Міне, көрдің бе?

ПРЕМЬЕРГЕ ҚОШЕМЕТ ЖЕТПЕЙ ЖҮР МЕ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Дүниежүзінің көптеген саясаткерлерінің арасында әлеуметтік желілерде парақша ашып, онда белсенді жұмыс жүргізу сәнге әм әдетке айналып кеткені жасырын емес. Бұлардың қатарында біздің премьер де бар.  «Инстаграмм» парақшасында жұмыс жүргізудің хас шебері – ҚР Үкімет басшысы Кәрім Қажымқанұлы.

Жұрт күнде көре бермейтін (халық арасына жиі шыға бермейтін), көрмек түгілі маңайына жолай алмайтын премьер-министрдің не істеп, не тындырып жүргенін де дәл осы әлеужелідегі парақшасынан біліп жүреміз.

Жақында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанадан Бурабайға қарай велосипедке отырып жолға шығыпты. Үкімет басшысының велосипед тізгіндеген фотосы, оның «Инстаграмдағы» парақшасында жарияланды. Суреттің астына: «Велосеруен» деп жазылған екен.

Қазақстанның премьері осыған дейін де өз «премьерасын» беріп үлгерген-тін. Алматы жұрты атыстн ес жия алмай жатқан кезде желіде Кәрім Мәсімовтің студенттік жылдарындағы видеосы да жарияланған еді. Бұны да сәйкестік болар деп қойдық.

Ал осыдан сәл ертеректе, Астанада өткен дуатлон жарысына қатысып, аяғына екі түрлі шұлық киіп келген «премьер» тағы да желі жұлдызына айналғаны ел есінен ұмытыла қойған жоқ.

Жоғарыда әлеужелілерде белсенді жұмыс жүргізу әлемдік саясаткерлер арасында кеңінен танымалдылыққа айналды дедік. Мысалы, Германия канцлері Ангела Меркел, АҚШ Президенті Барак Обама, Түркия Президенті Режеп Ердоған, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медьведев т.б. басшылар әлеуметтік желінің ең тұрақты қолданушылары. Бұлардың сапында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов те бар. Ал Мемлекет басшысының ресми парақшасы «AkordaPress»-те қазіргі таңда 10 мыңнан астам жазылушы бар екен.

Бұл бір жағынан пиар болса, екінші жағынан әлеуметтік мәселелерді шешудің интерактивтік жолы болып табылады. Сондықтан да Алматы қаласының жас әкімі Бауыржан Байбек мырза әлеуметтік желіде әкімшіліктің ресми парақшасын ашып, онда қаладағы түйткілді мәселелерді шешу үшін тікелей байланыс орнатқан. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы әлеуметтік проблемалардың 87 пайызы шешімін тапқан.

Ал екінші жағынан әлеуметтік желілерді сурет жариялау құралы ретінде ғана пайдалану адамды психикалық дертке шалдықтырады. Мысалы АҚШ-тың Adobo Chronicles психиатриялық ассоциациясы селфиге, суретке түсуге әуестікті ресми түрде адам психикасының ауытқушылығы деп жариялады. Ассоциация басылымында жарияланған мақалада жаңа дерттің атауы «selfies» деп көрсетілген. «selfies – обессивтік-компульсивтік бұзылу (латынша obsessio – қоршау, меңдету, obsessio – құлай берілу, барын салу, compello – мәжбүрлеймін, compulsio – ықтиярсыз көндіру), яғни үнемі өзін суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып отыру, сөйтіп өзіне жетіспеген құрмет-қошеметтің орын толтыру» деп түсіндірді басылым. 

Үлкен креслода отырған шенеуніктердің әр нәрсеге тәуілділіктері болатыны белгілі. Бірі ақшаға, бірі атаққа т.с.с. Ал біздің премьер әлеуметтік желіге матап тастаған қандай күш? Бәлкім, Мәсімов мырзаға қошемет жетпей жүрген шығар.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

 

 

 

11 пікір 1079 рет оқылды Қосылған: 26.07.16
    • #1
    • Құлан
    • сс, 26/07/2016 - 12:49

    с.ахметов құдыққа құласа, құлығында мәсі ойнар. деген осы!
    қара сарт құтырған заман.

    • #2
    • Құлан
    • сс, 26/07/2016 - 12:49

    құлағында

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 26/07/2016 - 13:11

    Мәсі Димонның ауруына шалдыққан.
    Димонның ауруы - selfies.

