Алашорда

АСТАНА ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ АЛАШ МӘСЕЛЕСІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

 

 

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау», -депті. Осы жердегі Қараөткел – Ақмола өңірінің байырғы жер атауы, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның астанасы, бас қаласы. Алаш көсемінің осыдан 100 жыл бұрын айтқан сөзі еліміз егемендігін алған уақытта жүзеге асты. Расында, Астанада түрлі университеттер салынып, зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақтың Әлиханы айтқан Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақып сынды тағы басқа тарихи тұлғалардың есімдері ұлықталып, мұралары жан-жақты насихатталып жатыр. Осы аталған негізгі бағыттағы жұмыстардың атқарылуы – Астананың Алаштану саласына қосқан үлкен үлесі деуге болады. ХХ ғасыр басындағы қазақтың саяси элитасы ретінде халқымыздың саяси тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлтымыздың мәдени-рухани деңгейін көтеруге күш салған, мол шығармашылық мұра қалдырған ұлт зиялыларының өнегесін, тәрбиелік мәні зор тағылымдарын дәріптеу – тек аталмыш саланы зерттеп жүрген ғалымдардың ғана емес, мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың да және жалпы қоғамның да ісі.

Алаш пен Азаттық – егіз ұғым. Осынау Тәуелсіздік бізге – бүгінгі ұрпаққа оңайлықпен келе салған жоқ. Бұл жолда қазақтың нешелеген ұлдары бастарын қауіп-қатерге тігіп, ұлт-азаттық жолында құрбан болды. Қаншама арыстарымыз еркіндік үшін ұмтылып, басына небір зұлмат қауіп-қатерлерді өткерді. Азаттықтың ақ таңы – Алладан бабаларымыздың тілеп өткен тілеулері, арман-мұраттарының орындалуы, қайсар рухты қазақтың ғасырлар бойғы күрестерінің жемісі.

Тәуелсіздіктің бойтұмары, символына айналған Астана және Тәуелсіздік ұғымдары бір-бірін толықтырып тұратын ұғымға айналғанын бүгінгі Астана қаласында атқарылып жатқан істерден көруге болады. Астанада әр жылдарда қазақ халқының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау үшін күрескен Керей-Жәнібек, Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Кенесары бастаған ұлы тұлғалар, батырлар, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбайұлы бастаған Ұлы Отан соғысының батырлары, Ақтамберді жырау, Біржан сал, Абай, Мұхтар бастаған әдебиет пен өнер өкілдері, ғалымдар, Балуан Шолақ, Қажымұқан бастаған қазақтың спорт шеберлері, Смағұл Сәдуақас, Жұмабек Тәшенұлы бастаған белгілі тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атына, әлемдік тұлғалар, халықаралық атаулармен, әдеби кейіпкерлер, аналар, кәсіби, дәстүрлі, жер-су атауларымен аталатын даңғыл, көше, тасжол, қысқа көше, орамдар берілген. Астана қаласындағы Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлерінің есімдерімен аталатын көшелер: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхаммедұлы, Жаhанша Досмұхаммедұлы, Ағайынды Бірімжановтар, Әлімхан Ермеков, Айдархан Тұрлыбаев, Уәлитхан Танашев, Смағұл Сәдуақас, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Ғаббас, Сұлтанбек Қожанұлы, Хайреддин Болғанбаев, Жаһанша Сейдалин, Қошке Кемеңгерұлы, Телжан Шонанұлы, Ғұмар Қараш, Жақып Ақбай, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Аспандияр Кенжин, Мұхамеджан Сералин, Нәзір Төреқұлұлы, Шаймерден Қосшығұлұлы және Алаш тасжолы. Астанада жалпы қазіргі уақытта Алаш қайраткерлерінің есімімен аталатын 1 даңғыл, 26 көше және Алаш деп аталатын 1 тасжол бар.

Сөзіміз мен ісіміз дәлелді болу үшін осы көшелерге анықтамалық сипаттама берейік:

1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН КӨШЕСІ

Әлихан Бөкейхан көшесі Астана қаласы мәслихатының шешімімен 1997 жылғы 7 қарашада берілген. Ол Ғ. Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ағыбай батыр, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 846,3 м. Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан. Әлихан Бөкейханның атына елорданың сол жағалауынан көше берілетіндіктен аталған көшеге қазіргі таңда Әзірбайжан Мәмбетовтің аты берілді.  

Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылғы желтоқсандағы сиезде «Ұлт Кеңесі» құрылып, оның аты «Алашорда» болып аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.

2. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ КӨШЕСІ 

Міржақып Дулатов көшесі 1997 жылғы 7 қарашада берілген. С. Мұхамеджанов көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ш. Жиенқұлова, Ақан сері, Жалын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3721,7 м.  

Міржақып Дулатов (1885-1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, көсемсөз шебері. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Қазақтың тұңғыш романы – «Бақытсыз Жамал» (1910) және «Азамат» (1913), «Терме» (1915) кітаптарының авторы.

3. МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ КӨШЕСІ

Мұхамеджан Тынышбаев 1997 жылғы 7 қарашада берілген. Қарасай батыр көшесінен басталып, Ы. Алтынсарин көшесінде аяқталады. Ақбұғы, Біржан сал көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 727,6 м. 

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) – Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы,  тұңғыш теміржол инженері, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Алаш партиясын құруға тікелей араласып, 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің 15 мүшесінің бірі болған. «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысқан.

4. СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ КӨШЕСІ

Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі 1997 жылғы 7 қарашада берілген. Ол Кенесары көшесінен Отырар көшесіне дейін және Ж. Омаров көшесінен басталып, Бөгенбай батыр даңғылына дейін созылып жатыр. С. Сейфуллин, Қарағанды, Ә. Жангелдин,     И. Панфилов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –  1704,5 м. 

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) – ақын, ағартушы, Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі. 1917 жылы Ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы, Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысқан. «Алаш ұраны» өлеңін жариялап, «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз...» деп Алаш идеясын жырлаған. «Әлиханның Семейге келуі» мақаласында Алаш көсемінің тарихи қызметін бағалады. Бірнеше өлең, очерк, роман, әңгімелер жазған.

5. ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ КӨШЕСІ

Қошке Кемеңгерұлы көшесі 1999 жылғы 1 шілдеде берілген. Ақбидай   көшесінен   басталып,   Өзен көшесінде аяқталады. Ақсу-Жабағалы, Ынтымақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2207,2 м.

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) – Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Омбыда құрылған қазақ жастарының ұйымы «Бірлікке» мүше болған. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы болды. Прозадағы алғашқы туындыларының бірі – «Тұтқаның ойы» әңгімесі. Қ. Кемеңгердің «Жетім қыз», «Дүрия», «Назиқа» әңгімелері, «Алтын сақина», «Бостандық жемісі» т.б. драмалық туындылары бар.

6. АЛАШ ТАСЖОЛЫ

Алаш тасжолы 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Ш. Жиенқұлова көшесінен басталып, Ақжол, Жолымбет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 14717,3 м. Бұл тасжолда Алаш сауда үйі, Орталық базар, Көк базар орналасқан.  

Алаш қозғалысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылғы 26 маусымдағы «Қарқаралы құзырхаты» деп аталып Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған құжат осы қозғалыстың бастауы болып табылады. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егіншілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917 жылы Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды.

7. МҰСТАФА ШОҚАЙ КӨШЕСІ

Мұстафа Шоқай көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. «Промышленный» тұрғын алабы. Көкжелек көшесінен басталады.Ұзындығы – 1108,8 м.

Мұстафа Шоқай (1886-1941) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері, отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.

8. ҒҰМАР ҚАРАШ КӨШЕСІ 

Ғұмар Қараш көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Ә. Бөкейхан көшесінен басталып, Асанқайғы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1155,1 м.  

Ғұмар Қараш (1875-1921) − Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, діндар-ақын. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты философиялық  кітаптары жарық көрген.

9. ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ КӨШЕСІ

Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Ақжол көшесінен басталып, Жетіген көшесімен қиялысады. Ұзындығы – 1501 м. 

 Жаһанша Досмұхамедұлы (1889-1932) – Алаш қозғалысының қайраткері, Батыс Алашорда жетекшілерінің бірі, заңгер. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде облыстық қазақ комитетінің төрағасы болды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

10. ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ КӨШЕСІ

Халел Досмұхамедұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. «Шұбар» тұрғын алабы. Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р. Қошқарбаев,   Ә. Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1089,8 м. 

Халел Досмұхамедұлы (1894-1939) Алаштың көрнекті қайраткері, Батыс Алашорданың төрағасы, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, оны өткізуге атсалысты. 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ сиезінде жарияланған Алашорда үкіметінің – Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құру ісіне күш салды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай – Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.

11. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ КӨШЕСІ

Жүсіпбек Аймауыұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. С. Сейфуллин көшесінен басталып, Ы. Дүкенұлы көшесінен аяқталады. Ә. Жангелдин көшесімен Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1100,9 м.

Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931) – Алаштың көрнекті қайраткері әрі жазушысы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Қазақ көркем прозасының, драматургиясының, ұлттық психология, педагогика ғылымдарының негізін салушылардың бірі. 1917-1919 жылдары Алаш қозғалысының өрістеген шағында жазушы саяси іс-шаралардың ортасында жүреді. Алашорданың үні болған «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналына ұлтты азаттыққа үндейтін, намысын оятатын мақала, өлең жариялап тұрған. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесаларының, «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбектерінің авторы.

12. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ

Мағжан Жұмабаев даңғылы 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Абылай хан даңғылынан басталып, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев даңғылдарын, Қажымұқан, М. Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м. Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан. 

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Алаш қозғалысының белгілі қайраткері, ұлт ақыны, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. 1912 жылы Қазанда ақынның «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. М. Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Ол Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады. М. Жұмабаев «Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Түркістан» т.б. өлеңдердің және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты поэмалардың авторы.

13. ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ КӨШЕСІ         

Әлімхан Ермеков көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Темірқазық, Н. Оңдасынов, Алпамыс батыр көшелерін қиып өтіп, Қарасақал Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 899,5 м. 

Әлімхан Ермеков (1891-1970) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған. Ол қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған.

 

14. СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНҰЛЫ КӨШЕСІ 

Сұлтанбек Қожанұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Лесной көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1437,6 м.

Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1938) – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. 1917 жылы көктемде Ташкентте М. Шоқай, Қ. Қожықов, Қ. Болғанбаев, С. Ақаевпен бірге «Бірлік туы» газетін шығарды. Мектепке арналған «Есептану құралы» оқулығы мен «Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына» атты кітаптары шықты.  1923 жылы Мағжанның өлең кітабына алғысөз жазып жариялады. «Нені айтайын?», «Кім жауапкер?», «Көреміз!» т.б. өлеңдері мен аудармалары бар.

15. ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ КӨШЕСІ  

Телжан Шонанұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Ташкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1346,7 м.

Телжан Шонанұлы (1894-1938) – көрнекті Алаш қайраткері, тіл білімі саласын ұйымдастырушы, ағартушы, педагог, аудармашы, тілші ғалым. Т. Шонанұлы ұлттық автономия жолында күрес жүргізген Алаш қайраткерлерінің қатарында болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының құрамына енгізілді. Ол 1923-37 жылдар аралығында 32 оқулық, кітап, 72 мақала жазған.

16. НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ КӨШЕСІ

Нәзір Төреқұлұлы көшесі 2007 жылғы 12 желтоқсанда берілген. Ж. Жабаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 933,6 м.

 Нәзір Төреқұлұлы (1892-1937) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі тарихи тұлғалардың бірі, Алаш қозғаласының қайраткері. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқыларының қатарында Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Түркістан Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссариатын басқарды. Ташкенттегі тұңғыш жоғарғы оқу орнын ашуда басты тұлғалардың бірі болды. 1922-1926 жылдары КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласқан. 1928 жылы (36 жасында) Һижаз Неж (Сауд Арабиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. КСРО-ның тұңғыш қазақ елшісі болған.

17. ЖАҚЫП АҚПАЕВ КӨШЕСІ

Жақып Ақпаев көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Ұзындығы – 1006,5 м.

 Жақып Ақпаев (1876-1934) – Алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. ХХ ғасырдың басындағы ең ықпалды қазақ зиялыларының бірі. Қарқаралы уезді қазақ комитеті оның құрметіне «Жақып медресесін» ашқан. Қазақ халқының құқығы мен бостандығы үшін күрескен ірі қайраткер.

18. ЖАҺАНША СЕЙДАЛИН КӨШЕСІ 

Жаһанша Сейдалин көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Дәулеткерей көшесімен қиылысып, Н. Тілендиев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 982,1 м. 

Жаһанша Сейдалин (1877-1923) – қоғам қайраткері. ХХ ғасырдың басында жалпықазақ съезін шақыруды алғаш көтерген тұлға.

19. ХАЙРЕТДИН БОЛҒАНБАЕВ КӨШЕСІ

Хайретдин Болғанбаев көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Егінді, Көкжиде, Ашутас орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 885,4 м.  

Хайретдин Болғанбаев (1893-1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, көсемсөзші. Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездеріне қатысқан. Түркістан автономиясын құруға атсалысқан. Ақмолада Алаш комитетін құруда белсенділік танытқан. 1917-1918 жылдары Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожановпен бірлесіп, «Бірлік туы» газетін жарыққа шығарды. Ұлт тағдыры және руханият мәселелеріне арналған бірқатар еңбектері бар.

20. ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ КӨШЕСІ

Халел Ғаббасов көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1039,7 м. 

Халел Ғаббасов (1888-1931) – Алаш қозғалысының қайраткері. Бірінші жалпықазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтайға ұсынылған. 1917 жылдың қазанынан Семей облыстық Алаш партиясы комитетінің төрағасы болды. Екінші жалпықазақ сиезінде Алаш милициясын құру туралы баяндама жасаған. Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланған.

21. СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ КӨШЕСІ

Смағұл Сәдуақасов көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Мұрын жырау, Жасыбай көшелерімен қиылысып, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1249,1 м.

 Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) – қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, сыншы, Алаш қозғалысына қатысушы. Саяси күреске 1916 жылы араласып, «Бірлік», «Жас азамат» ұйымдарында қайраткерлік шыңдалудан өтеді. 1917-1918 жылдары Ақмола облысында Алаш комитетін құруға атсалысады. Қазақ мемлекеттік баспасының 5 кісіден тұратын редакциялық алқасының құрамына кірген (А.Байтұрсынұлы,   Ә. Бөкейхан, Х. Болғанбай, Ж. Аймауытұлы сынды тұлғалармен бірге). Қайраткер 20-жылдары Қазақ жерінің тұтастығына қатысты жұмыстарға белсенді қатысты. Қайраткердің саясаттағы елеулі белесі - Кремль функционері Ф. Голощекинмен ашық күресі. Смағұл Сәдуақасовтың «Күміс қоңырау», «Күлпәш», «Салмақбай, Сағындық» т.б. шығармалары бар.

22. АЙДАРХАН ТҰРЛЫБАЕВ КӨШЕСІ  

Айдархан Тұрлыбаев көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Қарақожа орамынан  басталып, Ж. Сейдалин көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 933,5 м. 

  Айдархан Тұрлыбаев – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездерін және атты әскер полкін ұйымдастырушылардың бірі. Ақмола облыстық «Алаш» комитетінің төрағасы. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесінің мүшесі.

23. УӘЛИТХАН ТАНАШЕВ КӨШЕСІ

Уәлитхан Танашев көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Малайсары батыр көшесінен басталып, Мәди, Әбілхан Қастеев көшелерін қиып, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1095, 0 м. 

Уәлитхан Танашев (1887-1968) – Алаш қозғалысының қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі. 1917 жылы Торғай облысы қазақтарының сиезінде төралқа төрағасының орынбасары, Оралда өткен Бөкей қазақтарының сиезінде төралқа төрағалығына сайланған. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда үкіметінің министрі болып бекітілді. Батыс Алашорда жетекшілерінің бірі.

24. БІРІМЖАНОВТАР КӨШЕСІ

Бірімжановтар көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Қордай көшесінен басталып, Сүтбұлақ орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 673,9 м.

Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы (1871-1927) – Алаш қозғалысының қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі.

Бірімжанов Ғазымбек Қорғанбекұлы (1896-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері. «Алаш» партиясының бағдарламасын жасаушылардың бірі.

25. МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН КӨШЕСІ

Мұхамеджан Сералин көшесі 2009 жылғы 21 желтоқсанда берілген. Ашутас, Майлыкент, Жылыбұлақ орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 4495,4 м. 

 Мұхамеджан Сералин (1872-1929) – көрнекті ақын, жазушы, көсемсөзші. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» редакторы. Бұл журнал қазақ жазба әдебиетінің және ұлттық баспасөздің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Шығармалары: «Топжарған», «Гүлхашима» поэмалары. «Ұшқын», «Ауыл» газеттерінің бас редакторы болған.

26. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӨШЕСІ

Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 2010 жылғы 28 мамырда берілген. Р. Қошқарбаев даңғылынан басталып, Тәуелсіздік даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 7200 м. Бұл көшеде Бейбітшілік және келісім сарайы, «Шабыт» концерт залы, «Хайвилл» тұрғын үй кешені орналасқан.  

 Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – Алаштың аса көрнекті қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, ақын, публицист, қоғам және ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913-1918 жылдары Ә. Бөкейханмен, М. Дулатовпен бірігіп, тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. 1917 жылы «Қазақ» газеті арқылы халыққа саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен Екінші жалпықазақ сиезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп, Ахмет Байтұрсынұлын бекіткен.         Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» секілді жинақтарын жарыққа шығарды. Ахмет Байтұрсынұлының ақын аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі зор бағаға ие болды.

27. АСПАНДИЯР КЕНЖИН КӨШЕСІ

Аспандияр Кенжин көшесі 2015 жылғы 24 ақпанда берілген. «Сарыарқа» ауданы. Болашақ көшесінен басталып, Кербезқыз, Жаңақоныс, Сүйінбай ақын көшелерімен қиылысып, Н. Тілендиев даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 974 м.

 Аспандияр Кенжин (1887-1938) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының, Батыс Алаш-Орданың белсенді мүшелерінің бірі. «Қазақ» газетінің шығу мерзімділігін жиілету ісіне күш салып, «Азамат» серіктестігіне мүшелер тартты. «Қазақ» газетінің авторы. Мақалалары: «Қазақтың» шығуын жиілеу», «Жұмысшылар жайынан», «Жиһанша хатына жауап». ІІ-Жалпықазақ сиезінде Алаш-Орда үкіметіне, яғни Алаш автономиясының Уақытша Ұлт Кеңесі мүшесінің орынбасарлығына сайланды. 1918 жылы қарашадан бастап Алаш-Орданың Торғай бөлімшесіне келіп, Орскіде орналасқан Алаш-Орда Әскери кеңесіне мүше болды, Торғай бөлімшесі әскеріне жігіт жинау жөніндегі комиссияға төрағалық етті.

28. ШАЙМЕРДЕН ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫ КӨШЕСІ

Қосшығұлұлы Шаймерден көшесі 2015 жылғы 24 ақпанда берілген. К. Күмісбеков көшесінен басталып, Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1093 м. 

Қосшығұлұлы Шаймерден (1874-1932) – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, діндар. Қайраткер өз қаржысымен татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарған. Діндар 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысына қатысқан. 1918 жылы Қызылжар өңірі Бәйімбет болысында Алаш комитеті құрылғанда оның төрағасы болып сайланған.

Міне, анықтамалық сипаттамаға қарап-ақ, елордада Алаш алыптары барынша ұлықталып жатқанын, Астана қаласындағы ономастика саласының күн тәртібіндегі Алаш мәселесінің тиімді шешіліп келе жатқанын аңғаруға болады. Бұл Қазақстан елордасының Астанаға көшірілген 20 жылы ішінде іске асырылды. Астанада Алаш қайраткерлерінің есіміне көше беру мәселесі айтарлықтай тиімді жүргізіліп жатқанын жоғарыдағы дәлелді ақпараттардан аңғаруға болады.  

Ұлы істердің басында тұрған ұлт перзенттері, соның ішінде, Алаш ардақтылары барынша ұлықталып, насихатталып, тарихи биік бағасын, құрметін алуы тиіс. Астана ономастикасындағы Алаш тақырыбы мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Алайда, атқарылар іс те аз емес. Бас қаламыздың төріне ұлт азаттығы жолында жанын, барын құрбан еткен Алаш алыптарына ескерткіш, мемориалдар орнатылса, Алаш аллеясы ашылса, оқу орындары мен мектептерге ұлылардың есімдері берілсе тарихи тұлғалар толық ұлықталар еді. Бұл – шешімін табуды талап ететін аса маңызды сұрақ деп есептеймін. Ұлтымыздың, еліміздің, жеріміздің азаттығы жолында ұлы істер атқарған ұлыларды білмей, оқымай, олардың мұралары мен мұраттарын санасына сіңірмей өскен ұрпақ азаттықтың бағасын, құнын ешқашан түсіне алмайды, егемен елге қалтқысыз қызмет қыла алмайды.   

Бүгінгі күні ел өңірлерінде және Астана қаласында Алаш идеясы, Алаш мұрасы және Алаш тағылымын насихаттау мақсатында кітаптар, оқу құралдары және басқа да баспа өнімдері шығарылуда. Сан түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Елорда ауқымды деңгейде өткізілген іс-шараларға, атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:  

- 2007 жылғы 7 қарашада Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай «Алаш және Әуезов» атты халықаралық конференция өткізілген. Оған Германияның Мюнхен қаласынан Қазақстанның азаттық алуына шын тілеуқор болған Алаштың асыл тұяғы, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдардан бастап ширек ғасырдан астам дүниежүзі қазақтарына «Азаттық» радиосы арқылы Алаштың арманын жеткізген ұлтшыл қайраткер, Алаш рухты Хасан Оралтай,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси өкілдер, депутаттар, ел зиялылары, еліміздің көрнекті алаштанушы-ғалымдары, тіл жанашырлары шетелдік алаштанушылар, ғалымдар, қонақтар тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер қатысқан.

- 2007 жылғы 8 қарашада елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырылған, оған дүниежүзінің қазақтары қатысқан;

- 2007 жылы «Алаш ақиқаты» қойылымы ұйымдастырылып, Қаллеки театрында және елорда университеттерінде жаппай көрсетілген; 

- 2012 жылы қазақ әліпбиінің, қазақ тіл ғылымының, түркі тілтану ғылымының, әдебиеттанудың атасы, ұлы қайраткер, ұлт ұстазыАхмет Байтұрсынұлының 140 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы: қайраткер аманаты және ұлт мұраты» республикалық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. Конференцияда Ахаңның сан қырлы қайраткерлік және шығармашылық қырларымен бірге оның туған жылын нақтылауға байланысты ғылыми деректер айтылды. Соның нәтижесінде, қайраткердің туған күнін 1873 жылдың 28 қаңтары емес, оның өзі жазғанындай, 1872 жылдың 5 қыркүйегі деп нақтылау жөнінде ұсыныс конференцияға қатысушылардың бірауыздан қолдауымен Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктеріне ұсыныс жолданып, оқу бағдарламасы мен кітаптардан түзетілді.

Әр жылдарда «Алаш тағылымы және тәуелсіздік мұраттары», «Азаттық туы желбіреп...», «Азаттыққа жеттік біз», «Елдік бастауы», «Алаш рухы және Елбасы мұраты», «Алаш ардақтылары», «Алаштың Астанасы», «Ұлт арқауы» т.б. атаулармен көптеген тарихи-тағылымды, әдеби-сазды, мәдени-патриоттық және Алаш қайраткерлерінің мерейтойларына бағытталған түрлі іс-шаралар, Алаш қайраткерлеріне берілген көшенің мерекелері ұйымдастырылған. Осы орайда, екінші жалпықазақ сиезі өткізіліп, Алашорда үкіметі құрылып, Алаш автономиясы жарияланған және Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланған, Алаш Орда үкіметі жарияланған, күллі Алаш жұрты үшін тарихи күндер – 12, 13 желтоқсан – «Алаш күні» деп мемлекеттік деңгейде бекітіліп, жыл сайын осы күндерде маңызды шаралар өткізілсе деген тілек бар.

Алдағы уақытта кезек күттірмейтін өзекті мәселелер де жетерлік. 

- Астананың негізгі нысандарына Алаш және Әлихан Бөкейхан атаулары берілуі тиіс;

- Астананың сол жағалауынан Алаш қайраткерлеріне арналған «Алаш» саябағы, алаңы ашылу қажет;

- Астанада «Алаш қозғалысы» атты және Әлихан Бөкейхан бастаған бірқатар ұлт қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылу керек;

- Астанадағы оқу орындары мен мектептерге Алаш қайраткерлерінің есімдері берілуі тиіс;

- Астанада Алаштың 100 жылдығына орай жан-жақты түрлі шаралар ұйымдастырылу керек;

- ХХ ғасыр басындағы ұлттық жаңару мен жаңғыруға өзіндік үлес қосқан Барлыбек Сыртанұлы, Елеусін Бұйраұлы (Бұйрин), Мұстақым Малдыбай, Ғабдолғазиз Мұсағали, Нығман Манайұлы, сонымен қатар қазақтың алғашқы ақжүректі ұлттық меценаттары Ахмет Ишан Оразайұлы, Маман әулеті, Қаражан Үкібай, Ике Әділ және тағы өзге де тұлғалардың есімдері ұлықтауды қажет етеді. 

