горакимата, скоро начнет работать комиссия по ономастике. Надежда в положительном решении нашего вопроса имеется, и мы надеемся к десятилетию со дня его смерти провести задуманное мероприятие. Другой вице-президент Общества ученый-архивист Марат Жаксыбекович Хасанаев погиб 2002 году. Он оперативно выявлял архивные документы, и своими научно-публицистическими статьями сделал достоянием общественности многие ранее неизвестные вопиющие факты о жертвах репрессий и голода Тридцать второго года, создавал политические портреты репрессированных руководителей республики. В 2007 году мы потеряли академика, доктора исторических наук, профессора, лауреата Государственной премии республики Кенеса Нурпеисовича Нурпеиса, который на посту вице-президента Общества много сил отдавал историко-просветительской работе, привлекал молодых ученых к изучению жизни и деятельности  национальных деятелей 30-х годов, а в последние годы жизни исполнял обязанности Президента общества «Адилет».

Прошу постичь их память вставанием. Спасибо. Прошу садиться.

Дорогие друзья, о деятельности Общества более подробно будет рассказано в предусмотренном в программе нашей научно-практической конференции докладе.

Деятельность КИПО «Адилет» за 20 лет 

Қымбатты достар, елімізде кең көлемде жүргізілген саяси қуғын-сүргін науқанының зардаптары ұшан-теңіз болғаны мәлім.  Солардың бірі мынау: саясаттың  солақайлығынан жазықсыз жазаланып, атылған, лагерьлерде жапа шеккен боздақтардың ұрпақтары орталықтың  орыстандыру құрығына ең алдымен ілікті, ана тілінен айырылды. Олардың көбі үшін қазіргі күннің өзінде де мемлекеттік тілді еркін меңгеріп алу оңайға түсіп жатқан жоқ. Осы жәйтті, сондай-ақ арамызда сырттан келген қонақтарымыздың да барын ескеріп,  баяндаманы орыс тілінде жасауға рұқсат сұраймын.

Казахстанское историко-просветительское общество «Адилет» является одной из первых неправительственных организаций республики. Учредительная конференция общества состоялась 14 апреля 1989 года. А подготовительная работа к этому событию началась еще весной 1988 года. В то время веяния перестройки начали входить в нашу закостенелую жизнь. Уходил в историю зловещий «Малый 37-й год», устроенный правящей коммунистической партией и ее репрессивным аппаратом. Как известно, это был звериный оскал тоталитаризма, проявленный  в связи с известными выступлениями молодежи в декабре 1986 года. Тем не менее, писать о  Декабрьском восстании 86-го тогда пока не разрешали, но в то же время особо не препятствовали появлению в периодике публикаций о «белых пятнах» истории, воскрешению имен партийных и государственных деятелей, репрессированных в годы сталинского беззакония и преданных забвению, восстановлению правды об их жизни и деятельности. Единственной трибуной свободной в этом отношении мысли тогда была республиканская литературная газета «Казах адебиети», где работал главным редактором писатель Шерхан Муртаза. Заметно пробудился интерес общественности к запретной в тоталитарные годы теме. В это время всесоюзные газеты доносили весть о возникшем в Москве движении «Мемориал», которое под знаменем борьбы со сталинизмом, разоблачении преступлений периода сталинизма и увековечению памяти жертв сталинских репрессий быстро привлекал в свои ряды огромную массу людей. Эта весть явилась искрой, брошенной в нашу посттоталитарную, переживающую определенное брожение  общественную жизнь. Вскоре из числа творческих работников – журналистов, писателей, людей науки, искусства сколотилась инициативная группа, и очень быстро такое же движение развернулось в Алматы. Состоялось собрание потомков жертв сталинизма, представителей научной и творческой интеллигенции, где был сформирован подготовительный комитет по организационному оформлению этого демократического движения во главе с Булатом Ильясовичем Жансугуровым-Габитовым. На заседаниях подготовительного комитета выяснялись вопросы, с которыми надлежало заниматься. Ставились задачи по изучению этапов репрессий, реабилитации незаконно осужденных, также истории страшного голода, унесшего огромное количество человеческой жизни. Вырабатывался устав будущей организации. Устанавливались связи с местными активистами по организации подобного движения в областях и с московским «Мемориалом». В ноябре 1988 года Верховный Суд Казахской ССР реабилитировал алашординцев, расстрелянных в 30-е годы. В движение вовлеклись и их потомки.

