Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 9530 4 пікір 17 Наурыз, 2017 сағат 19:16

САУАЛНАМА. ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ САТЫЛА МА?

Көлік апаты деген күнде еститін әңгімеге айналды. Өкініштісі, автодан келген апаттан қаза тапқан адамдар саны да көп. Шиеленіскен жолдың үстінде шимақталған көліктердегі жүргізушілердің бәрі ашулығ әйтеуір. Жүргізуші куәлігі екінің біреуінде бар. Екі-үш күннің шегінде жұрттың аузындағы әңгіме – жүргізуші куәлігі сатыла ма? Біз бұл мәселеге тереңірек үңіліп көрдік.  

Жүргізуші куәлігін алу ережесі мынау:

*Жол жүру ережелерімен танысып, көлік жүргізуді үйрену;

*Емтихан тапсыру;

*Керек құжаттарды жинау;

*Құжаттарды тапсырып, жүргізуші куәлігін алу;

Бағасы әр аймақта әр түрлі. Алматы қаласының автомектебіде 3 ай бойы оқу курсы-56 000 тенге. 35 мың теория үйренуге кетсе, 1 сағат практикаға сағатына 2000 тенге кетеді. Яғни жүргізуді үйренеді. Содан кейін, емтихан тапсырып, «өтсе» куәлігін алады. Ереже бойынша солай...

Жүргізуші куәлігінің бағасы әр аймақта әр түрлі. Қалай қол жеткізуге болады? деген сұраққа мынадай жауап ала аласыз.

Оқу мен сатып алудың арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Тұрғындардан «Жүргізуші куәлігіне қалай қол жеткізсем болады?» деген сұрақ қойсаңыз осыған ұқсас жауаптар аласыз.

Әлгі куәлікті алу үшін Алматы облысында 50 мың теңге мен ІІБ танысың болса жеткілікті. Әуелі ақшаңызбен қосып  ¾ фотосуретіңіз бен жеке бас куәлігіңізді тастап кетсеңіз болды. Содан кейін, бір күнде оқыды деген қағазды алып, үшінші күні жүргізуші куәлігіне қол жеткізесіз.

Осы жағдайға байланысты біз сауалнама жүргізіп көрген едік, жауап бергендердің 50%-ы оқыған,  25,5 %  сатып алынған, 14,5 %  автомектепте оқып, емтиханнан ақша төлеп өткен, 10%  сыйлыққа алған.  Ал «куәлік аламын» деп барғанда сізге ақшамен шешуды ұсынды ма? деген сұраққа    64,6 % «иә» деп жауап берсе, қалған 35,4% ы «жоқ» деген жауап алдық. Бұл дегеніміз «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда» дегенге саяды.

Осыдан 15 жыл бұрын жүргізу куәлігін халықтың басым көпшілігі өзі тапсырып алса, соңғы 3-5 жылда жағдай өзгерген. Оқымағандық қауіпке әкеледі. Қауіптің өлімге әкелетіні сөзсіз.

2016 жылы 11553 жол көлік оқиғасы тіркелсе, жол апатынан қаза тапқандар саны 1488 ге жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда жол апаты 3,1%ға қаза тапқандар саны  4,3% ға төмендеген. Ал, 2017 жылы бұл көрсеткіштің төмендеуіне кім кепіл?

«Бармақ басты, көз қыстыға» салмаса, талай бас аман қалармеді? деген өкінішке толы сұрақ  қайғылы оқиғаға тап келген талай адамның ойынан өткені анық.

Ал ҚР Сенатор Бірғаным Әйтімованың айтуынша, Қазақстанда жүргізуші куәлігі сатылмайды екен. Мүмкін.

Махаббат Ақжолқызы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407