Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4096 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:40

РЕСЕЙДІҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНДЕГІ ӨРТ КЕЗІНДЕ АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР ӨРТЕНУІ МҮМКІН

Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жексенбі күні өртенген Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғимаратын "қысқа мерзімде қалпына келтіруді" бұйырды. Өрт сөндіруге 200 шақты өрт сөндіруші мен құтқарушы қатысқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


"Фонтанка" интернет басылымы отқа оранған ғимаратта бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтың кезінде Евгения Васильева басқарған департаменттің мұрағаты болғанын хабарлайды. Васильева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен бес жылға сотталған еді. Сот үкімінде 2010 жылы департамент бастығы қызметіне отырған Васильеваның бюджет ақшасын жымқыру тәсілін жасағаны туралы жазылған. Тамыз айында оны шартты мерзімге босату туралы шешім шыққан.

Қылмыстық іс пен оның соңы қоғамның назарын аударды. Адам құқығы жөніндегі уәкіл Элла Памфилова (қазір Орталық сайлау комиссиясының төрайымы) президент Владимир Путиннен "істі қарауды" сұрайтынын жария еткен. Памфилова Васильева мен оның сыбайластарының ісімен айналысқан лауазымды тұлғалар мен құзырлы орындардың ақыр аяғында кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол бергенін айтқан еді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396