Шынның жүзі

ЕРМҰРАТ БАПИ: ҚАЗІРГІ ЖУРНАЛИСТИКА – "ИТ" СЕКІЛДІ... АЙТАҚТАН АРЫҒА АСА АЛМАЙДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Міне, жылына бір рет "тойланатын" Журналистер күні де келіп жетті. Осы атаулы күннің қарсаңында біз тілшіліктің ыстығы мен суығын бір кісідей көрген белгілі журналист Ермұрат Бапимен еліміздегі БАҚ-тың бүгінгі жағдайы туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік. 

- Халықаралық ұйымдар Қазақстанды «сөз бостандығы шектелген» елдер тізіміне кіргізіпті. Ертең журналистер қауымының төл мерекесі келе жатыр. Осы ретте Қазақстандағы БАҚ-тың қазіргі ахуалын қай деңгейге жатқызар едіңіз?

- Қазақстандағы бүгінгі журналистика және оның дамуы мүмкіндіктері туралы айтатын болсам, бұл – кәсіптің өз ішінде емес, қоғамның даму бағытының аңғарымында қарастыру керек деп ойлаймын. Сондықтан, қазақстандық БАҚ-тың дәл қазіргі ахуалы, сөз бостандығы деген мәселелердің барлығы елімізде қалыптасқан саяси ахуалдың шеңберінен шыға алмайтын жағдайда.

-Қазір қазақстандық БАҚ-ты екі топқа бөліп қарау қалыпты жағдайға айналып кетті ғой...

- Рас айтасың. Мен Қазақстанда журналистика керемет дамып алдыға кетті, елдік, мемлекеттік, ұлттық мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаруда деп айта алмаймын. Қазіргі жағдайдағы БАҚ билік қанша мүмкіндік беруіне байланысты ғана өмір сүруде. Одан асып, белгіленген шектен ыршып кетіп, сондай бір керемет жетістіктерге жетіп жатыр деп айтуға келмейді. Расын айту керек қой. Өйткені елдегі сөз бостандығын шектеу журналистиканы да тұншықтырып, қылқындырып тастады. Мәселен, соңғы бірер айдын ішінде ғана болған жағдайларды салыстырып қарасаңыз, өзіңіздің көзіңіз жетеді. Мамыр айындағы митингілер, одан кейін Ақтөбедегі теракті төңірегінде... осы оқиғаларды сараптама түгілі жәй ғана ақпараттық тұрғыда халыққа жеткізген басылымдар санаулы ғана. Кейбір мемлекеттік басылымдар тек жартыкеш ақпарат берумен шектелсе, тиын-тебен алатын кей баспасөз биліктің аузына қарап, олардың шымбайына тиіп алмау үшін, сылап-сипап, әйтеуір айтпай қалды демессіннің керін киден ары аса алған жоқ.

- Өзіңіз айтып қалдыңыз ғой, қазір қоғамдағы өте нәзік тақырыптардың бірі – Жер мәселесі болып тұр. Осы тұрғыда журналистер қауымының кейбірінен «тәуелділік», «жалтақтық» байқалады. Азаматтық позициясын көрсете алмайтын қаламгерлер де жоқ емес. Тіпті, БАҚ-та бар...

- Нұргелді, қазір Қазақстанның баспасөзінде екі түрлі көзқарас қалыптасты. Біріншісі – жаңағы өзің айтып отырған байлаулы БАҚ-тар. Олар жерді жалға беруге болады екен немесе білгілі бір жағдайларда оны сатуға да болады екен деген позиция ұстанған журналистер болса, екіншісі, бұл мәселеге үзілді-кесілді қарсы шыққан журналистер болды. Бұл жерде мемлекеттік БАҚ өздерінің құрылтайшыларының айтуынан, айтағынан ары асып кете алмайды. Ал Тәуелсіз басылымдардың саны да, көлемі де аз. Ал Ақордадағы жоғарғы лауазымды шенеуніктердің өздері айтты ғой, «Жер туралы кодекс дұрыс, оны тиүсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген» деп. Сондықтан, биліктің айтып отырған түсіндіру жұмысы бірсарынды жүріп жатыр деп айтуымызға әбден болады. Осы тұрғыдан келгенде кейбір БАҚ халық арасына жаңсақ ақпарат таратып, елдің ерік-жігерін, ойын басқа арнаға бұрып,  биліктің әуелгі мақсатын қайткен күнде жүзеге асыруға септік болып жатқаны шындық.

