Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4330 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:36

САЯСАТКЕРЛЕРДІҢ ОФШОРЛЫҚ МИЛЛИАРДТАРЫ ТУРАЛЫ «ПАНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР» ЖАРИЯЛАНДЫ

Зерттеуші журналистердің Халықаралық консорциумы Ресей президенті Владимир Путиннің жақтастары құрған көлеңкелі қаржыны офшорлық есепшоттарға аударудың ауқымды желісін жария етті. Құжаттағы осындай жолмен шығарылған ақшаның сомасы екі миллиард доллардан асады.


«Панамалық құжаттар» деп аталған есепті бір мезетте бірнеше ұйым бірқатар тілде жариялады. Ол панамалық заңгерлік компанияның жария болған құжаттарына сүйенеді және сол арқылы әлемнің әр түкпірінен ағылған күдікті ақша аударымдарының иелерін анықтауды көздейді. Бұл мәліметтердің ішінде Кремльдегі билік өкілдерінен бөлек, Украина президенті, Исландия мен Пәкістан премьер-министрлері, Әзірбайжан президентінің балаларына, Сауд Арабиясының королі секілді бірқатар тұлғаларға қатысты қызық деректер бар.

Есепке сәйкес, питерлік виолончель аспабында ойнайтын әрі Путиннің ескі досы Сергей Ролдугин 100 миллион доллардың иесі боп табылады. Оның бір бөлігін Ресей президентінің жақтасы бизнесмен Юрий Ковальчук арқылы жинаған. Ковальчук өз кезегінде, оған тиесілі Банк Россия қаржы ұйымымен бірге АҚШ санкцияларының тізімінде тұр.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402