Болған оқиға

АҚТӨБЕ ОҚИҒАСЫ БАЛҚАШТА ҚАЙТАЛАНА ЖАЗДАДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысының Гүлшат елдімекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террористік актіні жоспарлаған радикалды топтың іс-қимылының жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Гүлшат ауылында қылмыскерлерді ұстау барысында терроршылардың біреуі өз-өзін жарып жіберіп,  алған жарақаттардан көз жұмды. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. «Топтың басқа мүшелері ұсталды. Жарылғыш құрылғы құрауыштары, дәрімен атылатын қару және өзге заттай айғақтар алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

«Балқаш оқиғасы» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың барлығы Қазақстан үшін дәстүрлі емес «салафизм» діни ағымын ұстанушылар екені белгілі болды. Қазіргі кезде олардың ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйыммен байланысының бар-жоғы тексерілуде. Атап айтарлығы, олардың лаңкестердің идеологиялық ықпалында болғаны (ДАИШ ұйымының иделогиясымен уланғаны) нақты анықталып отыр. Бұдан шығатыны, лаңкестердің көздегені – рамазан айында террорлық акті жасау. Себебі олардың түсінігінше, «ораза айында жасалған мұндай әрекетті бүкіл әлемдегі терроршылар мен діни экстремистер жоғары бағалайды».

Құзырлы органның шағын хабарынан белгілі болғаны, лаңкестер Қарағанды облысының аумағында теракті жоспарлаған. Бұл ақпаратты сәл кейінірек ҰҚК-нің басшысы Владимир Жұмақанов растады.

– Алты адам ұсталды, оның біреуі өзін жарып жіберді. Ұсталғандардың барлығы жергілікті тұрғындар, Қазақстан азаматтары. Салафиттік ағымды ұстанушылар, - деп мәлімдеді В. Жұмақанов Парламент дәлізінде журналистерге берген жауабында. Бес қылмыскердің тергеу аяқталғанша абақтыға қамалғаны мәлім болды. Бұл жөнінде Қарағанды облыстық соты хабарлады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257 бабының 1 бөліміне, 287 бабының 5 бөліміне сәйкес, 5 лаңкеске террорлық топ құрып, заңсыз жолмен қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғылар тасымалдады деген айып тағылды. Қамалғандардың үлкенінің жасы 37-де, кішісі – 26-да. Күдіктілердің барлығы – Қарағанды облысының тумалары.

Лаңкестің топтың 2016 жылдың сәуір айында құрылғаны мәлім болды. Топқа «әмір» жетекшілік еткен. Дәстүрлі емес діни идеологияны ұстанған Балқаш тұрғыны аталған топқа өзінің ниеттестерін тартқан. Атап айтарлығы, топтың әр мүшесінің атқаратын рөлі мен міндеттері болған. Мысалы, біреуі жарылғыш зат, екінші біреуі ақша іздесе, үшіншісі өздігінен жарылатын құрылғы дайындаған. Оқиғаға куә болған жергілікті тұрғындардың бірі өзін-өзі жарып жіберген лаңкестің Гүлшат кентінде туып-өскенін әңгімеледі. Әкесіз өскен жігітті анасы өсіріп-жеткізіпті. Мектепті тәмамдағаннан кейін Балқашқа қоныс аударады. Ал Гүлшатқа өз анасының хәлін білуге барған көрінеді.

Лаңкестік топтың арам ниетіне тосқауыл қойған арнайы қызмет органдарының біліктілігі екені даусыз. Алайда халықтың қырағылығы лаңкестерді тоқтатты десек еш қателеспейміз. Әлбетте қоғамның, мемлекеттің тыныштығына қауіп төнген кезде ел тұрғындарының бірлігі мен тұтастығы, белсенді азаматтық ұстанымы үлкен маңызға ие. Терроризм сияқты аса қауіпті құбылыспен мемлекет және азаматтық қоғам деңгейінде топтасып күресудің нәтижесі де зор болатыны айдан анық. Сол себептен «Балқаш оқиғасынан» сабақ ала отырып, дәстүрлі емес идеологияны ұстанушылардың іс-қимылынан күдікті жағдайларды байқаған әрбір отандасымыз дер кезінде құзырлы органдарға хабар беруі тиіс.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін ел Президентінің берген тапсырмаларын орындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, іске кірісті. Ең бастысы терроризм және діни экстремизм құбылыстарымен күресуге және оның алдын алуға мүдделі барлық құзыретті органдардың жұмысы, күші бір жерге жұмылдырылды. Мемлекет басшысының өзі қадап айтқандай, Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін бізде барлық мүмкіндіктер, ресурстар, адамдар жеткілікті екенін ұмытпағанымыз абзал.