Группа активистов нашего движения – это Санжар Жандосов,         Мардан   Байдилдаев,  Сауле   Айтмамбетова,   Виктор      Снитковский  – в январе 1989 года принимала участие в работе учредительной конференции Всесоюзного историко-просветительского, правозащитного и благотворительного общества «Мемориал», позже превращенного в Международное. Как известно, Всесоюзное общество «Мемориал» возглавили вместе с академиком Андреем Дмитриевичем Сахаровым четыре сопредседателя. Один из сопредседателей общества «Мемориал», ректор Российского государственного гуманитарного университета Юрий Николаевич Афанасьев принял участие в работе Алматинской конференции, состоявшемся в Доме кино, где получило организационно оформление Казахстанское историко-просветительское и правозащитное общество «Адилет». Учредителями «Адилет» были Союзы кинематографистов, писателей, архитекторов, дизайнеров Казахстана и редакция газеты «Казах адебиети». Первым руководителем  общества «Адилет» был избран известный государственный деятель Санжар Уразович Жандосов. Как он отметил в статье «Кешегіміз күңгірт болмасын», опубликованной 30 июня 1989 года на страницах главной газеты республики «Социалистик Казахстан», членов общества «Адилет» объединяют гуманистические, общечеловеческие принципы, нетерпимость к беззаконию, унижению, к пренебрежению правами человека и народов, они осуждают применение насилия как средства решения общественных проблем и социальных конфликтов. Вооруженные такими качествами «адилетовцы» за годы деятельности общества способствовали возрождению духовной жизни страны, восстановлению исторической и законной справедливости, деформированной за годы культа личности и массовых репрессий, дальнейшему развитию общественного сознания, строительству правового государства.

Правление общества планировало и проводило работу по разным направлениям: участвовало в реабилитации жертв политических репрессий, выявлении мест их захоронений  и установлении памятных знаков, защите прав их потомков, занималось установлением правды о голоде 30-х, пропаганде знаний о трагическом прошлом нашей страны. В первый же год своего образования, совместно с Государственным музеем искусств имени Абилхана Кастеева «Адилет» устроил выставку «Реквием. Документальные и художественные свидетельства времени». Ответственным за это мероприятие был член правления, председатель культурно-просветительской комиссии Общества Виктор Снитковский. Здесь впервые выставлялись документы и материалы, рассказывающие о трагической судьбе многих работников культуры. Впервые экспонировались произведения репрессированных, прошедших тюрьмы, лагеря и ссылки художников, которых объединяла общность судеб их создателей. Весной 1990 года было обнаружено место массового безымяного захоронения в близ аула Жаналык. Активистами Общества с участием представителей силовых ведомств в лице заместителя председателя КГБ Алматинской области Сята Токпакбаева и заместителя прокурора области Онласына Жумабекова были проведены раскопки, собрано три мешка человеческих костей, которые были переданы судебно-медицинской экспертизе. Через два месяца после этого «Адилет» получил письмо облпрокуратуры за подписью Жумабекова, где сообщалось о прокурорском заключении – Жаналык является местом массового захоронения растрелянных в 1937–38 годы.  Оказалось, что более 3,5 тысяч расстрелянных в подвалах НКВД тайно вывезены и закопаны именно здесь. Это было самое большое захоронение жертв политических репрессий, обнаруженное активистами Общества. Обнаруженные останки 1993 году были преданы земле Жаналыка. Состоялось  торжественное перезахоронение обследованного праха растрелянных с  установлением памятного камня, где были высечены такие строки, написанные Александром Жовтисом:   «Жертвам трагической нашей эпохи, Безвинно расстрелянным, Тайно зарытым Здесь памятник будет поставлен».

Вопрос сооружения памятника в Жаналыке был решен Президентом Республики Казахстан Нурсултаном Назарбаевым после приема им в 2000 году группы активистов «Адилета» во главе с его руководителем, академиком Манашем Козыбаевым. В 2002 году Нурсултан Абишевич сам торжественно разрезал ленту этого мемориального монумента в Жаналыке – Памятника жертвам политических репрессий. Сегодня группа участников настоящей научно-практической конференции будут приняты руководством Алматинского городского акимата, на приеме мы думаем поднять вопрос относительно 15 гектаров земли вокруг Памятника, находящейся в ведении «Адилета». Там  покоятся жертвы государственного террора,  потому следовало бы развернуть стеллы с высеченными именами расстрелянных, высадить лесопарк, а дом чабана, находящегося на нашей территории превратить в небольшую мусулманскую мечеть и часовнью русской православной церкви. Президент Назарбаев, идя навстречу пожеланиям «адилетовцев», дал также поручение исполнительной власти выделить бывшее здание НКВД под музей истории политических репрессий и издать сборник воспоминаний потомков жертв сталинизма. Книга была издана. И музей был открыт, но, к сожалению, просуществовал лишь полтора года. Сегодня при приеме в акимате, думаю, и об этом будет идти речь.

