Жұма, 22 Қараша 2024
Әліпби 6116 19 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 11:13

Латын негізіндегі қазақ әліппесі

Қазақ әліппесінің кирилл таңбасынан латын таңбасына өту процессін қарап ішің ашиды. Соған орай менің өзімің ойымда жүрген нұсқамды ұсынсам дейдім. Әр қашан конструктивті құрылған сыни көзқарастарға дайынмын.  Соңғы жазылған Ескендір Тасболаттың мақаласына қарап ең басты түркі тілдердің ерекшелігі «бір дауыс-бір әріп» қағидасын ұмытып кеткенін байқауға болады. 

Жаңа әліппе

Біріншіден қазақ тілінде  И=І/Ы+Й арқылы құралыды. Мысалы ретінде: Киім=кійім(kiyim), Көкжиек=kökjiyek  тағы осындайлар толып жатыр. Ең өкініштісі паразитті и кейде бастауыш қласстарға дұрыс жалғау жасағанда қиын болады. Мисыз, әлде мисіз  деген сұрақтар туады осындай жағдай болмас үшін бар дыбымтарды асып жазу керек.

Екіншіден У= Ұ/Ү+Ў(дауыссыз у). Мысалы ретінде: Туыс= tuwıs, қуат-quwat, Рауан- Rawan тағы осындайлар толып жатыр. 

Үшіншіден қазақ тілінде Ц әріпін С әріпі арқылы айтады. Мысалы цемент-sement,  цунами – sunamıy. 

Төртіншіден  Ч әріпіне қатысты айтатын болсақ: Тіл мамандары қазақ тілінің басқа түркі тілдерден бір ерекшелегі ч-ш алмасуы бар. Оны қырғыз тілімен салыстырып көруге болады. Мысалы: челек- шелек, чай-шәй.

Қазақ тілінде ең бастысы сингармонизм(үндестік заңы) бар. Соған сөздер белгілі бір тіртіппен жасалады. Өкінішке орай  КСРО кезінде ғылыми терминологиялар осыны ескерілмей, орыс тілінен тура кіргізілді. Осының салдарынан жалғау/жұрнаққа келгенде қаншама қиындықтар туындайды. Латынға көшкен кезде осыны ең бірінші ескеру керек. Мысалы: университет-үніверсітет(ünisersitet), сурет – сүрет(süret), буфер – бүфер(büfer), министрлік – міністірлік(ministirlik).

Тағы айта кететін мәселе ол «ия» жұрнағы туралы. Қазақша ол тек «йа» ғана болып айтылады. Сондықтан Германия – Germanya, Испания- Ispanya, Сырдария –Sırdarya, Әлия-  Älyä болу керек. 

Ағылшын тілінде «ation» деген жұрнақ бар, ол орысша «ация» болып жүр. Оны қазақша қазір «са» қылып қолданып жүр. Мысалы station – станция – станса.

Қортынды

Латын қаріппіне көшу ол бірінші саяси. Кирилл арқылы біз Ресеймен тығыз байланыстамыз.  Орыстар айтпақшы « то что не смог ассимилировать русский народ, на него будут делать русская культура, русский язық, русская литература». Сондықтан әлемді біз орысша танымай, өзіміздің қазақ тілі арқылы танитын уақыт жетті.

Кейбір білгіш сымақтар айтады: «Қазіргі жасалып жатқан  әліппе қарақалпақ, түрік тілінен көшірілген деп». Сонда біздер тек өзіміз ғана түсінетін, қазақ тілінің зандарын бұзатын латын әліппесіне көшуміз керек пе?! Біз әліппені латынға көшірудің тағы бір себебі, тамыры бір түркі халықтармен жақын болу деген мақсат. Осы арқылы біздер бір –бірімізді жақсы түсініп,ғылым, мәдениет саласында жеткен жетістіктермізден хабардар болып отырамыз. Мысалы ретінде ортақ тарихы бар әліппелеріде ұқсас чех, словак халықтарын айтуға болады.

Арман Қойшыбаев

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317