Әмірлан Әлімжан

Abai.kz

 

 

47 пікір 2060 рет оқылды Қосылған: 05.07.16
    • #1
    • сарт
    • сс, 05/07/2016 - 10:13

    жане сакалдылар неге куртпаисызар буларды,каримов методы мен,подвал сакалды алады,быкынынан урады нормальноный мусульман боп шыга келеди.тусинбесе озин тюрьма,ата анасын махаладан коширип жиберуге деин барады.

    • #2
    • Досайға сұрақ
    • сс, 05/07/2016 - 10:19

    Топқа «әмір» жетекшілік еткен дейді. Сәләфилерді әмір басқарса сопыларды пір басқарады екен. Сонда әмір мен пірдің қандай айырмашылықтары бар?

    • #3
    • дінсіз
    • сс, 05/07/2016 - 10:23

    Ислам дінінен құтылмай терактінің болғаны болған. Біз негізі өз басымызға өзіміз пәле тауып алған халықпыз. Бізді ешкім мұсылман бол деп қинаған жоқ. Бұдан 25 жыл бұрын таңдау өз қолымызда тұрды. Сол кезде прогрессті таңдауымыз керек еді. Яғни, ғылым, техника, мәдениет, спорт. Ислам дінінің ең соңғы аялдамасы - Ауғанстан. Яғни, ислам дінін ұстанған кез - келген халық Ауғанстанның кебін киеді.

    • #4
    • Досай
    • сс, 05/07/2016 - 10:39

    Пір қандай билік болса да, мейлі атеистік, мейлі диктаторлық билік болсын, өз бас пайдасын ойлап сол биліктің ығына жығылып өмір сүргенді қолайлы көретіндер. Ал әмір дегендер Ислам билігін орнатуды басты міндеттері қылып бірінші орынға қойып, ашық та астырын да тынбай күрес жүргізушілер.

    • #5
    • дінсіз - ге
    • сс, 05/07/2016 - 10:49

    Ислам діні ең басты ұстанымдары болып отырған Малайзия, Түркия, БАЭ, Кувейт, Индонезия, Пәкістан барлық жағынан дамып жатқан елдер емес пе? Ал атеизм бір ғана мемлекеттік идеология болып қалып отырған әлемдегі жалғыз ел Солтүстік Корея ғылым, техника, мәдениет, спорттан алдарына жан салмай келетін шығар?

    • #6
    • 5 - ші мұсылмансымаққа
    • сс, 05/07/2016 - 11:14

    Малайзияның экономикасын көтерген ешқандай мұсылмандар емес. Қытайлар көтерген. БАЭ, Кувейт Батыстың, әсіресе Англияның қолдан істеген қуыршақ мемлекеттері. Арабиядан түріктерді қуып шыққанға көмектескені үшін Англияға берген "сыйлығы". Индонезия, Пакистанның дамып кеткен түгі де жоқ! Бұл елдерде халқының жартысына жуығы сауатсыз. Әсіресе Пакистанда сауатсыздар жеткілікті. Түркияның да жетісіп тұрғаны шамалы. Түріктер Европадағы тұрмысы ең төмен халықтардың қатарына жатады. Тұрмысы жағынан тек Молдова, Албания сияқты мемлекеттерден ғана жоғары тұр.
    Кім айтты саған Солтүстік Кореяда дін жоқ деп! Нағыз дін Солт. Кореяда! Коммунизм! Коммуниз, ол ең соңғы дін!
    Коммунизмніңде "пайғамбарлары" болған. Маркс, Энгельс, Ленин. Апостол - сахабалары да болған. Троцкий, Сталин, Мао, Фидель Кастро...... Ары қарай өзің тарихты дұрыстап оқып ал.

