Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6408 1 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:34

ДЕПУТАТТЫҢ АШУЛЫ ХАТЫ. ЖАЛТАРМА ЖАУАПТАН ЖАЛЫҚТЫҚ!

Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясы фракциясының өкілі Меруерт Қазбекова Ұлттық Банктың Төрағасы Данияр Ақышевтың атына ашулы хат жолдады. Депутат фракция мүшелерімен бірге Ұлттық Банк Төрағасына «Шетелдік валюталармен алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын» адал борышкерлердің мүддесін қорғау мәселесі бойынша жақсартуды сұрап үстіміздегі жылдың 29 шілдесінде және 7 қыркүйегінде депутаттық сауал жолдағанын айтады.

«Соның ішінде біз бағдарламаның шарты бойынша алған несиелерін төлемей келгендерге девальвациясының былтырғыдан бұрынғы курсымен қайта есептеп, жеңілдік жасалғанын, ал адал төлеп келгендерге қайта қаржыландыру бүгінгі курспен есептелгенін, сөйтіп олардың қарыздары 70-80 пайызға артып кеткенін көрсеткенбіз. Біздіңше бұл әділетсіз, тіпті азаматтардың теңдігін бұзып, Конституцияның нормасын аяқ асты етіп отыр, сондықтан жағдайды түзетуіңізді сұраймыз» деген едік. Бірақ соның екеуіне де Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары О.Смоляковтың қолы қойылған жалтарма жауап келді деп ренішін танытады депутат.       

Сауалдың тоқетерінде депутат: Мұндай жауапты «Ақ жол» фракциясының мүшелері жауап деп қабылдамайтынын айтқан. «Біз Сізден үшінші рет сауалымызды қарап, негізделген жауап беруіңізді және депутаттардың сауалына жалтарма жауап дайындаған қызметкерлеріңізді жауапкершілікке тартуыңызды талап етеміз» делінген сауалда.

Айта кететін жайт, Мәжілістің соңғы жылдардағы тарихында мұндай талап болмаған еді. Депутаттардың бәрі жалтарма жауапқа қарсы амал таба алмай, үнсіз қоя салатын.

Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заңның  27-бабында: «Депутаттық сауал мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған депутаттың талабы болып табылады. Сұрау салуға жазбаша жауап бiр ай мерзiмде табыс етiледi. Сұрау салуға қайтарылған жауап пен оны талқылаудың нәтижелерi бойынша Палатаның қаулысы қабылданады» делінгенін де көптеген лауазымды тұлғалар біле бермейді. Егер Д.Ақышев осы жолы да жалтарма жауап жіберсе, депутаттар палатаның арнайы Қаулысын қабылдау туралы ұсыныс енгізуіне толық қақы бар. Онда Д.Ақышев мырзаға сенімсіздік көрсетілуі де мүмкін. Шіркін-ай, «Ақ жол» осыған дейін барса, бастықтардың бәрінің де басы ауырып, жауапкершіліктері артар еді.

С.ЕЛЕУ, сарапшы  

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347