Одним из важных дел общества «Адилет» было участие в выработке проекта закона о реабилитации репрессированных. Комиссией  нашей руководил старейший адилетовец, академик, доктор юридических наук Мурат Тажимуратович Баймаханов. Закон РК «О реабилитации жертв массовых политических репрессий» был принят в 1993 году, с тех пор, на основе этого закона, органами прокуратуры было реабилитировано по стране более 340 тысяч незаконно репрессированных. Жертвы репрессий забвению не подлежат, из их трагической истории мы должны извлекать урок. С этой целью постоянно изучается тот период беззакония. По  инициативе и активному участию «Адилет» в разные годы совместно с институтом истории и этнологии имени Чокана Валиханова, Центральным государственным архивом, Архивом Президента РК, также госархивом Алматинской области, Алматинским городским акиматом, музеем города проводились различные научные конференции, круглые столы, семинары, посвященные «белым пятнам» в истории нашего государства. Республиканская научно-теоретическая конференция «Проблемы формирования нового общественного сознания и построение гражданского общества в Казахстане», где с основным докладом выступил президент Общества академик Манаш Козыбаев, с разных сторон рассматривала природу сталинизма,  вопросы очищения общества от наследия сталинизма и нахождения оптимального пути развития и построения гражданского общества. Под эгидой общества «Адилет», при активном участии адилетовцев проводился семинар «Документы свидетельствуют: материалы об антинародной политике тоталитарного режима в Казахстане», где на основе архивных документов   раскрывалась суть политических процессов, открытых «судебных процессов», исправительно-трудовых лагерей, работы по реабилитации и подготовка к изданию списков жертв массовых политических репрессий. Отдельный семинар был посвящен теме «Сопротивление тоталитарному режиму и политические репрессии в Казахстане», где рассматривались восстания шаруа в 1929-32 годы и темиртауские события 1959 года. По теме «Общественное сознание в тоталитарном и посттоталитарном государстве» проводился круглый стол, ответственным за его проведение был вице-президент Общества профессор Александр Жовтис, где рассматривались состояние общества, положение интеллигенции, художественного творчества, печати в советское время и в условиях независимости. Круглый стол был посвящен также теме «Депортация народов – преступление тоталитарного режима», где ученые-адилетовцы докладывали об архивных документах по депортации народов в Казахстан, их размещению, об юридических аспектах этого произвола. Во всех этих мероприятиях участвовали в качестве организаторов, ведущих, докладчиков ученые-адилетовци Манаш Козыбаев, Мурат Баймаханов, Марат Хасанаев, Кайдар Алдажуманов, Александр Жовтис.

Общество «Адилет» вносил весомый вклад в разоблачение преступлений тоталитарно-террористической системы власти против собственного народа и формирование общественного сознания. Это было достойно оценено и в 1997 году руководителю Общества Манашу Кабашевичу Козыбаеву была присуждена  Президентскоя премия мира и духовного согласия.

Научно-практическая конференция «Трагедия 1937: памяти жертв сталинского тоталитаризма», проведенная в связи с 70-летием той кровавой кампании, где выступали с докладами адилетовцы Кенес Нурпеис, Кайдар Алдажуманов, Назира Жакауова, Сауле Айтмамбетова, Айжан Капаева и другие,  утверждала бесповоротное осуждение политики «большого террора». Интересно прошла республиканская научно-практическая конференция «Голод 30-х: причины, масштабы, последствия», посвященная 70-летию Голодомора. Здесь с основными докладами выступили ученые – доктора исторических наук, профессора Жулдуз Абылхожин и Талас Омарбеков, также доцент Асхад Алимов, были очень познавательные доклады архивных работников, выступления адилетовцев.  Единодушным  выводом конференции было признание о необходимости широкого распространения знаний, горькой правды об искусственном голоде 30-х годов, ввергшего народ в национальную катастрофу, ибо это есть действенное средство укрепления единства народа Казахстана.

Многие члены общества не только сами занимались научными исследованиями, опубликовывали статьи, выпускали монографии, но и вовлекали десятки молодых ученых к изучению жизни и деятельности  достойных сынов народа 20–30-х годов, репрессированных в годы тоталитаризма и лишь с установлением демократии возвращенных в жизнь общества. Члены Общества журналист Армиял Тасымбеков, кинорежиссер Аяған Шажимбаев, создали документальную киноленту «АЛЖИР», многие литераторы писали на эту тему свои художественные исследования. С первых дней своего существования «Адилет» в тесной связи с общественностью, родственниками жертв сталинизма начинал составлять список безвинно репрессированных, затем, получая через  архивные службы ФСБ РФ и КНБ РК необходимые данные, начал издавать сборники расстрельных списков под названием «Азалы кітап. Книга скорби». Всего в 1996-2004 годы  с помощью областных акиматов выпущены восемь таких книг скорби, где были опубликованы списки расстрелянных по одинадцати областям. Остальные пять областей такие сборники издали сами, естественно, мы помогали им своими данными.

