Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды
Кеңес одағының және Қазақстанның театр және кино әртісі Раиса Мұхамедярова дүниеден озды. Бұл қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.
Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
Қазақ КСР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.
"Менің атым Қожа", "Песня зовет", "И в шутку и всерьëз", "У подножья Найзатас", "Однажды и на всю жизнь", "Человек-олень" фильмдерінде түскен. 1964 жылы Раиса Мухамедьярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шыққан.
Abai.kz