- Сондай-ақ, дәл қазір елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың сойылын соғып жүргендер де көп. Тіпті билік құрылымдарында да, БАҚ басшылары арасында да мұндайлар көп деседі. Бұл да өз кезегінде Қазақстанның ішкі жағдайында әлеуметтің тыныштығын бұзушы фактор болып табылады ғой. Әсіресе ол БАҚ басшысы болса...

- Әлбетте дұрыс айтасың, соңғы Ақтөбе оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың да өзі нақты ұстанымын танытты. «Ақтөбедегі жағдайға «сәләфиттер» кінәлі» деген сөз аузынан шықты. Бірақ, өкінішке орай осы тақырыпты дамыту, оны ары қарай Президенттің ұстанымы деңгейінде жүргізу мемлекеттік БАҚ тарапынан сондай бір ынталылық байқалмады.  Себебі, осы салафизм ағымы Қазақстанның әр түрлі әлеуметтік топтарының арасына, тіпті билік элитасының, БАҚ арасына да терең сіңіп кеткен.

- Сіздің басқаратын газет әуелден билікті сынап келеді. Ал енді бұл мәселеде Президенттің сөзімен келіспеске болмайтын сияқты ма, қалай?

- Біздің газетіміз саяси тұрғыда  билікке қанша жерден оппонент болғанымен, дәл осы Ақтөбе оқиғасы жөнінде, салафиттер жөнінде Президенттің пікірін толық қолдайды. Ал енді осы қолдау мемлекеттік БАҚ тарапынан сондай бір екпін  алып тұр деп айта алмаймын. Әдетте, Нұрсұлтан Назарбаев сәл бірдеңені  қозғай қалса, мемлекеттік БАҚ өре түрегеліп, жоқты бардай, барды дардай етіп көрсете қоюшы еді ғой. Ал енді сәләфиттерге келгенде осы ағымның залалы жөнінде немесе ұлттық дәстүрден қазақты аластату, араптандыру саясатын жүрігізіп жатқанын ашық көрсетіп, ұлттың болашағына зиян екенін көрсеткені болмай тұр. Әрине, әр түрлі арналарда әйтеуір «айтылмай қалмасынның» нобайымен тиіп-қашып бірдеңе көрсеткен болды.

-Мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы түсінікті болды. Ал Тәуелсіз басылымдар деп жүргеніміз ше?

- Ал енді тәуелсіз басылымдар бұл мәселені шамалары келгенше айтып, жазып жатыр. Бірінен бірі көшіріп болсын, әйтеуір үлкен-үлкен мәселелер көтеріп жатыр. Оны оқырман қауым мен айтпасам да жақсы көріп, біліп отыр ғой. Қазақстанда Тәуелсіз басылым дегеннің өзі төрт-бес басылым ғой. Олардың жалпы таралымы жинақ саны 200 мыңнан аспайды. Осы мәселеге қатысты Президенттің өзі тұмсығанан түртіп тұрып, «сәләфиттер» деп айтқан мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан мән беруіміз керек еді.

-Бұрын Алтынбек Сәрсенбайұлының мұрындық болуымен, журналистер күнін атап өту қолға алынған еді. Қазір...

- Бұл мәселеге қатысты айтарым, жалпы Қазақстандағы баспасөз күнінің қай күні екенінің өзі даулы ғой. Нақты қай күнде журналистер кәсіби мерекесін атап өтетіні белгісіз болып қалды. Ұмытпасам, 1994 жылы «БАҚ туралы» Заң қабылданған күнді Алтынбек Сәрсенбаұлы марқұмның айтуымын, Президент белгілеп берген еді. Біз ол кезде басқа да мәселелер көтерген едік. Мысалы, «Дала уәлаяты», «Түркістан уаләяты» газеттерінің шыққан күндерін белгілейік деген мәселе көтерілген-тін. Бірақ, биліктің айтуымен, Тәуелсіз елдің алғашқы «БАҚ туралы» Заңы белгіленген күн болып қалған еді.  Кейін Алтекең оппозицияға  кеткен кезде билік осы күні Алтынбектің атымен байланыстырмасын деген ниетпен маусымның соңғы жексенбісіне ауыстырып жіберді.  Осылайша, ол әр түрлі күндерге ауысып кетті. Бұл нені білдіреді? Бұл биліктің БАҚ-қа деген көзқарасын білдіреді. Шыны сол - Қазақстандағы баспасөз биліктің ауласына байлап қойған ит секілді, керек кезінде үргізеді, қажет кезінде алдына сүйегін тастайды. Оны үйшігіне тұқыртып, қамап қоям десе тағы өзі біледі. Осы тұрғыдан келгенде жаңағы Қазақстандағы баспасөзді өзінің тақымына басып алу, өз дегенімен жүргізу саясаты қазір жүріп тұр.