В целях организации целенаправленной работы с репрессированными и с потомками жертв тоталитаризма, общество «Адилет» создавал под своим крылом специальные общественные объединения: в 1992 году – Ассоциацию жертв политических репрессий и в 1999 – «Жанашир», объединение лиц, пострадавших от репрессий. Обе эти организации нашли свою нишу в сети НПО республики и сегодня развивают активную деятельность. Содержательная и интересная работа проводилась обществом «Адилет» среди школьников. Это конкурс исследовательских работ старшекласников «Человек в истории. Казахстан – ХХ век». Конкурс  проводился  три года подряд в 2000–2003 годы при финансовой поддержке фонда Сорос-Казахстан, где руководителем был Мурат Мухтарович Ауэзов. Работ поступало очень много, каждый год по 500-600 исследований. Для рассмотрения работ создан был жюри. Членами жюри были Манаш Козыбаев, Кенес Нурпеис, Мурат Баймаханов, Елена Грибанова, Юрий Проскурин, Кайдар Алдажуманов, Едиге Валиханов, Саттар Мажитов и ваш покорный слуга. Ежегодно определялись и награждались победители. Лучшие исследовательские работы вошли в отдельную книгу, изданную с помощью фонда Фридриха Эберта в 2003 году.

Как известно, в те далекие страшные годы республика была покрыта сетью концентрационных лагерей,  где содержались узники со всего Советского союза. Общество  «Адилет» в 1992 году вместе с «Мемориалом» организовал встречу узников Кенгирского лагеря. В поселок Кенгир съехались бывшие заключенные из Москвы, Ленинграда, других городов СНГ. Участником встречи от «Адилета» был Саят Ильясович Жансугуров. Он и Геннадий Земель участвовали в международной конференции, проведенной совместно с партией «Асар»  в Джезказгане в 2004 году в связи с 50-летием восстания заключенных Кенгирского лагеря. В  2005 году, в канун Дня памяти жертв политических репрессий, совместно с партией «Отан» был организован автопробег по казахстанским городам системы ГУЛАГ, где принимали участие Шолпан Аманжолова, Венера Ихласовна Куанышбаева и Геннадий Земель. «Адилет»  входит в Международное общество «Мемориал» и в его рамках поддерживает деловые отношения с подобными себе по целям и задачам организациями.   В  Международном «Мемориале» – историко-просветительские общества Российской Федерации, Украины, Белоруссии, Казахстана, Латвии, Германии, Польши, Италии, Израиль. Активисты «Адилета»  принимали участие в конференциях, прошедших в России и Польше. Прорабатывался «Адилетом»  вопрос об обмене на международном уровне данными о содержавшихся в лагерях репрессированных лиц. Специальная база данных и программа по ее использованию создана членом правления Общества, ученым Сауле Жакишевой, на повестке дня – ее реализация, которая упирается в финансирование проекта.

Идя навстречу своему 20-летию, «Адилет» в последнее время  стал вести работы среди общественности и студенческой молодежи, больше уделял внимания просветительской стороне своей деятельности. Нам думается, интересно и с пользой для слушателей прошли конференция, посвященная 70-летию Голодомора, очередные выпуски познавательного устного журнала, Вечер памяти репрессированных журналистов, презентации сборников документов Алашского движения и материалов конференции, посвященного 70-летию начала массовой политической репрессии, где молодежь непоредственно общался и слушал воспоминаний потомков жертв тоталитаризма. Сегодня мы выражаем огромную благодарность всем организациям, которые охотно сотрудничают и активно помогают «Адилету» в достижении его уставных целей, персонально директору Архива Президента РК Владимиру Николаевичу Шепель, директору Центрального государственного архива Венере Айтпаевне Баймаганбетовой, директору Музея города Ерболату Кудрияновичу Ауэзову, ректору Казахского Национального педагогического университета имени Абая Серику Жайлауовичу Пралиеву, декану исторического факультета Талдыбеку Нурпеисову, руководителю Центра Алаш этого университета Дане Махатовой, ректору Академии труда и социальных отношений Мусе Сулейменовичу Беспаеву, ректору Технико-экономической академии  кино и телевидения  Куляш Сакеновне Болсанбек, ректору Талдыкурганского института имени Жолдасбекова Асхаду Алимову. Также благодарим всех ученых-историков, юристов, правозащитников, публицистов, журналистов, всегда близко к сердцу принимающих идей «Адилета»,  за их отзывчивость к просьбам Общества и бескорыстную помощь.