    • #7
    • Серікбай
    • сс, 05/07/2016 - 11:22

    Қазақтарға проф. Совет-Хан Ғаббасұлы айтқан ұлттық идеология қажет.Артистерді, спортшыларды т.б. қазақ тілділерді қоғамдық орындарда,әлеуметтік желілерде қолдау қажет.Бәріңді стадиондарға келіп қазақ футболистер көп командаға жанашыр болуға шақырамын.

    • #8
    • Артиктика
    • сс, 05/07/2016 - 11:30
    Пікір алынып тасталды!
    • #9
    • #6 - ға
    • сс, 05/07/2016 - 11:33
    Пікір алынып тасталды!
    • #10
    • дінсіз - ге
    • сс, 05/07/2016 - 11:35

    Айтып отырғаныңның бәрі бекер, құр байбалам.

    • #11
    • 9 - ға
    • сс, 05/07/2016 - 11:38
    Пікір алынып тасталды!
    • #12
    • 10 - шы діншілсымаққа
    • сс, 05/07/2016 - 11:50

    Ауғанстанда 1978 жылдан үздіксіз соғыс жүріп жатқаны өтірік пе? Ауғанстанда 1 км. темір жол жоқ екені, бір светафордың жоқ екені, бір дұрыс инфрақұрылымның жоқ екені өтірік пе? Осының бәрі сол баяғы "хақ діннің" кесірі ғой!

    • #13
    • дінсіз - ге
    • сс, 05/07/2016 - 12:00

    Сен барып тауды тегістеп, ойып темір жол салып берсейші. Христиандық Африка елдерінің де инфрақұрылымының жоқ екеніне Ислам кінәлі шығар?

    • #14
    • Тексіз дінсіз кəпірге
    • сс, 05/07/2016 - 12:44

    Ауғанстан соңғы 25 жылда соғыстан көз ашпай отырса ол соғыстың отын тұтандырған бірінші коммунисттер екінші ақш пен европа демократтары.

    Ирақта да соғысты мұсылмандар емес батыс кəпірлері бастаған. Əйтпесе ирақтық мұсылмандар ешкімге соқтықпаған.

    Шешенстанды бомбалаған орыс кəпірлері.

    Қай мұсылман елі бірінші боп кəпір елдеріне соғыс ашты?!

    • #15
    • солай
    • сс, 05/07/2016 - 12:45

    Бәрібір атеистердің дегені болады. Ғылым, техниканы дамытып жатқан солар ғой. Діншілдер жүрген әншейін бір тобыр. Діншілдер биліктің, диктаторлардың қолшоқпары. Әр заманда солай болған және солай бола береді. Діншіл адам өз денесін қанның қысымымен әрең алып жүрген байғұс, бейшара. Миы, санасы, тілі, көзі өзінкі емес. Уланған, соқыр болып қалған.

    • #16
    • шал
    • сс, 05/07/2016 - 12:53

    #8 Артиктика - нағыз мұсылмандардын деңгейі.

    • #17
    • Мұсылман
    • сс, 05/07/2016 - 16:02

    Алла деген ауыздан боқтық сөз шықпайды. Боқтық сөз атеистердің досы адам шайтандардың ауздарынан шығады.

    • #18
    • Өте мәдениетті әрі сыпайы қазақ
    • сс, 05/07/2016 - 18:03
    Пікір алынып тасталды!
    • #19
    • Мақан
    • сс, 05/07/2016 - 18:51

    "Атасы алыс болғанмен
    Жамиғи қазақ бір туған" деп ақын жырлағандай, бәріміз Қазақ деген бір атаның баласымыз. Мына бәріміздің шешемізді боқтап отырған "тірі жанның" анасы біздің де Анамыз, біздің Анамыз оның да Анасы, сонда мына "бейшара" өз шешесінің қасына жатамын деп отырғаны ма? Сонда мына "тірі жанның" айуаннан ақылсыз болғаны ма? Жылқы малы да Анасы мен баласына шаппайды емес пе?

    • #20
    • Артиктика
    • сс, 05/07/2016 - 18:57

    Мен Проваслафпын дінсіздерді жек көремін.