- Жақында журналистердің кәсіби мерекесі келе жатыр. Ақорда жақ алалағанымен, бұрын Қазақстан Журналистер одағы «Сейдахмет Бердіқұлов» атындағы сыйлық секілді, жүлделер тапсырып, қаламгерлер қауымын бір қанаттандырып қоюшы еді. Биыл ол да жоқ...

- Сыйлық мәселесіне келетін болсақ, әрине былтырға дейін Қазақстан Журналистер одағы көптеген сыйлықтар тағайындап келген. Жаңағы өзің айтып отырған Сейдахмет Бердіқұлов, Амангелді Ахметәлиұлы, Бейбіт Құсанбек атындағы сыйлық секілді көптеген атаулы сыйлықтар болды. Содан кейін одақтың жеке номинациялары бойынша сыйлықтар таратылып келді. Жалпы жыл сайын 50-60 адам марапатталатын.  Биыл енді өздеріңе белгілі нақақ жаламен Сейітқазы Матаевты тұтқындап, оны үй қамаққа отырғызып қойғаннан кейін, мына сыйлықтардың да саны шектеліп қалды. Себебі, тек сыйлықтар емес, оның артында материалдық көмегі секілді мәселелер, оны ұйымдастыру,  оның басқа да жұмыстары бар ғой. Сейітқазы Матаевтың осындай  жағдайға түсуіне байланысты одақтың да жағдайы қыл үстінде тұрғаны шындық. Сондықтан, биыл Журналистер одағы 10 сыйлық тағайындап, таратты. Содан кейін одақтың сыйлықтарын алған журналисттердің арасында биліктің бірде бір өкілі болған жоқ. Сәуір, мамыр айларындағы халықтық наразылықтар мәселесінде кейбір БАҚ-тың жалтақтап, мемлекеттің айтағынан ары аса алмай, ала-құла ақпарат беріп, халықтың бір тобын екінші тобына қарсы қойып отырғандығы да ескерілді. «Журналист» деген өзінің ойын аргументтерге сүйеніп, фактілерге сүйеніп, тәуелсіз тұрғыда жеткізуі керек. Қазақ тілді баспасөз төртінші билік екенін дәлелдегіміз келсе, әуелі жалтақтықтан ада болуымыз керек.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет Ермұрат аға, тағы да мерекеңіз құтты болсын!

- Өздеріңе де шығармашылық табыл тілеймін!

Сұхбаттасқан - Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

35 пікір 1737 рет оқылды Қосылған: 27.06.16
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 27/06/2016 - 20:39

    Ермұрат інім, Abai.kz порталының журналистер ұжымы, кәсби мерекелеріңізбен құттықаймын !
    Отбасыңызға аман-саулық, жұмыстарыңызда шығармашылық табыстар тілеймін !

    Баяғыда біреу : "Қатын десем, арасында әжем де кетеді" деген екен.
    Журналист десек, араңызға кремльшіл Аймира Шаукентаева, Алуа Кетегенова, Руслан Смыков сияқты орысқұл журналистсымақтар да кіріп кетеді.

    • #2
    • Кожвендиспансер
    • дн, 27/06/2016 - 21:04
    Пікір алынып тасталды!
    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 27/06/2016 - 21:31

    # 2, Ракоша трипперный !
    Мен сен сияқты орыстардың өтірігіне сенбеймін !
    Ержігіт өліп қалса да, сенің қожайындарыңнан кешірім сұрамайды.
    "Орыс өй деді, қожайыным бүй деді" деп, аузыңды ашып Кисель-Геббельстің өтірігіне сеніп отыра бер, қараорысым !

