Маңызды

«ТІЛ АЖАЛЫНЫҢ» АЙТҚАНЫ КЕЛДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Сөйтіп, 2017 жылы  бүкіл білім саласы үш тілге көшетін болды. Қаратабан жәй қазақтан бастап игі жақсы атаулы «Ау, бұл – қазақты бұратола жоюдың жолы ғой» деп қанша қарсылық білдіргеніне билік пысқырып та қарамады. Кемеңгер (ұлы демей-ақ қоялық) жазушы Мұхтар Әуезов өзінің өкшесін басын келе жатқан қаламгерлерге «осы сендер, ой, айттық қой, жаздық қой» дейсіңдер, қайталап айтып отыру керек, үйдің төбесінен тамшылап аққан су-екеш су да іргеде жатқан қара тасты  тесіп өтеді, қайталап айтып отырыңдар» дейді екен. Сонда бүгінгі Қазақстан билігі қазақ ұлтының амандығы төңірегінде қазақтардың сан қайталап айтқан пікіріне құлақ салуға келгенде сол қара тастан да қатты болғаны ма? Әлде, сонау Ұлыбританияның Уэльс атты уәлаятында жатып алып ғалым Д. Кристал өзінің «Тіл ажалы» деген кітабында «Бір ұлтты жоқ қып жіберу үшін оларға қостілділікті үйретудің өзі-ақ жетіп жатыр. Сонда олардың тілін екінші үстем ұлттың тілі шұбарландырып бүлдіреді де, ақыры тілі бүлінген ұлт өз-өзінен жойылып кетеді» дегенін біздің «русскоязычный билік» білмейді деп ойлайсыз ба? Білгенде қандай! Олар Д. Кристал айтқан қостілділік деп аталатын қасірет аз болғандай қазақтың маңдайына енді «үштілді ұлт» деген қап-қара мөрді басып қойды. Бірақ М.Әуезов айтқандай бұл қасірет туралы қанша қайталаса да қазақтың сөзін билік пәруайына алмайтынына елдің көзі жетті. Митингіге шығайын десе оның да жолына жуа бітіріп қойған билік бұлар экстремистер, нетрадиционный исламистер, шетелдегі біреулерден ақша алғандар, тіпті, террор ұйымдастырмақ болғаны анықталды деп бәле сала ма деп қорқады. Содан қорқып қалған, әйтеуір бала-шағам аман болсын дейтін қазақ сол бала-шағасы өзінің ұлты кім екенімен шаруасы жоқ мәңгүртке айналып, әлгі «Тіл ажалында» айтылған «жойылып бара жатқан ұлт» өкіліне айналуда екенін де байқамайтын күйге түсті. Сенбесеңіз Алматы мен Астананың ғана көшелерінде кетіп бара жатқан қазақтың 25 жас шамасындағы қыз-жігіттерінің сөйлегеніне құлақ түріңіз! Баж еткіштер баж етсін, бірақ тәуелсіздік алған жылдан кейін туған, жасы 25-тің о жақ, бұ жағындағы жастардың кемінде 70 пайызы орысша сөйлесетіні енді белгілі болып отыр. Қай ұлт та қасіретке ұшырар алдында оның әйел жыныстылары, яғни, қыз-келіншектері бетімен кетіп, шамадан тыс еркінсіп кететіні әр ұлттың тарихында айтылып келе жатқан шындық. Оның шындық екеніне көшеде,  көлікте шуылдап, былапыт сөздерді судай сапырып орысша сөйлесіп бара жатқандардың көбі қазақтың қыз-келіншектері екенін көргенде көзіңіз жетеді. Жақында өз басым Алматыдағы үш қазақ мектебін әдейі аралап шыққанда үзіліс кезінде бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғандардың көбі қыз балалар екенін байқадым.