Надо сказать несколько слов о предстоящих делах. КИПО «Адилет» строит серьезные планы на будущее. Безусловно, необходимо добиться воссоздания музея истории политических репрессий, политической истории Казахстана, которого, как известно, быстро закрыли, дав проработать лишь около полутора лет. Очень желательно, чтобы он располагался в историческом здании, где был зловещий НКВД и в подвалах которого шел расстрел жертв. Волнует нас и снесенный памятник в Астане. Особенно озабочены мы обустройством территории вокруг памятника  в Жаналыке. У адилетовцев есть давнишняя мечта – построит здесь мемориальный комплекс, соорудить стеллы с перечислением имен покоящихся в том месте жертв, превратить эту зону в исторический и культурный объект, где люди могли бы получить серьезный урок, способствующий воспитанию каждого историей. Надеемся издать отдельной книгой список жертв, похороненных в Жаналыке и данных о них. Нам необходимо наладить обмен сведениями о репрессированных гражданах, содержавшихся в  лагерях ГУЛАГ, расположенных на территории бывшего СССР. Актуальность этой работы вызвана тем, что на территории Казахстана отбывали наказание «враги народа» со всех концов Советского Союза, а осужденные казахи и представители различных этнических групп, проживавших в Казахстане, отправлены были  в основном в лагеря, расположенные в других республиках. Создание казахстанского электронного банка данных о заключенных в лагерях Казахстана позволит в будущем совершать обмен данными с другими подобными электронными справочниками, работающими в странах ближнего и дальнего зарубежья. Хотим добиться того, чтобы весь Казахстан глубоко осмысливал трагические страницы истории республики, связанные и  с незаконными репрессиями, и с тотальным голодом – национальной катастрофой казахского народа, и делал правильные выводы. Для этого предлагаем предыдущего 31-му мая пятницу определить Днем памяти жертв искуссивенного голода 30-х годов. Нам предстоит еще добиться сооружения памятника Голодомору, место которому определено недалеко от  здания бывшего НКВД 17 лет назад установлением специального памятного камня.

В текущем архиве Общества сохранился оттиск пробного номера журнала «Әділет» үні – Голос «Адилета», который не вышел в свет из-за отсутствия средств. Надеемся в будущем, наконец-то открыть свой печатный орган и целенаправленнее участвовать в пропаганде демократических ценностей и дальнейшей гуманизации общества. Словом, работы впереди – непочатый край... Спасибо за внимание.

28 мамыр 2009 ж.

 

Жұртшылыққа үндеу

«Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының 20-жылдығына арналған «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» («Казахстанское историко-просветительское общество «Адилет»: от тоталитарного прошлого к демократическому будущему») ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар мемлекеттің өз азаматтарының құқтарын жаппай бұзуы, сталинизм зардаптарын жою, жазықсыз жазаланғандарды  құқықтық тұрғыдан қорғау, билікпен, өзге ұйымдармен қызметтестік мәселелерін, сондай-ақ «Әділет» идеяларының халқымыздың бірлігін нығайта берудегі және елімізде демократиялық құндылықтарды орнықтыра түсудегі маңызын жан-жақты талқылай келіп,  жұртшылыққа осынау арнайы үндеумен шығуды жөн көреді.

Тоталитарлық билік жылдары Қазақстанда 340 мыңнан астам адам жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Тек «үлкен террор» кезінде 120 мыңнан астам адам репрессияланып, 25 мыңдай боздақ оққа байланды. Ал пролетариат диктатурасын желеу етіп жүргізген «большевиктердің аштық саясаты» (М.Шоқай)  науқандарында – 1917-18 жж. 1 миллионнан, 1921-23 жж. тағы  1 миллионнан астам астам көшпенді, ал 30-жж. тәркілеу, режимге қарсылық көрсеткен көтерілісшілерді әскери күшпен басу, материалдық қолдау көрсетпей отырықшыландыру, зорлықпен ұжымдастыру кезеңдерінде 2 миллиондай адам – сол кезгі қазақ халқының жартысына жуығы ашаршылық құрбаны болды. Қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай  неміс, корей, шешен, ингуш, балқар, күрді, месхеттік-түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ және басқа да халықтар өкілдері күштеп көшіріп әкелінді. Осынау қасіреттермен астастыра жүргізілген индустрияландыру, тың көтеру науқандарында қазақ жеріне кеңес одағының орталық аудандарынан миллиондаған қоныс аударушылар  келді. Мұның бәрі жергілікті халықтың ұлттық мүдделері шектелуіне жанама түрде болса да әсер етті.