Ұлт көсемі, Алаш Орда жетекшісі Әлихан Бөкейхан: «Біздің іздегеніміз –Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» дегендей, бүгінгі күні Алаштың аты бәйгеден келіп, Алаш баласы өз тізгінін алғанына 25 жылдан да міне асып барады, осы ұлттық мұрат, ұлттық идея, ұлттық мақсаттың бастауында тұрған Алаш Орда автономиялы үкіметінің  құрылғанына биыл 100 жыл, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның атылғанына     80 жыл. Сондықтан тарихты тарих жалғап, ұлы істер жалғаса берген абзал. Биылғы жылы да ел болып атқарар іс аз емес. Ортақ істе жұмылайық ағайын!   

Ержан Еңсебай, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы

Abai.kz

37 пікір 1146 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • Авторға
    • жм, 06/01/2017 - 13:45

    Апырай,ә!? Ә.Бөкейханов Алаш автономиясын құрып, Қараөткелде университет ашсақ дегенді айтыпты деген Амыриқаны қай дерек көзінен алып аштыңыз??? Өтірікке еш тосқауыл болмаса - қой дейтін қожа, әй дейтін әже шықпайтыны белгілі. Бірақ мынадай сорақылыққа жол беріп, Алашорданың белсенділеріне құрмет көрсетеміз деу - керісінше оларды мазақ ету ғой. Өтірікті неге желдей гулетіп, сол алашшылардың беделін түсіреміз???!!! Бөкейхановтар Орынборда сиез шақырып, алашорданы жария еткенде автономия құрдық деген жоқ, оны кейін жариялаймыз деген. Ал Қараөткел-Ақмола ол кезде Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбековтер жариялаған қызыл кеңестің қолында. Иә, Дінмұхамед Қонаевтың қайын атасы Ақмоланың кіре тартушы татар көпесі /Сәкен "Тар жолда" әңгүдік деп жазған Шәріп Алимов/ Сәкендерді сабап, жаяу айдап әкеліп түрмеге тыққаны, кейін қырық градус аязда Колчак-Анненковтің әскерімен бірге алаш отряды оларды Омбыға жаяу айдағаны тарихта жазулы тұр ғой. Өтірікті көлгірсіметпесеңдер бүгінгі қазақ қоғамы өмір сүре алмайды деп ойлайсыңдар ма? Ар-ұят дегенді білесіңдер ме? Өтірікті жұрт қабылдамайды ғой. Ол кезде болашақта "Ақмола-Қараөткелде университет ашамыз" деген ой Бөкейханның өзі түгілі басқасының да түсіне кірген емес.

    • #2
    • Алмасбек Әбсадық
    • жм, 06/01/2017 - 17:12

    Бұл сөзді Алаш азаматтары қатты сыйлаған, Ә.Бөкейхан "қазақтың қорғаны" деп бағалаған Г.Н. Потанин айтқан.

    • #3
    • Алмасбек Әбсадыққа қазақбай
    • жм, 06/01/2017 - 18:54

    Қазақта ол кезде университет деген атау түгілі институт деген ұғым санасына да кірмеген, хат танудың не екенін білмеген кезде, талантты жастардың қолы жеткені небәрі мұғалімдер семинариясы мен ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлері /фельдшерлік / мектептен аспағанда бұған Потанин айтқан деп өз өзімізді алдарқатпайық та. Өйтіп өтірік айтып мақтану жақсы ырым емес. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Қазақты өтірікпен "құшырландырып", біз кереметпіз, Шыңғысхан қазақ, тіпті біздің өзіміздің керейден, жалайырдан, адайдан т.б. шыққан, қоңыраттан әйел алғандардың бәрі - Шыңғысханға бажа деген анекдотпен өзімізді масқараламаған жөн. Астананы Ақмолаға көшірткен, оны Астана етіп салдырған, университеттер ашып, салдырған бүгінгі Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Ал қазақты жігерлендіріп, алға сүйреу үшін оның өткен тарихына Бөкейханов Қараөткелде университет ашамыз деген ғой жарықтық деп, жалған "удобрение"-тыңайтқышты сеппеген жөн. Онанда халықты өндіріс, жаңа технология мамандықтарын игеруге, мемлекетті нығайтып, қазіргі заман үрдісімен алға сүйреуге дұрыс мысалдарды неге пайдаланбайсыздар? Ертоқым жасау, киіз үй тігу, зергерлік бұйымдар жақсы ғой, халқымыздың кеше кім болғанын көрсетуге. Айтыста ауызбен орақ ору да жақсы емес, бәрінің мөлшері болу керек. Бірақ онымен ешқашан алға жылжи алмайсың. Ал бірін алашорда қайраткерлері деп, енді бірін оңбаған кеңес өкіметін орнатқан деп халықтың тарихта есімдері қалған қайраткерлерін жікке бөлу, біріне емеурін білдіріп, асыра мақтап, болмағанды болды қылып бар атақты соларға жапсыру жақсылықтың нышаны емес. Қазақтың ол қайраткерлерінің екі жағы да өз халқына қызмет етуге тырысқан, сол үшін өмірін қиған жандар. Ол бүгінгі біртұтас қазақтың ортақ тарихының құрамдас екі бөлігі. Мәселе соны осы мақаланы жазған шенеуніктің түсіне білуінде. Ал жазған мақаласы оның бұл мәселеде ой өрісі тым тар, тіптен жоқ екенін көрсетеді.Өкінішті.

    • #4
    • Аман
    • жм, 06/01/2017 - 20:19

    Автор, аузына келгенін оттағанІ Алаш университет ашпақ түгілі, Алаш автономиясын жариялай алмай кетті. Алаш автономиясын жариялау кезінде (екінші жалпықазақ съезінде) қазақтың өзі екіге жарылды. Алаштықтардың негізгі атқарған жұмысы - Амангелді Имановты өлтіру. Колчактың, Анненковтың, Дутовтың құйыршықтарын дәріптеуді қою керек.

    • #5
    • Алмас
    • жм, 06/01/2017 - 20:25

    ТЕЛЕГРАММА ТУРГАЙСКОГО ОБЛАСТНОГО КОМИССАРА А. БУКЕЙХАНОВА МИНИСТРУ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ВРЕМЕННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА УРУСОВУ С ПРОСЬБОЙ О РАЗРЕШЕНИИ НА АРЕСТ АМАНГЕЛЬДЫ ИМАНОВА
    г. Оренбург

    23 мая 1917 г.

    В 1916 году в связи набором киргиз на тыловые работы часть киргиз Тургайского уезда восстали с ноября до марта [1917 г.]. Карательная экспедиция разоряла мирную часть уезда, которую грабили и восставшие. Во главе последних стали профессиональные конокрады Абдулгафар и Амангельды. Они амнистию и отмену набора рабочих поняли как свою победу над государственною властью. Сторонники Абдулгафара продолжали свои грабежи после амнистии. Один из них — Бегежан убил киргиза Сеиля Кабакова 6 марта. Желая прекратить грабежи, я созвал в гор. Тургай стариков обеих сторон и предложил им ликвидировать взаимные гражданские претензии мирным путем. Абдулгафар с Амангельды, не желая принять участия в совещании, выехали из Тургая. Успокоение уезда требует ареста их. Из-за них я держу в уезде четыре сотни казаков. Прошу вашего разрешения арестовать Абдулгафара и Амангельды впредь до разъяснения его сторонникам смысла амнистии и свободы занятия, для чего мною будут командированы особые лица в Тургайский уезд. После ареста Абдулгафара и Амангельды казачьи сотни будут возвращены на фронт. 797.

    Тургайский комиссар Букейханов

    • #6
    • Жақып
    • жм, 06/01/2017 - 21:02

    МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН КӨШЕСІ
    --
    М. Сералиннің Алашқа еш қатысы жоқ. Мына автордың тарихтан сауаты мардымсыз көрінеді.
    Сералин 1917 жылғы бірде-бір қазақ съезіне қатысқан емес, Алаш десе оның "шашы тік тұратын болған".

    • #7
    • Арасан Қапалбек
    • жм, 06/01/2017 - 21:39

    Қазақтың алғашқы конституциясын жазған Барлыбек Сыртановқа бір шолақ көшеде бұйырмаған ба?

    • #8
    • Авторға
    • жм, 06/01/2017 - 21:51

    Алаш партиясын құрамыз деп бағдарламасын қазақша6 орысша жазып, қалған алты адамға /Дулатовқа т.б./ қол қойдырып, "Қазақ" газетіне жариялаған, Алаш съездерінің секретариатында бас хатшы болған ӘБДІХАМИТ ЖҮНДІБАЕВ ең бірінші кезекте көше беруге лайық тұлға. Автор оны білмесе білетіндерден консультация алмағаны қалай? Көше беру ісі осындай біліксіздік жолымен шешілетін болса қазақ қоғамы бара бара не болмақ?

