Жұма, 20 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 11599 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 09:33

"СОТТЫЛЫҚ" ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ АЛЫП ТАСТАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ

                                                 Қазақстан Республикасының

 Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және  жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламенттің қос палатасының мақұлдауынан өтіп, 24 қараша күні Елбасы қол қойды.

Аталған Заң жобасының 49-баптың 9) -тармағындағы «ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар» деген Сіз ұсынған редакция негізінде қабылданды. Осы «Ашық Хатты» Елбасымыздың емес, тіке Сіздің атыңызға жазып отырғанымыздың да себебі содан!

Осы Заңға сәйкес, шетелден оралған қандастарымыз тұрақты тіркеуге тұру үшін «Соттылығының» бар немесе  жоқтығын дәлелдеу мақсатында өзі келген мемлекетінің құзырлы орындарынан АНЫҚТАМА әкелуі керек.

         Біз 49-баптың 9)-тармағының Елімізге шеттен қауіп төндіретін Экстреми́зм мен Терроризмнің алдын алау үшін керек екенін жақсы түсінеміз.

            Өкінішке қарай, «Паспорттарды беру туралы» 2006 жылы 29 сәуiрдегi ҚХР Заңына сәйкес, бұл санаттағы Қытай азаматтарына ұлттық паспорттар ресiмделмейдi. Нақтылап айтсақ, «ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар;» азаматтарға шетелге шығуға тиым салынған.

            Ол аз десеңіз, жақында Қытай Елінің бас газеті «Жэньминь жибао» 2015 жыл, 25 тамыздағы санында ҚХР Қоғам қауіпсіздік министрлігінің осы жылдың 22 тамызындағы бұйрығына сілтеме жасай отырып, «ҚХР Қоғам қауіпсіздік тараулары жағынан берілмейтін 18 түрлі анықтаманың» тізімдігін жариялапты.

Сол «18 анықтаманың» 14-сі «соттылыққа яғни заңға қайшы қылмысының бар немесе жоқтығына» байланысты анықтама екен.

Онда:«Кез-келген жеке тұлғаның қылмысқа қатыстылығы жөніндегі мәлімет қоғамдық қауіпсіздік мекемелерінің ішкі шаруасы. Сол себепті, мемлекеттік әкімшілік және әділет мекемелері жеке тұлғаның саяси толымдылығын тексергісі және де жеке тұлғаға қатысты басқа да мәліметтерді анықтағысы келсе; ал, кәсіп орындар мен қоғамдық мекемелер өз қармағындағы аса маңызды деген лауазымды орындарға тағайындамақшы болған жеке адамдар жайлы толық мағлұмат алғысы келсе; анықтама талап еткен орынның тексеру өкілеттігі бар құзыретті адамы арнайы қызметтік куәлігімен және аталған мекемелердің арнайы қатынас хатымен келген жағдайда ғана мәлімет берілуі мүмкін. Ал, аталған анықтама жеке тұлғаның өз қолына бұдан былайғы жерде ешқашан берілмейді» – делінген!

Қазір бұл бұйрық  жергілікті жерлерде, әсіресе, Шыңжаң өлкесінде қатаң атқарылып жатыр. Ендігі жерде Қытай құзырлы орындарынан, кім болуына қарамастан, жеке тұлға үшін «Соттылық» туралы анықтама алудың еш мүмкіндігі жоқ! Қазақстан Республикасына көшіп келген бір де бір этникалық қазақ тұрақты тіркеуге тұр алмай, тағы далада қалайын деп тұр!

Соған байланысты, Сізден Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне «Қытайдан келетін қандастарыңызды қинамайтын етіп, осы мәселені нормативтік-құқықтық құжаттар арқылы реттеуге» байланысты нақты пәрмен беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен 

Ашық хатқа 340 адам қол қойды


0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1893