Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4825 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:38

ГРЕКИЯ ӨЗІНІҢ ҚАРЫЗЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕНІҢ ЖАРИЯ БОЛҒАНЫНА НАРАЗЫ

Грекия билігі Халықаралық валюта қорының басшылығынан қордың жоғары лауазымды басшыларының көпшілікке мәлім болған телефонмен сөйлескен сөздеріне байланысты түсініктеме беруді талап етуде.


Wikileaks сайтында жария болған мәліметке сәйкес, телефонмен әңгіме барысында Афинаға әрі қарай көмек көрсетуге қатысты келісімге тезірек келу үшін Грекия, Германия және Еуроодаққа қысым жасау жолдары сөз болған.

19 наурызда болған әңгімеге қатысқандардың бірі шешім қабылдауды жеделдету үшін дағдарыс жағдайын қалыптастыру қажет болуы мүмкін екенін айтқан.

Грекия мен Германия, ЕО және ХВҚ секілді оған қарыз беретін елдер арасындағы келіссөздер келесі аптада өтеді деп жоспарланған. Былтыр Грекия үкіметі банкроттықтан құтылу әрі еуроаймақта қалу мақсатында ХВҚ мен ЕО-тан алатын миллиардтаған қаржылай көмектің қайтарымы ретінде ел үшін ауыр әрі ірі реформаларды өткізуге келіскен болатын.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 776
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740