    • #4
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 26/07/2016 - 13:15

    И только спорт, Олимпиада. Кто бы мог подумать? Эта несчастная комиссия ВАДА. Сама, безусловно, не идеальная, местами коррумпированная, показала всему миру, что мы такое. В СССР тоже спорт высших достижений являлся политическим оружием, но не до такой же степени! Никогда.
    Эта комиссия показала, что все у нас держится только и прежде всего на пиаре. На надувании щек. На деньгах, которыми оплачивается этот пиар. На государственных людях, спортсменах-рабах (и рабах не спортсменах), которые по приказу свыше глотали этот чертовый мельдоний ради российского политпиара высших достижений.
    Теперь спортсмены страдают. Кто следующий? Давайте создадим всемирную комиссию (не Нюрнбергскую, зачем же?!) по нашему «Газпрому», «Роснефти». По нашим олигархам (что ельцинским, что путинским). По нашим депутатам. По нашим чиновникам. По всему нашему русскому миру, по периметру. И увидим тоже самое: пиар, деньги, а внутри ПУСТОТА.
    Интересно, а если бы это грандиозное государственное дурилово не раскрылось, сколько бы таблеток должны были сглотнуть наши великие футболисты, чтобы стать-таки чемпионами мира у себя дома? Ради высших интересов. Нет, одной таблэтки тут было бы явно недостаточно.

    ЭХО МОСКВЫ.

    • #5
    • тТт
    • сс, 26/07/2016 - 14:34

    Мәсім парақшасында "өтінем, лайк басыңдаршы"деп жалынбайды ма екен. Лайкта басып тұрыңдар, көті көлдей боп қалсын.

    • #6
    • аноним
    • сс, 26/07/2016 - 14:34

    Кім деп жүр өзін мына ұйғыр?

    • #7
    • Мырқымбай
    • сн, 27/07/2016 - 10:31

    Абайшылар неғып Мәсімов отырса опық, тұрса сопық дейді десесм, ол абайшылырдың жем салушысы Дархан Калетаевтің жауы екен ғой. Сөйтіп, дәурен Қуат деген мықты Калетаевтің көтінде отырған боқ боп шықты. Боқ көбейсін!!!!

    • #8
    • Че
    • сн, 27/07/2016 - 10:43

    Премьер шулыгын талқыға салғаны жетіскены оның, ол елдің шулыгын талқыға салып қазақстанда шұлық тігетін фабриканын жоғына қам жеуі керек ! Жер дауына қатысты орнынан кетсін дегенге тапқан кулыгы караш ұйғырдың

    • #9
    • Әбеке
    • сн, 27/07/2016 - 17:35

    Қазақстанда Нұрбанудың жұмысы өзінен-өзі іске асып жатыр: теракт, жер, тіл даулары... Тыңшыға жұмыс қалмады. Егер қазақтардың бар проблемасы шешіліп, әлеуметтік жағдайлары жақсарса, Мәсі шайтанарба теуіп, әлеуметтік желіні ермек етуге мұршасы келмей, мұрнынан шаншыла" еңбек" етіп, ел ішіне ылаң салуға барын салар еді. Ал, қазір оның миығынан күліп, желігіп жүргені, көпжылдық "еңбегінің" нәтиже бере бастағанына көңілі толғанының белгісі. Арты ашылады әлі... Істеген қылмыстарына жауап беретін күн келеді. "Жаны ашымастың басы ауырмас". Қазір, қазақтың жері, тілі, тәуелсіздігі... қыл үстінде тұрған шақ. Қазаққа жаны ашитын үкімет басшысы осындай қылықтар істер ме еді, өздеріңіз ойланып көріңіздерші ... Жалпықазақтың шығарған үкімінен, бәрібір қашып құтыла алмайсың, Мәсі!

    • #10
    • Мырқымбай
    • сн, 27/07/2016 - 21:17

    Әбеке! нашар адам екенсіз, елдегі былық шылыққа кім жауапты екенін білесіз, атын атай алмайсыз. Сонсейін Кәрімге соқтығасыз. Оны қазір кім сынамайды. нашарсыз, болды, болды атын атап жанассаңызшы!!!

    • #11
    • Мауыя
    • бн, 28/07/2016 - 0:02

    Мыркымбай да ұйғыр болды. Қорғаштап өліп барады.

Пікір қосу

  • 1 + 29 =

Вход