    • #21
    • Жүнсіз
    • сс, 05/07/2016 - 19:48

    Мұртымды қырып тастадым. Тамақ ішкенде күшті екен-әй...

    • #22
    • Арктика
    • сс, 05/07/2016 - 21:14
    Пікір алынып тасталды!
    • #23
    • 23
    • сс, 05/07/2016 - 22:49

    Осы тәңіршілдікке көшсек қайтеді?!Аттиланының, Күлтегіннің Шыіңысханның заманында бабаларымыздың қандай мықты болғаны белгілі

    • #24
    • 24
    • сс, 05/07/2016 - 22:56

    Тәңір деген Алла ғой.

    • #25
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 05/07/2016 - 23:20

    В Оренбурге разместили информацию о террористической угрозе на границе с Казахстаном.
    "Экстренное совещание правительства Оренбургской области о неотложных мерах в связи с террористической угрозе в северных районах республики Казахстан"

    БIР АЙ БУРЫН БIЗГЕ ЕСКЕРТIП ЕДI ГОЙ ТЕРАКТ БОЛАДЫ ДЕП.

    Сурак буны олар кайдан бiлiп койды екен????????????

    • #26
    • https://openrussia.org/post/view/15153/
    • сс, 05/07/2016 - 23:23

    https://openrussia.org/post/view/15153/

    • #27
    • 24 - ке
    • сс, 05/07/2016 - 23:27

    Алла деген арапша. Тіпті еврейше "Эллохим". Тәңір қазақша. Араптың алласының да, дінінің де, тілінің де бізге ешқандай қатысы жоқ! Құранда, хадисте, шариғатта тек араптар үшін жазылған. Сондықтан, айдаладағы араптардың дініне телміруді доғарғанымыз жөн болады! Кәдімгі бір жетім лақтар сияқты!
    Өзіміздің Жеріміз, Еліміз, аталардан қалған мұраларымыз тұрғанда араптың дініне телміру сатқындықпен бірдей!

    • #28
    • қазақ
    • сс, 05/07/2016 - 23:46

    Рас қой араптар бізді "бір жерлеріне де" қыстырмайды. Тіпті қазақтың бар екенінде білмейді. Ал біз байқұстар соларға қарап жәутеңдеп, солардың тілінде түсінбесекте бірдеңелерді сандырақтағанымызға мәзбіз. Кейбір қазақтар қалталарына сәл тиін - тебен түссе соларға қарай (меккеге) алып ұшып кетеді! Әй, бейшара қазақ! Соңғы сыйырын сатып, араптарды байытып жүрген. Не дейсің енді? Бүкіл ойыңды, ызаңды қағазға түсіре беру оңай емес! Тек, күйіп, күйіп қоясың да....

    • #29
    • Байтерек
    • сн, 06/07/2016 - 0:05
    Пікір алынып тасталды!
    • #30
    • #28 қазақ
    • сн, 06/07/2016 - 13:06

    Ақымақ ! Қазақ Исламды ұстанса араб үшін ұстанбайды, өзі үшін ұстанады. Намаз, ораза, зекетті араб үшін бермейді, Алланың разылығын алып, азабынан құтылу үшін береді. Қажылыққа да сол үшін барады.

    • #31
    • қазақ
    • сн, 06/07/2016 - 13:56

    "ақылдым - ау"! Намазды арапша оқисың, басыңды Палестинаға бұрып. Әр намаздың соңында араптың өлісіне де тірісіне де салауат айтып, солардың тілеуін тілейсің. Оразаның уақытын, тәртібін араптар белгілеп береді. Қыжылыққа Көкшетеуға немесе Атырауға бармайсың ғой! Осыдан кейін "арапқұл емеспін" деп айтып көрші! Содан соң араптардың сценарийі бойынша сандырақтағанды қой! Қайдағы "алланың разылығы"? Сен не алланың разы болып тұрғанын көріп тұрсың ба? Қайдағы "алланың азабаы"? Алланың біреуді арапқұл болмағаны үшін азаптап жатқанын көріп пе едің? Бала күніңде ертегілерді аз тыңдағансың ғой деймін? Корочее, ауырып жүрсең тезірек айығып кет! Немесе ойлан, ізден, көп оқы! Таста құрысын мойныңдағы арапқұлдықтың қамытын!