Бүгінгі ұрпақ бұларды білуге тиіс, қазіргі таңда өткенімізде күңгірттік қалмағанда ғана халқымыздың бірлігін бекем ете түсіп, мейлінше арттырып, болашаққа сеніммен бара алатын боламыз.  Сондақтан да аталмыш конференцияға қатысушылар жұртшылықты еліміздің даму тарихындағы қайғылы белестерді ұмыт қалдырмауға, оларды барша азаматты, жас ұрпақты тарихпен тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалана білуге шақырады. Бұл орайда  қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жерленген орындарды анықтап, бастарына естелік белгілер қою ісін жалғастыра беру, жергілікті өлкетану мұражайларында тиісті көрнекі экспозициялар, бөлімдер ашу, барлық ұйымдарда, оқу орындарында еске алу шараларын жаппай ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру ләзім. Әсіресе перманентті ашаршылық  қасіреттерін айрықша есте тұтуды ойластырған жөн. Жер-жердегі өлкетанушылар, зерттеушілер, шежірешілер аштан шейіт болғандарды отбасылық ата-баба  шежірелерін түгендеу арқылы анықтай алар еді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және оның қарсаңындағы жұма сайын барлық ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында ашаршылық құрбандарын еске алып, мешіттерде, шіркеулерде, өзге де ғибадатханаларда оларға арнап арнайы дұға оқуды ұйымдастырайық. Билік те қалың жұртшылықтың мүддесіне орай, талай асыл азаматты жазықсыз атқан үйасты «тирімен» бірге бұрынғы НКВД ғимаратын саяси репрессиялар тарихы мұражайына қайтаруға, Жаңалықтағы ескерткіш айналасындағы аумақты мемлекеттің өз халқына жасаған қиянаттарын, қызыл терроры мен жасанды ашаршылық зұлматын  енді ешқашан қайталанбастай етіп мәңгі еске салып тұратын белгілер қойылатын орманды алқапқа айналдыруға, ішіне құрбандар есімдері қашалған тас тақта-стеллалар орнатуға мұрындық болар деп сенеміз.

Еліміздің барша жұртшылығын  имандылыққа тұнған осындай  шараларды жаппай қолға алуға, сөйтіп оларды кейінгі ұрпаққа үлгі ететін өнегелі дәстүрге   айналдыруға шақырамыз.

 

АЗАМАТТАРҒА АШЫҚ ХАТ

Ұлттық  қозғалыстар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің   еліміздің барша азаматтарына Ашық хаты

Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамының 20-жылдығына арналған «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар мемлекеттің тоталитаризм тұсында өз азаматтарының құқтарын жаппай бұзуы, сталинизм зардаптарын жою, жазықсыз жазаланғандарды  құқықтық тұрғыдан қорғау, билікпен, өзге ұйымдармен қызметтестік мәселелерін, сондай-ақ «Әділет» идеяларының халқымыздың бірлігін нығайта берудегі және елімізде демократиялық құндылықтарды орнықтыра түсудегі маңызын жан-жақты талқылай келіп,  жұртшылыққа арнайы Үндеу қабылдады. Үндеу  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Жаңалықта болған Алматы облысы мен Алматы қаласы жұртшылығы өкілдерінің митингінде жария етілді, мазмұны баспасөзде жарияланды. Онда төмендегідей мәселелер айтылған.