    • #9
    • Ұзақ
    • жм, 06/01/2017 - 23:06

    Алаш Орда автономиялы үкіметінің құрылғанына биыл 100 жыл,
    ---
    Автор, сауатсыз!
    Алаш Орда (Алашорда) үкімет, ал автономия атауы - Алаш автономиясы (бірақ бұл автономия жарияланусыз қалды).
    Авторға тарихи еңбектерді (кітаптарды) оқу керек, содан кейін мақала жаз деп айтатын адам бар ма, жоқ па!?

    • #10
    • қазақбай авторға
    • сб, 07/01/2017 - 0:33

    Қазақтың ұлт-азаттық тарихында екі мәселе бар: отарлыққа қарсы ұлт-азаттық күресі оларға қатысушыларды ортақ бір күреске біріктіріп келді деген.Бірақ олардың екі айрылғаны айғақ, өздерін бұрын серкеміз дегендермен алаш қозғалысының жол айрылысып, жауласқан кезеңі 1917 жылдың көктемінде басталды. Февраль революциясын патша тақтан түсті деген желеумен жақсы қарсы алған қазақтың көзі ашық, бірақ жалаң аяқ барлық жастары көп ұзамай екіге бөлінуіне тура келді: әуелде қазақ комитеттері дегендерге топтасқан олар қазақтың Бөкейхановы, Дулатовы және басқалары өздері негізгі арқа тірер әлеуметтік тобы ретінде байларды ғана, орыстың окоп жұмысына қазақтың патша әкімшілігіне адал қызмет етіп, он алтыншы жылы параға белшесінен батып, кедей мен әлсізді қанаған, соларды ғана окоп жұмысына жіберген бай мен болысты таңдап алғанда алашордадан дұрыс бас тартты. Бұл сол кездегі қарапайым қазақтың мұңы болатын. Ал сонымен санаспай алашорданың бірінші, онан соң күздің аяғында желтоқсан басында жиналған екінші съезінде алашорда серкелері / дұрысын айтса текелері/ ең құрметті делегат ретінде төрге он алтыншы жылғы көтерілісті патшаның жазалау отрядтарын сол қанішер отрядтардың алдында бүгжеңдеп жүріп, жорғалай жол көрсеткен Нұрммағамбет паң, Сатыпалды ишан, басқа да атақты болыстар мен билерді отырғызды, олай етпесе, солай болмаса жағдай мүмкін басқа болар ма еді? Әй, қайдам? Қысқасы алашорда халықтың әлеуметтік жіктелуін, жағдайын ескермей өзі билікке келгісі келді. Тірегі бұрынғы болыстар мен билер. Осы идеясын іске асыру үшін Алашорданың бастығы Бөкейханов пен оның басты идеологі Мыржақып Дулатовтар өздеріне қарсы болған Көлбай Төгісов,Көбек Ысқақов, Әділбек Майкөтов тағы басқаларын атып тастаңдар деп бұйрық берген.Оларды өлтірткен. Колчак пен атаман Анненковтың адал құлдары болып, оларға қарсы бас көтерген қазақты қырып, тонаумен айналысқан сол алашорда. . Сондағы ол алашорданың ұлттық қасиеті қандай? Совет әскері жеңген соң совет билігін амалсыз мойындадық деп, Торғайға қызылға келген де алашорданың жасаған қылмысы жетеді. Соның бастысы - Аманкелді Имановты аюандықпен өлтіруі: оған өлім жазасы үкімін шығарған Торғай алашының әскери кеңес мүшелері Дулатов, Мырзағазы Есполов, Сейдәзім Қадырбаев т.б. Аманкелдінің мойнына шылбыр салып, өзін пышақпен бауыздап, Торғайдың көшесінде аттың құйрығына байлап жарты күн сүйретіп жүрген алашорданы кім деуге болады? Оның- Аманкелдінің - басын шауып, басын бір бөлек, денесін бір бөлек қалдырған аюандарды енді керемет қасиетті алашорда еді деп құрметтеуіміз керек пе? Бұл әңгіменің бәрін әкесінің өлімін басынан өткеріп, жетім қалған соғыс ардагері Шәріп Аманкелдіұлы айтып берген.Ол өмірден тоқсан екінші жылы өтті. Алаш, Алашорда деп пайда табу көзін іздеген пысықтарға ескерту. Өтірікті көйітпеңдер.Мұнан басқа да нақты құжаттар жетеді.

    • #11
    • алаш
    • жб, 08/01/2017 - 10:02

    Алаш зиялылары казакка кызмет етип кетти. Сондыктан да, тарихта Алаш зиялылары деген атпен калды. Амангельди Имановты олтирген большевиктер деген дерек бар. Алашты жамандамандар жаман казактар. Биринши солардын билимине кол жеткизип алайыкшы, содан кейин елге жасаган кызметин жасап алайык. Солан кейин гана сынайык. Елге кызмет етейик.

    • #12
    • ТАБЫНШАЛ
    • жб, 08/01/2017 - 14:23

    "Алаш палаш" деп иектерің қышымай-ақ қойсын !
    Ол атауы жоқ астана "главный архитектордың" атында болады, өзінің продуктілері моласынан лақтырып тастамағанша, әрине ? !

    • #13
    • 11-ге "алаш" дегенге
    • жб, 08/01/2017 - 15:49

    Айтқаныңның "жаны бар", әсіресе бүгінгі мәмбетбай пропагандаға керемет сәйкес келеді. Аманкелдінің мойнына қыл шылбыр салып, аттың құйрығына байлаған, тамағынан пышақпен осып жіберген алаштың қуыршақ "әскерінің вахмистрі" Бермұхамед Сейсекенов деген пенде сол үшін он жылға сотталып, сол 1921 жылы "өтірік жаланы" мойындаған екен ғой, сол кезде де, кейін Дулатовтардың тергеуінде де 1929 жылы қайтадан сол көрсетуін, Аманкелдіге кімдер үкім шығарғанын растағанда да байғұс Аманкелді Имановты бәлшебектердің тапсырмасымен өлтіргенін білмеген екен ғой. Обал әй,ә! Аспандияр Кенжин деген алашорда басшыларының көрсетуін қай жеріне тықпақ болды екен? Документтерді жағып, құртып жіберуге мұршасы, күші болмаған екенде байғұстың. Алашорданың әскеріндегі шен-дәреженің бәрі Дутов, Колчак, Анненков әскерінен алынғанын, вахмистр т.б. сияқты казак орыс әскерінің дәрежелерін де Алашорда әскеріне Деникин,Дутов,Толстов, Колчак, әсіресе қанішер атаман Анненков бергенін оңбаған бәлшебек билігі білмеген екен ғой, кейін соларды өзіне меншіктеп алып, қазақтың ауылдарын Колчак пен Анненковпен бірге қырғанын айтып, мақтануға қолы тимеген екен ғой.

    • #14
    • 11 Алаш-палаш арзанқолға архившіл қазақбай
    • жб, 08/01/2017 - 19:03

    Апырай, мен қолыммен ұстап, көзіммен көріп, қолыммен көшіріп алған, кейін "Алаш қозғалысы" деген құжаттық бес томдық жинақтың бір кітабында жарияланған ОГПУ архивіндегі Міржақып Дулатовтың өз қолымен жазып берген А.Имановты өлтіру туралы көрсетілуін қайда тығып қоямын, астында бәлшебектер солай Аманкелдіні өлтіріңдер деген тапсырма берді деген мөр де, қолдары да жоқ болса - бұл ұят болды ғой. Аманкелдіні бәлшебектер өлтіріпті деп , сен еш дәлелсіз бүгінгі алашордашылдардың тапсырмасымен осылай өтірік айтасың: документтерді алға тартып, жайып салып сөйлемейсің бе?! Бүгінгі қоғамды шатастырмасайшы. Орыстың, оның ішінде қазақтың қанын төккен Деникин, Дутов, Толстов, Колчак, Анненковтің "иә, алашорда сукин сын, но это наш сукин сын" деген принципін бүгінгі қоғамға телу, қазіргі қазақ қоғамын қайтадан жікке бөлу екенін неге түсінбейсің? Бүгінгі қоғамға қызылды қорғаған Сәкен де, орыстың қазақты отарлаған, аямай қырған ақ казагінің, Колчактың қолшоқпары болған Алашорда да амалсыз керек болды. . Екеуі де халқына өз түсінігінің деңгейімен қызмет еткісі келген. Заман өтті, ал бүгін алашорданы орынсыз мақтап, алашорданың Колчак, атаман Анненковтің қолшоқпары болғанын дәріптеп, Сәкендерді даттап өмір сүргеннен кім ұтады? Халыққа ол керек емес. Алашорданы мақтап, басқа қазақ қозғалысынан жоғары қою - бүгінгі қоғамды қайтадан азамат соғысына шақыру екенін сен сияқтылар неге түсінбейсіңдер???!!! Бүгінгі қоғамды жікке бөліп, әлеуметтік араздық тудыру - заңға қайшы әрекет. Ол үшін заң бойынша жауап беру керек.

