Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Мәйекті 5707 0 пікір 6 Қазан, 2016 сағат 13:22

КЕНЕСАРЫНЫҢ БАССҮЙЕГІН ЕЛБАСЫНЫҢ ӨЗІ СҰРАТУ ҚАЖЕТ

Бүгін Астанаға Ресейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұған дейін Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

Ресей тарапы Қазақстан Үкіметі сұрау салған Кенесарының басы табылмай жатқанын хабарлап, Кейкі батырдың бассүйегін қайтаруға сөз берген-ді. Сол келісімге сәйкес, бүгін таң ата қаншама жылдар бойы Петербург қаласында Кунсткамерада тұрған батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Бұдан әрі қандай рәсімдер атқарылатынын Abai.kz ақпараттық порталы назарда ұстайтын болады.

Енді Елбасымыз бен су жаңа Үкіметіміз осы игі істі жалғастырып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының бассүйегін әкелу жұмысын қолға алса деген өтінішіміз бар. 

Экс-премьер Мәсімовтің бірауыз сөзі Кейкі батырдың басын қайтарып алуға ықпал етті. Енді Үкімет қана емес, бұл іске Елбасының өзі араласуы қажет секілді. Себебі, Кенесарының сүйегін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өзі сұратса, Путин әріптесінің сөзін жерге қалдырмас еді деп ойлаймыз.

Жалпы, қазақтың соңғы ханының басты жоқтаушысы тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болуы керек. Бұл абыройлы жұмыс Елбасымыздың қолымен жасалса, бүкіл халықтың рухы көтеріліп, президентімізге деген халық махаббаты еселене түсері анық.  

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500