Тоталитарлық билік жылдары Қазақстанда 340 мыңнан астам адам жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Тек «үлкен террор» кезінде 120 мыңнан астам адам репрессияланып, 25 мыңдай боздақ оққа байланды. Ал пролетариат диктатурасын желеу етіп жүргізген «большевиктердің аштық саясаты» (М.Шоқай)  науқандарында – 1917-18 жж. 1 миллионнан, 1921-23 жж. тағы  1 миллионнан астам астам көшпенді, ал 30-жж. тәркілеу, режимге қарсылық көрсеткен көтерілісшілерді әскери күшпен басу, материалдық қолдау көрсетпей отырықшыландыру, зорлықпен ұжымдастыру кезеңдерінде 2 миллиондай адам – сол кезгі қазақ халқының жартысына жуығы ашаршылық құрбаны болды. Қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай  неміс, корей, шешен, ингуш, балқар, күрді, месхеттік-түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ және басқа да халықтар өкілдері күштеп көшіріп әкелінді. Осынау қасіреттермен астастыра жүргізілген индустрияландыру, тың көтеру науқандарында қазақ жеріне кеңес одағының орталық аудандарынан миллиондаған қоныс аударушылар  келді. Мұның бәрі жергілікті халықтың ұлттық мүдделері шектелуіне жанама түрде болса да әсер етті. Бүгінгі ұрпақ бұларды білуге тиіс, қазіргі таңда өткенімізде күңгірттік қалмағанда ғана халқымыздың бірлігін бекем ете түсіп, мейлінше арттырып, болашаққа сеніммен бара алатын боламыз.  Сондықтан да аталмыш конференцияға қатысушылар жұртшылықты еліміздің даму тарихындағы қайғылы белестерді ұмыт қалдырмауға, оларды барша азаматты, жас ұрпақты тарихпен тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалана білуге шақырады. Бұл орайда  қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жерленген орындарды анықтап, бастарына естелік белгілер қою ісін жалғастыра беру, жергілікті өлкетану мұражайларында тиісті көрнекі экспозициялар, бөлімдер ашу, барлық ұйымдарда, оқу орындарында еске алу шараларын жаппай ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру ләзім. Әсіресе перманентті ашаршылық  қасіреттерін айрықша есте тұтуды ойластырған жөн. Жер-жердегі өлкетанушылар, зерттеушілер, шежірешілер аштан шейіт болғандарды отбасылық ата-баба  шежірелерін түгендеу арқылы анықтай алар еді. Осыларды айта келе, әділеттіктер Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және оның қарсаңындағы жұма сайын барлық ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында ашаршылық құрбандарын еске алып, мешіттерде, шіркеулерде, өзге де ғибадатханаларда оларға арнап арнайы дұға оқуды ұйымдастыруға үндейді. Билік те қалың жұртшылықтың мүддесіне орай, талай асыл азаматты жазықсыз атқан үйасты «тирімен» бірге бұрынғы НКВД ғимаратын саяси репрессиялар тарихы мұражайына қайтаруға, Жаңалықтағы ескерткіш айналасындағы аумақты мемлекеттің өз халқына жасаған қиянаттарын, қызыл терроры мен жасанды ашаршылық зұлматын  енді ешқашан қайталанбастай етіп мәңгі еске салып тұратын белгілер қойылатын орманды алқапқа айналдыруға, ішіне құрбандар есімдері қашалған тас тақта-стеллалар орнатуға мұрындық болар деген сенім білдіреді.

Біз, еліміздің барша азаматтарына ашық хатпен үн қатып отырған Қазақстанның ұлттық қозғалыстарының, мемлекеттік емес ұйымдарының және саяси партияларының өкілдері, «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың жұртшылыққа Үндеуіне толық қолдаушылық білдіріп, осы Ашық хатпен күллі халықты, жас ұрпақты онда айтылған мәселелердің орындалуына белсенді түрде атсалысуға шақырамыз. Имандылыққа  тұнған осындай  шараларды жаппай қолға алу, сөйтіп оларды кейінгі ұрпаққа үлгі ететін өнегелі дәстүрге   айналдыру  барша жұртшылықтың, отанын сүйетін әрбір азаматтың  абыройлы борышы деп білеміз.

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы; Хасен Қожа-Ахмет, «Азат» азаматтық қозғалысының төрағасы; Болат Дүйсембі, «Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі; Бейбіт Қойшыбаев,  «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасының орынбасары; Асылбек Қожахметов, «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті; Бейсенғазы Нүкен, «Желтоқсан жаңғырығы» қозғалысының төрағасы; Жұмабек Ашуұлы, Репрессияға ұшырағандар ассоциациясының президенті; Айдос Сарым, Алтынбек Сәрсенбаев қорының жетекшісі; Қуаныш Мұқтай, ақын, Серік Сапарғали, саясаттанушы, Ертас Утарбаев, желтоқсаншы.

17 маусым 2009 ж.

 

 «ТЕМІРҚАЗЫҚ» КЛУБЫНДАҒЫ СӨЗ

Мәкең (Мәмбет Қойгелдиев) баяндамасында репрессияның тегі, түпкі себептері, ауқымы, салдары жайында жақсы түсіндіріп берді. Мен сол төңіректе бірер сөз қоспақпын.  Негізгі мәселе большевизмнің алға қойған мақсатында. Естеріңізде болар, Ленин мен оның серіктері көтерген алғашқы ұран бүкіләлемдік революция жасау болатын. Оның жүзеге аспайтыны аныққа айналғанда, бір елдің – бұрынғы империяның ауқымында таптық негізде құрылған бір мықты мемлекет орнату ісі қолға алынды. Оның өзегі ретінде орыс халқы ішіне кіргізіліп  ұйыстырылатын және бірыңғай орыс тілінде сөйлейтін бір халық жасау идеясы алынды. Большевизм құрған ұлттық құрылымдар іс жүзінде сол мақсатқа апаратын баспалдақтар санатында ғана еді. Ұлттық республикаларға жариялануына рұқсат еткенімен, шын ұлттық мүддені жүзеге асыру бағытында қанаттарын жазғызбас үшін ұлттық кадрлардың желкесіне төтенше комиссия, ГПУ, партиялық бақылау комиссиясы секілді аңдушылары мен жазалаушыларын  төндіріп қойды. Біздегі репрессия жағдайының орталықтағы ахуалды үстемелей түсетін қосымша ерекшелігі сонда жатыр.