    • #32
    • дәрігер
    • сн, 06/07/2016 - 14:09

    Арапқұлдарға дауа жоқ. Ем қонбайды. Әлі бір арапқұл емделіп, дұрыс жолға түскен жоқ. Өмірімнің соңына дейін бір арапқұлдың дұрыс жолға түскенін көріп кетсем арманым жоқ.

    • #33
    • Духан сүресі
    • сн, 06/07/2016 - 15:39

    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

    Ха Мим. (1)

    Ашық баян етуші Құранға серт. (2)

    Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (3)

    Ол кеште барлық хикметті істер айрылады. (4)

    Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз. (5)

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші. (6)

    Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. (7)

    Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы. (8)

    Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда. (9)

    ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (10)

    Адамдарды қаптап алады; Бұл жан түршігерлік азап. (11)

    Олар: “Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз.” (12)

    Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген. (13)

    • #34
    • Саке
    • сн, 06/07/2016 - 17:50

    Арабқұлдар және арабтарға малын шашып жүр арабтар бізді бір жеріне қыстырмайды деп "оттауистер" нені оттап кетті. 28.31.32 нөмірдеги кәпірлер сендердің көздеріңде құлақтарыңда перде бар. Көздерің бар бірақ көрмейсіңдер, құлақтарың бар бірақ естімейсіңдер. Құдай сендердің жүректеріңе мөр басқан. Ай бірақ сендер осы сөзді түсінушімедіңдер кәпірлер осы пікірді сендерге жазып уақыт шығындап отырған мен ақымақ.

    • #35
    • https://www.youtube.com/watch?v=5tvIOXC2DOM
    • сн, 06/07/2016 - 19:02

    https://www.youtube.com/watch?v=5tvIOXC2DOM

    • #36
    • дәрігер
    • сн, 06/07/2016 - 19:30

    Негізі діни кітаптарды психикалық ауытқулары бар адамдар жазған. Батыстың социологтарының зерттеулері бойынша Библияны бастан аяғына дейін оқып шыққан адамдардың 17 пайызы жынданып кетеді екен! Осыдан кейін мұсылмандар туралы ойланудың өзі қорқынышты! Бұлай дейтінім ел аман жұрт тынышта бүкіл қатын, бала - шағасымен неге мұсылмандар Сирияға аттанып жатыр. Ол жаққа барып емшектегі баласымен бірге бомбаның астында өлетіндей не бастарына күн туды? Меніңше бұларда сол діни кітаптармен уланғандар. Таң қаларлығы қожа - молдалар, миссионерлер аздау деген Орталық Қазақстаннан көбірек кеткен. Жезқазған, Сәтпаев қалаларынан. Меніңше мұнда да бір саяси астар бар сияқты. Орталық Қазақстанда шикі заттың мол қоры жатыр. Темір, көмір, мыс, мырыш, алтын және т. б. Міне, осы байлықтың үстінде жүрген қазақтарды дінмен уландырып, шет ел асырып жатыр.
    Ал Қазақстанның мұнай мен газға бай өңірі Батыс Қазақстанның қазақтарын дінмен улап бітті! Енді тек, бір - бірімен соғыстыру ғана қалды! Жергілікті билікпен қарулы қақтығыстар болыпта жатыр. Дінмен уланған, неше түрлі сектаға бөлінетін халықта жермен, байлықпен не шаруасы болсын? Олардың бар армандары бірін - бірі тезірек өлтіріп, араптардың "ана дүниедегі жұмағына" түсу!

    • #37
    • Артиктика
    • сн, 06/07/2016 - 19:41

    Ей дәрігер болмай өл шешең сігейіннің қотақбасы сонда сен інжілді псих жазды дегің келема? Қотақбассыңғой жүрген.Мен проваславпын дінге тіл тигізбе қотақбас.Сені инквизиция жазасына кесіп басыңды шабу керек мал.