    • #15
    • құм
    • жб, 08/01/2017 - 23:11

    Алашордашылардың Ақмоланы Қараөткел деп мәймөңкелеген жорғалаушыларының орынсыз қисынының бәріне құм құйылады.Ақмолада совет өкіметін қолдаған Сәкен Сейфуллиндер, Абдолла Асылбековтер, Жұмабай Нүркиндер жасасын!

    • #16
    • Ержан Еңсебай
    • дн, 09/01/2017 - 9:31

    Құрметті ағайын, неге сонша ашуланып, жанжалдасасыздар!? Мен ғалым емеспін, тарихшы да емеспін, тек нақты осы уақытқа дейін атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігін жаздым. Мен Сәкенді жаман демедім, Амангелдіні жаман демедім, Мұстафаны жаман демеді, неге біреуді көтеру үшін міндетті түрде басқаларды төмендетуге әуресіздер!? Бәрі де қазаққа ортақ, бәрі де қазақтікі! Ал маған сауатсыз және тағы басқадай тіл тигізуге кімнің болса да еш қақы жоқ. Көлеңке ат қойып алып, далбақтағанды қойыңдар! Мықты болсаң ісіңмен дәлелде, тығылмай! Ал тарихи тақырыпта айтарың бар ма, ашық әңгіме ұйымдастырып берейін тарихшыларды, ғалымдарды жиып, орынсыз қоғамды екіге бөлмей айтарыңды сол жерде нақты айт, дәлелмен, батылдықпен. Ал осылай үй ішінде күңкілдеп отыра берем десең өзің біл! Әруақтарды бір-біріне қарсы қойып, бақыт таппайтындарыңыз анық, сондықтан ағайын болып тұтас болайықшы. Ал, біліміңді, білгіштігіңді көрсеткің келе ме, ақ жол! Ғылым ізде, жаңалық аш, ұрпаққа тағылым бер, жасаған ірілігің сол болсын, салғаласып, өсек іздемей! Алашқа тіл тигізуге ешқайсыңыздың қақыңыз жоқ. Алаш деген Қазақ! Алаш болған, бар да, бола да береді қазақ барда!

    • #17
    • Төре, 16-ға
    • дн, 09/01/2017 - 10:19

    Ержан, шын атпен жазар-ақ едік... заманнан қорқатын болдық қой? Заманнан ... Қыза-қыза шынымды айтамын деп сырымызды айтып қаламыз ба деп жалтақтайтынымыз РАС! Басқа "пәле" тілден. Оны сіз бізден әлдеқайда артық білетініңіз көрініп тұр? Бұл пікір алмасу. Оған шамданбаңыз? Алаш бәрімізге ортақ. "Тауықтың миындай ми жоқ», біз байқұстардың кейбір әтегенайларымыз болар. Үндемей қойсақ қалай болар еді? Осы беттегі кейбір мақалаларға (0), тіпті пікір жоқ. Сіз қайта қуаныуыңыз керек... елді елең еткіздім деп. "Мықты болсаң ісіңмен дәлелде, тығылмай!" Бұл артықтау... Адамның бәрі сіз сияқты "мықты" болуы мүмкін емес!? Ол тәбиғаттың мызғымас заңы!

    • #18
    • Біз
    • дн, 09/01/2017 - 10:23

    Алаш арыстарынан садаға кетіңдер, ақымақтар! Қазақтың ұлы ұлдарының аруағы атсын сендерді! Осылай сөйлеген ауыздарың қисайып, нан піскен дарақы кеуделеріңді тас бассын!

    • #19
    • Ержан Еңсебай
    • дн, 09/01/2017 - 11:25

    Атыңнан айналайын Төре! Мен мықты емеспін, бір қазақтың қарапайым баласымын. Қандай шындық? Нақтырақ айтыңызшы? Алашты, Әлиханды жоққа шығаратын ол неғылған шындық? Егер Сіздікі расында шындық болса атыңызды ашық жазып, дәлеліңізді салып айтсаңыз жақсы болар еді? Тіпті болмаса маған, фб-ға жекеме жазыңызшы қане!?

    • #20
    • Ержан Еңсебайға қазақбай
    • дн, 09/01/2017 - 12:44

    Әлиханды да, бүкіл алашты да ешкім жоққа шығармайды.Құрметтейді. Бірақ алашордашыларға олардың істемеген істерін жапсырып, теліп, орынсыз мадақтауға болмайды. Олар ондай орынсыз мақтауға мұқтаж да емес. Жақсысын жақсы де, жаманы болса неге солай болғанын халыққа түсіндіре біл. Әр нәрсенің өз мөлшері болады, ол орынсыз, негізсіз тым асыра мақталып кетсе - кері реакция тудырады. Осыны естен шығармаған жөн.Біз әлі азаматтық қоғам деген түсінікке, толеранттық деген түсінікке үйрене қоймаған қоғамбыз. Біздің әдетіміз - бұрын совет кезінде алашорданы қалай таптасақ, қазір солай көкке көтереміз, бірақ сол алашпен тайталасқан саяси күштерді /Үш жүз, оның көсемдерін, Совет өкіметін орнатысқандарды / жоққа шығарып, қоса таптаймыз. Олай болмауы керек. Керісінше әрбір саяси күштің халқына қызмет еткісі келгенін ескеру, түсіндіре білу қажет.

    • #21
    • Төре, 19-ға
    • дн, 09/01/2017 - 16:54

    Ержан, Қандай шындық? Нақтырақ айтыңызшы? Сіз тергеушісіз. ҚазМенің айтпағым Алашқа қатысы жоқ! "бір қазақтың қарапайым баласымын". Өте дұрыс! Басында бәріміз сондай болғанбыз. Есейген соң ғой, зұлымдық - зәлімдік деген "пәлені" түсініп, үйреніп, бейімделе алмай, жолда қалғандарданбыз? Сіздің келешегіңіз алда "Нұр Отанға" өтсеңіз үйренерсіз. "Өмір деген қисық жол, қорлық пен қорлануға көну арқылы ИГІЛІККЕ жету!" Шынымда айтайын; соған "көнбеген" соң көштен қалғандардың біріміз... оғанда Шүкір!

    • #22
    • Ержан Еңсебай
    • дн, 09/01/2017 - 17:00

    Алашордашылардың нақты қандай істемеген ісі жайлы айтып тұрсыз, сәт нақтырақ сөйлесеңіз. Әлихан асыра мақталып жатса, күйінетіндей жөніңіз жоқ шығар!? Әлде, қарсысыз ба? Жалпы біреуді жақтау үшін басқаны даттаудың қажеті жоқ. Біз үшін бәрі ортақ! Алаш - көкке көтеріп жатсақ, ЛАЙЫҚ!!! Күмәніңіз болмасын! Советті орнатысқандарыңыз қазақ үшін не істеп еді, айта отырсаңыз, кім жайлы нақты дегендей...Ұлтыңның тамырына балта шапқыш Совет өкіметі жолындағыларыңыз жайлы)))

    • #23
    • #6 Жақыпқа! Ержаннан
    • дн, 09/01/2017 - 17:13

    Мұхамеджан Сералин ресми түрде Алаштың мүшесі болмаса да, оның Алашқа еш қатысы жоқ деп айту орынсыз. Ол Алаш қайраткерлерімен бірге талай іс атқарғаны белгілі. "Айқап" журналы арқылы да Алашқа қызмет етті. Жалпы Алашты тек 1917 жылдан бастап қарау дұрыс емес, оны өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз. Ұлт жолында қызмет қылған Мұхамеджан Сералинді Алаштықтармен қатар қойғанның еш артығы жоқ деп ойлаймын!

    • #24
    • #9 Ұзаққа! Автордан
    • дн, 09/01/2017 - 17:19

    Біріншіден, менің сауатымды өлшейтін сіз емес! Екіншіден, Сіздің ақылыңызсыз-ақ, Автономияның аты - Алаш, Үкіметтің аты - Алашорда екені белгілі. Үшіншіден, менің қай сөзімнен Алашорда автономиясы немесе Алаш үкіметі дегенді көріп тұрсыз!? Алашорда автономиялы үкіметі деп тұрмын, дұрыстап қарасаңыз! Жалпы азаматтар, ұсақталмайықшы, ірі сөйлеп, ірі әрекет жасасақ жөн болар!!!