    • #4
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 27/06/2016 - 21:54

    # 2 !
    Турция - мы сбили СУ24 правоверно - Россия должна нам заплатить
    rusjev.net/2016/06/25/turtsiya-myi-sbili-su24-pravomerno-rossiya-dolzhna-nam-zaplatit/

    • #5
    • Кожвендиспансер
    • дн, 27/06/2016 - 21:58

    Пресс-секретарь турецкого президента Ибрагим Калын заявил, что Москва и Анкара договорились немедленно приступить к восстановлению отношений между Россией и Турцией, передает в понедельник, 27 июня, Reuters.
    «Мы рады объявить о том, что Турция и Россия договорились без промедления принять необходимые шаги для улучшения двусторонних отношений», — заявил представитель Реджепа Тайипа Эрдогана.
    -------------
    Орыс папан тыстап кеткенбе не болды соншама?

    • #6
    • Айман
    • дн, 27/06/2016 - 22:28

    Соңғы екі жылда, үш аданда қонақта болғанбызды. Бір масқарасы, басылымдарға ауылдың тұрғындарын зорлықпен жаздырады екен. Газеттердің көпшілігі оқылусыз жатыр. Бір үйде екі не үш адам мұғәлім не бюджетке қарасты мекемелерде жұмыс жасаса, сол үйлерде "Егеменді Қазақстан", "Казахстанская правда", облыстық және аудандық газеттердің қазақша орысшасы 2 данадан, "Айқын" "Литер" 2 дана "Ана тілі" тағысын тағы. Тіпті масқара.
    Аудан әкімшіліктері зорлықпен жаздырады екен. 21-ші ғасырда мұндай зорлыққа бару тіпті қиянат емес пе? Ал, газеттердің ішіндегі мақалаларды оқығыңда келмейді. Іші толған әкімдердің суреттері, тіпті оқуға жарайтын қызғылықты ештеңе таба алмайсың. Біріңғай көсем әкімдер мен солардың орынбасарлары, мақтау, әкімдердің бәрі ұлы, ғұлама.
    Ал қалада бүл басылымдарға ешкімде жазылмайды. Газеттің жазылу жоспарын орындау ауыл тұрғындарының мойнына қамыт етіп іліп қойған. Тіпті бір от басына 2-3 аудандық газеттің келіп түсуінің өзі масқара. Ал менің туып өскен, аудандық газеттің оқитын жері жоқ. Басынан аяғына дейін, әкімшілік пен маслихат.

    • #7
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 27/06/2016 - 22:57


    Турция и Израиль официально объявили о нормализации отношений.........dw.com/ru/турция-и-израиль-официально-объявили-о-нормализации-отношений/a-19359583

    Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган направил президенту РФ Владимиру Путину письмо с извинениями за сбитый в прошлом году на сирийско-турецкой границе российский истребитель Су-24.............http://www.cnnturk.com/turkiye/cumhurbaskanligi-sozcusu-kalindan-rusya-aciklamasi

    • #8
    • Қасымбек
    • дн, 27/06/2016 - 23:43

    Айманың жазғаны өмірдің ащы көрінісі иә оның рас .

    • #9
    • Мақсұт
    • сс, 28/06/2016 - 1:40

    Е. Бапи мырза! Президенттің "Ақтөбе оқиғасы, діни ағым жайлы" айтқандарын "толық қолдайды" екенсіз, "Ханның екі сөйлегені -өлгені" деуші еді халық, ал біздің "ханымыздың" осы өткен жиырма жылында жалған сөздері аз болды ма?! Тіпті күні кешегі "Жер дауында да" жерге жаны ашыған қазақты мақтап алды да, артынша "Төлешовтың арандатуына ергендер" деп жазғырды. Ақтөбедегі оқиғалардың ақ, қарасы әлі күмәнді, құпия-құйтырқысы әлі көп деп ойлаймын. Сондықтан Елбастының "арбаның алдына" түсіп алып, алдын ала үкім шығарып, "өлтірілсін, көздері жойылсын..."деген мәлімдемелерін " Сіз сияқты саясаткерлердің "толық қолдауы түсініксіздеу. Қапыда қаза тапқан жеті адам мен қатар әлдебір арандатулардың құрбандығы болған он сегіз қазақтың да тағдыры, трагедиясы Билік пен өкіметті ойландырмаса да Сіздерді, азат журналистерді ойландырса екен!

    • #10
    • Момын
    • сс, 28/06/2016 - 1:57

    Осы Рамазан айы мен Қадір түнінде "қызмет бабын пайдаланып, аманатқа қиянат қылып, бүкіл елді тонаған жемқорлар мен олардың билігін жой!" деп Алладан тілейік, ағайындар!

