Тарих

АҚИҚАТЫН ТАРИХШЫЛАР АЙТСА...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жазушы Қабдеш Жұмаділов пен сайт авторларының бірі Камал Әбдірахман арасындағы тарихтағы кейбір мәселелерге қатысты ой алысқан әңгімелерін жіті қадағалаған семейдегі оқырмандарымыздың бірі Дәулет Тілеубердиев мақала жолдапты. Онда автор Камал Әбдірахманның келтірген деректеріне қатысты ойын жаза келіп, тарихтағы мұндай мәселелерге тарихшылар төреші болып, ақиқатын солар айта деген ниетін білдіріпті.

Оқырман мақаласын толық жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

 

«Абай» порталындағы   қазақтың майталман  қаламгері Қабдеш Жұмаділов пен Камал Әбдірахман арасындағы  пікір таласты  оқып,  қолыма қалам  алдым. Камал ағамыз: «1754 жылы Қабанбай батыр шығыстағы қай жерді керей мен найманға бөліп береді? Арқада табжылмай отыр. Өткенде соны бір дерек келді. Біз орысқа қарсы шаққан башқұрттың Салауыты мен Қарасақалын ғана айтамыз. Бірақ 1755 жылы Батырша деген башқұрт та көтеріліс жасап, ақыры ол да қазақты паналапты. 1770 жылы орыстар оларды Нұра бойындағы Қабанбай батыр ауылынан табады. Осы жылы Ата дүниеден өтті емес пе, Арқада! Қайдағы шығыс?» десе, бір сөзінде Н.Аристов, Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Н.Мыңжан, Қ.Халид сынды белгілі тұлғалардың деректеріне сүйенгенін айтады...  

Камал Әбдірахман тілге тиек  етіп отырған Құрбанғали Халидтың айтуынша, Тарбағатайдың күнгейіне қазақтар 1760-1770 жылдары аралығында көшіп келген екен. Ғалым өзінің «ТАУАРИХ ХАМСА» кітабында Аягөз өзенінің бойында болған «Қандыжап» («Мамырсу») бітімінің қай жылы болғандығын нақты айғақтармен дәлелдеу арқылы, бүгінде дау тудырып жүрген кейбір тарихи деректердің бетін  өткен ғасырдың басында  ашқан.  Қ. Халид өз еңбегінде:

«Бұл бітімге халық «Қандыжап бітімі» деп ат берген, өйткені қалмақтардың бастапқы ойы өлген ханының құнын сұрау екен, кейін оны біржола кешіріп, өлген ханның қанын жабулы қалсынға келіседі. Ханның өз аты да Қандыжап еді. Осы хабарды бізге жеткізушілер оннан аса адам болды, бәрін санау орынсыз болар. Бірі 60-тан асқан Айбақ Соқран баласы атасынан естігенін маған 1305 һижра жылы 2-ші жұмадил – ахир айы, яғни 1888 жылы 2 февраль күні айтып берді:

- Атамыз Соқранның жылы ит, 92 жасында жылан жылында дүние салды. Осы үстіміздегі доңыз жылында оның қаза болғанына 43 жыл толады. Атамыз Мамырсу бітімін жасаған жылы төрт жасар екен. Келесі жазында Даған дили (тілі болуы мүмкін) жерде оны сүндетке отырғызған. Оның келер жазында, қоян жылы Аягөз бойына келіп, осы күнгі қыстауымызды бабамыз Қонысбай иеленген. Бізден бір жыл бұрын Қаржы (Қарашы) қыстаған, бітім болатын жылдан бұрын Қызай елі қыстапты. Қазақта Қызайдан бұрын Аягөз маңына қонған ел жоқ деп айтушы еді»,- дейді.

Осы айғақтарға сүйенсек, бітім 1756-1957 жылдары жасалынған.
Ал мына арада айтылып отырған бабамыз Қонысбай деп отырған адам бүгінде Үржар ауданының Егінсу ауылын қоныстанып отырған Семіз найман ішіндегі Алдияр руының (Қырқымылтықтың) түп атасы. Мен де сол әулеттің бір  баласымын. Санап отырсам, мағанға дейін Қонысбай бабамыздан бері он ата толыпты. Содан бері әрбір ұрпақ арасын 25 жылдан алғанда екі жарым ғасырдан астам уақыт өткен екен. Бізден гөрі сол тарихи кезеңге  бір табан жақын болған   Құрбанғали Халидтың дәлелмен айғақтаған мәліметтері   шындыққа жанасатын сияқты. Жалпы,  «Тауарих хамса» -  құнды тарихи  деректерге  бай  еңбек.