    • #25
    • #9 Ұзаққа! Автордан
    • дн, 09/01/2017 - 17:25

    Біріншіден, менің сауатымды өлшейтін сіз емес! Екіншіден, Сіздің ақылыңызсыз-ақ, Автономияның аты - Алаш, Үкіметтің аты - Алашорда екені белгілі. Үшіншіден, менің қай сөзімнен Алашорда автономиясы немесе Алаш үкіметі дегенді көріп тұрсыз!? Алашорда автономиялы үкіметі деп тұрмын, дұрыстап қарасаңыз! Жалпы азаматтар, ұсақталмайықшы, ірі сөйлеп, ірі әрекет жасасақ жөн болар!!!

    • #26
    • Енсепов Бауыржан Бердіқожаұлы
    • дн, 09/01/2017 - 17:27

    Мен Алаш автономиялы үкіметі деген сөз тіркесіне түсінбей тұрмын. Шындығында Алашорда үкіметі деп жазылуы тиіс. "Қазақ" газетінде, ІІ жалпы қазақ съезіне қатысқан делегаттардың съездің хаттамаларыңдағы щешімдерге сүйене отырып Алаш автономиясын жариялауға 33 адам қолдады, Әлихан Бөкейхан бастаған 44 адам қарсы дауыс берді деп нақты мәліметтер берді. Сүйтіп Алаш автономиясын жариялау кейінге қалды. Сарыарқа газетінде М.Дулатұлы Алаш автономиясын жариялау кейінге қалғанын ашық жазды. Кейін Алашорда үкіметінің автономия жариялауына совет үкіметі мүмкіндік бермеді. «Мемлекеттерінен айрылған Англиядағы Де Голль, Польша үкіметтері, Уфа үкіметі, Колчак үкіметі, Ресейдегі Уақытша үкімет қаншама ай (қыркүйекке дейін) республика жарияламай-ақ басқарды, Большевиктер Ташкентте билікті 1917 жылы тартып алып, үкімет құрып, автономия тек 1918 жылы сәуірде ғана жарияланғанды. Шындығында Алашорда Үкіметі болды. Батыс бөлімшесі тіпті 1920 ж. дейін өмір сүрді. Олардың қазақтардың мүддесі үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз. Алайда жарияланбаған Алаш Автономиясын жарияланды деп әсірелеп жазу тарихшы үшінде, филолог үшінде, журналист үшінде ғылыми этикаға сәйкес келмейтінін ескертемін.

    • #27
    • Ержан Еңсебай
    • дн, 09/01/2017 - 18:13

    Сөзіңіз жалпы орынды. Екінші жалпықазақ сиезі жайлы, қабылданған шешімдер жайлы, екіжақты пікір жайлы, шегерілгені жайлы нақты тарихи деректер бар екені белгілі, оны бәрі біледі де. Қателеспесем, сол шешімде, Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді емес пе!? Демек, автоматты түрде автономия жарияланды деп есептеуге болады деп ойлаймын. Жалпы Алаш, өмір сүрген уақытында автономияның миссиясын, функциясын атқарды ғой, демек Автономия деп айтуға толық негіз бар сияқты. Тарихшы емеспін, бірақ Сіздердің ғылыми этикаларыңыз үшін, осындай даулы тақырыптарды талқылап, нақты бір шешімге келсе екен деп тілеймін, ғылыми орта. Әйтпесе, біз сияқты қарапайым халықты шатастырасыздар)))

    • #28
    • Төре
    • дн, 09/01/2017 - 20:00

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Осыны айтқан мен емес. Содан бері Қазақ өзгерді ме?
    "Қазақ елі ұйқышыл, жалқау, жетімі мен жесіріне рахымы аз, жоққа сенгіш, жатқа жем, өзінен шыққан Жақсыны сыйламайтын, бақкүндес, бәсекешіл, айрақ көз, үйтентек, айтқанды ұқпайтын ақпақұлақтығымыз тағы бар, азған ел. Қазақты хан билеген кезде мұндай емес еді!". Жүсіпбек Аймаутов, 1927 жылы Мәшһур Жүсңпке жазған хатынан.
    Қуандық Жүсіпов, Адам Жүсіптің інісінің баласы.
    Осы мінездемемен келісесіздер ме?... Сонда біз кімбіз? Елге Ие болатын лайық тұлғалар барма, болса олар қайда?
    << жабу

    • #29
    • Ержан Еңсебай
    • сс, 10/01/2017 - 9:12

    Бұл мінездеме қатты айтылған екен. Дегенмен, сәл ғана өзгеріс бар шығар бәлкім, бірақ негізінен әлі осындаймыз, оны мойындау керек! Қазақ жалпы мықты халық, алайда мына айтқандағыдай тұстар бәрін құртып тұратыны рас. Мүмкін ұлттық менталитет шығар. Бірақ күллі қазаққа, тұтас ұлтқа топырақ шашуға болмайды, кез келген ұлтта жақсы-жамандар бар. Бізде де мықты азаматтар бар, өсіп келе жатқан ұрпақтың да ішінен талай мықтылар шығар әлі. Сондықтан Алаш рухы қонған жастар көп болсын деп тілейік!

    • #30
    • Ержан Еңсебайға
    • сс, 10/01/2017 - 17:19

    Қазақтың алашордадан басқа көрнекті тұлғаларын : "Совет өкіметін орнатысқан, ұлтыңның тамырына балта шапқыш "деп совет өкіметін қолдағандарды кекетуің өрескел қателік. Ол қара халыққа топырақ шашу. Білмесең тарихты, документтерді көтер: алашорданы бүкіл халық қолдаған жоқ. Бқұл қазіргі айтқыштардың өтірігі. Алашорданың кім екенін алыстағы қазақ ауылдары естіген де жоқ. Оның тек батыс бөлігі ғана өмір сүрді, оның өзі аз ғана уақыт қызылға жалтақтап. Семейде ғана алашорданың шығыс бөлігі отырды, біресе қызыл келіп, біресе ақ келген жағдайда. Орынбор-Тәшкен темір жолының екі жағында да совет өкіметі құлаған жоқ. Сонда алашорданың билік жүргізген біртұтас жері қалды ма? Қай қазақты басқарған? Совет өкіметін орнатқандар кімдер деп мазақ қылғың келеді ! Совет өкіметін орнатысқандар Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Ораз Жандосов, қолдаған Санжар Асфендияров, Бақытжан Қаратаев тағы басқа ондаған, жүздеген қазақ оқығандары. Сен кекететіндей олар қазаққа сен түгілі басқалар да атқара алмайтын жақсылықтарын жасағанын білмесең кекетпе, тарихты оқып, үйрен, баспа бетіне сонан кейін шық, жазғаныңды білетін тарихшыларға көрсетіп, ақылдасып ал. 1920 жылы Қазақ автономиясын құрып, отыз алтыншы жылы оны одақтас республика ретінде ҚАЗАҚ КССР деп атап, бүгінгі территориясын, шекарасын бекітіп кеткендер алашорда емес, совет өкіметін орнатқан Нығмет Нұрмақов, Ә. Жанкелдин, Сәкен Сейфуллин,Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Жанайдар Сәдуақасов, Ораз Исаев, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Ораз Жандосов және басқалары. "Қазақ ұлтыңның тамырына балта шапқан" деп осыларды мазақ қылып мегзесең - білім деңгейің де, түйсігің де мемлекеттік қызметкердің дәрежесіне сәйкес келмейді. Бөкейхановты ешкім төмендетпейді, тек оның істеген істерін асыра мақтап, қазақтың шекарасын сызып берген деген ертегіні көйітіп, Аманкелді , Көлбай Төгісов, Ысқақ Көбеков, Нұрғали Құлжанов, Әділбек Майкөтовтарды аттыруын, Колчактың, Дутовтың, Анненковтің қолшоқпары болғанын білмегенсу мемлекеттік қызметте отырған азаматқа жараспайды. Шын білмесең - біліміңді толықтырып, ақылдасып барып шық баспасөзге, шындықты біліп барып әдейі кері сөйлейтін болсаң - онда шындықты жасырғаның, ол халықты қайтадан жікке бөліп, алдау, адастыру, ал нәтижесінде кім ұтылады? Сондықтан алашорданы да, басқа кімді де болса дәріптегенде мөлшерден шықпаған жөн. Осы мақалаға беріпті ғой біреу Ә.Бөкейхановтың Аманкелді Имановты тұтқындау туралы орыстың уақытша үкіметінен жалына сұрап жазған хатын. Осының өзі-ақ Бөкейхановқа және басқа да алашордашылдарға деген көрсеткіш өлшемінің бір белгісі. Ал мұндай документтер жүздеп бар.Сондықтан Бөкейхановтың ғалым екенін, ағартушы қайраткер екенін жаз, алашорданы құрған ісінің маңызын, бірақ қара халық өкілдерімен санаспай, ақ гвардияшыл монархистерге арқа сүйегенін, осының нәтижесінде аз ғана қазақтың алашордаға /бай мен болыстар/, "Үшжүз" партиясына /қаланың кедейлері мен жатақтары, кедей ауыл мұғалімдері т.б./, бәлшебектерге /кедейлерге/ бөлініп кеткенін түсіндіріп, бұл - АЛАШОРДАНЫҢ,БӨКЕЙХАНОВТЫҢ БАСТЫ КЕМШІЛІГІ екенін көрсет.