    • #11
    • Мақсұт
    • сс, 28/06/2016 - 2:17

    10. Аллаһтың алдында бұл тілегің орындала қоймас, Момын. Өйткені бұл -момынның тілегі. Және бұл тілек -айдалада атыңды бос қоя беріп, "Я, Алла, менің атымды таң атқанша ұры, қарыдан қарап, бағып бер," -дегенмен бірдей...

    • #12
    • Кожвендиспансер
    • сс, 28/06/2016 - 7:06

    Турция готова возместить России ущерб за сбитый самолет Су-24. Такое заявление сделал турецкий премьер Бинали Йылдырым в эфире телеканала TRT, передает РИА Новости.
    «Содержание письма понятно. Мы выразили наше сожаление и при необходимости заплатим компенсацию. Обе страны хотят нормализации отношений. Думаю, дела идут на поправку», — сказал он.
    -------------------
    Есенгали Массаган не болды озi сенiмен акылдаспаганба?

    • #13
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 7:28

    # 9, Мақсұт !
    Ақтөбе оқиғасы туралы көсекең бүй деді : "Мы уже знаем, что это была террористическая вылазка группы последователей нетрадиционного религиозного течения салафизм". ...
    Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер : "Бұны ұйымдастырған Төлешев пен шенді шекпенділер, олар қарулы көтеріліс жасап билікті басып алмақшы болды" (түрмеде жатқан) деп кесіп айтты.
    Ішкі істер министірлігіндегі көзқаман жандарал : "Бұл терактты Сириялық имам ұйымдастырды !" деп айды аспанға бір-ақ шығарып тастады.
    Бірінің сөзі екіншісінің өтірігін ашады, екіншісінің сөзі үшіншісінің артын ашады.
    Бұлардың өз Қазақстандары бар, айтты - болды ! Айтқандары шындыққа жанаса ма, жоқ па ? "Дело десятое !" Ал қарапайым қазақстандықтардың өз Қазақстаны бар.
    Ол "террористердің" біреуі ұсталмай жатып, біреуі сотталмай жатып "көреген" көсекең, "Олар салафиттер, оларды шетел қаржыландырып отыр !" деп үкім шығарды.
    Көсеуші көсемдерінің айтқанын жүре тыңдайтын көзқаман шөпкетышарлары өздерінше үкім шығарып, халықты шатастырып отыр. Тіпті көзқаман жандарал халықтан кешірім сұрап та үлгерді.
    Бұрын тергемей-соттамай гранатометпен жайпап тастайтын, бұл жолы бір-екеуін тұтқындапты. Бұл да құзырлы органдардың үлкен "жетіскендігі".

    • #14
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 8:57

    # 12 !
    Ержігіттің "kusura bakmasinlar" деп сенің қожайындарыңа айтқаны "извините" деген сөз емес, "не взыщите" (айып етпегейсіз, барым осы) дегені, трипперный Ракоша ақымақ !

    • #15
    • Кожвендиспансер
    • сс, 28/06/2016 - 9:09

    Во имя облегчения боли и тяжести нанесенного ущерба мы готовы к любым действиям», — говорится во вчерашнем послании Эрдогана Путину.
    ----------------
    Есенгали кешiрiМ сурамаса несiне хат жазат? Три- р бiзде томен жакта боса сенiн басына шыгып кеткен ау емделсей "аналитег"

    • #16
    • Кожвендиспансер
    • сс, 28/06/2016 - 9:19

    Ердоганга негiзi киын болды бiрак катасын моиындады, ендi орыстар сириямен шекараны жапкызатын шыгар а Есенгали Сен барiн бiлесiнго?

    • #17
    • Аса мәртебелі оқырман
    • сс, 28/06/2016 - 9:19

    Қазақ журналисі қай БАҚ- та жұмыс істеп жүрсе де қазақ мүддесін қорғауы керек. Кейде ақша алып отырған соң биліктің қисынсыз нәрселерін қолдауға мәжбүр. Бірақ арасында ұлттық мәселені көтеріп қоюға болады ғой, тіпті билікті мақтап отырып та сойып салуға болады. Қазақтың тілі бұған шебер. Ал мансапқор, шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділер кез келген салада да табылады. Журналистердің ішінде ондайлар кездесетінін жоққа шығара алмаймыз. Өз әріптестерін жақтаудың орнына биліктің сойылын бірге соғатын немесе көлеңкесінен қорқып үйінде тығылып қалатын бұқпантай, жалтақ журналистерде жоқ емес. Ақша сатылып ең ежелгі кәсіп иелері деген масқара атаққа ие болғандары да бар. Тіпті оппозиция болып жүріп астыртын билікпен ауыз жаласқан, не газеттерін билікке сатып оқырмандарын алдап шатастырған гулжан Ерғалиева сияқты журналистер де кездеседі. Мұндай ханымдарды көрген соң журналистерде бедел қала ма?