Ал белгілі тарихшы - ғалым  Амантай Исин фейсбуктағы жазбасында: «Камал Әбдірахман жаңылыс айтып отыр. 1755-1756 жылғы башқұрт көтерілісінің үндеушісі, мишәр халқынан шыққан Батырша 1756 жылы ұсталып, көп азап шегіп, 1762 жылы Балтық жағалауындағы Шлиссельбург бекінісінде өлтіріледі. Ал, қазақтардың жоңғарды толық тоздырып Тарбағатайды иемденуі - 1754-1755 жылдар. Мәнжур-қытайлар (Цин империясы) Жоңғарияны оккупациялағанда олар Жоңғария жерінің тұтастай қазақтардың қолына өтіп кетпеуін көздейді. Бұған қатысты деректер 1989 жылы жарияланған»,- дейді.

Осы деректерге сүйене отырып, қазақ Тарбағатайға  XIX ғасырдың басында келді деген Камал ағамыздың пікіріне өз уәжімізді  ұсынып отырмыз. Какең өз ойын қуаттау үшін осы деректі жиі айтып,  жиі жазып жүр.  Алайда, ақиқатын тарихшылар айтса, дұрыс болар еді.

 Бас батырдың аруағын ардақтап жүрген Камал ағамыздың еңбегін ерекше құрметтейміз. Осы кісінің бастамасымен Қабанбай бабамызды насихаттауда  біршама  игілікті істер  атқарылды. Әсіресе Ел ордамыздың   жанындағы Дарабоз Батырдың  кесенесі ұлттық рухымызды  асқақтатып,  бүкіл қазақ баласы тәуіп ететін киелі орынға айналып отыр.

Дәулет Тілеубердиев

Семей қаласы

abai.kz

18 пікір 1267 рет оқылды Қосылған: 31.10.16
    • #1
    • А
    • дн, 31/10/2016 - 12:58

    бұл тақырыпқа байланысы жоқ болса да айтуға рұқсат етіңіздер;Ұлт кз-те сұмдық таза қазақтарды қаралап жазған шала қазақтың жазбасын оқыдым.масқара.аты;шалақазақтар біліңдер:таза қазақтар біздің бауырларымыз емес депті.ой сұмдық.сендерді бауыр қылам деп талпынып жатқан ешкі жоқ.сендер "іштен шыққан жау жаман" дегендейсіңдер ғой.

    • #2
    • керей
    • дн, 31/10/2016 - 13:24

    Камал Абдрахмановтың атын естігемін, жазбаларын оқығаным болмаса, көрмеген адамым. Тарихшы да емеспін. Руым керей. Біздің аталарымыз 1785 жылы Аякөз деген жердегі найманның төресі Әбілпейізден керейге төре қылуға сұлтандарыңның бірін бер деп сұрап барады. Бұл - Көгедай гүн еді. Көгедай қазіргі Зайсан өңірінде өмір сүрген екен. Найман мен керей сол 18 ғасырдың екінші жартысында Алтай мен Тарбағатайға келіп қойған деген пікірдің жаны бар сияқты. Ал Хан батыры Қабекеңнің қайда жатқанын бір Алла ғана біледі.

    • #3
    • Қожамбет
    • дн, 31/10/2016 - 14:15

    Так, в феврале 1760 г. туленгут Раимбек рассказывал русским посланцам, что “прошедшей осени Аблай-салтан посылал ево от себя их же Средней орды в Карагирей Найманский род, который кочевье свое имеет в зенгорских местах при урочище Каратал имянуемом, к находящемуся в том роду Абулмамет-хана сыну Абулфаиз-султану для отводу в подарки ему Абулфаиз-салтану четырех лошадей. И при обратном де ево оттоль возвращении тогу роду главной старшина Кабанбай приказывал ему, Раимбеку, Аблай-салтану объявить, чтоб он со всем своим улусом прикочевал на Зенгорскую землю на то место, где бывала зюнгорского хана Галдан Чирина Урга, яко де оное порозжее, где б де будучи мог, он Аблай, так как Галдан-Чирин во все тамошние окружные места повелевать, и чрез то б де могла их касацкая орда распространиться и прославиться, что де он, Раимбек, по приезде ему Аблаю и объявлял. Только де он, Аблай-салтан, на то будто ничего не говорил, кроме того что разсмеялся”

    • #4
    • Қожамбет
    • дн, 31/10/2016 - 14:17

    Каратал (каз. Қаратал; в пер. с каз. «черная ива») — река в Алматинской области Казахстана.
    Осы дерекке сүйінсек Қабдеш ағамыздың пікірі дұрысырақ сияқты.

