Деп жатыр

САУАЛНАМА. ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ САТЫЛА МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Көлік апаты деген күнде еститін әңгімеге айналды. Өкініштісі, автодан келген апаттан қаза тапқан адамдар саны да көп. Шиеленіскен жолдың үстінде шимақталған көліктердегі жүргізушілердің бәрі ашулығ әйтеуір. Жүргізуші куәлігі екінің біреуінде бар. Екі-үш күннің шегінде жұрттың аузындағы әңгіме – жүргізуші куәлігі сатыла ма? Біз бұл мәселеге тереңірек үңіліп көрдік.  

Жүргізуші куәлігін алу ережесі мынау:

*Жол жүру ережелерімен танысып, көлік жүргізуді үйрену;

*Емтихан тапсыру;

*Керек құжаттарды жинау;

*Құжаттарды тапсырып, жүргізуші куәлігін алу;

Бағасы әр аймақта әр түрлі. Алматы қаласының автомектебіде 3 ай бойы оқу курсы-56 000 тенге. 35 мың теория үйренуге кетсе, 1 сағат практикаға сағатына 2000 тенге кетеді. Яғни жүргізуді үйренеді. Содан кейін, емтихан тапсырып, «өтсе» куәлігін алады. Ереже бойынша солай...

Жүргізуші куәлігінің бағасы әр аймақта әр түрлі. Қалай қол жеткізуге болады? деген сұраққа мынадай жауап ала аласыз.

Оқу мен сатып алудың арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Тұрғындардан «Жүргізуші куәлігіне қалай қол жеткізсем болады?» деген сұрақ қойсаңыз осыған ұқсас жауаптар аласыз.

Әлгі куәлікті алу үшін Алматы облысында 50 мың теңге мен ІІБ танысың болса жеткілікті. Әуелі ақшаңызбен қосып  ¾ фотосуретіңіз бен жеке бас куәлігіңізді тастап кетсеңіз болды. Содан кейін, бір күнде оқыды деген қағазды алып, үшінші күні жүргізуші куәлігіне қол жеткізесіз.

Осы жағдайға байланысты біз сауалнама жүргізіп көрген едік, жауап бергендердің 50%-ы оқыған,  25,5 %  сатып алынған, 14,5 %  автомектепте оқып, емтиханнан ақша төлеп өткен, 10%  сыйлыққа алған.  Ал «куәлік аламын» деп барғанда сізге ақшамен шешуды ұсынды ма? деген сұраққа    64,6 % «иә» деп жауап берсе, қалған 35,4% ы «жоқ» деген жауап алдық. Бұл дегеніміз «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда» дегенге саяды.

Осыдан 15 жыл бұрын жүргізу куәлігін халықтың басым көпшілігі өзі тапсырып алса, соңғы 3-5 жылда жағдай өзгерген. Оқымағандық қауіпке әкеледі. Қауіптің өлімге әкелетіні сөзсіз.

2016 жылы 11553 жол көлік оқиғасы тіркелсе, жол апатынан қаза тапқандар саны 1488 ге жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда жол апаты 3,1%ға қаза тапқандар саны  4,3% ға төмендеген. Ал, 2017 жылы бұл көрсеткіштің төмендеуіне кім кепіл?

«Бармақ басты, көз қыстыға» салмаса, талай бас аман қалармеді? деген өкінішке толы сұрақ  қайғылы оқиғаға тап келген талай адамның ойынан өткені анық.

Ал ҚР Сенатор Бірғаным Әйтімованың айтуынша, Қазақстанда жүргізуші куәлігі сатылмайды екен. Мүмкін.

Махаббат Ақжолқызы

Abai.kz

11 пікір 750 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • ауылдан
    • жм, 17/03/2017 - 22:01

    Бірғаным-біледі.

    • #2
    • #1#1#1
    • жм, 17/03/2017 - 23:20

    Тапсырсаң да, пара сұрай береді, менттерді ақшаңнан басқа ештеме қызықтырмайды, үздік нәтижеңе алыстан түкіргендері бар, оған қоса бұлданып отырады.

