КАРАБАҚТА 33 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
БҰҰ Басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Таулы Қарабақтағы атыстардан 33 адам қаза тапты және 200 адам жарақат алды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz сайты Trend.az басылымына сілтеме жасап.
"Әзірбайжан мен Арменияның ресми дереккөзіне сәйкес, кем дегенде 30 сарбаз және үш бейбіт тұрғын қарулы қақтығыстардан қаза болған. Ал зардап шеккендердің нақты саны әзірще расталмады. Бейресми дереккөздерге қарағанда, 200 адам жарақат алған", - делінген БҰҰ есебінде.
Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.
Қазақстан СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасан болатын. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз", - делінген министрлік өкілдерінің мәлімдемесінде.
Абай-ақпарат