Иә, сол Д. Кристалдың сол кітабындағы жер бетінен жойылып кететін ұлт екі тілде сөйлеп, тілі шұбар тілге айналады дегені бүгінгі Қазақстанда тайға таңба басқандай ап-айқын көрініп тұр. Тағы бір мысал келтірейік: Көшедегі әлгі көріністі көріп келгеннен кейін орысша сампылдап жатқан қыруар телеарналар ішінде ара-тұра қазақша беріліп жатқан хабарлардағы  әп-әйдік ақсақал-қарасақалдардың сөйлеп тұрған сөзіне құлақ түріп көріңіз. «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» дегеннің ақиқат екеніне сонда көзіңіз жетеді. Сол үп-үлкен қазақтар екі сөздің басын құрай алмай, ойын жеткізе алмай ыңқылдап, мүдіріп, тұтығып, қатты қиналып тұрғанын көресіз. Ол аз болса, арасында «жана», «жанағы», «жәнегі» деген беймағыналық сөздерді кемінде 5-6 мәрте қайталап отырады. Соны да сән көре ме қайдам соңғы кезде қазақтың «ң» дыбысына тілі келіп тұрса да «н» деп айтатындар көбейіп келеді. Ал сол телеарнадағы 5-6 жасар орыс баласының өз тілінде сөйлегенін салыстырып көріңізші. Орыс баласы сөйлегенде аузы-аузына жұқпай тақылдап, ал «бір аяғы көрде, бір аяғы жердегі» орыс кемпір-шалдарының өзі еш кідіріс-мүдіріссіз сайрап отырады. Неге олай? Өйткені, біріншіден әлгі «жәнегі», «жанагы» деп қылғынып әзер сөйлеп тұрған қазақ орысша білмесе күн көрісі қиын болатындықтан қос тілде сөйлеп, туған тілін шұбарландырып алған. Және ол қазақ күні кеше тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаған туған Қазақстанында үйінен сыртқа шыққаннан бастап көшеде де, жұмыс орнында да, іс қағаздарында да орысшадан аяқ алып жүргісіз күйге түскен. Ол аз болғандай  енді оны Қазақ Елінде билік басындағы өз қазақтары үш тілде сөйлеуге мәжбүрлеп отыр. Ал дүниеге келіп, осы елдің дәм-тұзын татып өскен әлгі орыс кемпір-шал да, тақылдап сөйлеп тұрған кішкентай орыс баласы да үш-ақ әріптен тұратын «нан», «тұз», екі-ақ әріптен тұратын «су» деген қазақ сөзін біле тұра айтпайды. Өйткені, олар біріншіден тәуелсіздік өз тіліңде сөйлеуден басталатынын, екіншіден Қазақстанда тек орысша сөйлеп-ақ «Вот так жить можно» екенін жақсы біледі. Ал біз осыны айтып отырғанда «ұлт араздығын қоздырушы» болып жауапқа тартылып кетпейміз бе деп те қорқамыз. Сөйте тұра, тіліміз осындай күйге түскені аз болғандай енді қайран ата-бабамыздың аты-жөнін орысшаға бейімдеп шұбарламай өз қалпында айтудан да айрылдық-ау деп тағы күйінесің. Бұл жұмысты да билікте отырған қазекемдер ата-баба әруағын  силап, өздері бастап Акишев демей Ақышев, Сагинтаев демей Сағынтаев, Карагусова демей Қарағұсова деп өз есімімен айтса орыстар өкпелеп Ресейге көшіп кетпес еді ғой. Біле білсек, осының өзі де бірте-бірте қазақтың «ң», «ғ», «ұ», «ө» дыбыстарын жоюға тілді шұбарландыруға әкеп соғады. Ал соңғы шыққан «Орфографиялық сөздікте» ықылым заманнан келе жатқан «жәйт» сөзі «жайт» боп жазылғандықтан қазір бүкіл газет-журнал «жәйтті» «жайт» деп жазатын болды. Бұның аржағында қандай саясат жатқаны да күмәнділеу.

Иә, бұның бәрі аржағы 27, бержағы 25 жылдан бері қазақ атаулы қақылдап-қақсап айтып келе жатқан жәйт. Біз данышпан М. Әуезовтың әлгі өсиетін осылайша орындаудай-ақ орындап келе жатырмыз. Бұдан былай айта бермейік дейін десең мына жақтан әлгі «Тіл ажалы» кітабында айтқан ұлт ретінде жойылу қаупі  ең әуелі қазаққа төніп тұр. Сонда не істемек керек? Әлде бүкіл қазақ болып құр сөзден іске көшетін кез келді ме?

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

Abai.kz

15 пікір 1051 рет оқылды Қосылған: 12.01.17
    • #1
    • Қытайға қыз беруге болмайды
    • бн, 12/01/2017 - 12:08

    http://www.azattyq.org/a/kazakhstan-astana-gimeney/28226163.html

    • #2
    • ШӘКІРТТЕРІ қайталап ұсынады
    • бн, 12/01/2017 - 12:43

    #1
    ата-ана
    сс, 10/01/2017 - 12:59
    Ұлттық педагогика жоқ.мектепке барсаң жиналысқа мұғалімнің өзі дəптерді-тетрадь,күнделікті-дневник деп сапырылыстырып қазақ мектебі болса да шұбар -шұбар сөйлеп тұрғанда бұл 5жыл бойы не оқыған деген ой келеді?мəдениеттен жұрдай- баламен ерегісу ,бағасын төмендету,аузын майлағанның баласына түк білмей тұрса да көтеріп қою бағасын-міне осының бəрі шала оқыған мəдениетсіздік.