    • #3
    • Ауылдық
    • сб, 18/03/2017 - 0:43

    Үлкен кісілерден, базарда адамнан басқасының бәрі сатыла, - деп, жүргендерін талай рет естуші едім. Ал қазір адамның да (жас сәби балалардың) сатылатынын естіп те жүрміз. Ал оның оның қасында (адаммен салыстырғанда) жүргізуші куәлігін сату, оңай нәрсе болып қалады - ғой.

    • #4
    • Шымкент
    • сб, 18/03/2017 - 8:46

    Ой бір несіне таңқалып сонша дабыра болып кетті. Жүргізуші куәлігі баяғыдан сатылмайды ма? Бізде Шымкентте шүргізуші куәлігін алу ақша болса проблема емес дейді. Өткен жылы Майдың басқармасын спецназбен ұстап бәрін ұстап алып кетті деді. Онда да тоқтамаған ау шамасы. Қалада жүргізуші куәлігін алу тек заңды жолмен беріледі деді. Ал алаяқтар аудандар арқылы алып беріп жатыр дейді.

    • #5
    • 5
    • сб, 18/03/2017 - 9:23

    Сатылмайды өткені ол жоқ соңғысын мен сатып алдым

    • #6
    • ақтау марат
    • сб, 18/03/2017 - 9:32

    қайдағы өтрік білмеген ұқсап қалады егер қалтаңда ақшаң болса үитегі итің менен мысығыңада мәшін жүргізуге ұрқсат деген куәліктің сатып аласың плюс артына прицепкеде ұрқсат деген куәлік сатып алыуға болады дамыған қазақстанда бәрін сатып алыуға болатынын ит пенен құста біледі

    • #7
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 18/03/2017 - 10:11

    "Купи-продай" деген Мазақстан мемлекетінде сатылмайтын зат жоқ !
    Министр мен әкімнің креслосы сатылғанда, "махаббат" пен нәресте сатылғанда, ар-намыс пен ұлттық мүдде сатылғанда, бір жапырақ қатырма қағаз сатылмайды деген не сұмдық ?

    • #8
    • Ттт
    • жб, 19/03/2017 - 23:27

    Кімге өкпелейін,өзімде праваны сатып алғам, деген екен бір байғұс машинасының майысқан жерін сипап тұрып.

    • #9
    • Адайшал
    • дн, 20/03/2017 - 16:15

    Елдің бәрі сауатты, заңқой болып кетсе Майшелпековштер арам қатады ғой, әр нәрсенің өз дара жолы бар, жүргізушілерден жиналған "салық" шеті оқалы жандаралға барып тірелетінін ел білмейді демең. Бізде әзірге жұтқан ауаң мен сәлемге ақы дәметпейді, басқаның бәрі сатулы, қажет болса 50, 30 емес алдыңғы үштікті де сатып аламыз, 25 жылда бар үйренген өнеріміз осы.

    • #10
    • Адайшал
    • дн, 20/03/2017 - 16:15

    Елдің бәрі сауатты, заңқой болып кетсе Майшелпековштер арам қатады ғой, әр нәрсенің өз дара жолы бар, жүргізушілерден жиналған "салық" шеті оқалы жандаралға барып тірелетінін ел білмейді демең. Бізде әзірге жұтқан ауаң мен сәлемге ақы дәметпейді, басқаның бәрі сатулы, қажет болса 50, 30 емес алдыңғы үштікті де сатып аламыз, 25 жылда бар үйренген өнеріміз осы.

    • #11
    • Ер казак
    • дн, 20/03/2017 - 18:23

    Казакстанда сатылмайтын нарсе барма? Несiне сауалнама жургiзесiндер? Сендерде Аспанан тускен жоксындар. Жер. Ел. Ар намыс. Депутаттар сатылганда Куалiк деген не? Парахор укiметте сатылмайтын нарсе жок.

Пікір қосу

  • 9 + 12 =

Вход