Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4834 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 08:50

ЕСІРКЕПОВ НЕГЕ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ?

Есіргеповтің айтуынша, Қазақстан билігі "Жаңаөзен-2011" халықаралық комитетінің жер мәселесіне қатысты митинг қарсаңында ұсталып, қылмыстық іс қозғалған азаматтық белсенділер Макс Боқаев, Талғат Аян, Жанат Есентаев, Ғатауғали Бохан, Сағынғали Қапизов, Құбайдолла Шолақ, Махамбет Әбжанды 20 маусымға дейін қудалауды тоқтату туралы мәлімдемесіне "сырғытпа жауап" қана алған. Оның сөзінше, билік орындарынан келген жауапта белсенділерге қатысты істі ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарап жатқаны ғана айтылған.

"Билікке мәлімдемемізде 20 маусым - БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің 117-сессиясының ашылатын күні аталған белсенділердің құқығы мен бас бостандықтарына қатысты әділетті, заң шеңберінде шынайы жауап берілмесе шексіз мерзімге аштық жариялайтынымызды ескерттік" дейді Рамазан Есіргепов Азаттыққа. Ол аштықты өзі бас редактор болған "Алма-Ата инфо" газетінің кеңсесінде ұстап жатқанын айтты.

Есіргепов сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Шаңырақ оқиғасына қатысты сотталған ақын Арон Атабек (Едігеев), оппозицияшыл саясаткер Владимир Козлов, құқық қорғаушы Вадим Курамшин, журналист Гузяль Байдалинова заңсыз сотталды деп танығанын айтады.

Рамазан Есіргепов бұған қоса Қазақстан билігі БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті, түрмеде отырған Мұхтар Жәкішевке және өзіне қатысты шығарған шешімдерін орындамай отыр дейді.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369