    • #18
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 9:25

    а). Трипперге шалдықпаған болсаң, кожвендиспансерде неғып жүрсің ?
    b). "РИА Новости" деген салдақымен менің миымды шақпа !

    • #19
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 9:36

    # 17, Аса мәртебелі оқырман !
    "Қазақ Елі" деген өмірде жоқ, фантом қозғалыстың "төрағасы" биліктегі кешегі коммунистер мен комсомолдарды мақтап өз газетінде ("Жұмадағы жүздесу) табақтай-табақтау мақалалар жазатын, "қазақтың қамқоршысы", журналистсымақ туралы айтуды ұмытқан екенсің ? !

    • #20
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 10:39

    Ракоша, оны сенің тіліңмен айтқанда : "ИНФОРМАЦИОННАЯ МАНИПУЛЯЦИЯ" дейді !

    • #21
    • ГЕК
    • сс, 28/06/2016 - 11:03

    Ермұрат бауырым, қазіргі журналистика деген жоқ. Журналистика өліп қалған. Қазіргілер жартыкеш болгерлер, әлеуметтік желідегі топтасып алып, бірін-бірі мақтап, лайк басып отырғандар. Үретіндер осылар, оларға ақша беріп, өздері туралы жағымды пікір қалстастыру үшін айтақтап қойып отыратын шенеунік мырзалардың жаңа тобы пайда болды. Мені мақта, ананы қарала дейді. Арнайы топтар мен блогерлер солай істейді... Міне қазіргі мәселе осында! Қайталап айтайын, журналистика түбімен құрудың аз-ақ алдында тұр. Журналистика факультеттерін бүгін жауып тастаса да ( қажеті болмай қалды) көшеден жиналып келген тобыр блогерлер алға тарта береді. Заман осындай.. Сондықтан пікіріңді осы бағытқа арнағаның жөн шығар.

    • #22
    • Астаналық
    • сс, 28/06/2016 - 11:47

    Арқанкергенді де лаңкестік дегенді Президеннтің аузынан естігенбіз, артынан ол тұжырым өзгерді .....

    • #23
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 28/06/2016 - 11:51


    Эрдоган нагыз жiгiт екен, алдыменен урып алып содан кейiн кешiрiм сурай салу, нагыз Казахтар сиякты екен............

    • #24
    • Астаналық
    • сс, 28/06/2016 - 11:52

    ГЕКке жауап, осы сұхбат, осы АБАЙ кз сайтының, Трибуна, ДАТ, ЖАС АЛАШ жұмысы журналистиканың бар екенінің айғағы .... Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

    • #25
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 28/06/2016 - 12:08


    Эрдоган ушкыштын семиясынан кешiрiм сурады .......Hayatını kaybeden Rus pilotun ailesine bir kez daha acılarını paylaştığımı belirtmek ve taziyelerimi sunmak istiyorum; kusura bakmasınlar diyorum.........

    • #26
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 12:10

    ШАЛА Казах !
    social.rusvesna.su/blog/43341082320/v-poslanii-Erdogana-ne byilo-slova-"izvinite"---ekspert

    • #27
    • Кожвендиспансер
    • сс, 28/06/2016 - 12:12

    Ранее президент Турции Реджеп Эрдоган направил извинения президенту России Владимиру Путину в связи с инцидентом с российским бомбардировщиком. Эрдоган выразил "глубокое сожаление" в связи с гибелью российского пилота. Президент Турции также высказал соболезнования семье погибшего российского лётчика, заявив, что приносит свои извинения, сообщает турецкая газета "Хюрриет". Вечером в понедельник Эрдоган заявил, что рассчитывает на скорую нор........ Радио Свобода
    -------------------------
    Аналитейг есенгали ибн Хаттаб есiнде босын зашем орыстарга отiрiк айтып? Эрдоганннын хат жазганы значит орекендерден сондай условие боганда созiнен секiрмесiн деп калай ойлайсын? Емдел бауырым