    • #31
    • Ержан Еңсебай
    • сн, 11/01/2017 - 16:31

    Сіз өзі Совет өкіметін аңсап жүрген адам екенсіз! Мен қазақ зиялылары туралы кері пікір айтпадым, сөз бұрмаламаңыз еркек болсаңыз! Алаш және Әлихан Бөкейханның атқарған саяси істері, қазаққа жасағаны мол және ол ақиқат! Ақиқатқа тура қарап үйреніңіз! Мәмбет Қойгелдиев бастаған белгілі ғалымдардың тұжырымдары, нақты ғылыми кітаптары да бар, оқыған шығарсыз!? Әлде Сізден басқаның бәрі сауатсыз ба!? Ал баспасөзге шығамын ба, қызмет жасаймын ба оны өзім шешемін, өз пікірің өзіңе!!! Маған нені жазу керек, нені жазбау керек, қайда шығу керек, қайда шықпау керек екенін нұсқайтындай кім едіңіз!? Ал ақылың тасып, тарих сыншысы болсаңыз, оны ғылыми ортаға барып айтыңыз, көлеңкелі ат жамылып, ілік іздегенше. Мен бір ғылыми сараптама немесе талдау жасап жатқаным жоқ, өйтетіндей ғалым емеспін деп басында жазғанмын, егер елдің сөзін оқуды білсеңіз, мен тек Әлихан Бөкейхан және Алаш қайраткерлеріне берілген көшелер және атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жаздым, алдағы атқарылуы тиіс жеке ұсыныстарымды жаздым. Әркімнің өз көзқарасы, ұсыныс-пікірі бар, менің пікірімді қолдамасаңыз өзіңіз білесіз! Алаш та, Әлихан да, өзіңіз жазған қазақтың біртуар даналары да бәрі, бәрі ,бәрі қазаққа ортақ, баршамыздың атамыз, әрқайсысының өз үлесі бар, қазаққа қылған еңбегі бар. Әлихан болсын, Тұрар болсын 20 ғасырдағы жалпы қазақ зиялыларының бір ғана мүддесі болды - қазаққа қызмет ету, ұлтына жанашыр болу, азаттық жолында күресу және олардың барлығы да біз үшін, бүгінгі ұрпағы үшін жанын құрбан етті. Сондықтан бабаларды жарыстырып, салыстырып, оларды біріне-бірін қарсы қылғаннан бізге пайда жоқ. Бар болғаны солардың тағылымын алып, рухын сіңіріп, солардың ізімен, жолымен жүрсек екен деймін. Абай айтпақшы, біріміз қазақ, біріміз дос...сөз таластырып, салғаласқанша, болашақ үшін алға қадам жасайық, бірігіп іс атқарайық оданда, дауласып отыруға зауқым да жоқ, уақытым да жоқ, осымен сөз тәмам болсын!

    • #32
    • 31 ге оқырман
    • сн, 11/01/2017 - 19:17

    31-дікі біліксіз жауап екен, арасында мәмбеттік тұрпайылыққа да түсіп кетеді де өзінше "ақылды" жауап қатқан болады. Бөкейхановты оған ешкім жаманда деген жоқ қой, мақта, бірақ шектен шықпа, қазақ тарихы, қазақтың ұлттық тұлғалары мен құндылықтары жалғыз алашордашылардан тұрмайтынын түсінбеуді не деуге болады? Бар авторитеті - Қойгелдиев екен. Ал Қойгелдиев бір жақты алашорданы мақтаумен жүргені талай рет айтылды ғой, өзі де біледі.

    • #33
    • Ержан Еңсебай
    • бн, 12/01/2017 - 8:54

    Иә, дұрыс айтасыз, ұққаныңызға рахмет! Мен Мәмбет Қойгелдиев ағамызды құрметтеймін және ол кісінің айтқандарын жөн санаймын! "Алашорданы ғана мақтап жүрген" деген не сөз!? Тіпті күлкілі))) Әр ғалымның өз бағыты болады емес пе!? Сол кісідей болып алыңыз әуелі!) Мәмбет аға Алашты нақты дәлелі болған соң айтады, жақсы көреді. Өз ұлтын сүйетін адам ретінде Алашқа адал баға беріп келеді.
    "Қазақтың ұлттық тұлғалары мен құндылықтары жалғыз алашордашылардан тұрмайтынын түсінбеуді не деуге болады?"))))))))))) Мына сөзіңіз тіпті күлкілі, баланың сөзі)))) Өрелі азаматша ойлау керек сіздерге!!! Тек алашордашылар ғана емес, әр заманда өз еңбегімен қазаққа қызмет жасаған, ұлы істер атқарған, мұра қалдырған қазақтың біртуар тұлғалары көп, Алашқа дейін де Алаштан кейін де және бүгінгі күні де, алдағы уақытта да болатыны сөзсіз. Мен, өзім таңдаған, өзім бағыт еткен, өзім құрмет тұтатын Алаш және Алаш қайраткерлері туралы жазсам, айтсам - ол менің таңдауым, менің шешімім! Сондықтан, жеке адамның ұстанымымен алысып ақымақ болмаңыздар! Мен Алашты айтсам, Әлиханды айтсам, Керей мен Жәнібекті, Кенесарыны, Абайды, Мұстафа Шоқайды, Тұрар Рысқұловты, (беріге өтсек) Қайрат Рысқұлбековты және тағы да басқа ҚАЗАҚТЫҢ АЛЫПТАРЫН жек көріп, жоққа шығарамын деген сөз емес қой. Осыны ұғу соншалықты қиын емес сияқты, тіпті 7 сыныптың оқушысына айтсаң да ұғынатын шығар. Мен туған жерімнен және руымнан шыққан тұлғаларды бөліп алып, жақсы көретіндерден емеспін! Сіздердің кім екендеріңіз нақты белгілі болды! Жете алмай жүрген жетістіктеріңіз бен шыға алмай жүрген шыңдарыңыз болса, ғылым жолында өзіндік орындарыңыз болмай, анда бір тиіп, мында бір тиіп, арандық пен ілік іздеп жүрген болсаңдар, мына жерді арандық пікірлеріңізбен ластамаңыздар, күйініп жүрген тұстарыңыз болса айтатын жерде, айтатын адамға барып айтыңыздар! Сөзге тоқтаған бабаның ұрпағысыздар ғой, қой дегенде.....демекші қоя салыңыздар болды, салғаласа бермей бағытыңызбен қызметіңізді жасаңыздар! Ғылым жолында болсаңыздар әркіммен бір алысып, ұсақ тірлік жасамай ірілік көрсетіп, халыққа дұрыс бағыт берер ғылыми еңбектер жазыңыздар, жаңалық еңгізіңіздер! Істеріңізге сәттілік тіледім!!!

    • #34
    • Бейсен Ахметұлы
    • бн, 12/01/2017 - 10:17

    Қысқа да нұсқа мәліметтер екен! Ержан Тәңір жарылқасын!

    • #35
    • қазақбай
    • бн, 12/01/2017 - 17:36

    Әй, Ержан Еңсебай, қойсайшы, жығылған күреске тоймайды қылмай.

    • #36
    • Ержан Еңсебай
    • бн, 12/01/2017 - 17:44

    Бейсеке рахмет!

    • #37
    • Уйсун Казак
    • сб, 21/01/2017 - 21:08

    Алаш Орда деген атына разы боп жүрсем, бықсығы да бар екен ау. Благими намерениями вымощена дорога... Қазекемнің ақылын ауыстырып жіберген ғой аққұлдар кезінде. Попробуй разберись сол кезде, Ленин жақсы ма, жоқ Троцкий жақсы ма?

Пікір қосу

  • 8 + 28 =

Вход