    #2
    ТАҚУА
    сс, 10/01/2017 - 13:27
    Осы мәселені С.Ғаббасов ағамыздың шырылдап айтып келе жатқанына ширек ғасыр болып қалды. Озық ойы мен маңызды тәжірибесі - дамыған қазақты сақтап қалудың таптырмас жолы. Қаймағы бұзылмаған халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық педагогиканы қалыптастыру керек-ақ...

    #3
    ҰСТАЗ АНА...
    сс, 10/01/2017 - 13:32
    Серік - ұлттық педагогика емес... Ұлттық идеология жоқ !!!... Ғалым замандасымыз Совет-Хан Ғаббасұлының - " Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімін" - оқығаның жөн ?!.. Осы ілімнің толық нұсқасы - "ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ" - атты ұлттық педагогика монографиясы... тұтастай бір кітап түгелімен ПАТЕНТЕЛІП - №1408 санымен белгіленді. Бұл адамзатта жоқ... ЖАННЫҢ 12- арнасын (мүшесін) ашқан жаңалық !!.. Сондықтан, қазір Жапония, Қытай, Ресей, Түркия аударуға сұратып жатыр. Өзіңдегі барды көруді... біздер қашан үйренеміз ???..
    толығырақ >>

    #4
    АБЫЗ
    сс, 10/01/2017 - 13:44
    Иә-ә-ә, Бізде - өзіміз де барды - Үкімет те... Зыялысымақтар да көрмейді !!.. Бұл - Ұлттық дерт !!..

    • #3
    • калбит
    • бн, 12/01/2017 - 12:57

    казах тилине Казахстанда запретить етип тастау керек сонда сосан казахтар акценсиз жаксы соилеп уирену керек ертен баска Орыс Кыргыз Озбектин биреуи бизди басып алса Орыстар русскии язычные население коргаимыз деп бизди коргаиды Крымда сондаи болды Путин русскии язычные население коргаимыз деп армиясын киргизди егер биз орыс тилин билмеи славян тегимизден аиырылып орыска адал болмасак бизди коргамаиды сондыктан казах бекер аиткан жок кара кытаи каптаса сары орыс папандаи коринеди деп орыска адал болаиык .казах тилине келсек бул тил мертвыи уже уже поздно толк нет конец

    • #4
    • Жұмабай
    • бн, 12/01/2017 - 13:01

    Осы айта айта болды ғой.Маған мынаны айтыңдаршы.Ең бipiншi Қазақ тiлiн,Қазақ ша оқуға кедергi жасайтын кiм?...
    Сол адамға соғыс жариялайық..Айта айта жауыр болды ғой..
    Қарумен бе?.былай ауызша ма?.Немесе бойкот школ дарды жауып тастау керек...
    Оқудан бас тарту керек.
    Тағы кiм қалай ойлайды айта берiңдер..

    • #5
    • Жұмабайға #3 калбитке қара
    • бн, 12/01/2017 - 13:47

    Қазақ тілінің жауын алыстан іздеп қайтесің, қасыңда тұр ғой "құсып" анау #3-калбит деген.

    • #6
    • дерек
    • бн, 12/01/2017 - 14:08

    оны айта беретін несі бар қазақтың жауы назарбаев ол билікте отырғанда өсіп өнем дамыймыз деген бос сөз қиял болып қалады.

    • #7
    • Амантай
    • бн, 12/01/2017 - 16:19

    "Айтып қойған соңғылыққа жақсы" дейді қазақ. Бірақ әзірге еш жақсылық көріп тұрғанымыз жоқ. "Өзін-өзі аямаған, өзгенің бетін шиедей қылады" дейді қазақ. Бүгінгі қазақ өзін аямайды, бірақ өзгенің бетіне тура қарамайды. "Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер" дейді қазақ. Өзін өзі сыйламайтын қазақтың самарқаулығынан өзгелер рахат, күш, қуат алады." Арым жанымның садағасы" дейді қазақ. Бірақ қазақ қара басының қамын, жанының рақатын арының садағасына айырбастап жіберді бүгін. Абай: "Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады"деп налыған екен. Қазақтың кемел болуы да кемшін болуы да тек өзінен.Ешкім бізге аспандағы айды әпермесі анық. Шын жылайық, мүмкін соқыр көзімізден жас шығар.