    • #5
    • Тарихшы
    • дн, 31/10/2016 - 14:38

    Құлаққа кірмейтін қырт қылжақты мүжіи бергеннен не шығады?Батырдың елдік жолындағы, ерлік жолындағы жазбаға түскен бірде-бір шежіресі жоқ... "Атам айтты, апам айтты"-мен, "ана рудың ішінде мынадай аңыз бар, мына рудың ішінде мынадай аңыз бар"- деген дерексіз баянмен, "ана төбеде атекем жатыр, мына төбеде апекем жатыр"- деген "аңызақ әпсанамен" жұртты алаңдатудың керегі не?! Жүмәділов те, Абдырахманов та жастың да, жасамыстың да жасынан өтіп кеткен шалдар ғой, сабыр сақтап саналы ұрпақ тәрбиелеу жолына бет бұратын кездері емес пе? Арқадағы АТА БЕЙІТТІҢ қадіріне жетіп, келер ұрпаққа аманат етуге ...саналарының жетпейтініне таң-тамашамыз, ашығын айтсақ. Кәзіргі қазақ тарихнамасын жасап жүрген, жасауға талпынып жүрген қауымның қолынан келетін іс емес бұл. Үйткені мәрелі мәмлеге тірек - жазба дерек жоқ! Ал, жоққа жүйрік жетпейді... Одан да, осы пысықтар, Қабанбайлардың бүгінгі ұрпақтарының бойынан имандылық пен ізеттілік неге сусып барады, адам бағасы неге арзандап барады, ұры-қары неге көбейіп барады, көйлегі көктің қайғысы қай деңгейде, соны талқыламай ма, болар елдің балалары екендіктері рас болса...

    • #6
    • Біз
    • дн, 31/10/2016 - 15:31

    Автор өз ойынан ешнәрсе қосып тұрған жоқ. Расында әркім өзінің ыңғайына қарай тарихты жұлмалауға болмайды. гой. Абдрахмановтың әрекеті солай болып түр.

    • #7
    • история
    • дн, 31/10/2016 - 15:38

    В декабре 1758 года Батырша был приговорен к наказанию плетьми, вырыванию ноздрей и пожизненной каторге.

    После долгих пыток и допросов Батыршу отправили в Шлиссельбургскую крепость на пожизненное заточение. Он пять лет промучился в заточении, но закончить свою жизнь в рабстве не захотел. В июле 1762 года он схватил в свои закованные руки топор, забытый в его камере надзирателями, и бросился на охранников. В схватке Батырша убил четырёх охранников и погиб сам.[

    • #8
    • Дала
    • дн, 31/10/2016 - 16:20

    Кабдеш ағаны жоққа шығаруға болмайды. Қалай десек те ол кісі үлкен жазушы. АЛ Камал деген кісіні танымаймын.

    • #9
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 31/10/2016 - 16:52

    #5 Тарихшы

    Оте дурыс айтасын, Казахстанда не коп тау коп сол ар таудын тарихын жазайык. Кай таудын тобесiне барып Казах кашан, калай барып тышты екен деп.

    • #10
    • Сол
    • дн, 31/10/2016 - 17:13

    Тарихшыға. Біздің тарихымыздың бәрі сол тауларда, Соларға тіл бітіп сөйлесе шіркін, Ал сендер сорлы тарихшылар саясаттың ала к... торғайсыңдар.

    • #11
    • ШӘКІРТТЕРІ қайталап ұсынады
    • дн, 31/10/2016 - 17:15

    #42 ҰЖДАН- қосымша жазды... (С. Ғ. ) сн, 26/10/2016
    Сендерді Қабанбайдай әулиенің - АРУАҒЫ - үрім-бұтағыңды тұздай ерітіп ҚҰРТЫП ЖІБЕРМЕСІН - десеңдер... мынау арсыз сандырақтарыңды тоқтатыңдар !!.. Қабекең өзі өсиет еткен жерінде... бүгінгі Астананың іргесінде жатыр. Ұлы Қабекең қайтқан да... Хан-Абылай да, Бұхар жырау да... бүкіл Үйсін Елінің жақсы-жайсаңдарын ертіп САРШУАШ-әулиенің барғаны... сол уақытта жазған ТОЛҒАУЫ бүгінге дейін бар !!.. Сол кездегі жер атауы ҚАРАӨТКЕЛДІҢ кешегі күнге АҚМОЛА аталуы - қасиетті Қаракерей Қабанбай батырдың басына тұрғызылған моласына байланысты болғаны да жазылған !!. Ырду-дырду болып аруақты мазалағандар... үш күн бойы ДҰҒА оқып... Аруақтан кешірім өтінгендерің жөн ?!?... ӘЙТПЕСЕ...