    • #28
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 28/06/2016 - 12:32

    Қортық "стратег" лилиПутин билікке келгеннен бері ватниктердің айтатыны ылғи өтірік, Ракоша трипперный.
    "Зеленные человечки",
    "олар әскери форманы военторгтан сатып алған",
    "Псков десантниктері Украинада адасып кеткен",
    "ихтамнет", Украинаның шығысында соғысып жүрген әскерлер "отпускниктер",
    "біздің әскер ошшым, Украинада жоқ, Киев хунтасына қарсы күресіп жүргендер "патриот" трактористер мен шахтерлар"... ... ... бла... бла...бла...бла !

    • #29
    • Кожвендиспансер
    • сс, 28/06/2016 - 12:38

    Снятие разрушительных ограничений имеет принципиально важное значение для Эрдогана, который оказался под давлением как внутри собственной страны, так и за ее пределами", — пишет Fox News.

    Этой же версии придерживается и британская Financial Times, которая указывает, что кризис в туристической отрасли стал самым сильным с 1999 года, и у турецкого президента не оставалось выбора.

    "Никогда не поздно сказать прости", — комментирует решение Эрдогана извиниться перед Москвой Foreign Policy.
    ----------------------
    Есенгали тусiндiМ сенi беспокоить етпейм ендi. Бу дерт емдеуге жатпайт. Кешiр. Кожвендиспансердiн коллективI.

    • #30
    • Арқа Жарқаұлы
    • сс, 28/06/2016 - 14:27

    Сіздің басқаратын газет әуелден билікті сынап келеді. Ал енді бұл мәселеде Президенттің сөзімен келіспеске болмайтын сияқты ма, қалай?

    - Біздің газетіміз саяси тұрғыда билікке қанша жерден оппонент болғанымен, дәл осы Ақтөбе оқиғасы жөнінде, салафиттер жөнінде Президенттің пікірін толық қолдайды. Ал енді осы қолдау мемлекеттік БАҚ тарапынан сондай бір екпін алып тұр деп айта алмаймын. Әдетте, Нұрсұлтан Назарбаев сәл бірдеңені қозғай қалса, мемлекеттік БАҚ өре түрегеліп, жоқты бардай, барды дардай етіп көрсете қоюшы еді ғой. Ал енді сәләфиттерге келгенде осы ағымның залалы жөнінде немесе ұлттық дәстүрден қазақты аластату, араптандыру саясатын жүрігізіп жатқанын ашық көрсетіп, ұлттың болашағына зиян екенін көрсеткені болмай тұр. Әрине, әр түрлі арналарда әйтеуір «айтылмай қалмасынның» нобайымен тиіп-қашып бірдеңе көрсеткен болды.
    --------------------------------------------------
    Жұз пайыз келісем, Ераға, мемБАҚ селқос, сараң!

    • #31
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 28/06/2016 - 15:51


    #26 Есенғали, Антакиядан
    Оте дурыс саясат устап отыр Эрдоган, тагы кiрсендер тагыда сондай болады бiрак бiз ушiн адам омiрi оте кымбат.
    Путинге орыс халкынын омiрi пох...ю !!!



    • #32
    • http://www.rbc.ru/economics/27/06/2016/57715c7f9a794729713a373c?from=main
    • сс, 28/06/2016 - 17:39

    http://www.rbc.ru/economics/27/06/2016/57715c7f9a794729713a373c?from=main

    • #33
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 28/06/2016 - 17:45


    Барак Хуссейн Обама харкылдап кулiп журiп Россияны, к...ке отыргызды.

    • #34
    • Руза
    • сс, 28/06/2016 - 20:16

    Басқалар осы сіздердей "ит" болып көрсін әуелі! Иә, Дат мысалы шара қолданатын билік емес, бірақ бастысы, сананы қалыптастыратын пәрменді құрал! Және барынша елім, жерім деп, сол ұлттық сезімді басқаларда да оятуға барын салатын трибуна!

    • #35
    • Ермұрат
    • сс, 28/06/2016 - 23:08

    қай жаққа айдаса сол, жаққа жайылатындар, өздерінің ойы, санасы
    жоқ , зомби, мәнгүрт жандар

Пікір қосу

  • 1 + 7 =

Вход