Дегенмен, саяси репрессиялар ұйымдастырған большевизм-сталинизм туралы айтқанда, жасанды аштық, үш дүркін соққан перманентті ашаршылық кезеңдерін ұмытпау керек. Осы орайда мен мына құжатты оқып беруді дұрыс көріп отырмын. («Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамының 20 жылдығына арналған «Әділет» қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың жұртшылыққа 2009 жылғы 28 мамырда қабылдаған  Үндеуі оқылады).

Біздің ойымызша, мұнда қозғалған мәселелердің күлліхалықтық мәні бар. Мұны БАҚ құралдары іліп әкетіп, шартарапқа жеткізуді, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық жұмыстарын дүрілдете жүргізуді өздерінің парызы санауы тиіс еді. Бірақ  осы конференцияға біздің қазақ басылымдарынан жан  келмеді. Ал алыстан арнайы кеп қатысып, құттықтау сөз сөйлеген Халықаралық «Мемориал» басқармасының өкілі Борис Беленкин «Әділеттің» 20 жылдығының ғылыми-практикалық конференциямен атап өтілуі жайында «Мемориалдың» өз сайтында хабар беріп, қабылданған Үндеуді жариялады. Беленкинмен «Аргументы и факты» сұхбат өткізді. Өзіміздің «Егемен» Үндеуді мазмұндап қана берді. Бітті. Одан басқа бір жәйтті айтайын. Былтыр күзде ашаршылықтың 70 жылдығына орай «Әділет» республикалық ғылыми-практикалық  конференция өткізді. Оған да біздің қазақ журналистерінің ешқайсысы жоламады. Ал, шынтуайтқа келгенде, бұлар қазақ басылымдары үшін өте өзекті, белгілі бір науқанда ғана емес, тұрақты түрде жазып тұруды қажет ететін тақырыптар ғой. Өйткені бұл – тарихи шындықты ел-жұртқа түсіндіру – халқымыздың шын мәніндегі бірлігіне қызмет ететін мәселе. «Қазақ жерін көркейтуге» әдемі ұран жетегімен кеңес одағының түкпір-түкпірінен құлшына жеткендер қазақ қасіретін, өздерінің жасанды ашаршылықта шыбынша қырылған көшпенділер сүйегі үстінде шат тұрмыс құрып жүргенін білген жоқ, себебі отаршыл билік оны білдіруге мүдделі емес болатын. Енді, тәуелсіз елде, соны азаматтарына жақсылап түсіндіру керек, сонда олар ата-бабаларының қазақтың өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшырауына, тиісінше бар салада кемістік көруіне себепкер болғанын  ұғады. Қазаққа  қатысты тарихи әділеттілік бірінші кезекте орнықтырылуы керек екенін жүрегімен сезетін болады.

Жалпы біз патшалық тұсында басталып, кеңес кезеңінде беки түскен құлдық санадан әлі құтылып болған жоқпыз. Бір ғана мысал келтірейін. Тәуелсіздіктің   бастапқы буымен Жоғарғы Кеңесіміздің арнайы комиссиясы Отыз екіде большевизм көшпенділерге қарсы геноцид жасады деп қорытқан-ды. Елімізде тұңғыш рет Ашаршылық құрбандарын еске алу күні белгіленген. Сол күн бірде-бір рет мемлекеттік деңгейде атап өтілмеді, Алматыда ескерткіш орнатамыз деп белгіленген орын әлі сол белгіленген қалпы ғана тұр. Оның басты себебі біздің билік буындарындағы азаматтарымыздың «орыс не деп қалады» деп жалтақтауында жатқан еді. Ал іс жүзінде мәселе орыста емес, билік құрған режимнің, бүгінде жоқ, жойылған мемлекеттің қылмыстарында ғой.

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамы алдағы уақытта сталинизм зардаптары жайында арнайы ғылыми конференция өткізбек ойда. Бір ескертетін жәйт – кеңес тұсындағы ірі тұлғалардың жақсы жақтарын мақтан тұта тұрып, кемшіліктерін талдауымыз керек, бұл оларды кемсіту үшін емес, олардың бастан кешкен тәжірибелерінен сабақ алу үшін, өзімізді түсіну үшін, өткен кемшіліктерді қайталамай, болашаққа сеніммен беттей алуымыз үшін қажет.

19 маусым 2009 ж.

Бейбіт Қойшыбаев

Жалғасы бар

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257