БАС ПРОКУРОР ЕСКЕРТЕДІ!
«Елдің барша азаматтарына әсіресе журналисттер мен әлеуметтік желі қолданушыларына қайырыла отырып, заңды қатаң сақтауды өтінемін!», - деді Жақып Асанов nur.kz порталының сауалына берген жауабында. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Аталған сайтқа берген жауапта бас прокуратура соңғы уақытта БАҚ және әлеуметтік желілерде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер шетелдіктерге сатылады деген арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар пайда болғанын және бұл әрекет рұқсат етілмеген акцияларға қатысуға шақыруға әрі ұлттық, әлеуметтік алауыздық туғызатын жарияланымдарға жол беріп жатқанын айтқан. Сондықтан, бас прокуратура жеке және заңды тұлғаларды заңсыз әрекеттерден сақтануға шақырып, әрі ондай заңсыз әрекеттер заңмен жазаланатынын да ескертеді.
Бас прокурор жергілікті прокурортура бөлімдеріне жоғарыдағыдай заңсыз әрекеттердің жолын кесуді тапсырғанын әрі құқық қорғау органдары жедел түрде заң аясында шара қолдануы қажет екенін де айтқан.
Abai.kz