    • #12
    • БАҒЫС
    • дн, 31/10/2016 - 17:38

    ҚАБДЕШТІ ҚАНША ЖЕРДЕН СОЙСАҢДАРДА ҚАН ШЫҚПАЙДЫ
    БІРАҚ БҰҚАР ЖЫРАУ КӨҢІЛІН СҰРАП БАРҒАН ЖЕР, ҚАЙ ЖЕР ЕДІ.
    СҮЙЕГІ СОЛ ЖЕРДЕ. АЙЫБЫ СОЛ АҚ НАЙМАНДАР БАСЫНА ЗӘУЛІМ
    БЕЙІТ ТҰРҒЫЗА АЛҒАН ЖОҚ. ОҒАН ҚАБДЕШ КІНӘЛІ ЕМЕС ҚОЙ.
    БІЛМЕГЕН, СҰРАҒАН АДАМҒА АЙТАРМЫН КАМАЛДІКІ АТЫҢ
    ШЫҚПАСА ЖЕР ӨРТЕНІҢ ӘҢГІМЕСІ.

    • #13
    • Дала
    • дн, 31/10/2016 - 17:40

    Бұл жерде Қабанбай бабамыз жөнінде сөз жоқ. Барлығымыз Отанымыз үшін қанын төкен бабаларымызға мәңгілік қарыздармыз. Дарабоздың Кесенесінің Астана іргесінде болуының өзі үлкен мақтаныш. Бұл арада әңгіме басқада. Тарихтың бұрмалануы.

    • #14
    • Кенен
    • дн, 31/10/2016 - 19:11

    Үйсін елінің жақсы-жайсандарын бастап барған "Саршуаш әулие" руы ұлы жүзден емес. Ол "Өтебай Саршуаш шешен" деп аталған. Ақтайлақ бимен қатарлас шыққан. Есқожаұлы Төребай ақын: "Найманда Ақтайлақ пен Саршуаштың,
    Сөздерін қауым тыңдап, көрген мақұл.
    Ақтайлақ пен Саршуаш емес ақын,
    Сұңғыла шешен екен, айтар нақыл», - дейді.
    Абылай ханның кіндігінен тараған ұлы жүзді басқарған сұлтандар Саршуашты өздеріне басты ақылгөй етіп ұстаған. Саршуаштың елі «Матай – Кенже - Сұртай (Тоқмырза) - Мәмбет – Қартқұлбай – Бұланбай – Ындыш - Шошқа - Өтебай, одан Ебес. Ебестің екінші әйелінен бес ұл туып таралған. Соның үшіншісі Айтбек, оның кіндігінен Саршуаш шешен туған. Саршуаштың отырған қыстауы, төбесі, аралы сақталған. Ақтайлақтан асқанымен ұлы жүзге барып, найманға аты шықпай қалған. Жүз жас жасаған мәрт. Саршуаштың айтқан мақалдары қазақ әдебиетінде кездеспейтін, басқаға ұқсамайтын шырайлы мәнімен асқақ. Саршуаш Бұқар жырауға, Керей Жәнібекке сөз десін өткізіп, Қабанбай өмірден өткенде ұлы жүздің жақсыларының атынан хан Абылай, Қаз дауысты Қазыбек, Қанжығалы Бөгенбай, Керей Жәнібек, Сарышуаш жырауға жұбату "Көңіл" айтқызған. Енді оны бұрмалап, "Саршуаш әулие" деп, ұлы жүзге жатқызып, санап жүр.

    • #15
    • тарихшы
    • дн, 31/10/2016 - 20:03

    Камал Әбдірахманның жазғандары шындыққа жақындау. Қ.Жұмаділовтікі қате. Шындап айтсақ, екеуі де дұрыс жазбайды. Тек ауызша бұрмаланып келген долбар дерек шындыққа тірек бола алмайды. Екеуінікі де долбар.

    • #16
    • Қожырбайдың фанаты
    • дн, 31/10/2016 - 21:15

    Қысқасы Қожырбайұлынан сұраң, бәрін орнына қойып қолмен ұстатып береді.

    • #17
    • қазақ
    • дн, 21/11/2016 - 15:45

    Егер де, Тарбағатай өңірін "қазақ" деп аталатын этникалық одақтың қоныстанған кезі туралы болса, әңгіме - онда мәселе басқада! Ал, енді, осы таулы Алтайдың біздің тарихымызға қатысы қалай деген әңгіме тұрса - онда мәселе күрделенеді! Қазақ халқы өзін ғұндар, сақтар мен сарматтардың мұрагерлеріміз деп официально танып, көшпенді сақтардың ойкуменасы өр Алтайды біздің байырғы Отанымыз деп танимыз, ағайындар!!! Тақырып пен "талас-тартыс" өзі бүртүрлі қызықтау екен, қанша дегенмен де?! Тарбағатай - байырғы көшпенділердің мекені ғой деуші едім!!!

    • #18
    • Мұқан
    • дн, 21/11/2016 - 21:04

    Алтай мен Тарбағатай қазақтың ежелгі ата қонысы. Бұл дауға жатуға тиіс емес.

Пікір қосу

  • 9 + 13 =

Вход