    • #38
    • дәрігер
    • сн, 06/07/2016 - 19:48

    Әй, байғұс - ау! Өзіңді өзің ұстап беріп тұсың ғой. Сен как раз сол 17 пайыздың ішіндесің! Сені жазға қарай жындыханадан босатып жіберген бе? Ештеңе етпейді! Күзге қарай қайтадан алып барады!

    • #39
    • Артиктика
    • сн, 06/07/2016 - 19:59

    Ей шешеңнің амын суламай сігейін.Дінсізден болған ит.Дінмен шаруаң болмасын.Сенің сөзің сау адамның сөзі емес, дінсіз болсаң көтіңді қысып жатпайсыңба Қасиетті кітаптарға тіл тигізбей.Қолыма түссең шешеңнің амына тығамын..

    • #40
    • Сисенбай
    • сн, 06/07/2016 - 21:51

    О, Тәңірім! Өзің қолдай гөр! Ата-бабамның әруағы, өзің жар бола гөр! Е, алла(сәләптәрдің қолдан жасап алған, жекеменшік аллаһтарын айтып отырғам жоқ) сәләп-мәләп, бақап-сақап, бәле-жаладан өзің сақтай гөр!!!

    Ел аман, жұрт тыныш, сәләп құныс болсын! Әумин аллақу әкбәр!!!

    • #41
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 06/07/2016 - 23:04

    #35
    Орхан Джемаль бар шындыкты айтты, бiзде бiрде бiр Казах аузын ашкан жок-кой, тек бiр-бiрiне сен салафитсiн,сен ханафитсiн деп ОСЕК айтып бiр-бiрiне саусактарын корсеткенен баска...........
    Екiншiсiде ап анык айтып отыр сендердiн КОП ВЕКТОРлы саясаттарынды урып койдык деп ................

    • #42
    • осы
    • бн, 07/07/2016 - 2:12

    Өтірікті суша бұрқытып керегі не?! Балқашта, ештеңеде жоқ!!! Болмайды да!!! Елді, босқа дүрліктірмеңдер!!!! Түбінде, өздерің осы отқа түсіп "күйесіңдер" !!!!!!! Мен, сендерге, "точно" айтып отырмын!!!!!

    • #43
    • осы
    • бн, 07/07/2016 - 2:12

    Өтірікті суша бұрқытып керегі не?! Балқашта, ештеңеде жоқ!!! Болмайды да!!! Елді, босқа дүрліктірмеңдер!!!! Түбінде, өздерің осы отқа түсіп "күйесіңдер" !!!!!!! Мен, сендерге, "точно" айтып отырмын!!!!!

    • #44
    • осы
    • бн, 07/07/2016 - 2:12

    Өтірікті суша бұрқытып керегі не?! Балқашта, ештеңеде жоқ!!! Болмайды да!!! Елді, босқа дүрліктірмеңдер!!!! Түбінде, өздерің осы отқа түсіп "күйесіңдер" !!!!!!! Мен, сендерге, "точно" айтып отырмын!!!!!

    • #45
    • осы
    • бн, 07/07/2016 - 2:12

    Өтірікті суша бұрқытып керегі не?! Балқашта, ештеңеде жоқ!!! Болмайды да!!! Елді, босқа дүрліктірмеңдер!!!! Түбінде, өздерің осы отқа түсіп "күйесіңдер" !!!!!!! Мен, сендерге, "точно" айтып отырмын!!!!!

    • #46
    • осы
    • бн, 07/07/2016 - 2:12

    Өтірікті суша бұрқытып керегі не?! Балқашта, ештеңеде жоқ!!! Болмайды да!!! Елді, босқа дүрліктірмеңдер!!!! Түбінде, өздерің осы отқа түсіп "күйесіңдер" !!!!!!! Мен, сендерге, "точно" айтып отырмын!!!!!

    • #47
    • Жұмамұрат Шәмші
    • бн, 07/07/2016 - 3:10

    Соңғы 46 пікір жазушымен толық келісемін. Қарапайым халықты дүрліктірмей тыныш отырыңыздар. Қашқанмен де, қуғанмен де шапқыламай... Адам деген не нәрсенің байыбына бармай жатып улап шуламай ақылмен істеген ғой атам қазақ...

Пікір қосу

  • 1 + 2 =

Вход