4 Сәуір, 2016 сағат 14:54
Ақмола облысының басшысы Сергей Кулагин Қазақстанда әкімдердің рейтингісін жасайтын мерзімді кемінде жарты жылға созу керек деген ойын мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.
4 Сәуір, 2016 сағат 14:51
Сирия мен Иракқа соғысуға аттанған шетелдіктердің біразы өз отандарына қайта оралуы мүмкін. Өйткені, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы қаржылық дағдарыс салдарынан өз жауынгерлеріне төлейтін қаражат таппай отыр деп жазады The Washington Post-қа сілтеме жасаған skifnews.kz.
4 Сәуір, 2016 сағат 14:45
Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжановқа мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Қостанайдың №2 қалалық сотында "үлкен әкімдік ісі" бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды.
4 Сәуір, 2016 сағат 14:40
Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жексенбі күні өртенген Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғимаратын "қысқа мерзімде қалпына келтіруді" бұйырды. Өрт сөндіруге 200 шақты өрт сөндіруші мен құтқарушы қатысқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
4 Сәуір, 2016 сағат 14:38
Грекия билігі Халықаралық валюта қорының басшылығынан қордың жоғары лауазымды басшыларының көпшілікке мәлім болған телефонмен сөйлескен сөздеріне байланысты түсініктеме беруді талап етуде.
4 Сәуір, 2016 сағат 14:36
Зерттеуші журналистердің Халықаралық консорциумы Ресей президенті Владимир Путиннің жақтастары құрған көлеңкелі қаржыны офшорлық есепшоттарға аударудың ауқымды желісін жария етті. Құжаттағы осындай жолмен шығарылған ақшаның сомасы екі миллиард доллардан асады.