    • #8
    • Ия
    • бн, 12/01/2017 - 16:51

    6 пикир акикатын жазып отыр гой, анау мангилик Косеувич турганда, кайдагы казах тили, кайдагы ана тили!

    • #9
    • ұлтшыл əйел
    • бн, 12/01/2017 - 17:03

    Мырзан Ағатай айтудай айтып,жазудай жазып келеді.айта беру керек.мен балаларым мектепте оқитын болғандықтан3-тілділік деген пəледен құтылсақжəне одан кім құтқарады?-деп ойлаудан танбай келе жатқан адамдардың бірімін.,жəне осы 3-тілділік тек қазақ мектептеріне ғана тиесілі қылып заң шығарды ма деген күдігім де бар.неге біз қазақтар ғана полиглот болуымыз керек?-басқа ұлт өз тілінде сөйлеп тұрса біз ғана оларға жарамсақтанғандай оларға" қиындық туғызбай"-солардың тілін олардан" артық"үйреніп сөйлеуіміз керек.сосын мектепте өзін-өзі тану деген сабақ бар менің ойымша соның орнына -қазақ тілін шұбарламай оқыту(сөйлеу) пəнін енгізсе дұрыс болар еді.,(арман ғой).

    • #10
    • Тоқетер
    • бн, 12/01/2017 - 23:35

    Сөздің қысқасы, Қазақстанда бір- ақ тіл ғана болу керек. Ол қазақ тілі!!! Теледидар мен радио жүз пайыз қазақшаға көшу керек!!!

    • #11
    • Аноним
    • жм, 13/01/2017 - 21:00

    Қазақ тілінің жауы - орыс тілді қазақтар.

    • #12
    • Гүлмира Тойболдина
    • жм, 13/01/2017 - 21:02

    Бізге үш тілді бірдей тықпалап, таңдау қалмай тұр. Мұндай тіл тартысынан кезінде Сингапур да өткен. Тіл үшін адамдар қанды қақтығысқа дейін барғаны белгілі. Ли Куань Ю жергілікті ұлт үшін (малай тілі) жеке, ағылшын тілінде оқытқысы келетіндер үшін жеке-жеке мектеп ашып, ата-аналардың таңдауына жол ашқан. Сөйтіп өз тілдерін сақтаған. Егер бізде де мәселе осылай шешілер болса, халықтың дені баласын қазақ мектебіне беретіні сөзсіз! Ал мектептегі үш тілділікке келсек, әр ата-ана өзі таңдауын жасап, оқу жылы басталмас бұрын, ағылшын және орыс тілінде оқудан бас тартатыны туралы ресми түрде арыз жазса болады. Бұл - ата-ананың құқы. Қай ата-ана баласының мәңгүрт болып өскенін қалайды? Оның бер жағында біз балаларымыздың құқын таптауға да жол береміз. Бала құқын қорғау туралы Конвенцияға Қазақстан қол қойғаны белгілі, тіпті болмаса балаларымыздың құқы мен өзіміздің азаматтық таңдау құқығымызды халықаралық деңгейде көтеруге күш салып, жұмылуымыз керек деп ойлаймын.

    • #13
    • Нар қазақ!
    • сб, 14/01/2017 - 1:05

    Әр қазақ өз отбасы мен өзінен бастасын! Сосын күншығыстағы "ЖАПОН МОДЕЛІН" енгізу керек қазақ тілін сақтау үшін, алдымен 13 жасқа дейін ана тілін оқытып, сосын неше тіл меңгерсе де өз еркінде әркімнің ағайындар!

    • #14
    • Гүлмира Тойболдина
    • жб, 15/01/2017 - 0:47

    13 Дұрыс айтасыз, егер бала 12-13 жасқа дейін тек өз ана тілін меңгерсе, кейін ол жүз тіл үйренсе де өз тілін ұмытпайтыны ғылыми дәлелденген!

    • #15
    • ұлт
    • жб, 15/01/2017 - 6:40

    Мне 12 шi.Дұрысын айтып отыр.Бiз дер ата ана лар правосы бар қай тiл де,мектеп ке оқытқысы келседе.
    Өз тiлiне қиын тиетiн мектептен шығу керек.Мен ойлаймын пока ушықтырмай үш тiлдiк оқытуды деген дi жабу керек..

Пікір қосу

  • 5 + 45 =

Кіру